Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2015 в 22:11, реферат
Қазақстанда нарықтық экономиканы дамыту өндірісті дамытудың жаңа басымдықтарын анықтады: Қазақстанда өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру; өндіруші өнеркәсіптен қайта өңдеуші кәсіпорынға көшуді жүзеге асыру; халықтың өсіп келе жатқан сұранысын қанағаттандыру; тұтынылатын өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін құру.
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қазақстандағы уран өндіріс орындары
«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом кәсіпорны
Уран өндірудің әдістері
Кәсіпорынның экологияға көзқарасы
Кәсіпорынның қазіргі жағдайға жеткен жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
«Қазатомөнеркәсіптің» ЖШ кеніштерінің техникалық жабдықталуы капиталдың жылдам қайтарылуын қамтамасыз етеді. Тәжірибе жүзінде кеніш 2-3 жыл барысында өзін-өзі толық ақтайды. Бұл өз алдына, инвестиция қайтарылымының орташа мерзімі 10 жылды құрайтын өндіріс өнеркәсібіндегі сөзсіз рекорд болып табылады.
2.2. Кәсіпорынның экологияға көзқарасы
Өзінің өндірістік қызметін жүзеге асыра отырып, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы игілікті қоршаған ортаны сақтау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану бойынша қоғам алдындағы жауапкершілігін жете сезінеді.
Қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету, компания қызметкерлері мен компанияда жұмыс жүргізетін аймақ тұрғындарының денсаулығын қорғау, сондай-ақ қоршаған ортаға мүмкін болған радиологиялық және химиялық әсерді болдырмау Қазатомөнеркәсіптің басым міндеттері болып табылады.
Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы компания қызметі мына мақсаттарды көздейді:
Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін компания тұрақты түрде әдістемелік басшылық жасап, ядролық, радиациялық және техникалық қауіпсіздікке, сондай-ақ «Қазатомөнеркәсіп» холдингі кәсіпорындарында еңбек пен қоршаған ортаны қорғау жайына талдау жүргізеді.
Қазатомөнеркәсіптің барлық құрылымдық бөлімшелерінде еңбекті және қоршаған ортаны қорғау қызметі жұмыс істеп тұр.
Кәсіпорындар жыл сайын қоршаған ортаны қорғау іс-шараларын жасап, оны өкілетті ұйымдармен келісе жүргізеді. Өндірістік нысандардың аттестациясы да уақытылы өткізіліп тұрады.
Қоршаған ортаны қорғау бойынша жалпы бақылаудың құрамдас бөлігі болып табылатын өндірістік экологиялық және радиациялық бақылау тұрақты түрде жүргізіледі. Бұл жұмыстарды өндірістік экологиялық және радиациялық бақылаудың белгіленген тізбектемесіне сәйкес параметрлерге білікті өлшемдер жүргізу үшін сараптау, дозиметрлік және радиометрлік аппараттармен жабдықталған экологиялық және дозиметрлік қызметтер жүзеге асырады.
Қазатомөнеркәсіптің барлық кәсіпорындарында өнеркәсіптік нысандардың қауіпсіздігі Декларациясы жасалып, бекітілген. Мүмкін болған апат зардаптарын жою үшін аттестацияланған арнайы бөлімшелер құрылған, олардың қатарында компанияның бас кеңсесімен және ҚР Төтенше жайдайлар жөніндегі министрлігімен шұғыл байланысқа шыға алатын диспетчерлік қызмет те бар.
Кәсіпорындарда еңбекті және қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесін ұдайы жетілдіру және экологиялық менеджменттің, кәсіби қауіпсіздік және қызметкерлердің денсаулығы менеджментінің озық халықаралық тәжірибесін енгізу жұмыстары қатар атқарылады. Қазатомөнеркәсіптің он бес кәсіпорны халықаралық ISO -14001 және OHSAS- 18001 стандарттарына сәйкестік сертификаттарына ие.
Табиғатқа пен адамдарға ұқыпты қарау – Қазатомөнеркәсіп қызметінің жемісті болуының басты кепілі.
2.3. Кәсіпорынның қазіргі жағдайы
«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық
атом компаниясы уран, сирек металдар,
атом энергетикалық стансалары
үшін ядролық отын, арнайы жабдықтар,
технологиялар және екіұдай
Компанияның 100% акциясы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры атынан мемлекетке тиесілі.
«Қазатомөнеркәсіп» өз
Кәсіпорын құрылған кезде атом саласында мынадай проблемалар туындады:
1998 жылы атом саласы кәсіпорындарын дағдарыстан шығару стратегиясы жасалып, бір-бірімен өзара байланысты мына міндеттер оған негіз болды:
1999 - 2000 жылдары дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру үрдісі басталды.
1999 жылғы бүкіл әлемдік қаржы
дағдарысы тұсында Компания
1999 жылдың соңында ҮМЗ-де тантал өндірісі іске қосылды.
1999 жылы Қазақстан АҚШ-та
2000 жылы Компания қазақстандық уранды АҚШ пен Еуропада сатуға қойылған шектеуді толық алып тастауға қол жеткізді. Нәтижеде табиғи уранды экспорттаудың географиясы кеңейе түсті.
2000 жылдың өзінде
1999 жылы отын таблеткаларын шығару бойынша Ресейдің Атом министрлігімен ұзақ мерзімді келісім жасап, Украинаның реакторларын отынмен қамтамасыз ететін украин-қазақстан-ресей кәсіпорны құрылды. Бұл «ҮМЗ» АҚ-да ресейлік дизайндағы реакторлар үшін ядролық отын өндірісін сақтап қалуға мүмкіндік берді.Үлбі металлургия зауытында жанып кетуші жұтқыштары бар уран-эрбий және уран-гадолин отын таблеткаларын шығаратын технология жасалып, өндіріске енгізілді, реакторға дейінгі отын циклындағы скраптарды қайта өңдейтін участок жұмыс бастады.
2000 жылы ҮМЗ керамикалық
2000 жылы, Қазатомөнеркәсіп ұйымдасқалы бері алғаш рет жыл қорытындысы бойынша таза табысқа қол жеткізілді. Компания өндірісті жаңарту мен кеңейтуге салмақты инвестиция сала бастады. Компания қызметкерлерінің жалақысы 25% өсті. Бюджеттік және бюджеттік емес төлемдер 60% артты.
2001 - 2002 жылдары компанияның тұрақталуы, уран нарығындағы жағдайды болжау.
2001 жылдан 2002 жылға дейінгі кезеңді Қазатомөнеркәсіп үшін дағдарыстан кейінгі деп қарастыруға болады. Бұл кезеңде дағдарыстан сәтті шыққан компания қаржы тұрақтылығын қамтамасыз етіп, шетелдік рынокқа иек артты. 2001 жылы Қазатомөнеркәсіп бірінші рет Қытайдың, ал 2002 жылы Оңтүстік Кореяның уран рыноктарына шықты.
2001 жылы Торонтада өткен Бүкіләлемдік ядролық отын рыногы конференциясында Қазатомөнеркәсіп өз болждамдарына сүйене отырып алда болатын уран тапшылығы туралы мәлімдеме жасады. 2001 жылғы наурызда уран рыногында ең төменгі баға тіркелгеніне қарамастан Қазақстанда өндіріс көлемін ұлғайту басталды.Жаңадан ашылған Оңтүстік Мойынқұм және Ақдала жерасты шаймалау кеніштері 2001 жылы алғашқы өнімдерін ұсынды.
2002 жылы кен қатпарларын ашудың ячейкалық жүйесі алғаш рет қолданылды. Өндірудің барлық технологиялық үдерісін толық автоматтандыру жүзеге асты. Қазатомөнеркәсіп әрбір кен орнын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін кеніштердегі уран кендерін жинақтауды өзгертудің математикалық бағдарламасын жасап шықты.«Волковгеология» АҚ бұрғылау станоктары паркін ұлғайту және ұңғыма салудың жаңа технологиясын енгізудің бағдарламасын жүзеге асыра бастады. Осы бағдарламаның енгізілуіне байланысты бұрғылау станоктары паркі 2003 жылғы 17-ден 2007 жылы 63-ке жетті.
2002 жылы Қазақситанның уран
2003 - 2006 жылдары.Қазатомөнеркәсіпті дамытудың жаңа көкжиектері.Қазатомөнеркәсіп Қазақстанда уран өндіру көлемін ұлғайтудың стратегиялық бағдарламасын жасауды қолға алды.
2003 жылы Ақдала кенішінде алғаш рет U-түріндегі сорбция-десорбциялық контур қолданылды. Бұл технологияны енгізудің абзалдықтары: U-түріндегі тізбектің бір жұмыс көлемінен кәдімгі типтегі тізбектегіден әлденеше рет көп өнім шығарады; регенеразияланған шайырдағы уран қалдығын төмендетеді; қажетті құрал-жабдықтар санын азайтады - әдеттегі 8-10 тізбектің орнына U-түріндегі 1-2 тізбек жеткілікті, бұл тиісінше шығындарды кемітеді.Сол жылы табиғи уран жеткізіп беру бойынша Қытаймен ұзақ мерзімді келісім жасалды.
2003 жылы Компания бериллий өнімі бойынша әлемде жалпы өнімнің 29% бақылайтын екінші орынға, тантал өндірісінде төртінші орынға табан тіреді.
2003 жылы республика Үкіметі
2004 жылғы қыркүйекте Лондонда
өткен Бүкіл дүние жүзілік
ядролық қауымдастықтың
2004 жылы «КАТКО» БК-ның Оңтүстік
Мойынқұм учаскесінде
2004 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК»
АҚ құрылымын қайта құрудың
бірінші кезеңі өтті. Уран өндіру
бойынша барлық өндірістік
2004 жылы Қытайдың еркін
2004 жылы Степногор таукен-химия комбинаты Қазатомөнеркәсіптің сенімді басқаруына берілді. Сол кезде комбинаттағы өндіріс жұмыс істемейтін. 2005 жылы СТХК өндірістік қызметі тұрақталды. Өз шикізаты есебінен уран тотығы-шала тотығын шығару жоспары орындалып, 503 тонна уран өндірілді.
2005 жылы 11 еуропалық банктен 3 жылдық мерзімге 150 млн. АҚШ доллары көлемінде несие алынды. Сондай-ақ 10 жылдық мерзімге жапонның Mizuho банкінен 60 млн. АҚШ доллары несиеленді.