Атырау облысының сирек кездесетін жануарлары, оларды қорғау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2014 в 20:49, курсовая работа

Краткое описание

Қазір республикамызда табиғатты және оның хайуанаттарын қорғауға бағытталған жер көлемі 576,4 мың гектар алты үлкен қорық бар. Бұлардың ішінде бес қорық – Ақсу - Жабағылы, Алматы, Қорғалжын, Барсакелмес, Марқакөл тағы басқалары бар. Республикамыздағы қорықтардың жері шаруашылықтың пайдалануынан босатылған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Корыктар.doc

— 1.64 Мб (Скачать документ)

Қазір барлық түз тағылылары құрып кету алдында. Қорық қызметкерлерінің алдындағы міндет – сирек аңдар мен құстарды, өсімдіктер әлемін қорғап қалу. Оның үстіне Үстірт қорығына, құлан, қабылан, қарақұйрық, ақбөкен, қарақал, т.б. аңдарды қайтадан жерсіндіру, сақтап қалу бағытында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

          2.1.Алматы мемлекеттік табиғи қорығы – Алатаудың ажары.

Елімізде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың негізгі тобына мемлекеттік табиғи қорықтар жататыны белгілі. Қазақстанда «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заң 2006 жылы 7 шілдеде қабылданды. Осы заңда «мемлекеттік табиғи қорық табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, оның қызметінің мақсаты өзінің аумағындағы табиғи барысын, өсімдіктер мен жануарлардың жекеленген түрлері мен бірлестіктерін, әдеттегі және бірегей экологиялық жүйелерді сақтау мен зерделеу және оларды қалпына келтіру болып табылады »-деп ерекше атап көрсетілген. Олай болса табиғат байлықтарын қорғауда табиғи қорықтардың алатын орны өте зор екені даусыз.

Еліміздің барлық түкпір-түкпірінде орналасқан табиғи қорықтардың әрқайсысы да белгілі бір экологиялық жүйелерді қорғауға байланысты ұйымдастырылады. Қазақстандағы таулы алқаптың табиғи бірлестіктерін қорғау мақсатында Ақсу-Жабағылы, Алматы, Марқакөл және Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорықтары құрылған. Осылардың ішіндегі бірегейі Алматы мемлекеттік табиғи қорығы деп айрықша атап айтуға болады. Ол Іле Алатауының табиғи бірлестіктерін сақтап қалу, қорғау және қалпына келтіру үшін арнайы ұйымдастырылған.

Алматы мемлекеттік табиғи қорығы жөнінде орыс тілінде жарық көрген кітаптар баршылық. Бұл қорықтың аумағында кездесетін өсімдіктер мен жануарлардың түп құрамы, жеке жүйелік топтары, олардың ішінде Қызыл кітапқа тіркелген түрлер жөніндегі деректер ғылыми тұрғыда жүйелі берілген.

Кітапта Алматы табиғи қорығының аумағында өсетін жоғары сатыдағы өсімдіктердің 960 түрінің қазақша, латынша, орысша атаулары түгел жазылған және жеке жүйелік топтары қыналар мен мүктердің жеке тұқымдастары, түрлері де толық қамтылған. Ал Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген түрлер, айрықша белгілер бірден көзге түседі. Сонымен қатар Алматы табиғи қорығының омыртқасыз және омыртқалы жануарларының да Қазақстанның Қыыл кітабына тіркелген түрлері де дәл солай анық көрсетілген.

                                                                                          «Сурет.2.1»

 

Алматы табиғи қорығының аумағында жеміс-жидекті өсімдіктердің 42 түрі өсетіндігі атап көрсетілген. Ондағы жабайы жеміс ағаштары, яғни жабайы алмалар мен өріктер өсетін алқаптар мемлекеттік тұрғыдан ерекше қорғалатындығын және бұл саладағы академик Аймақ Жанғалиев ағамыздың 56 жылдан астам уақыт еңбегінің арқасында дүние жүзі ғалымдары Іле Алатауы мен Жетісу Алатауының аумағында 7 рет арнайы экспедиция ұйымдастырып, мұндағы жабайы өсетін сере алмасы қазіргі кезде бүкіл жер шарында өсетін барлық мәдени алма сорттарының генетикалық тұрғыдан алғанда тікелей арғы тегі екендігін бірауыздан мойындауының өзі Қазақстан жерінің табиғат байлықтарына өте бай екендігін тағы да дәлелдей түсіп отыр. Бұл арада Талас Алатауының баурайында өсетін жабайы қызғалдақ түрлерінің көптігі және қазір дүние жүзінде , мысалы, Голландияда өсіріліп, шетке қыруар қаржыға сатылып жатқан неше түрі сорттарының арғы-тегі қазақстандық қығалдақ екені біз үшін зор мақтаныш. Осындай аса құнды табиғат байлықтарын сақтап қалу әрі көздің қарашығындай аялай білудің адамзат алдында зор маңызы бар екендігін ешуақытта естен шығармауға тиіспіз. 

 Бұларға қоса Алматы  табиғи қорығының аумағында кездесетін  балықтардың 4 түрі, қосмекенділердің 2, бауырмен жорғалаушылардың 6, құстарддың 178, сүтқоректілердің 39 түрлерінің де атаулары қазақ, латын, орыс тілдерінде белгілі бір реттілікпен берілген.         

Кітаптың тағы бір құндылығы оның соңында қосымша ретінде Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жеке топтары, табиғи қорықтар, ұлтық табиғи саябақтар, табиғи қорықшалар, табиғат ескерткіштері, қорықтық аймақтар және орман табиғи резерванттарының толық тізімі, олардың жер көлемі, ұйымдастырылған жылы, қорғалатын нысандары және орналасқан әкімшілік орны нақы аталып көрсетілген. Мұндай деректер мұғалімдер, қорық қызметкерлері үшін өте қажет. Кітап соңында пайдаланған әдебиттер тізімі де орынды берілген.

Қорыта айтқанда, «Алматы мемлекеттік табиғи қорығы – Алатаудың ажары» кітабын жазған үш автордың көп ізденгендіктері байқалады. Кітаптың тілі көркем, табиғат туралы табиғат туралы өлең-жырлар, аңыз-әфсаналар өте жеңіл оқылады.

2.2.Қорғалжын қорығы-ғасырлар  мұрасы.

Жалпы  ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қоршаған ортаны ерекше қорғау мақсатында мемлекет пен жеке адамдар тарапынан арнайы бөлінетін құрлықтағы және су айдындарындағы жер телімдерінің жүйесін білдіреді. Еліміздегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жеке бір тобы қорықтар болып табылады. Елімізде 10 қорық бар. Солардың бірі - Қорғалжын қорығы.

Қорықта өте сирек кездесетін дала құстары ұя басады. Мұнда ұшып келетін құстардың 20-ға жуық түрі сирек кездесетін және жоғалып бара жатқандар. Құстардың ұшып келетін мезгілінде ең көп күтілетіні қызғылт қоқиқаз. Олар көбінесе Теңіз көлін мекендейді. Қорықта соңғы мәліметтер бойынша сүтқоректілердің 42, құстардың 339, балықтардың 14, жылан топтастардың 4, қосмекенділердің 2, жәндіктердің 700-ге жуық, тұщы су молюскілерінің 14, өсімдіктердің 448 түрі бар. Теңіз бен Қорғалжын көлдерінің құстарының сулы-батпақты кешенінің 112 түрі бар, ол Қазақстандағы белгілі 130 түрдің 87 пайызын құрайды. Тіркеу мәліметтеріне қарағанда қорық көлдерінде әлемдегі бұйра бірқазанның 20% және тағы сирек түр ақбас үйрекектің 10-20%-ы шоғырланған. Сондықтан 1974 жылы Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесінің сулы-батпақты жерлері Рамсар конвенциясына сәйкес, әлемдік маңызды сулы-батпақты жерлер қатарына жатқызылды.

Еліміздегі кез – келген қорық өзіндік табиғи сұлулығымен бағалы, түрлі аймаққа орналасқандықтан сол өңірдің ерекшелігін айқын көрсетеді. Сондай-ақ әр қорықтың жанама атауы бар. «Барсакелместі»-«Аңыз-абыз», «Алматы» қорығын-«Әнші тау мекені», «Үстіртті»-«шөл» деп те атайды. Ал біз сөз етіп отырған «Қорғалжын» қорығы «Құс базары» деген жанама атауға ие. Бұл орынды да. Қорық фаунасының басты байлығы – су құстары. Тіршілік тынысы жазғытұрым айрықша сезіледі, бұл кезде аспанда топталып ұшқан құстарды көруге, ал ну құрақ, қамыс арасынан түрлі құстардың қаңқылдаған даусын естуге болады. Қазір Қорғалжын қорығының аумағында 60-қа жуық тұщы және тұзды көлдер бар.

Тұщы көлдер қатарына Сұлтангелді, Есей, Қоқай, Асубалық жатса, тұзды көлдер қатарына атақты Теңіз көлі кіреді. Қорғалжын қорығының атын әлемге жайған құс падишасы – қоқиқаздарды сонау Африкадан бұл өңірге тартатын осы – теңіз көлі.Теңіз – көне көл. Мұнда мекен ететін құстар да өте көнеден келе жатыр. Бұл – алқызыл қоқиқаздардың солтүстіктегі жалғыз мекені. Жыл құстары үшінТеңіз көлі бір мезгілде 15 миллион құсты жем қорымен толық қамтамасыз ете алады. Бұл жерде бұйра бірқазандар мен алқызыл қоқиқаздар ұя салады. Жыл сайын ұя басып, ұрпақ жалғастыру үшін сонау Африкадан теңіз көліне дейін мыңдаған шақырым қашықтықты артта қалдырып, қанаттары талып , 50-60 мыңға тарта қоқиқаз Қорғалжын қорығына ұшып келеді. Ал әлемдегі барлық бұйра бірқазанның 20 %-дан астамы осы жерге келіп, ұя салады. Ғалымдардың есебі бойынша, Қызыл кітапқа кірген ақбас үйректің, қарабас өгіз шағалалардың және далалық қырандардың 10-15 %-дан астамы осы қорықта ғана жұмыртқа басады екен.

Қорық аумағында экологиялық туризмді дамыту үшін мүмкіндіктер мол. Қорықтың табиғаты бай аймақта орналасуы, ұзақ уақыттан бері қорғауда болуы, жабайы жануарлар мекендейтін орынның адам қолы тимей сақталуы көптеген туристердің қызығушылығын тудырады. Десек те бұл аймақ үшін экологиялық туризм жаңа әрі кең таралмаған болып есептеледі. Бұл аймақта төмендегідей экологиялық туризм бағыттарын дамытуға болады: бедвочерлер, ғылыми туризм, оқу ағарту, арнайы туризм, рекреациялық туризм, таннысу туризмі. Қорықта 4 туристік маршурт бар. Тарихы шежіреге бай Қорғалжын өңірінде көптеген ескерткіштер сақталған.

Қорықтың ғылым үшін зор маңызы бар, мұнда жануарлар мен өсімдіктердің әр алуан болуы табиғат байлықтарын кешенді зерттеп, оларды шаруашылыққа пайдалануға мүмкіндік береді. Осы уақыт ішінде ғылыми қызметкерлердің 35 түрлі еңбектері жарық көріп, 1958 жылдан бастап қорғалатын аймақтарға байланысты әр түрлі салада 350-ден аса ғылыми жұмыс жарияланды.1998-2004 жылдары неміс орнитолог мамандары қорық қызметкерлерімен бірлесе отырып, суда жүзетін құстардың санын анықтау, мониторинг жасау мақсаттарында жүйелі жұмыс жүргізді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің қорықтардың жыл сайынғы жұмысын бағалау рейтингінде соңғы 3 жылғы қорытындысы бойынша бірінші орында тұр. Қорғалжын мемлекеттік қорығының 2011 жылға дейінгі басқару жобасы бар. Ол Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің бұйрығыменбекітілген. Осының негізінде қорықтың материалдық базасын нығайтуға қомақты көмек көрсетілуде.

Қорықтың қызметі мен жұмысы жыл өткен сайын жоғары деңгейге көтерілуде. Жер бетіне түскен «қылмыстың артуы»дәуірінде осынау өлкені сақтап қалу болашақ алдындағы маңызды міндет енені сөсіз. Ұшса құс қанаты талатын Атыраудан Алтайға, Қаратаудан Батыс Сібір жазығына дейін созылған қазақтың кең өлкесінде түрлі табиғи ландшафтарды кездестіруге болады. Қанша кең әрі ресурсқа бай десек те, табиғаттың қазынасы сарқылмас  қор емес. Табиғатты пайдалануда әркез тепе-теңдік болу керек. Табиғатты ерекше қорғалатын табиғи аймақтар құру арқылы қорғау тиімді әрі маңызды. Қазақтың далалық эталондық ландшафтарын сақтау еліміздің орталығында орналасқан, әрі елордамыз Астана қаласынан небары 130 км қашықтықта орналасқан-Солтүстік жартышарда сақталған салиқалы жазығындағы қоғалы көл, қоқиқаздардың құт мекені – Қорғалжын қорығында қорғалады.

 

                                                       

                                                                                                    «Сурет.2.2»

2.3.Қазақстанда  сирек кездесетін хайуанаттар

Қазақстанның жер бедері әр алуан. Оның солтүстік жағын орманды дала, дала және шөлді аймақтар алып жатса, оңтүстігін әсем таулар көмкереді. Жасыл ормандар мен қамысты көлдер бағалы аңдардың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай жасайды. Қазақстанның кең байтақ территориясында сүтқоректілердің 150-дей түрі болса, соның 30-ға жуығының азайып, құрып кету қаупі туып отыр. Солардың ішінде тауда - барыс, қызыл қасқыр,ақ тырнақты аю, құдыр,мейзбир суыры, арқар, ормандарда-орман сусары, бұлан, шөл және шөлейт аймақтарда –қарақұйрық, үстірт арқары, қарақал, гепард,су жағасында –кәмшат, қара күзен, құндыз жұпар тышқан сияқты хайуанаттар мекендейді. Олардың көбінің кәсіптік маңызынан басқа ғылыми тұрғыдан да үлкен мәні бар. 

Жұпартышқан –құйрығы ұзын, тұмсығы созыңқылау және аяқтары қысқа, орташа мөлшерлі келген аң. Денесінің ұзындығы 18-22, құйрығы 12-20,5 сантиметрдей, салмағы 320-480 грамдай. Дене құрылысы суда тіршілік етуге бейімделген. Құлақ қалқаны болмайды, көзі өте кішкентай келеді. Аяқтарының, башайларының арасында жүзу жарғақтары бар. Құйрығының үсті мүйіз тәрізді қабыршақтармен жабылған. Жүні тығыз, жылтыр, жібектей жұмсақ, сұр бурыл, күміс тәрізді немесе ақшыл болады, терісінен су өтпейді. Құйрығының түбінің астынғы жағында тер безі орналасқан. Осы безден май тәрізді, иісі күшті сұйық зат бөлінеді. Осы иістері арқылы «ерлі-зайыптылар» бір-бірін тез тауып алады.

Біздің республикамызда жұпартышқан негізінен Батыс Қазақстанда таралған. Бұл өңірде Жайық өзенінің бойын мекендейді. Осы өзеннің солтүстік жағасынан Атырау облысының шекарасына дейін кездеседі. Атырау облысында Каспий теңізінің бойына орналасқан Есбол, Бақсай, Теңіз аудандарындағы өзендер жағасынан аздап көрінеді. Бұл аңның қоры әсіресе, Ресейде көбірек кездеседі.

Жұпартышқан - жартылай суда тіршілік ететін жануар. Орал өңірінде жұпар өзендердің сағасында және оның ағындарында мекендейді. Су жағасынан ұзынша етіп ін қазады, іннің аузын судың астынан шығарады. Жұпартышқан ымырт жабылған және түнгі мезгілдерде тіршілік етеді. Ол талғаусыз қоректенетін аң. Суда кездесетін жәндіктер мен өсімдіктердің 90 түрімен азықтанады. Жұпартышқан қолайлы жағдайда төрт жылға дейін өмір сүреді. Бұл ұзақ жас.

Жұпартышқан терісі бағалы аң. Оның терісінен басқа ұрық безі де пайдаға асады. Оның безінен әр түрлі хош иісті заттар дайындалады.

Қазақстанда, Орал өңірінде көп жылдан бері жұпартышқанды аулауға тыйым салына тұрса да оның саны өспей отыр. Бұл аңның ғылым үшін де үлкен маңызы бар. Сондықтан да табиғат ескерткіші ретінде оны қорғап отыруға тиіспіз.

Орман сусары-денесі сымбатты, икемді, құйрығы ұзын, жұмсақ жүнді, аяқтары қысқа, тұмсығы жалпақ және қысқа келген жыртқыш. Түсі қоңыр қуаң немесе қара қоңыр келеді, тек тамағының астында сарғыш қоңыр жолағы бар. Дене тұрқы 33-58, құйрығы 17-26 сантиметрдей, салмағы 750-1500 грамдай болады.

Орман сусары Батыс Европада кең таралған. Бұрынғы Кеңес Одағының Европалық бөлігінде кездеседі. Орал тауынан бастап Обьқа және Ертіске дейінгі аралықта таралған. Орман сусары Қазақстанда тек Жайық өзенінің жапырақты ормандарында және осы өзенге құятын Бөрілі, Елек өзендерінің бойында ғана кездеседі. Орман сусары өзінің аты айтып тұрғандай бірыңғай орманда мекендейді. Ол тайгада, аралас және жапырақты ормандарда қоныстанады. Әрбір сусар өзіне қорек іздейтін жерлерді иемденеді. Мұндай жерлердің көлемі 3-10 шаршы километрге жетеді.

Орман сусары – терісіне бола ауланатын кәсіптік маңызы бар аңның бірі. Қзіргі кезде біздің еліміздің солтүстік аудандарында лицензия бойынша жыл сайын 30-40 мың сусар терісі дайындалады. Біздің республикамызда ол өте аз болғандықтан бұл аңды аулауға көптен бері рұқсат етілмейді. Қазіргі Батыс Қазақстанда ол қорғауға алынған аңдардың бірі.

Қызыл қасқыр-мөлшері көкжал қасқырдан кішірек, қыр түлкісінен ірірек келген жыртқыш аң.  Дене тұрқы 76-103, құйрығы 28-48 сантиметрдей, салмағы 14-21 килограмдай болады. Жүнінің түсі көбіне жирен келеді.

Қызыл қасқырдың негізгі мекені Орталық және Оңтүстік Азияның таулы ормандары . Сондай-ақ ол Үндіқытайда, Малайка түбегінде және Суматра мен Ява аралдарында кездеседі. Қызыл қасқырдың негізгі қорегі –таутеке, арқар, елік, қабан сияқты жабайы тұяқты жануарлар. Үй малдарына тимейді, адамға қауіпті емес. Қызыл қасқыр тек біздің елімізде ғана емес басқа да елдерде өте сирек кездесетін және аз зерттелген аң. Сол себепті де ол «Қызыл кітапқа» енген.

Ақтырнақты аю – таулы орманда кездесетін ірі жыртқыш жануарлардың біріне жатады. Мұның басқа аю түрлерінен өзгешелігі тырнағының ақтығы және бас сүйегінің құрылысында.

Ақтырнақты аю Қазақстанның шығыс, оңтүстік-шығыс және оңтүстік бөлігіндегі тауларда кездеседі, яғни оңтүстік Алтай мен Тянь-Шань аралығын мекендейді. Қазіргі кезде Қазақстанда тек әуесқойлық жолмен атуға ғана рұқсат етілген. Әуесқой аңшыларға лицензия бойынша аюды аулауға рұқсат етіледі. Жыл сайын аңшылар небары он шақты ғана аю атып алып жүр. Әрине, бұл көрсеткіш оның қорына елеулі зиян тигізбейді.

Информация о работе Атырау облысының сирек кездесетін жануарлары, оларды қорғау