Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2015 в 22:11, реферат
Қазақстанда нарықтық экономиканы дамыту өндірісті дамытудың жаңа басымдықтарын анықтады: Қазақстанда өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру; өндіруші өнеркәсіптен қайта өңдеуші кәсіпорынға көшуді жүзеге асыру; халықтың өсіп келе жатқан сұранысын қанағаттандыру; тұтынылатын өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін құру.
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қазақстандағы уран өндіріс орындары
«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом кәсіпорны
Уран өндірудің әдістері
Кәсіпорынның экологияға көзқарасы
Кәсіпорынның қазіргі жағдайға жеткен жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Жел және күн энергиясы негізіндегі екі автономды энергетикалық кешен шілде айында Ақмола облысында іске қосылды. Жел стансалары «Астананың жасыл белдеуі» деп аталатын «Орман қорғаны» нысанын жарықпен жабдықтауға қызмет етеді.
«Машзавод» ЖШС жанынан жылу сорап қондырғыларын жасайтын «Легмаш» ЖШС құрылып, дайын өнімдер шығара бастады.
Шілде айында NFI компаниясы жапондық АЭС-терге арналып Үлбі металлургия зауытында әзірленген уран диоксиды ұнтағын сертификаттауды аяқтады. Бұл ҮМЗ-ға жапон рыногына ядролық отын компоненттерін жеткізіп беру жобасын нақты жүзеге асыруға кірісуге мүмкіндік әперді.
«ҮМЗ» АҚ 2010 жылы China National Nuclear Company (CNNC) құрамындағы China Jianzhong Nuclear Fuel (CJNF) компаниясында уран отын таблеткалары өндірісін сертификаттауды сәтті аяқтап шяқты. Осылайша Қытайға уран отын таблеткаларын жеткізіп беру бойынша ірі жобаға старт берілді. Бұл отын таблеткаларын Қытайдағы АЭС-тердің иесі болып табылатын Guangdong Nuclear Power Corporation (CGNPC) компаниясы дайын отын әзірлеуге пайдаланатын болады.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қазан айында Францияға жасаған ресми сапары аясында AREVA Бас атқарушы директоры Анн Ловержон мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Владимир Школьник отын құрамаларын шығаратын бірлескен кәсіпорын құру туралы Келісімге қол қойды.
27 қазан күні «Қазатомөнеркәсіп»
ҰАК» АҚ мен Француз
Қазатомөнеркәсіп Қазақстандағы ұлттық компаниялар арасынан бірінші болып тауар-шикізат биржасының механизмі арқылы өз кәсіпорындарының мұқтажы үшін тауарлы-материалды құндылықтарды сатып алудың электронды әдісін қолданды.
2010 жылы Қазақстанда 17 803 тонна көлемінде уран өндірілді, бұл 2009 жылғы деңгеймен салыстырғанда дерліктей 30%-ға көп. 2009-2010 жылдары еліміздегі уран өндірісі екі есеге ұлғайды
Аталған бағдарлама аясында Қазақстанда 16 жаңа кеніш іске қосылады деген жоспар қарастырылған. Нарық талабына сәйкес, алдағы уақытта еліміз өндіріс мөлшерін сұранысқа сай арттырып отырады.
Қазақстан бүгінгі күні табиғи уран кенінің қоры жағынан ғаламда Австралиядан кейінгі екінші орынды алады. Оның барланған қоры 1 миллион 600 мың тонна. Оның 1,2 миллион тоннасы құмды-шөлейтті аймақтарда орналасқан. Бүгінгі күні уран кеніштерінің жалпы саны 21 – ге жеткен. «Қазатомпром» АҚ геологиялық барлау, уран шикізатын өндірумен және Өскемендегі Ульба металлургия зауытында атом электр станцияларына ядролық отындық таблеткалар шығарумен, сирек кездесетін металлдар алумен және ҚР Ұлттық Ядролық Орталығында (НЯЦ РК) ғылыми зерттеумен де айналысуда. Бүгінгі күндері Ұлттық компанияда 25 мың адам қызмет жасайды.
Қорытынды
Қазақстан Республикасының жер қойнауында әлемдегі барланған уран қорының 19% шоғырланған – бұл шамамен 1,5 млн. тоннаға тең. Ел аумағындағы анықталған ондаған уран кен орындарының әрқайсысы қалыптасу және практикалық маңызы жөнінен әрқалай. Геологиялық ұстанымы, генетикалық белгілері және аумақтық ерекшеліктерінің ортақтығы оларды мынадай алты уран кеніші ауданы құрамында алып қарауға мүмкіндік береді: Шу-Сарысу, Сырдария, Солтүстік Қазақстан (Көкшетау), Маңғышлақ (Каспий маңы), Кіндіктас-Шиелі-Бетпақдала (Балқаш маңы) және Іле.
Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан бойынша республикада өндірілетін өнеркәсіп өнімінің 2,5 пайызын өндіретін 170 ірі және орта кәсіпорындар жұмыс істейді. Облыста 2264 өнеркәсіп кәсіпорындары тіркелген, оның ішінде, кен өндіру саласында – 163 кәсіпорын, өңдеу өнеркәсібінде – 1672, электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлу секторында – 155.
Өнеркәсіп саласында жұмыс істейтіндердің саны 40,7 мың адамды құрайды, кен өндіру саласында жұмысшылар саны - 6,5 мың адам, өңдеу өнеркәсібі саласында жұмысшылар саны - 25,2 мың адам, электр энергиясын, газбен суды өндіру және бөлу секторында - 8,9 адам
Еліміз уран өндірісін, атом энергетикасын дамытып, ҒТП-тің шамасы келсе, көш басында жүргеніне не жетсін, сөйте тұра уран өндірісін ұлғайтудың қоршаған орта мен адам денсаулығына әкелер зиянын әрі оның алдын алудың қамын да ұмытпауымыз керек. Әрі осы соңғысын жиі еске салып тұрғанның артығы болмас.
Пайдаланылған әдебиеттер :