Қазақстандағы уран өндіріс орындары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2015 в 22:11, реферат

Краткое описание

Қазақстанда нарықтық экономиканы дамыту өндірісті дамытудың жаңа басымдықтарын анықтады: Қазақстанда өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру; өндіруші өнеркәсіптен қайта өңдеуші кәсіпорынға көшуді жүзеге асыру; халықтың өсіп келе жатқан сұранысын қанағаттандыру; тұтынылатын өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін құру.

Содержание

Кіріспе

Негізгі бөлім

Қазақстандағы уран өндіріс орындары
«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом кәсіпорны
Уран өндірудің әдістері
Кәсіпорынның экологияға көзқарасы
Кәсіпорынның қазіргі жағдайға жеткен жолдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

986_jb5.doc

— 169.50 Кб (Скачать документ)

2005 жылы барынша жоғары сапалы  дайын өнім алу үшін уран  тотығы-шала тотығын алудың пероксидты  технологиясы жасалды.

2005 жылы компания кеніштерді  басқарудың жаңа тұжырымдамасын  енгізді. Қазатомөнеркәсіп құрылымын  қайта құрудың екінші кезеңін  өткізуге шешім қабылданды. Өндіруші кәсіпорындар сапынан қосалқы және қызмет көрсетуші саланың қызметкерлері шығарылып, кеніштерге техникалық қызмет көрсететін сервис-орталықтар құрылып, оларға негізгі салалық мамандар шоғырландырылды. Бұл шаралар пайдалану үдерісі сапасын жақсартып, еңбек өнімділігін бес есеге арттырды.Қарқынды уран өндіру бағдарламасын жүзеге асыру бағдарламасы шеңберінде Қазатомөнеркәсіп әрекеттегі инфрақұрылымды кеңейтуге бағытталған жұмыстарды белсенді жүргізеді.

2005 жылға қарай 300 шақырымнан астам автожол қалпына келтірілді, 400 шақырымнан астам жол жаңадан төселіп, пайлануға тапсырылды. Шу-Сарысу және Сырдария шет аймақтарында жаңадан 260 шақырымдық жоғары кернеулі электр тармақтары тартылды.Кеніштерді негізгі реагенттермен қамтамасыз ету үшін 2006 жылы, онжылдық тоқтап тұрудан кейін Степногорда күкірт қышқылы зауыты іске қосылды.

Уран өндірісі көлемін ұлғайту бағдарламасы аясында 2006 жылы қуаты 1000 тонналық «Шығыс Мыңқұдық» кеніші жұмыс бастады. «КАТКО» БК-ның «Оңтүстік Мойынқұм» жерасты шаймалау кеніші өнеркәсіптік өндіріске көшті.

2006 жылы Fitch Ratings бірінші рет Қазатомөнеркәсіпке шетелдік валютадағы «ВВ+» ұзақ мерзімді рейтингін және шетелдік валютадағы «В» қысқа мерзімді рейтингін берді. Сол жылы Қазатомөнеркәсіп Moody's Investors Service-тің шетелдік валютадағы Baa3 эмитенті рейтингіне ие болды. Рейтинг болжамы «Тұрақты».

2006 жылы Қазақстан мен Ресей  арасындағы ынтымақтастық жаңа  деңгейге өтті. «Заречное» уран  өндіруші кәсіпорны өнеркәсіптік  өндірісті бастады. Атом энергиясын  бейбіт мақсатта қолдану саласындағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының кешенді бағдарлмасы бекітіліп, соның шеңберінде уран өндіретін «Ақбастау» БК, «Уран байыту жөніндегі орталық» БК және «Атом стансалары» БК құрылды.

2006 жылы жапон компанияларымен  ядролық-отын циклының түрлі салаларындағы ынтымақтастық кеңейе түсті. Жапон рыногына бірінші рет уран жеткізілді. «Аппақ» қазақстан-жапон уран өндіруші кәсіпорны құрылды.Сол сияқты қытайлық компаниялармен ынтымақтастық тереңдетілді. Ядролық энергетиканың түрлі тармақтарында біріге жұмыс істеу жөніндегі бірқатар келісімдер жасалды.

2006 жылы қытайлық серіктестермен  уағдаластыққа қол жетіп, Қытайда  бериллийлі қоладан прокат шығаратын  біріккен кәсіпорын ашу туралы  келісімге қол қойылды.

2006 жылы Степногор таукен-химия  комбинаты аумағында Молибден байыту фабрикасы салынды. Кәсіпорынның жобалық қуаты - жылына 500 мың тонна молибден кенін шығару.

2006 жылы ITER жобасы бойынша термоядролық реактор үшін құрылмалы материалдар шығару технологиясына қатысты кең түрдегі ғылыми зерттеулер басталды. Реактор 120 миллион градустағы плазманы өзінде ұстап тұруға тиіс. Реактор құрылымын жоғары температураның ықпалынан қорғайтын материал ретінде бериллий таңдалды. ҮМЗ-да ыстық нығыздау айрықша технологиясы бойынша термоядролық реактордың басты элементі – жоғары температурадағы плазмаға айналған сыртқы үш қабатты бланкет жасалды.

2007 жылғы 14 шілде күні «Қазатомөнеркәсіп»  ұлттық атом компаниясына 10 жыл  толды.Атом энергетикасы саласындағы  қарым-қатынасты дамытуға қатысты  Қазақстандағы уран қорларын бірге игеру туралы Қытайдың Гуандон ядролық-энергетикалық корпорациясымен (CGNPC) және Қытайдың Ұлттық атом корпорациясымен біріккен кәсіпорын құру жолымен Қазақстандағы уран қорларын бірге игеру туралы, сондай-ақ Қытайдың атом энергетикасына Қазатомөнеркәсіптің инвестициясы туралы келісімдерге қол жеткізілді. Сол сияқты Қытайдың Ұлттық атом корпорациясымен (CNNC) «Стратегиялық ынтымақтастықты тереңдету және кеңейту туралы рамалық келісім» жасалды. Қол қойылған құжаттарға сәйкес қазақстан-қытай біріккен кәсіпорнында өндірілген табиғи уранның барлығы ядролық отынның барынша жоғары деңгейлі бөлісіндегі өнімдер түрінде Қытайға жеткізілетін болады.

2007 жылдың қорытындысы бойынша  Қазақстанда уран өндіру көлемі 6 637 тоннаны құрап, 2006 жылғы 5 281 тоннамен салыстырғандағы жылдық өсім 25,7%-ға жетті.

2008 жыл.Толық ядролық отын циклына ие тігінен интеграция-ланған трансұлт-тық компанияны қалыптас-тырудың аяқталуы.Fitch Ratings Қазатомөнеркәсіптің рейтингісін өсірді. Шетелдік валютадағы ұзақ мерзімді эмитент рейтингі «ВВ+» деңгейінен «ВВВ»-ға дейін және шетелдік валютадағы қысқа мерзімді рейтинг «В» деңгейінен «F3»-ке дейін өсті. Ұзақ мерзімді рейтинг бойынша болжам «Позитивті»-ден «Тұрақтыға» ауысты.

Оңтүстік Қазақстандағы Мыңқұдық кен орнының «Батыс» учаскесінде жерасты шаймалау әдісімен уран өндіретін жаңа кеніш ашылды. Бұл атом энергетикасы саласындағы қазақстан-жапон ынтымақтастығы шеңберінде өнеркәсіптік қолданысқа енгізілген бірінші кеніш. Кеніштің операторы - 2006 жылдың басында Қазатомөнеркәсіп (65%) пен Sumitomo Corporation (25%) және The Kansai Electric Power Co., Inc. (10%) қатысуымен құрылған «Әппақ» ЖШС біріккен кәсіпорны.Канадалық Cameco корпорациясымен бірге «Үлбі-Конверсия» ЖШС біріккен кәсіпорны құрылды. Конверсиялық өндіріс «Үлбі металлургия зауыты» АҚ базасында жұмыс бастайтын болады. Болашақ кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 12 мың тонна уран гексафторидын (UF6) құрайды, бұл конверсия бойынша дүние жүзілік қуаттың 17%-на тең. Жаңа біріккен кәсіпорындағы Қазатомөнеркәсіптің үлесі - 51%, Cameco үлесі - 49%.

2008 жылғы 11 маусым күні француздың Areva компаниясымен ядролық-отын циклы  саласынлағы маңызды стратегиялық  келісімге қол қойылды. Келісімнің  шарттарына сәйкес, уран өндіруші  «Катко» (Қазатомөнеркәсіп – 49%, Areva - 51%) біріккен кәсіпорны 2039 жылға дейінгі кезеңде жылына 4000 тонна уран өндіретін болады, ал оны өткізу ісімен Areva компаниясы шұғылданады. Сонымен қатар, Areva «Үлбі металлургия зауыты» АҚ базасында жылдық қуаты 1200 тоннаға тең отын құрамаларын шығаратын өндірісті салуда Қазатомөнеркәсіпке техникалық қолдауды қамтамасыз етеді. Жаңадан құрылатын біріккен кәсіпорын аясындағы құрастыру өндірісі француздық дизайндағы реакторлар үшін қуаты 400 тонналық жеке өндірістік желіні қамтитын болады (Қазатомөнеркәсіп - 51%, Areva - 49%), бұл құрамалар үшін шикізатты Қазатомөнеркәсіп жеткізіп береді. Осы өнімді өткізумен Areva (51%) және Казатомпром (49%) компаниялары құрған біріккен кәсіпорын шұғылданады.

Өнімнің қалған 800 тоннасы (100% Қазатомөнеркәсіптікі) компанияның қаплауына қарай басқа дизайндағы реакторлар үшін отын ретінде қолданылмақ.

 

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы құрамындағы көне кәсіпорындардың бірі – «Волковгеология» АҚ-ның құрылғанына 60 жыл толды. Геологиялық барлау саласындағы кәсіпорын барлық түрдегі уран кен орындарын барлау және зерттеп үйренуде бай тәжірибеге ие. Ұлттық атом компаниясы қызметінің уран кен орындарын іздеу және барлаудан бастап оларды өнеркәсіптік қолданысқа енгізуге дейінгі барлық бағытында геологиялық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. «Волковгеология» АҚ-ның республикада жиынтық қоры 1,5 млн. тоннаға тең уран (дәйекті барланған әлемдік уран қорының 19%) қорына ие берік минералды-шикізат базасын жасауға тікелей қатынасы бар. Қазақстанда тұрақты радиоэкологиялық мониторинге жүргізеді.

2008 жылғы 23 желтоқсан күні бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша «Парыз» байқауында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» («Ірі кәсіпкерлік субъектісі» категориясында) аталымында «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы жеңімпаз атанды.

2005–2008 жылдар аралығында уран өндіруші аймақтардың әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуы бағдарламасы шеңберінде Қазатомөнеркәсіп бірқатар жобаларды атқарды:

  • Сырдария өзені үстінен өтетін ұзындығы 303 метрлік жаңа көпір салынды, көпірдің екі жағынан келетін жол 3 шақырымнан;
  • Темір жол жанасуы (темір жол стансасы) пайдалануға тапсырылды;
  • Екі дәрігерлік-санитарлық бөлім және екі фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды;
  • Үш реанимобиль сатып алынды;
  • Төрт балабақша пайдалануға тапсырылды;
  • Екі мектеп салынып, алты мектеп қайта құрылды;
  • Үш ойын-сауық орталығы салынды;
  • Үш мәдени-спорт орталығы қайта құрылды;
  • Екі мәдениет үйі жөндеуден өткізілді;
  • Оңтүстік Қазақстандағы кенттерді көгалдандыру және саябақ аумақтарын көркейту жұмыстары жүргізілді.

2009 жыл.Қазатомөнеркәсіп – уран өндіру бойынша әлемдік көшбасшы. 6 қаңтар күні «Қазақстандағы Жыл таңдауы – 2008» байқауының жеңімпаздары марапатталды. «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы «Дамудың жоғары қарқыны және Технологиялық жетістіктер» аталымында ең үздік деп танылды.

24 қаңтар күні «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен Үндістанның ядролық-энергетикалық корпорациясы Nuclear Power Corporation of India Limited (NPCIL) арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл құжатта табиғи уран өндіру және оны жеткізу, Үнді атом энергетикасы үшін отын таблеткалары мен отын құрамалары түріндегі қазақстандық уран өнімдерін жеткізіп беру, сондай-ақ қызметкерлерді оқытуды қамтитын үлкен ауқымдағы мәселелер бойынша қос компанияның мүдделері кеңінен көрініс тапқан.

2009 жылғы 25 сәуірде Алматы қаласы әкімдігінің ғимараты маңында Сакура аллеясының салтанаты ашылу рәсімі болып өтті. Хоккайдо аралынан әкелінген сакураның 9 сұрыпындағы 416 көшет Toshiba корпорациясының атынан Жапония және Қазақстан арасындағы достықтың, сондай-ақ стратегиялық серіктес – «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясына деген айрықша құрметтің белгісі ретінде Қазақстан халқына сый етіп ұсынылды.

2009 жылғы 28 сәуір күні Қызылорда  облысының Шиелі ауданында жылына 750 тонна уран өндіру қуатына  ие жаңадан ашылған «Иіркөл»  жер асты шаймалау кеніші іске қосылды. Бұл атом энергетикасы саласындағы қазақстан-қытай ынтымақтастығы аясында өнеркәсіптік қолданысқа енгізілген алғышқы рудник. Кеніштің операторы – «Семізбай-U» қазақстан-қытай бірлескен кәсіпорны ЖШС.

2009 жылдың 29 сәуірінде Алматыда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен Қытайдың Гуандун ядролық-энергетикалық корпорациясы (CGNPC) Қытайдағы атом электр стансалары құрылысымен шұғылданатын бірлескен кәсіпорын құру туралы Меморандумға қол қойды.Осы жылғы 31 тамыз күні Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында салынатын жаңа күкірт қышқылы зауытының іргетасына капсула салу рәсімі болып өтті. Жоба Marubeni Corp., TEPCO (Жапония), Uranium One (Канада) сияқты шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылуда.

2009 жылғы 6 қазанда AREVA (Франция) және Қазатомөнеркәсіп компаниялары арасында IFASTAR (Integrated Fuel Asia Star) бірлескен отын кәсіпорнын құру туралы келісімге қол қойылды. Штаб-пәтері Парижде орналасатын жаңа компаниядағы құрылтайшылардың үлесі: AREVA (51%), Қазатомөнеркәсіп (49%). IFASTAR-дың алдына қойылған міндет негізінен екі бөлімнен тұратын техникалық-экономикалық негіздемені жүзеге асыру болып табылады: 1. Азияда жұмыс істеп тұрған электроэнергетикалық компанияларға интеграцияланған отын пакеттерін (реакторға дейінгі отын циклының барлық сегменттерін қамтитын және Қазатомөнеркәсіптің уран ресурстары мен AREVA-ның отын технологияларын үйлестіретін) өткізуге қатысты мақсатты Азия рыногын бағалау; 2. Өскемендегі Үлбі металлургия зауытында отын өндіретін тармақ (жылына 400 тU) құрылысының техника-экономикалық негіздемесі.

2009 жылғы 27 қазан күні «Қазатомөнеркәсіп-Демеу»  әлеуметтік компаниясы «Жыл ұйымы»  аталымында дәстүрлі «Алтын жүрек»  ұлттық қайырымдылық сыйлығының  лауреаты атанды.

2009 жылдың 29 қазанында «Қазатомөнеркәсіп»  ұлттық атом компаниясы құрамындағы «Үлбі металлургия зауыты» акционерлік қоғамы өзінің 60 жылдық мерейтойын тойлады.«Үлбі металлургия зауыты» АҚ – атом электр стансалары үшін уран диоксидынан отын таблеткаларын және құрамында бериллий, тантал мен ниобий бар өнімдерді шығарушы ретінде танылған әлемдік көшбасшылардың бірі.

2009 жылғы 30 қазан күні «Қазатомөнеркәсіп»  ҰАК» АҚ мен Шығыс Қазақстан  облысының әкімдігі әлеуметтік  саладағы өзара ынтымақтастық  туралы Меморандумға қол қойды. Осы құжатқа сәйкес, Қазатомөнеркәсіп компаниясының қолдауымен аймақтың әкімшілік орталығында заманауи балалар бақшасы бой көтеріп, облыстағы «Матросово» балалар сауықтыру лагері қайта жаңғыртылатын болды.

2009 жылғы 30 желтоқсан – Қазақстан  Республикасы уран өндіру бойынша  әлемде бірінші орынға шықты. 2009 жылғы 21 желтоқсан күні жылдық жоспар орындалып, 13 500 тонна табиғи уран өндірілді.

2010 жыл

Қазатомөнеркәсіп уран өндіру көлемін арттырып, өз қызметін аралас жоғары технологиялық бағыттарда түрлендіруде.Қазақстанда сирек және сирек-жер металдар негізінде ең жоғары дайындықтағы өнімдер шығаратын жаңадан ғылымды көп қажетсінетін жоғары технологиялық өндіріс орындарын ашу мақсатында 2010 жылдың наурызында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен жапонның Sumitomo Corporation компаниясы «SARECO» БК» ЖШС (Қазатомөнеркәсіп -51%, Sumitomo Corporation - 49%) бірлескен кәсіпорнын құрды.

 «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен жапонның Тошиба корпорациясы сирек және сирек-жер металдар өнімдері мен материалдарын әзірлеу, өндіру, шығару және өткізу үшін, сондай-ақ зерттеулер жүргізу үшін бірлескен кәсіпорын құру жөніндегі келісімге қол жеткізді.

2010 жылдың мамыр айында «Қазатомөнеркәсіп»  ҰАК» АҚ бес жылдық мерзімге  купондық ставкасы 6,25% болатын, құны 500 млн. АҚШ долларына тең еурооблигациялардың дебюттық шығарылымын жүзеге асырды. Еурооблигациялар RegS/144А ережелері мен қазақстандық заңнамаларға сәйкестендіріліп шығарылды. Облигациялар Қазақстан Республикасында ұйымдастырылған құнды қағаздар рыногымен қатар бір мезгілде шет мемлекеттерде де орналастырылды. Еурооблигацияларды орналастырудан түскен қаржыны жалпы корпоративті мақсаттарға жұмсау көзделген. Жобаны JPMorgan, BNP Paribas және «Халық Финанс» АҚ ұйымдастырды.

 «ҮМЗ» АҚ-ның 100% еншілес кәсіпорны саналатын «Машзавод» ЖШС-нің өндірістік алаңқайларында қуаты 10 кВт және одан да жоғары жел энергетикалық стансаларын шығаратын, сондай-ақ жаңғырмалы қуат көздері негізінде автономды нысандардың кешенді энергия жүйесін жасайтын «Экоэнергомаш» ЖШС (Қазатомөнеркәсіптің 100% қатысуымен) құрылды. Жоба республиканың шалғай елді мекендерін жаңғырмалы қуат көздерінен алынатын электр энергиясымен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін қарастырады.

Информация о работе Қазақстандағы уран өндіріс орындары