Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2013 в 02:10, курсовая работа
Еліміз ауыл шаруашылығы қай буынының да өрістеуіне шүкір, бүкіл құрамды алғышарттар бар. Жер көлемі жетеді. Төскейінде ілкімді істерді ілгерілеткен мақсаты, мұраты биік, міндетіне жетік қауым және жетіп артылады. Соның дәстүрлі түрі – астық өндіруде Қазақстан әлемде алда келе жатқаны мәлім. Бұрнағы жылы 27 миллион тонна алтын дән жиналғандай толайым табыстар таңсық болмауға айналды. Тәуір-ақ жетістік, әрине. Әйткенмен, осынша мол байлықты барынша берекелі қыла алмаудың өкініші де ұмытылар нәрсе емес. Осы орайда, онсыз да бидайға сұраныс ауытқымалы, өзгермелі болып тұрар нарықтық қатаң бәсекеде тек бір өнімді тіреу ете беру бұдан былай қарай жөн бе деген ой туындайды.
I-бөлім. АУЫСПАЛЫ ЕГІСТЕРДІ ЖОСПАРЛАУ ҮШІН КЕРЕК ДЕРЕКТЕР
1.1. Аймақтағы ауыспалы егістік жағдайы
1.2. Аймақта пайдаланылатын жерлердің түрлері
1.3. Аймақтың климат жағдайы
1.4. Ауыспалы егістер орналасқан егінжайдың топырағы
1.5. Арамшөптер
1.6. Егіс көлемінің құрылымын есептеу
ІІ-бөлім. АУЫСПАЛЫ ЕГІСТЕРДІ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ИГЕРУ
2.1 Ауыспалы егістерді жоспарлау
2.2. Ауыспалы егістерді экономикалық тұрғыдан дәлелдеу
2.3. Қабылданған ауыспалы егіске өту жоспары (ауыспалы егісті игеру жоспары).
2.4. Ауыспалы егіс танаптарының арамшөптену картасын жасау
2.5. Ауыспалы егістегі топырақ өңдеу жүйесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Танапта дақылдардың алмасуы топырақтың физикалық жағдайын, өсіресе оның құрылымы мен тығыздығын жақсартады.
Бір жылдың отамалы дақылдарды қарқынды өңдеулер мен қайталама есіру топырақтың тым борпылдақ болуына, қара шіріктің азаюына, соңынан топырақ құрылымының нашарлауына ұрындырады.
Қүрғаң дала жене дала аймақтарының жағдайында жел эрозиясының қауіптілігі байқалады. Бүл аймақта кеп жылдың шөптер және басқа дақылдар қалың қыртысты (шымды) ңүрады, топырақ құрылымын жақсар-тады, суға тезімді агрегаттардың санын өебейтеді, су және жел эрозиясынан қорғайды.
Дөнді дақылдар түріне қарай алғы дақыл ретінде әр түрлі бағаланады. Күздік бидай жаздық бидай мен арпа үшін кептеген отамалы дақылдар үшін жаңсы алғы дақыл болып саналады. Жемдік дәнді-дақылдарды, арпа, т.б. нашар алғы дақылға жатқызады және оларды ауыс-палы егістің соңынан орналастырады.
С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университеті мен А.И.Бараев атындағы Қазақ АІНҒЗИ деректері бой-ынша сүлының жазғы егісін сүрі танапты эрозиядан қорғауға және топырақтың санитарлық жағдайын жақ-сарту үшін пайдалануға болады. Сұлының жасыл балау-сасының енімділігі гектарына 50-75 ц жетеді.
Ауыспалы егістердің кестесін құру қағидаттары (принциптері). Ауыспалы егісте дақылдардың алмасу
тәртібін және алғы егістерін ендірістік тәжірибелері мен аймақтың ғылыми мекемелерінің үсыныстарын пайдаланып анықтайды. Бүған қойылатын негізгі талап -әрбір дақылға мүмкіндігінше оңтайлы жағдай жасап, сыртқы ортаның қолайсыз әсерін азайту.
Ауыспалы егістің кестесін құрастырғанда топырақ-тың қүнарлылық қорларын есімдіктердің тиімді пайдалануын ескеру керек. Сол үшін мынадай үстанымдарды сақтау керек:
1. Негізгі дақылдарға ауданның үлкен белігін бөлген жөн.
2. Топырақтың құнарлылығына, танаптардың тазалығына және басқа тіршілік жағдайларына жоғары талап қоятын ең құнды дақылдарды жақсы алғы дақылдардан кейін орналастыру дүрыс.
3. Ауыспалы егісті ең жақсы алғы дақылдан бастау қажет.
4.Дәнді бұршақ дақылдарын қайталап өсіруге болмайды.
5 Дәнді бұршақ дақылдарын пардан кейін орналастыруға болмайды.Бұл жағдайда олардың құнды алғы егіс болған артықшылығы басқа дақылдармен пайдаланылмайды.
Қостанай облысы
ауыл шаруашылық өнімдерін
Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты 1984 жылы 3 қазанда Қостанай облысындағы Қарабалық және Львовка тәжірибе станциялары негізінде құрылған. 2002 жылы 12 желтоқсанда респ. мемлекеттік кәсіпорын болып қайта құрылды. Құрамында картоп және майлы дақылдар селекциясын, мал шаруашылығын, астық дақылдарының бірінші реттік тұқымдарын өсіру, өсімдіктерді қорғау, жерді құнарландыру, танаптық жем-шөп өндірісін, дәрілік өсімдіктерді зерттеумен шұғылданатын лабораториялар жұмыс істейді. Институттың ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты: астық өндірісінде ылғал және энергия сақтау технологиясын жасау және жетілдіру; топырақтың аймақтық құнарлылығын арттыру; дәнді дақылдар, жем-шөп, майлы дақылдар және картоптың селекциясы мен тұқымдары мәселелері; жоғары өнімді тұқым (ұрық) қалыптастыру (өндіру), Голштин сиырының буданы негізінде жоғары өнімді сиыр тұқымын қалыптастыру; облыстың ауыл шаруашылқ өндірісінде ғылым мен озық тәжірибе жетістіктерін пайдалану және насихаттау. Селекциялық жұмыстардың нәтижесінде жаздық бидайдың аудандастырылған жоғары өнімді Қарабалық-90, Қарабалық-85; ерте пісетін Қазақстандық, Эритроспермум-35, Қостанай-52, т.б.; күздік бидайдың Комсомол-56, Комсомол-103; арпаның Қарабалық-150, Медикум-85; сондай-ақ, ас бұршақ, зығыр, арпа, жоңышқа, еркекшөп, бидайықтың жергілікті табиғатқа лайықты сорттары шығарылды.
Солтүстік өңірде бидай
Ауылшаруашылық өндірісін
әртараптандырудың басты
Бидай астық өндірісі – ауыл шаруашылығының ірі саласы. Астықтан ұн, нан, макорон және тәтті тағамдар сияқты адам баласына ең керекті өнімдер алынады және оны күрделі жем ретінде мал шаруашылығында да кеңінен пайдаланады.
Астық піскен кезде дәнінің құрамына кіріп сақталады. Міне, осыдан көк өсімдіктер нан және ет, сүт, май сияқты басқа да адамға өте керектік заттарға айналады да, денсаулық сақтау саласында баға жетпес манызға ие болады,ал оттегі болса,адамның және басқа жануалардың тыныс алуына жұмсалады.
Астық құрғақ жағдайда өте ұзақ сақталады, әр түрлі пішінді қамбаларға құюға және жер жүзінің түкпір-түкпіріне тасымалдауға қолайлы, ыстықтан да, суықтан да қорықпайды. Міне осыдан барып барлық жер жүзіне кең тарап кеткен. Міне осындай маңызды ерекшеліктеріне қарай дүние жүзінің көптеген елдеріне егін шаруашылығын дамытуға,сапалы астықты мол өндіруге үлкен мән беріледі.
Құрғақшылық Қазақстанның солтүстік және солтүстік-шығыс аудандарында әр бес жылдың ішінде екі немесе үш жылда байқалып отырады. Сондықтан мұнда құрғақшылықты стихиялы апат деп қарамау керек, ол бұл аймақтағы қалыпты табиғи жағдай. Оны игеру егіншілердің міндеті болып саналады.
Ол үшін барлық агротехникалық
шаралар топырақтағы ылғал
Жаздық бидай өсіріу технологиясына байланысты
өзінің өсіп –дамуына керекті ылғалдың
50% күзгі-қысқы ылғал қорынан алады.
Жазғы жауындар топырақты терең суландырмайды,
ол жауындар ылғалының үлкен бөлігі тиімсіз.
Топырақтың терең қабатында жиналған
күзгі-қысқы ылғал өсімдік тамырларымен
жеңіл көтерілетіндіктен тиімді пайдаланылады.
Біздің аймақта астық дақылдарының дұрыс
таңдалған себу мерзімінің маңызы өте
зор. Дұрыс таңдалмаған себу мерзімі егіншілердің
барлық еңбегін жоққа шығарады. Топырақ
ылғалын буландыруға және топырақты кептіруге
әкеп соғуға душар ететін жоғары жел белсенділігі
қатар жүретін сәуір, мамыр, маусымның
алғашқы екі онкүндігінде ылғал өте аз
түседі де көктемгі –ерте жазғы құрғақшылық
туындауы біздің аймақтың қалыпты жағдайы
болып саналады. Бізде ылғалдың ең көп
мөлшері шілденің басы мен ортасында болады.
Сондықтан егіншілердің басты міндеті
топырақта қысқы, ерте жазғы түскен ылғалдарды
жинау арқылы оның ылғал қорын жазғы жауын
жауғанға дейін жеткізу болып саналады.
Осыған байланысты астық дақылдарының
себу мөлшерін таңдағанда олардың өсімдіктерінің
жазғы жауындарға дейін ескіріп кетпеуін,
өсу мерзімінің ылғалды көп пайдаланатын
кездері жазғы жауынға жетуін қамтамасыз
ететінін ескеру керек.
Агроқұрылымдарға ұсынылатын ауыспалы егіс тізбектері
- 3 жыл бидай.
- 4 жыл арпа.
- 1 жыл жүгері, – мелиоративтік
жерді жақсарту жұмыстары,
- 2 жыл қарақұмық.
Көрсеткіштері: - 10 танапты ауыспалы егіс тізбектері бойынша топырақтың жыртылатын қабатындағы қарашірінді құрамы 8-9 пайызға дейін құрамдалады (0,790 – 0,861%). – қарақұмық өнімділігі мақтаның бірегей егісімен (монокультура) салыстырғанда 8-10 центнерге дейін жоғары алынады (19-22 ц - 30-33 ц).
Тиімділіктері: Мақта өнімділігі бірегей егіспен (монокультура) салыстырғанда 72000-75000 мың теңге артық таза пайда алынады.
2. КЕСТЕ - 3:3 (6-ТАНАПТЫ)
- 3 жыл бидай.
- 3 жыл арпа.
Көрсеткіштері: - 6 танапты ауыспалы егіс тізбектері бойынша топырақтың жыртылатын қабатындағы қарашірінді құрамы 12-13 пайызға дейін құрамдалады (0,798 – 0,912%).
- арпа өнімділігі мақтаның бірегей егісімен (монокультура) салыстырғанда 11-12 центнерге дейін жоғары артады (20-23 ц - 32-34 ц).
Тиімділіктері: арпа өнімділігі бірегей егіспен (монокультура) салыстырғанда 75000-77000 мың теңге артық таза пайда алынады. Вегетация кезеңінде 2-3 – жылы гектарынан 140-145 ц дейін құрғақ шӛп өнімділігін қамтамасыз етеді.
18 - Дәндік жүгері өнімділігі гектарынан 39,4 центнерге дейін өнім береді (таза пайда 58200 т/га).
- Мақта өнімділігі мақтаның бірегей егісімен (монокультура) салыстырғанда 7-8 центнерге дейін жоғары артады (21-23 ц - 30 ц).
Тиімділіктері: Мақта өнімділігі бірегей егіспен (монокультура) салыстырғанда 68000-70000 мың теңге артық таза пайда алынады.
4. КЕСТЕ - 1:2 (ҚЫСҚА ТАНАПТЫ)
- 1 жыл арпа, мелиоративтік алқап – көңді гектарына 20-40 т ендіру, жерді 40-42 тереңдікде жырту және ерте сор шаю.
- 2 жыл Бидай.
Көрсеткіштері: - Қысқа танапты ауыспалы егіс тізбектері бойынша топырақтың жыртылатын қабатындағы қарашірінді құрамы 8-8,5 пайызға дейін жоғары құрамдалады (0,780 – 0,825%).
- Арпа өнімділігі гектарынан 15-16 центнерге дейін өнім алынады (таза пайда 15600 т/га).
- Бидай өнімділігі Бидай бірегей егісімен (монокультура) салыстырғанда 7-8 центнерге дейін жоғары артады (21-23 ц - 28-30 ц).
Тиімділіктері: Мақта ӛнімділігі бірегей егіспен (монокультура) салыстырғанда 65000-67000 мың теңге артық таза пайда алынады.
5. КЕСТЕ - 2:1 (ҚЫСҚА ТАНАПТЫ)
- 2 жыл бидай. - 1 жыл сұлы.
Көрсеткіштері: - Қысқа танапты ауыспалы егіс тізбектері бойынша топырақтың жыртылатын қабатындағы қарашірінді құрамы 8-9 пайызға дейін құрамдалады (0,810 – 0,883%).
- Бидай өнімділігі мақтаның бірегей егісімен (монокультура) салыстырғанда 7-8 центнерге дейін артық артады (21-23 ц - 31-33 ц).
Тиімділіктері: Бидай өнімділігі бірегей егіспен (монокультура) салыстырғанда 76000-78000 мың теңге артық таза пайда алынады. Вегетация кезеңінде 2-ші жылы гектарынан 160-170 центнерге дейін құрғақ шөп өнімділігін қамтамасыз етеді.
Топырақты үнемді өңдеу технологиясы
Ауыл шаруашылығында өндірлетін
өнімнің дүниежүзілік және отандық
нарықта бәсекеге қабілетілігін
арттыру агроөнеркәсіп
Ауыспалы егісті әртараптандыру мүмкіндіктері
Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлердің жалпы көлемі 91,7 млн. га, оның ішінде егістік жерлер 22,5 млн. га құрайды. Негізгі егістік жерлердің 70 пайызы Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, және Павлодар облыстарында шоғырланған.
Ауылшаруашылық дақылдарының жалпы егістік көлемі 2013 жылы 21,4 млн. га құрады, дәнді дақылдар 15,9 млн. га, оның ішінде бидай 13,0 млн. га жерге егілді. Ағымдағы жылы өсімдік шаруашылығындағы ауыспалы егістер құрылымында өндіріс жағдайында сұраныс жоғары басым дақылдардың көлемі ұлғаятын болды. Әсіресе, майлы дақылдардың көлемі 1,9 млн. га (өткен жылмен салыстырғанда егіс көлемі 43,1 мың га жоғары), мал азықтық дақылдардың көлемі 3,1 млн.га дейін (265 мың га жоғары) ұлғайды.
Ағымдағы жылы осы мақсаттарға мемлекет тарапынан өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялауға барлық бағыттар бойынша 31,5 млрд. теңге бөлінді, ал оның ішінде басымды дақылдар өндірісін субсидиялауға – 18,6 млрд. теңге, минералды тыңайтқыш және гербицид бағасын арзандатуға – 7,0 млрд. теңге және тұқым шаруашылығын дамытуға 2,5 млрд. теңге қарастырылған. Осыншама мол мөлшерде бөлінген қаржы ауылшаруашылық кәсіпорындарын жедел дамытуға, өндірісті қайта құрып өзгертуге және жекеменшік иесі нысандарында тауарлы өнім өндіруді арттыруға мүмкіндіктер тудырады. Алдағы жылдарда өсімдік шаруашылығы елімізде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Еліміздің солтүстік аймақтарында орналасқан Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары негізінен дәнді дақылдар өсірумен айналысады. Олар республикадағы астықтың 4/5 бөлігін өндіреді. Жалпы, өңірде дәнді дақылдардан басқа да ауылшаруашылық дақылдарын ауыспалы егіс танаптарына орналастыруға топырақ-климат жағдайлары біршама қолайлы және өндірілген астық, май өнімін экспорттауға мүмкіндік мол.
Ауыспалы егіс зертханасының соңғы жылдардағы жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша аймақтағы егістік құрылымдарын әртараптандыруға төмендегі кез келген ауылшаруашылық дақылдарын өсіру тиімді болып табылады. Әсіресе, ауыспалы егістердегі егістік құрылымдарын әртараптандыру бағытында дәнді дақылдар арасынан арпа, сұлы, тарыны, дәнді-бұршақты дақылдарынан асбұршақ, ноқат, жасымақты, майлы дақылдардан зығыр, күнбағыс, қыша және рапсты, жемазықтық дақылдардан асбұршақ+сұлы қоспасы, жүгері, көп және бір жылдық шөптерді кіргізуге болады.
Ауыспалы егіс зертханасының көп жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының деректері өңірдегі оңтүстік қара топырақта осы ауылшаруашылық дақылдарын таза сүрі жер танабы орнына өсіргенде әр гектар ауыспалы егістің көлемінен алынған астықтың орташа өнімділігі төмендегідей болды. Арпадан – 23,8 ц, сұлыдан – 23,2 ц, асбұршақтан – 13,3 ц, ноқаттан – 12,0 ц, жасымақтан – 10,4 ц және зығырдан 8,7 ц өнім алынды.