Атырау облысының сирек кездесетін жануарлары, оларды қорғау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2014 в 20:49, курсовая работа

Краткое описание

Қазір республикамызда табиғатты және оның хайуанаттарын қорғауға бағытталған жер көлемі 576,4 мың гектар алты үлкен қорық бар. Бұлардың ішінде бес қорық – Ақсу - Жабағылы, Алматы, Қорғалжын, Барсакелмес, Марқакөл тағы басқалары бар. Республикамыздағы қорықтардың жері шаруашылықтың пайдалануынан босатылған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Корыктар.doc

— 1.64 Мб (Скачать документ)

                                                                      КІРІСПЕ

Біздің елімізде табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл аударылып отыр.

Елімізде табиғатты қорғау ісіне жасалып отырған қамқорлық бұрынғы КСРО Конституциясынан да айқын көрініс тапқан. Негізгі Заңның 67 – статьясында: «СССР азаматтары табиғатты аялауға, оның байлықтарын қорғауға міндетті» - делінген.

1.Табиғатты қорғау барысындағы игі шаралар Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында-ақ қолға алынып, В.И.Лениннің қолы қойылған бірқатар Декреттер қабылданғаны белгілі. Коммунистік партия мен Кеңес өкіметі қазіргі жағдайда табиғатты қорғауға және оны тиімді пайдалануға үлкен мән берген-ді. Оның айқын айғағы ретінде кейінгі жылдары жарық көрген жер, су, орман туралы заңдардың негіздері және табиғатты қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жөнінде нақты жасалынған істерді айтуға болады. Ал 1980 жылы КСРО Жоғарғы Советінің үшінші сессиясында «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» және «Жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану туралы» заңдарының қабылдануы  - кеңестік нұсқаулардың тікелей жалғасы, оның нақты жүзеге асырылуының белгісі.

2. Табиғат адамдардың  барлығына ортақ. Ол бір үлкен  көрікті музей іспеттес. Сондықтан  да табиғат музейінің қойын-қонышы мұра ескерткіштерге толы. Табиғат сүюші адамдар ескерткіш деген сөзді естігенде әркімнің көз алдына халық тарихына, оның аңыз-әңгімелеріне байланысты туған ескерткіштер келеді. Мысалы, Түркістандағы атақты Ахмед Иассауи мавзолейі, Тараз қаласының маңындағы Айша бибі мазары, Аякөздегі Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлу бейіті және тағы басқалар.

Табиғаттың осы бір мол тарту сыйына мөп-мөлдір 38 мыңнан астам көлдер мен су қоймаларын, 11 мың өзенді, 21,6 миллион гектар жасыл жапырақты ну орманды, өсімдіктердің 5 мыңнан астам түрін және қосмекенділердің 12, бауырымен жорғалаушылардың 52, балықтың 150, құстың 485, сүтқоректілердің 158 түрін атауға болады.

Қазақстанда сұлу Көкше, Баянауыл, Қарқаралы Қызыларай, Кент таулары, Бурабай, Жасыбай көлдері, Алтай ормандары, жер жанаты аталған, тау-тасына дейін жасыл желекті, бау-бақшалы Жетісу жерлері бар. Қай жерге барсақ та табиғаттың қайталанбас сұлу көркін, баға жетпес байлығын көреміз.

Бірақ табиғаттың бұл қазынасы сарқылмайтын қор емес,  оның өміршеңдігі, өсіп-өнуі, жасанып-жандануы аялы алақан қамқорлығын күтеді. Ғылым мен техниканың шарықтап өсуі, ауыр индустрияның және алып құрылыстардың қанат жаюы, халықтың көбеюі, тың және тыңайған жерлерді игеру, міне, осылардың бәрі табиғатқа өз әсерін тигізеді. Сондықтан табиғаттың қайталанбас сұлулығы мен байлығын сол қалпында сақтаумен қатар дамытып жетілдіруде, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді қорғап, санын қалпына келтіруде мемлекеттік қорықтардың ролін айтып жеткізу өте қиын. Бұл мәселе КПСС Орталық Комитетінің XXVI съезінде «СССР-дің экономикалық және әлеуметтік дамуының 1981-1985 жылдарға және 1990 жылға дейінгі кезеңге арналған негізгі бағыттарында» жақсы атап көрсетілген. Мысалы, «Табиғат қорғау» бөлімінде «Қорықты аумақтар мен ұлттық парктердің ғылыми негізделген жүйелерін қалыптастыру ісі одан әрі жүргізілсін және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатымен солардың негізінде табиғат жүйелері мен объектілеріне зерттеу жүргізілсін» делінген.

Мемлекеттік қорықтардың негізгі мақсаты – қорғап отырған табиғи комплексті сақтап, табиғи процестердің даму заңдылығын ғылыми тұрғыдан кеңінен зерттеу. Бұл мәселені шешу қорықтардағы ғылыми қызметкерлерге тікелей байланысты іс.

Қазақстан қорықтарында белгілі бір географиялық аудандардағы жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, оның ішінде бірте-бірте саны азайып бара жатқан және сирек кездесетін өсімдіктер мен аң-құстар сақталуда.

Қазір республикамызда табиғатты және оның хайуанаттарын қорғауға бағытталған жер көлемі 576,4 мың гектар алты үлкен қорық бар. Бұлардың ішінде бес қорық – Ақсу - Жабағылы, Алматы, Қорғалжын, Барсакелмес, Марқакөл тағы басқалары бар. Республикамыздағы қорықтардың жері шаруашылықтың пайдалануынан босатылған.

1972 жылғы Қазақ ССР  Министрлер Советінің қаулысы  бойынша бекітілген қорықтардың ережесіне сәйкес қорық жерінде мал жаюға, шөп шабуға, ормандарына кіріп ағаш кесуге, дәрі-дәрмектік шөптер жинауға, жеміс-жидек, өсімдік тұқымдарын дайындауға, балық аулауға, аңшылық құруға, су қоймаларын шаруашылыққа пайдалануға, пайдалы қазбаларды өндіруге, жер қопару және басқа да шаруашылық жұмыстарын жүргізуге үзілді-кесілді тыйым салынған.

Қорық жері жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне бай. Осыған байланысты түз жануарлары – аңдар мен құстарды өлтіруге және аулауға, олардың ұяларын, індерін және басқа да паналайтын жерлерін бұзуға рұқсат жоқ. Қорық жерінде өсіп тұрған ағаштарды, бұталарды сындыруға, шөптерді шабуға, мүктерді топтауға, сол сияқты химиялық препараттарды қолдануға болмайды.

Қорық аумағында өндірістік және ауыл шаруашылық құрылыстарын салуға, туристік базаларды, демалыс үйлерін, санаторийларды орналастыруға рұқсат етілмейді. Өйткені бұлардың бәрі қорық ережесіне сәйкес келмейді және онда тіршілік ететін аңдар мен құстардың мазасын алып, тыныштығын бұзады, өлкеміздің даңққа бөленген көрікті орындарын бұрынғы тамаша қалпында сақтауға кедергі жасайды.

Қорықтар кешенді зерттеулер жүргізетін ғылыми мекемелер. Қазіргі жоспар бойынша мұнда – зоология, ботаника, география сияқты отыздан астам тақырыпта ғылыми – зерттеу жұмыстары және әр жыл сайын «Табиғат шежіресі» жүргізіледі.

XI ғасырда өмір сүрген атақты ғұлама – ғалым Махмуд Қашқари «Түркі тілдерінің сөздігі» деген еңбегінде «Қорық – әмірлердің мал жаятын көк майса жері. Кейде қоршалған әр жерді де қорық деп атайды» деп жазды. Сондай-ақ «қорықшы» деген сөзге берген түсініктемесінде «қорықтарды қадағалап, қамқорлық жасайтын адам» мағынасында қолданылатынын ескертті.

Қазақстанда қорықтың болғандығын аңғартатын басқа да жер су аттары кездеседі. Мысалы, Зайсан өңіріндегі Сарышоқы, Сыр бойындағы Кең Семейдегі Жиделібайсын қорықтары осы ойымыздың айқын дәлелі.

Қазақстан тарихына келетін болсақ, Ұлы Октябрь революциясынан бұрын өз алдына белгілі бір мемлекет болмай, патшалық Россияның отары болып келген елде табиғат қорғау туралы ешқандай ереже болған емес. Бірақ жыл мерзімдеріне қарай көшпелі халықтың көшіп-қонуы қалыптасқан қағидаға, кәсіпке айналған, ал негізгі кәсіп – мал өсіру болғандықтан ең алдымен жайылымдар мен шабындықтарды және суды дұрыс пайдалану керек болды. Арнаулы қаулы-қарарлар шығарылмаса да, әр ауыл өз алдына көктеу, жайлау, қыстау, күздеу таңдап алып, оларды ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырып отырды.

 

 

 

 

 

                                                                                                          «Сурет.1.1»

 

ТАБИҒАТ ҚОРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДАҒЫ «ҚЫЗЫЛ КІТАПТЫҢ »РӨЛІ

Адам баласы жануарлар мен өсімдіктер туралы мәліметтерді, ғылыми фактілерді саралап келіп, ендігі кезекте оларды қорғау қажеттілігі туралы тоқтамға келді. Кейбір дамыған өркениетті елдерде жануарларды, өсімдіктерді, ормандарды, өзен – көлдерді қорғау туралы мемлекет деңгейінде құжаттар қабылдана бастады. Орыс патшасы I Петр Мәскеу маңындағы ормандар мен оның қойнауындағы табиғат байлықтарының бәрін патша қазынасы деп жариялап, жарлық шығарған. Тіптен өзен бойынан 3 км жерге дейін ағаш кескендерді қатаң жазалаған. Осындай көзқарастан кейін басқа елдерде қолдау тауып, Ресей, Европа, Қытай, Үндістан, Жапон елдері табиғат қорғауға көп көңіл бөлген. Кейбір мемлекеттерде қорықтар мен ұлттық саябақтар құрылған. Осындай шаралардың бірі халықтық табиғат қорғау ұйымы, ол 1998 жылы құрылды. Бұл ұйымның жалпы мақсаты дүние жүзінде сирек құрып бара жатқан аң-құстардың, өсімдіктердің «Қызыл кітабын» ұйымдастыру болды. Бұған дейін халықтық «қара кітап» тізімі жасалған еді. Оған жер бетінен біржола құрып кеткен аңдар мен құстар енгізілді. «Қызыл кітап» туралы пікірді алғаш рет ағылшын табиғат зерттеушісі Питер Скотт айтқан болатын.

1963 жылы халық арасында  «Қызыл кітаптың» алғашқы басылымы, одан 1966-1975 жылдары «Қызыл кітаптың» 5-томы жарық көрді. 1978 жылы КСРО «Қызыл кітапбы» шықты. Бұл алғашқы «Қызыл кітап» жануарларға арналған бөлігі еді. Ал 1981 жылы өсімдіктерге арналған бөлігі жарық көрді.Қазақстан Республикасының «Қызыл кітабы» содан бері 1991 және 1996 жылы өңделіп қайта басылып, көпшілікке ұсынылды.

 «Қызыл кітапты» ұйымдастыру  үшін Қазақстан республикасының  Ұлттық Ғылым академиясының бірнеше  ғылыми-зерттеу институттарының  конференциялары ұйымдастырылды. Қызыл  кітапқа енетін әрбір түрге ғылыми сипаттама беріліп, талқыға салынды. Қызыл кітапқа белгілі бір түрді енгізу үшін ғаымдар әр жануарлардың немесе өсімдіктердің 5 санатын анықтаған. Тек қана осы санатқа сәйкес келген жағдайда ғана қызыл кітапқа енгізген. Ол санаттар төмендегідей:

1 санат.Жойылып бара жатқандар. Мысалы: қызыл қасқыр, қобылан,т.б.

2 санат.Саны азайып бара  жатқандар. Мысалы: Балқаш алабұғысы, сарықұтан, жұпар, құлан, т.б.

3 санат. Сирек түрлері (қазір  жойылып кету қаупі жоқ, бірақ  сирек кездесетіндер). Мысалы: барыс, сілеусін, жарқанат, қара ләйлек, т.б.

4 санат.Белгісіздер, толық зерттелмеген түрлер. Мысалы: шұбаркесіртке, қарашұбар жылан, т.б.

5 санат. Қалпына келгендер, қорғау жұмыстары нәтижесінде  қайта көбейген түрлер. Мысалы: кіші  аққу, көкқұс, т.б.

           1.1.Ерекше қорғалатын аймақтарға сипаттама және олардың түрлері.

Халқы көп қалалар мен аудандар маңайында табиғи ортаны өзгертпей, бұрынғы қалпында ұстап тұру, ондағы жануарларды қорғауды ұйыидастыру өте қиын шаруа. Сондықтан мұндайжерлерде ерекше қорғауға алынған территориялар – қорықтар, ұлттық парктер, ботаникалық баулар, биосфералық қорықтар тағы басқалар ұйымдастырылады. Олардың ішінде қорықтардың орны бөлек. Олар жер беті бейнесін ескере отырып, өте қымбат немесе сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар үшін құрылады. Онда ғылыми зерттеулер мен мәдени-ағарту жұмыстары жүргізіледі. Қорыққа бөлінген жерді әуелі қалпынан өзгертуге, шаруашылық қажеттерге пайдалануға рұқсат етілмейді. Сонда ғана табиғатта болатын құбылыстардың жануарлар дүниесіне әсерін зерттеуге мүмкіндік туады. Дүние жүзінде қорықтар ерте заманнан бар. 1541 жылы Польша және Литва князьдары Беловек орманында зубраларды қорғайтын қорық ұйымдастырды.

Қорықтар жер көлемі жөнінен бірнеше гектардан (Ресейде Липецк облысында Голигья) миллион гектарға (Таймыр қорығы) дейін болады. Киік, бұлан, қабан, басқа да жануарлардың жоғалып кетпей сақталуы қорықтардың арқасында болды. 20-шы жылдары олардың жойылып кету қаупі төнгенде қорықтар құрылып аман қалды.

Қазақстанда бірінші қорық (Ақсу-Жабағылы) 1927 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында құрылды. Онда қоян, қарсақ, борсық, түлкі, қасқыр, елік, үкі, бөдене, құр, ішінара арқар,сондай-ақ «Қызыл кітапқа» енген қара құтан мен бүркіт кездеседі. Бұл табиғат байлығының жоғалмай тұрған кезде қорғап, олардың өсіп-өнуіне жасалған қамқорлық болып табылады.

Қазақстанның жер беті бейнелерінің, табиғаты мен климатының ерекшеліктерін ескере отырып, қымбат және сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарларды сақтау үшін қосымша 10-12 қорық ашуға болады. Табиғат байлығын қорғаудың негізгі көзі – оны тиімді пайдалану, қоршаған ортаға адамның тигізетін әсерін белгілі бір дәрежеде шектеу және табиғат жағдайларын қалпына келтіру жөніндегі шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Табиғи ландшафтыны қорғай отырып, планетамыздағы генафондыны  сақтауда, әр түрлі экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге табиғат зертханасына айналған ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың маңызы зор.

Қазіргі таңда экономикада экологиялық тепе-теңдіктің қалыптасуына, қоршаған орта сапасының жақсаруына алып келеді. Олай болса, экологияның бір бөлігі болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар экологиялық бағытта дамытушы фактор ғана емес, қоғамның әлуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуына жағдай жасайтын бірден-бір көрсеткіш болып табылады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтары болып ерекше құқықтық қорғау режимі бар не мемлекеттік табиғи қорық қорын сақтау мен қалпына келтіруді қамтамасыз ететін шаруашылық қызметі режимімен реттелетін жер, су, орман және жер қойнауы участкелері болып табылады. Ерекше қорғауға алынған табиғат объектісі – бұл шаруашылықтың барық түрлеріне жол бермеу, адам қызметінің теріс әсерін тигізбеу және табиғи қалпында сақтау мақсатында мемлекет қарамағындағы кешенді немесе жеке түрде құқықтық қорғауға алынған айналадағы табиғи ортаның бір бөлігі. Бұл анықтама бойынша ерекше қорғалатын аумақтар, біріншіден, табиғат үшін қажетті болуы керек, екіншіден, олар шаруашылық объектілері болмауға тиіс, үшіншіден, кешенді немесе жеке болуы мүмкін, төртіншіден, мемлекет қарамағында болуы, бесіншіден, олар жөнінде өз алдына ерекше қорғау ережелері болуы қажет.

Ерекше қорғалуға алынған табиғи аумақтарға: қорықтар, ұлттық, тарихи-табиғи және мемориалдық парктер, заказниктер, табиғат ескерткіштері, қорық аймақтары, ботаникалық және зоологиялық бақтар, дендрарийлер, сондай-ақ «Қызыл кітапқа» енгізілген түрлерге жататын жануарлар мен өсімдіктер жатады.

Қазақстан Республикасында мақсатына, қорғалу режиміне және пайдаланылу ерекшеіктеріне қарай ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мынадай түрлері бөліп көрсетіледі:

-биоөрістік аумақтарды  қоса алғанда, мемлекеттік табиғи  қорықтар;

-мемлекеттік ұлттық табиғи  парктер;

-мемлекеттік табиғат  ескерткіштері;

-мемлекеттік қорық өңірлері;

-мемлекеттік табиғи заказниктер;

-мемлекеттік зоологиялық  парктер;

-мемлекеттік ботаникалық;

-ерекше қорғалатын табиғи  аумақтардың ормандары;

-ерекше мемлекеттік маңызы  бар немесе ғылыми жағынан  ерекше құнды су қоймалары;

-халықаралық маңызы бар  сулы-батпақты алқаптар;

-жер қойнауының экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды учаскелері.

Қазіргі уақытта Қазақстандағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында жоғарғы сортты өсімдіктедің 49%, республикадағы барлық өсімдіктердің 78,6%, Қазақстанда мекендейтін құстардың 87,4%, бауырмен жорғалаушылардың 63,2% енгізілген. Ерекше қорғалатын табиғат объектілерін құру тәртібі олардың қорғалу айырмашылықтарына байланысты.

Информация о работе Атырау облысының сирек кездесетін жануарлары, оларды қорғау