Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2015 в 10:26, курсовая работа
Ырғыз ауданы Ақтөбе облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Ол республикадағы үш облыспен қатар шекараласатын бірегей ауданның бірі болып саналады. Солтүстік-шығысында Қостанай облысымен (ұзындығы 240 км.), шығысында Қарағанды облысымен (170 км.), оңтүстігінде Қызылорда облысының Арал ауданымен (140 км.), оңтүстік-батысында Ақтөбе облысының Шалқар ауданымен (220 км.), солтүстігінде Әйтеке би ауданымен (300 км.) шектеседі. Ауданның сыртқы шекарасының жалпы ұзындығы 1070км-ге созылады. Аудан аумағының шеткі нүктелері бойлық бойынша 600 С 30'- 600C 20' , ендік бойынша 470С 05'-490C 15' аралығында орналасқан.
Негізгі бөлім
Географияық орналасуы, жер бедері және халқы.
Ырғыз ауданының климаты.топырағымен су көздері
Ырғыз ауданының өсімдігі мен жануарлар дүниесі және экологиялық жағдайы.
Ырғыз – Торғай мемекеттік табиғи резерватына .
Қорытынды
Қосымшалар
Пайдаланылған әдебиеттер
Мазмұны
Құстардын 32 түрі сирек және жойылуға қалған санатқа жатқызылып, ҚР «Қызыл кітабына» енгізілген. Олар: қызғылт бірқазан, бұйра бір қазан, кіші аққұтан, жалбағай, қарабай, қарадегелек немесе мәйлек қоқиқаз, бидайық, реликті шағала, қарабауыр-бұлдырық, балшықшы тұйғын, тұрымтай, үкі, бақалтақ қыран, сұңқылдақ аққу, кіші аққу, мәрмір шүрегей, қара тұрпан, ақ бас үйрек, дуадақ, безгелдек, жорға дуадақ, аққұйрық тарғақ, тарғақ, орақ тұмсық, кіші шалшықшы, дала қыраны, қарақұс, ителгі, көкқұс. Кейбір түрлері «Қызыл кітапқа» енгізіліп, қорғау нәтижесінде олар көбейуде.
Ырғыз ауданындағы 80-нен аса көлдің жағдайы мүшкіл. Мамандар: “Таяу арада бұл мәселе шешілмесе, апатты жағдай болуы бек мүмкін”, дейді. Талайларды тұмса табиғатымен таңғалдырған өзен-көлдермен өрнектелген өңірдің соңғы жылдары басынан бағы тая бастағаны да шындық. Осы өңірде ресми тіркелген тереңдігі 1,5-2,5 метр болатын 95 үлкенді-кішілі көлдің 29-ы Ырғыз, 54-і Торғай және 12-і Өлкейек өзендерінің көктемгі тасқын суымен толығады. Осы көлдердің 28-і Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты және 38-і Торғай мемлекеттік табиғи зоологиялық қаумалы сияқты ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан.
Облыстың табиғи су қорының 80 пайызға жуығы Ырғыз ауданында екендігін ескерсек, бұл тек бір ауданның ғана проблемасы емес. Экономикалық маңызға ие үлкен бір облысқа айтарлықтай деңгейде зиянын тигізеді. Мұны аз десеңіз, еліміз үшін де бұл өлкенің өзіндік маңызы ерекше. Торғай мемлекеттік зоологиялық қаумалы (көлемі — 296 мың га. ) – республика бойынша санаулы сулы-батпақты мекеннің бірі. Сондықтан халықаралық маңызы орасан Рамсар конвенциясына енген сулы-батпақты жерлердің статусына лайық деп танылған бірегей аумақты қазір сақтап қалмасақ, ертең кеш болуы мүмкін. Сонымен... Сулы-батпақты мекен құрып барады 2007 жылы ел Үкіметінің қаулысымен құрылған “Ырғыз-Торғай” мемлекеттік табиғи резерватына “Торғай” зоологиялық қаумалы да қарайды. Аталған мекемені ашудағы мақсат — киік санын көбейту мен табиғаттың табиғи қалпын сол қалпында сақтау болатын. Қазір сол қаумалға қарасты көлдердің де, Ырғыздағы басқа табиғи су қорларының да жағдайы мәз емес. Бірқатарында су деңгейі төмендеп кеткен. Мұның себебі – көлдердің тартылуы мен кебуі ағын судың аздығына байланысты. Екі жыл қатарынан Торғай, Ырғыз, Өлкейік өзендері тасымаған. Көптеген көл көктемгі су тасқыны кезінде Торғай өзені арқылы толады. Торғай өзені көлдерді толтырып, әрі қарай Құрдым көліне (Шалқар теңізі) құяды. Соңғы жылдары жаңбыр аз жауып, қар түсімі төмендеп кетті. Көлдердің тартылуына мұның да әсері бар. Былтыр да жерде тоң болған жоқ. Қардан пайда шамалы, бір күнде еріп кетті. Оның үстіне биылғы қар ылғал, сулы емес, құм сияқты бірікпейді. Мұның да әсері бар. Жерде кем дегенде 25-30 см. Тоң болуы керек. Жалпы, өзен-көлдердің барлығы қар суымен толығып отырады. Бізге Қостанайдың батыс жағында қар көп болғаны керек. Резерваттың гидрологиялық жүйесі Торғай, Өлкейік, Ырғыз, Телқара өзендерін құрайды. Көлдердің бассейндік мұқтаждығы бойынша 3 жүйеге (Торғай, Ырғыз Өлкейік) бөлінеді. Ырғыздың территориясындағы 80-нен астам көлдің (көлемі 100 мың гектардан артық) 24-і “Ырғыз-Торғай” мемлекеттік резерватына, ал 32 көл “Торғай” мемлекеттік зоологиялық қаумалына қарайды екен. Қазір резерватқа қарасты 13 және қаумалға қарайтын 8 көлдің орны ғана қалыпты. 2007 жылдан кейін Торғай және Өлкейік өзендерінің тасымауы салдарынан дүниежүзілік маңызға ие сулы-батпақты өлке көлдерінің экологиялық жағдайы күрт нашарлап кетті. Өзектер арналары тартылып, көл табандары кеуіп, сорға айналуда. Қазір бұл өңірдегі осыншама көлдің суы бары саусақпен санарлық болып қалды. Қырында киік ойнаған өңірдегі су тапшылығы оларды басқа жақтарға жайылым ауыстыруға мәжбүр етуде. 2012 жылы ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы көлдердің 21-не ғана Ырғыз өзенінен су түскен, күзге қарай олардың сегізінің ғана табанында жылтырап су қалған. Күзгі санақта көлдер жүйесінде құстардың 37 түрінің 6650 дарағы ғана есепке алынған. Ал бұл көлдер бұрын нағыз құс базары болатын. Күзгі және көктемгі құс қайту және келу кезінде осы көлдер үстімен 250 мыңнан астам құс ұшып өтеді екен. Соның 33-і Қызыл кітапқа енгізілген қауырсын қанаттылар. Өзектер мен көлдерге су шықпағандықтан азғантай қар суы тез ашып, тұзданып, мал өліміне де соқтырып отырған көрінеді. Былтыр көл маңындағы елді мекендерде оншақты ірі қарасын өлтіріп алған отбасылар да болыпты.
Қаракөл, Шолақкөл, Қоғалы көл, Іріңді көл, Келтекөл, Көкарал, Майкөл, Бәйтерек, Қарақамыс, Соркөл, Шұбаркөл, Омар Әбіш, Балық көл, Жыңғылды көл, Жаныс көлдерінде мүлдем су жоқ. Қырғынкөл – құстардың қоректенетін жері еді. Қазір ол көл де мүлдем жоқ. Сол жерде құстар ұя салатын-ды. Балапан шығарып, өсіргенше, сол маңда болатын еді. Аққу, қаз, бірқазан, шағала, үйректің бірнеше түрі: қызылбас үйрек сүңгуір үйрек, шөрегей үйрек, қоңыр үйрек тағы басқа құстардан көз тұнатын. Былтыр да біраз құс болған-ды. Ал қазіргі жағдайда, көлде мүлдем су жоқ – жері тілім-тілім болып кеткен. Малайдарда да бұрын құс өте көп болатын. Қазір сүреңсіздеу. Тайпақтан да, Қызылкөлден де қаптап ұшып-қонып жүрген құстарды көрмедім. Ең үлкен әрі терең көл – Байтақта да құс қалып жарытпапты. Себебі, түсі өзгеріп, лайланып, тайызданып кеткен. Құрамы өзгеріп, сапасы төмендеген суда құстар қайдан жүрсін? Құстар су болмайтын жылдары табиғи инстинкт арқылы ескі суларға қонбайды. Жаңа суды іздеп, ұша береді. Біздің өңірден ұшып, Қостанай асып, таза су іздейді. Жаңа суларды мекендеп, сонда ұя салып, балапандарын өсіреді. Біздің өңірде негізінен құрлықта мекендейтін құстар қалды. Бұрын жойылып кету қаупі төнген дуадақ тұқымдасына жататын безгелдек көбейді, — дейді резерват директоры. Мамандардың айтуынша, былтырғы жылмен салыстырғанда, биыл судың деңгейі үш есе төмен шегінген. Сол шегінген жерлердің барлығында тұз қабаты пайда болып жатыр. – Егер ол аспанға көтерілсе, онда екінші Арал пайда болды дей беріңіз. Мұндай жағдай бұл өңірде 1991-1998 жылдары болды. Көктемгі ағын судың тасымауынан 80-ге жуық көл мүлдем құрғап қалған болатын. Әрқайсысының аумағы 5 мың гектар екі үлкен көл — Байтақ, Қызылкөл кеуіп қалды. Құс саны, балық қоры да күрт азайып, жоғалып кете жаздаған-ды. Содан 1998 жылы су тасып, көлдер толыққаннан кейін жағдай түзеле бастаған еді. Соңғы жылдардағы көктемгі ағын судың болмай қалуы жағдайды тағы да күрделілендіріп отыр. Ертеректе 1-2 жыл су келмей қалғанда да өзен арналары қазіргідей әр жерден кесіліп, көл табандары бірден құрғап қалмайтын. Ал қазір бір жыл су келмей қалса, жағдай бірден нашарлап сала береді. Экологиялық жүйе бір-бірімен байланысты ғой. Қазірдің өзінде көлдердің табанынан ұшқан ақшаңдақ шөптерге қонып жатыр. Соның салдарынан өсімдіктер ерте сарғаяды. Келесі жылы олардың өсімі төмендейді. Ал сол шөптерді мал жейді. Малдың еті мен сүтін адам пайдаланады. Ырғыз өңіріндегі 80-нен аса көлдің 60-қа жуығы – жыл құстарының жолындағы сулы-батпақты мекен. Күні кешеге дейін көлдердің үстімен 2-3 млн. Құс ұшып өтетін болған. Сулы-батпақты мекен демекші, Торғай мемлекеттік зоологиялық қаумалы – халықаралық маңызға ие Рамсар конвенциясына енген сулы-батпақты жерлердің мәртебесіне лайық деп танылған бірегей аумақ (көлемі — 296 мың га.). Мұндай мәртебеге еліміздегі Теңіз-Қорғалжын мен Ырғыз-Торғай өңірлері лайық деп танылған. Қазақстан бойынша сулы-батпақты мекен көп те емес: 2-3-ақ жер. Қаумал территориясында құстардың 170 түрі кездеседі. Соның 30-ға жуығы “Қызыл кітапқа” енгізілген. Резерватта сүтқоректілердің 42 түрі бар. Шағыл мысығы мен бобыр жарқанаты “Қызыл кітапқа” енген. Сондай-ақ, мұнда бауырымен жорғалаушылардың – 4, балықтың 8 түрі бар көрінеді. Қазір Ырғыз өңірінде 60 мыңнан астам киік бар . Бұдан басқа қасқыр, жабайы шошқа, түлкі, қоян және басқа да аңдар кездеседі. Алайда, көл табанында су болмаған соң ондатр жоқтың қасы. Құстардың да түрлері азайған. Киіктің өзі су іздеп көршілес облыстар аумағына ауа қоныстануда. Әзірге аңшылар киікті көздің қарашығындай сақтап келеді. Қысты күндері күзетшілер үшін жиырма үй салып қойылған. Күн суықта олар осында жылынып, түстеніп алуларына қолайлы.
Қазіргі қалыптасып
отырған ауа райының
1.6 Ырғыз ауданындағы Ырғыз – Торғай мемлекеттік табиғи резерваты
Ырғыз өңірінің табиғаты хайуанаттар мен өсімдіктер дүниесінің алуан түріне бай, олардың теңдік қорын сақтауға, өсіп-өнуіне қолайлы, жер. Ауданда осындай орасан байлықтың сақталуына ерекше мән беріліп отыр.
Осы мақсатта 2007 жылы 14 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 109 қаулысы мен «Ырғыз – Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесі ашылды. Бұл жерді сулы – батпақты жерлер, құстардың тіршілік ету ортасы , Бетпақдалалық киіктер миграциясы мен қоректену ортасы бар, сондықтан резерваттың ашылуы үлкен ғылыми маңыздылыққа ие.
Бұл өңірлер шөлді және жартылай шөлді ландшафты аймаққа орналасқан. Резерват негізінен Ырғыз ауданы ериториясында орналасқан, шығысында Қарағанды, солтүстігінде Қостанай, оңтүстігінде Қызылорда облыстарымен шектесетін 763549 га жерді алып жатыр.
Шөлді және жартылай шөлді аймақ болғанымен, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар «Қызыл кітапқа» енгізілген жануарлармен өсімдіктерді ерекше қорғауға алуға бағытталған мақсатты түрде , күрделі де қарқынды экожобамен жұмыс атқарылуда. Қазақстанның геоморфологиялық ауданды құруына сәйкес мемлекеттік табиғи резерваты Торғай құрылымдық денудациялық кеңістігіне жатады. Қаралатын аймақ Торғайдың батыс бөлігіндегі кеңістікте орналасқан. Кеңістік жағдайға сәйкес, екі өзен арасында орналасқандай сипат береді. Жер бедерінің шөгуі тұйық өзендермен, меридианалды бағытта тартылған тізбек - ескі ағын бағытымен жүреді. Денудациялық кеңістік көне аллювиальды плиоцен – орталық террасалық қабаттан тұрады, аймақ Өлкейек өзенінің төменгі бөлігінде. Аймақтың солтүстік-шығыс бөлігінде Шалқарнұра тауы 150 км-ге жайылып жатыр. Оның биік шыңы 190 м-ден 230 м-ге дейін жететін оңтүстік бөлігі болып табылады. Торғай өзені мен Шалқарнұра тауы арасындағы кеңістік кедерлі – бұдырлы болып келеді.
Ырғыз – Торғай өзен – көл жүйесі жауын – шаашын суымен қамтамасыз етіледі. Құрғақ климатқа байланысты судағы тегістік бір қалыпты болмайды. Әрбір өзен – көл өзінің көлемімен , тереңдігімен және кейбірі балық өнімі жағынан ерешеленеді. Көлдердің көпшілігі Торғай, Ырғыз, Өлкейек, Телқара өзендерімен байланысты. Жылдық баланста шығынның бөлімі , судың беткейлігі булануымен анықталады.
Резерваттың ғылыми бөлімі 3 түрлі бағытта жұмыстар жүргізеді. Олар: өсімдіктер мен жануаралар дүниесін қорғау және көбейту, ғылыми – ақпараттық және мониторинг , экологиялық насихат және туризм бағыттары . Резерват территориясында ғылыми – зерттеу жұмыстары киіктердің миграциялық жолының картографиясын және олардың қыстақтарын енгізу және зерттеу, орнитологиялық зерттеулер, жойылып бара жатқан және сирек кездесетін өсімдіктердің , емдік өсімдіктердің санын алу және зерттеу мақсаттарында жүргізіледі.
Ырғыз – Торғай мемлекеттік табиғи резерватының жерінде өсімдіктердің 64 тұқымдасы бар. Мекеме құрылғаннан бастап атқарылған жұмыстардың нәтижесі бойынша өсімдіктердің 390 түрі , яғни 57 тұқымдасы; 207 туысы анықталды. Өсімдіктердің ішінде сирек және эндемикалық түр деп танылып ерекше қорғалатын табиғи аумақ территориясы бойынша индикаторлық түр ретінде: жиделер тұқымдасына жататын туысы жиде, түрі – үшкір жеміс – жиде, раушан гүлділер тұқмдасына жататын туысы тобылға, түрі – орта тобылға, алабұталар тұқымдасына жататын туысы сексеуіл , түрі – ақ сексеуіл, туысы бұйырғын, түрі – сортаң бұйырғын анықталды. Ал , жануарлардың ішінде, сүтқоректілерден: киік, қабан, шағыл мысығы және құстардан дала қыраны, қарақұс, жалбағай, тарғақ, ақ құйрықты тарбақ, ақбас үйрек, бұйра бірқазан, қызғылт бірқазан, үкі, қарабай, қоқиқаз индикаторлық түр ретінде таңдалып алынған. Индикаторлық түр дегеніміз – сол экожүйенің жағдайын анықтайтын тірі ағзалар.
Резерват территориясындағы омыртқасыз жануарлар фаунасы толық зерттелген жоқ. Ырғыз – Торғай мемлекеттік табиғи резерваты иерриториясында омыртқасыздардың 15 түрі белгілі болып отыр. Олар: шаршылы өрмекші, кәдімгі шыбыншы, Лютка инелігі, кәдімгі дәуіт, жасыл шегіртке, қандала әскер, айналғыш қоңыз, алтын түсті қолақоңыз, жетінүктелі хан қызы, майка қоңызы, терек жапырақ жегіш, орамжапырақ ақкөбелек, сұлу көкшіл көбелек, қарашым құмырсқасы және қарақұрт.
Ырғыз – Торғай мемлекеттік табиғи резерваты территориясында құстардың 250 түрі, оның ішінде 109 түрі сулы – сазды кешеннің өкілдері, жыртқыш құстардың 30 түрі кездеседі. Ариалы кішірейіп жойылып кету қаупі бар құстардың 32 түрі «Қызыл кітапқа» енгізілген.
Аудан зор табиғи байлыққа ие. Аудан жерінде 80 көл бар, оның 43-і балық аулайтын көлдер. Осы көлдер Торғай, Ырғыз, Өлкейек және Торғай, Ырғыз өзендерін көктемдегі тасқын сулармен жалғайтын Телқара, Сарыөзек өзендерінің сулары жаңарып, санитарлық тазалық өз деңгейін сақтап отырады. Ырғыз өңірі облыстың бірегей табиғи обьектісі болып табылады.
Бұл өзен – көлдер жүйесінің бағалылығы – маусымдық миграция, түлеу және ұя салу, балапан басу кезінде мұнда суда жүзетін құстардың жүздеген түрінің жиналуымен анықталады. Хайуанаттр дүниесінің теңдік қорын сақтауда Ырғыз – Торғай су жүйесінің ерекше рөлі есепке алынып 1968 жылы сол кездегі КСРО Миниистрлер Кеңесінің қаулысымен осы аумақтан Торғай мемлекеттік кіші аң қаумалы құрылды. Бұл кіші аң қаумалы Нұра, Тәуіп және Жайсаңбай селолық округтерінің Торғай, Өлкейек және Ырғыз өзендерінің төменгі сағаларындағы көлдер. Батпақты жерлер жүйесін құрайтын 348 000 га жерді алып жатыр. Өзен-көлдер жүйесінің екінші ерекшелігі балық қорының өте бай екендігі табылады. «КазНИИ-РХ» ғылыми – өндірістік бірлестігінің дерегі бойынша кезінде мұнда 20-25 мың тонна балық қоры болған . Жыл сайын мұнда 1000 - 1200 тонна балық өндірілген . Бұл облыс бойынша ауланатын балықтың 90 пайызы.
Информация о работе Географияық орналасуы, жер бедері және халқы