Ауыспалы егістік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2013 в 02:10, курсовая работа

Краткое описание

Еліміз ауыл шаруашылығы қай буынының да өрістеуіне шүкір, бүкіл құрамды алғышарттар бар. Жер көлемі жетеді. Төскейінде ілкімді істерді ілгерілеткен мақсаты, мұраты биік, міндетіне жетік қауым және жетіп артылады. Соның дәстүрлі түрі – астық өндіруде Қазақстан әлемде алда келе жатқаны мәлім. Бұрнағы жылы 27 миллион тонна алтын дән жиналғандай толайым табыстар таңсық болмауға айналды. Тәуір-ақ жетістік, әрине. Әйткенмен, осынша мол байлықты барынша берекелі қыла алмаудың өкініші де ұмытылар нәрсе емес. Осы орайда, онсыз да бидайға сұраныс ауытқымалы, өзгермелі болып тұрар нарықтық қатаң бәсекеде тек бір өнімді тіреу ете беру бұдан былай қарай жөн бе деген ой туындайды.

Содержание

I-бөлім. АУЫСПАЛЫ ЕГІСТЕРДІ ЖОСПАРЛАУ ҮШІН КЕРЕК ДЕРЕКТЕР
1.1. Аймақтағы ауыспалы егістік жағдайы
1.2. Аймақта пайдаланылатын жерлердің түрлері
1.3. Аймақтың климат жағдайы
1.4. Ауыспалы егістер орналасқан егінжайдың топырағы
1.5. Арамшөптер
1.6. Егіс көлемінің құрылымын есептеу
ІІ-бөлім. АУЫСПАЛЫ ЕГІСТЕРДІ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ИГЕРУ
2.1 Ауыспалы егістерді жоспарлау
2.2. Ауыспалы егістерді экономикалық тұрғыдан дәлелдеу
2.3. Қабылданған ауыспалы егіске өту жоспары (ауыспалы егісті игеру жоспары).
2.4. Ауыспалы егіс танаптарының арамшөптену картасын жасау
2.5. Ауыспалы егістегі топырақ өңдеу жүйесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая Дастан Дина.docx

— 55.38 Кб (Скачать документ)

Айта кететін жайт, таза сүрі жер танабының орнына кез келген ауылшаруашылық дақылдарын өсіру қолайлы және егіс егілетін жерлер бос жатпай, тиімді пайдаланылады. Осы аталған дақылдарды өңделген жерлерде тиімді пайдалану мақсатында ауыспалы егістегі таза сүрі жер танабының орнына орналастырғанда айналдырған 3-4 ай көлемінде тұрақты астық және малазықтық өнімдер жиналып алынады. Бұл өз кезегінде жалпы ауыспалы егіс көлемінен астық шығымын ұлғайтуды қамтамасыз етеді, қосымша жасыл балауса, пішен, сүрлем, малазықтық өлшем алынып және өте жоғары экономикалық тиімділікті құрайды.

Ең негізгісі, осы ауылшаруашылық дақылдарын ауыспалы егіс кестесіндегі танаптарға енгізгенде топырақтың беткі қабаты өсімдік калдықтарымен әрдайым жабық күйде болып, топырақты жылдың кез келген мезгілдерінде болатын әртүрлі эрозиядан қорғайды және уақыт өте келе біртіндеп топырақтың құнарлылығын қалпына келтіреді.

Енді осы дақылдарды өндіріс жағдайында енгізу үшін ауыспалы егіс жүйесінің егістік алқаптарында міндетті түрде егіншіліктің жоғары мәдениеті сақталуы қажет, арамшөптермен күресу шараларын қүшейту керек және тағы да басқа агрономиялық шаралардың орындалуын бақылауда ұстаған жөн.

Қорыта айтқанда, соңғы  жылдары ауыл шаруашылығына пайдаланылатын егістік жерлердің аймақтық ерекшеліктеріне байланысты қор үнемдейтін технологияларды қолдану және құқықтық қарым-қатынас жүйесі өзгеруі, баға, несие, қаржы саясаты біршама реформаланып, басқару механизмі жеңілдетіліп және өңірдегі өндіріске сұраныс жоғары басым дақылдарды өсіру шаралары іске аса бастады, ал осы атқарылған істер өсімдік шаруашылығында ауыспалы егістерді әртараптандыруда өте көп мүмкіндіктер береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Елбасы 2011 жылдың 28 қаңтарындағы халқына жолдауында ауыл шаруашылығына  көп көңіл аударған.    Республикамыздың агроөнеркәсіп өндірісінің даму дәрежесі мен тиімділігі    халықтың    ауыл    шаруашылығы    тауарларына    деген сұранысын қанағаттандыруға әсерін тигізумен қатар қазіргі жаһандық қаржы  дағдарысында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен отандық   тамақ   және   жеңіл   өнеркәсіптерді   дамыту, әлеуметтік тұрақтылықты сақтауда маңызы аса жоғары.

Еліміздің ауылшаруашылығын келешек дамуында, ауылшаруашылық өнім  өндірішулердің бәсекелестікке барынша қабілетті агроқұрылымдарын ұйымдық-құрылымдық жетілдірудің маңызы зор. Қазақстанның  барлық облыстарында әр түрлі агроөндірісті кешенді ұйымдастыру мен агроқұрылымдардың тиімділігін арттыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелік пен әлемдегі экономикасы бәсекеге барынша қабілетті дамыған 50 елдің қатарына енуге толық  мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

\

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Родников А.П, Крюков  И.А, Смирнов А. Н. Овощеводство  М: ... 1978. ... ... ... Н.Г. Овощеводство  Северного Казахстана. Алма-Ата: ... ―  С. ... ... В.П, ... М.И. Овощеводство М.: Колос, 1978. ― С. 382-385.

4. Гвасалия Л., Кардава  М.А. Урожай пожнивной фасоли  в зимний сезон ... по ... ... и при  ... ... почвы //Сб. Известия аграрной  науки. Реф. ... №7, 2007. ― ... ... А. ... мясо. Овощеводство. М., 2009.― С. 32-33.

6. Стукалов М.Ю. Влияние  ... ... ... на ее физические свойства  и урожай фасоли на ... ... // ... и  ... 2008― ... ... В.Ф. Овощеводства открытого  грунта – М.:Колос, 1954.― С. 313.

8. Амелин А.В. ... ... ... и ... ... при ... площади питания. //Сб. ... ... ... и ... их использования. Реф  . журнал. Растениеводство №6, 2007. ―  С. 16.

9. Туаева И.В., Бекузарова  С.А. Природные агроруды ... ... // ... ... №1, 2007― С. ... ... Г.С. ... семена овощной  фасоли биопрепаратами ... и ... №5, 2007― ... ... Г.С. Пбгау С., Кожемяков  А.П. и др. ... ... ... ... // ... и ... №6, 2007.―  С. 25.

12. Коротеев В.И., Ефимов  А.А. Реакция на ... ... и на ... ... ... // ... ... 2008. ―С.21.

13. Шильникова В.К. Влияние  сроков сева фасоли на её  потери от ... // Реф. ... ... №12 ,1997.― С.-49.

14. Пушкина Н.В, Климова  И.А. Влияние плотности посадки  ... ... ... на ... ... // Реф. ... Растениеводство  №5, 2000.― С.31.

15. Стойчева И., Генева  М. Влияние разных доз и ... ... ... на ... ... в ... фасоли //Реф. Журнал  Растениеводство №2, 2008.― С.18.

16. Мандровская Н.М. Влияние  ... ... на ... ... ... ... у фасоли // Кн. Биологический  азот в растениеводстве. Реф.  журнал Растениеводство №2, 2000.―  ... ... Д.З., ... А.П. ... ... на рост ... и поглощение  света фасолью // Реф. журнал ... ... ... ... Н.А. ... ... ... на рост листьев, ... ... Реф. ... ... №2, 2004.― ... Биггс Т.  Овощные культуры. ― М.: Мир, 1990. ―  С.97.

20. Руденко С.С. Реакция  сортов фасоли на устойчивость  к стеблевой мухе ... ... Реф. ... Растениеводство  №3, 2000― ст. 35

21. Пиковский М., Карик Н. ... ... ... ... ... 66-67.


Информация о работе Ауыспалы егістік