Географияық орналасуы, жер бедері және халқы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2015 в 10:26, курсовая работа

Краткое описание

Ырғыз ауданы Ақтөбе облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Ол республикадағы үш облыспен қатар шекараласатын бірегей ауданның бірі болып саналады. Солтүстік-шығысында Қостанай облысымен (ұзындығы 240 км.), шығысында Қарағанды облысымен (170 км.), оңтүстігінде Қызылорда облысының Арал ауданымен (140 км.), оңтүстік-батысында Ақтөбе облысының Шалқар ауданымен (220 км.), солтүстігінде Әйтеке би ауданымен (300 км.) шектеседі. Ауданның сыртқы шекарасының жалпы ұзындығы 1070км-ге созылады. Аудан аумағының шеткі нүктелері бойлық бойынша 600 С 30'- 600C 20' , ендік бойынша 470С 05'-490C 15' аралығында орналасқан.

Содержание

Негізгі бөлім
Географияық орналасуы, жер бедері және халқы.
Ырғыз ауданының климаты.топырағымен су көздері
Ырғыз ауданының өсімдігі мен жануарлар дүниесі және экологиялық жағдайы.
Ырғыз – Торғай мемекеттік табиғи резерватына .
Қорытынды
Қосымшалар
Пайдаланылған әдебиеттер
Мазмұны

Прикрепленные файлы: 1 файл

ырғыз адок курсавой.docx

— 329.67 Кб (Скачать документ)

Бұл жер - сулы  алап қорықтың негізгі құнарлылығы болатын көп деген көлдері бар жазықты қырқалардан тұрады. Көлдер жүйесі Торғай, Ырғыз , Өлкиек, Телқара және Сарыөзек өзендерінің құйылыстарынан пайда  болып , қар суымен толықтырып келеді. Кіші қорқтың сулы , балшықты өңірінің жалпы көлемі 40 мың га , ол бүкіл қорық аумағының 20 пайызы. Мұнда барлығы ірілі – уақты 30 көл болса , соның ішінде 9 көлдің жалпы аумағы 1000га . Ең ірісі Байтақкөл, мұның көлемң 5230га және жағалауының ұзындығы 70 км-ден астам .

Бұл қорықты жердің маңыздылығы – оның көптеген құстардың қайту жолында жатуы , сондықтан көпшілігі осында қалып ұя салады. Қаумал аумағында сүт қоректілердің 29 түрі бар . Құстардың   170 түрі (олардың 30 түрлері «Қызыл кітапқа» енгізілген) мен балықтардың 11 түрі кездеседі. Қазіргі кезде саны азайып , жойылу қаупі төніп тұрған ақбөкендердің 5000 басы қорық жеріне келіп төлдеп, лағын өргізіп , қоныс тебеді. Қамыс қоғасы қалың өскендіктен қорықта жабайы шошқа көп , оны аулау бағалы аңшылық кәсіп болғандықтан мүмкіндігінше маңайға таратуға мүмкіндік берілген. Мұндағы су жүйесі жан – жағына көптеп тараған ондатраның өсіп – өнуіне де қолайлы.

Құс қайтатын күз мезгілінде көл беті дамылдағын және қоректенген құстарға толады. Осы көлдерге кезінде 16 миллионға  дейін құстар ұщып келіп отырғандықтан , «Құс патшалығына» теңеген. Қаумал аумағына сұр қаз , сонымен бірге үйрек, қасқалдақ, тырна, су құзғын, балшықшының барлық түрлері ұя салады. ҚР «Қызыл кітабына» енген құстардан ұя салатындар : сұңқылдақ , аққу, жалбағай, қарабай, бұйра бірқазан,  қарабауыр бұлдырық, ақбастырна, жорға дуадақ, дала бүркіті , балшықшы. Сондай – ақ , кішкене аққу, қоқиқаз, дуадақ, ірі сұңқарлар, қазір өте сирек ақтырна кездеседі.

Қаумал тоғанының балық аулау кәсібіндегі маңызы үлкен. Өте – мөте бағалы балықтар: сазан, мөңке, шортан, ақтұқы. Ең көп ауланған жылы 1500 тонна балық алынады.  Суда жүзетін құстарды қорып , оның тыныштығын сақтау үшін ұя салатын және балапанды ұшыратын мезгілде 15 сәуірден 1 қыркүйекке дейін қорықта балық аулауға тиым салынады.

Торғай және Өлкейек өзендері бастауын Қостанай облысынан алады. 90-жылдардың ортасында жазғытұрымғы тасқын сулар азайды және көршілес Қостанай облысының шаруашылықтары осы өзендердің суларын ұстап тұру және шабындықтарға су шығару мақсатында бірнеше жерінен жобасыз, уақытша пайдалану үшін ғана  бөгеттер салды. Олар өзендердің табиғи ағысына елеулі залалды әсерін тигізді. Бұл бөгеттердің әсерінен бұл өзендер арқылы су келмей, 2001 жылы Торғай мемлекеттік қаумалы қарасты 43 көл мүлде кеуіп, заказникке жойылып кету қаупін төндірді. Бұл өңірдің экологиялық ахуалын нашарлатып жіберді.

Осы экологиялық проблемаға байланысты 2000-2001 жылдары аудан басшылығы мен табиғат қорғау мекемелері тарапынан тиісті жоғарғы органдарға ұсыныстар жіберіліп, мәселенің өте өзекті екеніне назар аудару сұралды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі арнайы комиссия құрды. Құрамына министрліктің және Ақтөбе, Қостанай облыстарының табиғат қорғау және жергілікті атқарушы органдар басшылары енген комиссия мәселені зерттеп, Өлкейек өзені арнасындағы заңсыз салынған бөгеттерді алу жөнінде шешім қабылдады. Осыдан соң ауданнан жұмыс күші, техника бөлініп,  Өлкейек өзеніндегі «Әжібай», «Ақкүніш» және «Құмкөл» тұйық бөгеттері алынды. 2002 жылы тасқын су мол болып, өзендер арнасына толып, көп жылдан бері кеуіп, тұзды шаңы ауаны ластап жатқан Қызылкөл, Байтақ, Қармақкөл, Жыңғылдыкөл, т.б. көлдер арнасы суға толып, табиғи қалпына келді. Алайда, 2008-2009 жылдары су келмеуі салдарынан көптеген көлдердің суы тартылып, арнасы кеуіп қалды.

Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында 2000-2004 жылдардан бері Торғай қаумалының көлдерін қалыпты деңгейде ұстау үшін реттегіш шлюз салу мүмкіндіктері қарастырылып келді. Аудан басшылығы осы мақсатта «Қожа» және «Қыл» бөгеттерін салуға күш салып,оның қажетті құжаттарын дайындап, жоғары органдарға мәселе қаралып  отыр.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Бұл атау өзен аты ретінде біздің эрамызға дейінгі көне дәуірлерден белгілі болған. Біздің заманға дейінгі 5-ғасырларда өмір сүрген атақты грек ғалымы Геродоттың еңбегінде парсы патшасы Дарийдің Ырғыз өзенінде болғаны туралы дерек келтіріледі. Көршілес гелон, будин, соврамат (сармат) тайпалары скифтерге жәрдемге келіп, Дарий патшаның әскеріне қарсы шыққан. Скифтер атқа берік, жеңіл қаруланған, жай оғындай тез қимылдайтын болған. Олар тұтқиылдан шабуылдап, жауларын есеңгіретіп тастап, лезде іздерін таптырмай кетіп отыратын еді. Осыған байланысты Дарий скиф патшасы Иданфирсті «скифтер соғысудан қашты» деп кінәлайтын. Алайда скифтер қаша соғысып, шегінген жерлеріндегі малға азық болар шөпті құртып, жауына тамақ болар ештеңе қалдырмай жойып отырған. Соның нәтижесінде Даридің әскери қолдары скифтер мен сарматтардың бүкіл кең даласынан ештеңе таба алмай буддиндердің жерінде кездескен ағаш бекіністі өртеп жібереді. Одан өтіп, парсы әскері құмға келіп тіреледі. Құмнан жоғалған тиссолгеттер жеріндегі  Оар өзенінің бойында Дарий жорығын тоқтатып, біраз болады. Осы жерде ол сегіз бекініс тұрғызды. Геродот еңбегінде тиссагеттер жеріндегі Лик, Оар, Гиргис өзендерінің аты аталады.

Зерттеушілердің топшылауынша бұл Елек (Лик), Ор (Оар), Ырғыз (Гиргис) өзендері болып табылады.

 Кейбір зерттеушілердің  айтуынша бұл өзендердің атын  түркі сөзінен қойылған деп  түсіндіреді. 2 сөзден құралған деген  пікір бар. Алғашқысы ерги-«ескі», «ертедегі» деген мағынаны берсе, соңғы бөлшегі «су» деген сөздің  көне формасы- зуг болу керек  деген болжам жасалынады. Содан  бұл атау тарихта өзгертуге  ұшыраған.

Енді бірі «Ырғыз» атауын ерте заманғы тайпа аты, бізден өте ерте заманда өмір сүрген дейді. Д.Жүнісов. Өзен-көл атауы,Алматы,1991-б.19-22.

Кейбір аңызда Үрқыз атты қыз болған, бұл қыз теңіне қосыла алмай, ағып жатқан өзенге кетіп өлген. Содан бұл өзен «Ырғыз» деп атанған.

Ал Қ.Ахметовтың Иірізден Ырғыз шыққан деген пайымдауы бар. Ырғыз аталған мақаласы 2001жылғы16 желтоқсандағы «Ырғыз» газетінде жарияланды.     

 


Информация о работе Географияық орналасуы, жер бедері және халқы