Атырау облысының сирек кездесетін жануарлары, оларды қорғау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2014 в 20:49, курсовая работа

Краткое описание

Қазір республикамызда табиғатты және оның хайуанаттарын қорғауға бағытталған жер көлемі 576,4 мың гектар алты үлкен қорық бар. Бұлардың ішінде бес қорық – Ақсу - Жабағылы, Алматы, Қорғалжын, Барсакелмес, Марқакөл тағы басқалары бар. Республикамыздағы қорықтардың жері шаруашылықтың пайдалануынан босатылған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Корыктар.doc

— 1.64 Мб (Скачать документ)

Қорықтарды, ұлттық парктерді Министрлер Кабинетінің, Ұлттық Академияның және басқа ғылыми мекемелердің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі құрады. Қорық аймақтарын экология және биоресурстар жөніндегі министрлік пен облыстық өкілді органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті құрады. Тарихи-табиғи және мемориалдық парктерді экология және биоресурстар жөніндегі министрліктің органдары мен Мәдениет министрлігінің ұсынуы бойынша облыстық өкілді органдар құрады. Заказниктерді, табиғи ескерткіштерді, ботаникалық бақтарды, зоологиялық парктерді, дендрологиялық парктерді, курорттарды, рекреациялық аймақтарды экология және биоресурстар жөніндегі министрлік органдарының, Ұлттық Академияның және басқа ғылыми мекемелердің үсынысы бойынша облыстық өкімет органдары құрады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін дамыту мен орналастырудың облыстық және республикалық схемалары қорашаған ортаның әлеуметтік-экономикалық жағдайлары мен жай-күйін ескере отырып, оларды құрудың болашақтағы қажеттілігін айқындайды. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту мен орналастыру схемалары бірыңғай жүйе  бойынша жасалады. Сонымен қатар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға арналып, белгіленген жерлердің резерві жаслады.

                                                                                                                             1-КЕСТЕ

Табиғат аймақтары бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды          орналастыру

ЕҚТА түрі

Табиғат аймағы

Көлемі, мың га

Қорықтар

Орманда дала

Дала

Шөлейт

Шөл

Таулы аудан

Жиыны

200,0

700,0

600,0

1500,0

500,0

3500,0

Ұлттық парктер

Дала

Шөл

Таулы аудан

Жиыны

Барлығы

500,0

1200,0

1500,0

3200,0

6700,0

Мемлекеттік табиғи аумақтар және табиғат ескерткіштері

Дла

Шөл

Таулы аудан

Жиыны

Барлығы

1100,0

1800,0

500,0

3400,0

10100,0


 

1.2. Атырау облысының  сирек кездесетін жануарлары, оларды  қорғау

Облыс көлемінде ашық ландшафтыны мекендейтін құстарда баршылық. Атап айтқанда тырналардан ақбас тырна біздің жерімізде ұялайтын болса, сұр және ақ тырна қайту кезінде ұшып өтеді. Дуадақтардан дуадақ, жекдуадақ және безгелдек сияқты түрлері өте сирек кездесетін құстар болып есептелінеді. Көгершіндерден бары 5 түр, соның ішінде сирек кездесетіндері түркелдер, дыркептер, көккептер және тағы басқалары. Бұлдырықтардан қарабауыр бұлдырық және ұбақ кездеседі. Облыста тауықтәрізділер өте аз. Оның екі түрінің ішінен сұр шіл кең таралған, ал бөдене сирек кездеседі.

 

                                                                                               «Сурет.1.2»

 

Негізінен ашық жерлерде және су жағалаулары мен орман-тоғай алқаптарында күндізгі және түнгі жыртқыш құстар отрядтарының өкілдері кең таралған. Күндізгі жыртқыштардың обыстағы 23 түрінен 9-ы ұялайды, 11-і қайту кезінде болады. Ал 3 түрі кездейсоқ ұшып келетіндер деп есептелінеді. Жиі кездесетіндері күйкентай, кезқұйрық, қарақұс, дала қыраны, кейбір құладындар, т.б. Үкілердің 8 түрінің ішіндегі кең тараған байғыз және саз жапалағы. Қалған үкілер сирек кездеседі. Аталған жыртқыш құстар көбіне кемірушілермен, жануар өлекселерімен қоректеніп, пайдасын тигізеді.                                                                                        

Териофауна. Атырау облысында аңдар айтарлықтай көп түрлі емес. Жалпы ауылшаруашылық малдары мен үй хайуанаттарын қоспағанда, аңдардың 55-ке жуық түрлері бар. Олардың басты отрядтарының 5 түрінің ішінде кең таралғаны құлақты кірпі. Ал кәдімгі кірпі және басқа түрлері сирек кездеседі. Атырау өңірінде қолқанаттылардың 6-7 түрі бар деп есептелінеді. Солардың ішінде: түнторғай, кәдімгі және екі түсті жарқанаттар жиі кездеседі.

Атырау облысында жыртқыш аңдардан 12-ге жуық түрлері бар. Кең таралған өкілдеріне: қасқырды, түлкіні, қарсақты және теңіз жағалауында болатын жанат тәрізді иттері жатады. Ал сирек кездесетіндерге борсық, аққалақ, күзендер және жабайы мысықтар жатады. Облыс бойынша көбінің сан мөлшері кәсіптік деңгейге жетпейтіндіктен ауланбайды. Бірақ бұл аңдарды заңсыз браконерлік жолмен аулаушылық байқалады. Ескек аяқтылардан Каспий түлені теңізде тіршілік ететін аң. Оның негізгі көбейетін орны Каспий теңізінің солтүстік-шығыс және шығыс жақ жағалауы. Сан мөлшері аз, сондықтан кәсіптік мақсатта ауланбайды.

Облыс көлемінде жұпаяқтылардың жабайы түрлерінен қабан және киік кең таралған. Қабанның саны аз, ауланбайды. Ал киік күз айларында, белгілі мөлшерде заңды  түрде ауланады. Облыста қабан мен киікті заңсыз, жылдың кез-келген уақытында браконерьік қала берді жауыздық жолдар мен аулау кең өріс алып келеді. Мысалы, киіктің аталығын оның мүйізі үшін көп мөлшерде атып өлтірушілік орын алуда. Бұндай жауыздық әрекеттерге үзілді-кесілді тыйым салып, оларға қарсы тиісті күрес шараларын жүйелі ұйымдастыру қажет.

Қазақстан мемлекеті бойынша Атырау облысы табиғи байлықтарды игеру негізінде қоршаған ортаға антропогендік әрекеттердің әсері мол тиіп отырған аймақтардың бірі. Соның салдарынан облыста табиғи орталардың өндірістік және тұрмыстық қажетсіз заттар мен ластаушылығы байқалуда. Бұның өзі тірі организмдерге, соның ішінде омыртқалы жануарларға зиянды әсерін тигізуде. Қазірдің өзінде облыс көлемінде көптеген омыртқалылардың көбею орындарының жарамсыздануы, өрістер тарылып, қоректік заттардың жетіспеушілігі әр түрлі ауруларға ұшыраушылығы және басқа да себептердің салдарынан олардың сандары азаюы байқалуда.

Атырау облысы бойынша омыртқалы жануарлардың 35-ке жуық түрлері қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.Бірақ бұл сан облыстағы қорғауды қажет ететін жануарларды толық қамтиды деп айтуға болмайды.

Ақбөкен Қазақстанның шөл және шөлейт жерлерінде көп тараған, сирек кездесетін жануарлардың бірі – ақбөкен. Бұлар ашық далаға  тән жануарлар. Ақбөкендер үйір-үйір болып топтанып жүреді. Ақбөкендер  қарақұйрық тәрізді қорек және су іздеп ұзақ сапар шегіп отырады. Былайша қарағанда, жазық жерде үйірімен ондап, жүздеп жүруден гөрі жалғыз-жалғыз бытырап жүрсе байқалмай қалуы мүмкін тәрізді. Дегенмен ақбөкендер не себепті топтанып, үйір құрайды? Мысалы, ақбөкен өсіимдіктерді көп мөлшерде жеп қоректенетін жануар болғандықтан оны жеуге де біраз уақытын кетіреді. Жайылып жүргенде ақбөкендердің әрі отауын, әрі жан-жағын шолуы қиын. Бұл кезде оларды аңдып жүрген жыртқыштар сап ете түсуі мүмкін. Ал ақбөкен үйірімен жайылып жүргенде, бірі болмаса бірі сақтанып, құлақ тігіп жан-жақты шолып жүреді. Сөйтіп төнген қауіпті дер кезінде сезеді.

Ақбөкендердің тұмсығы икемдеу – дөңес, танау түрлері қатпарланып жатады. Жүгіргенде танауы дамып еркін тыныс алуына мүмкіндік береді. Текелерінің басында іші қуыс жылтыр мүйізі болады. Ұрғашыларында мүйіз болмайды. Ақбөкендер аша тұяқты болады. Ақбөкен жусан, сораң жейді. Таң сәріден суаттан сусынын қандырып алып, шөлде ыстық түскенге дейін жайылады. Күннін ыстығы қайтқаннан бастап қараңғы түскенше қайта жайылады. Көктемде ақбөкендер жаздың ыстық кезінде шөбі сақталатын солтүстікке қарай ауысады. Ал күзде оңтүстікке қарай бет алып, қары жұқа, шөп тауып жейтін жерге қайта келеді.

Ақбөкендер жалқы да, егіз де туады. Үш-төрт күндік құралай жауыннан қашып құтыла алмайды. Қатер туған кезде олар тыпыр етпей жата қалады. Аяқтанып буыны бекігеннен кейін кейін құралайы анаарына еріп жүреді. Олар екі айдай емшек емеді. Екінші айда-ақ шөп жеп, отыға бастайды.

Ертеде ақбөкендер бүкіл Европға таралған, қазір бұлар Волга өзенінің шығыс жағындағы шөлдерде ғана кездеседі. XIX ғасырда есепсіз қырудың салдарынан бұлардың саны өте  азайып кетті, мүлдем құрып кету қаупі төніп тұр. Ақбөкендердің дәмді еті және терісімен қатар медицина өнеркәсібі үшін өте бағалы шикізет болатын мүйізі де пайдаланылды. Қоқиқаз. Алалда үлкен аққұтан және жалбағайлар, көлдің кермек суы айдындарында оңтүстік табиғаттың ғажайыбы-қызғылт қанатты қоқиқаз кездеседі. Аққұтандікіндей серейген ұзын аяқты, мойны сала құлаш, екі бөлініп сынып майысқандай, имек тұмсықты ғажайып жабайы қазды көз алдымызға елестетуге болады. Мұндай тұмсық қоқиқазға қолайлы, судың тұнба лайынан жемін табуға икемді. Қоқиқаз таяз суды кешіп жүріп басын суға тығып, тұмсығымен су түбіндегі тұнбаны тіміскілейді. Тұмсығына іліккен құрттарды, насекомдардың личинкаларын, шаяндарды теріп сүзіп жеп жүреді. Бұлардың да тұмсығында үйректікіндей сүзгіш пластинка болады. Қоқиқаз 1900 жылы Теңіз көлі мен Қорғалжың маңында 1 рет табылды. Осыдан бірнеше жыл бұрын ғана қоқиқаз тұзды Теңіз көлінің аралдарында ұялайтындығы анықталды. Ғалымдар қоқиқаздың бірнеше тобын тапты. Солардың бір тобының ғана балапандары 10 мыңнан астам болған. Қоқиқаздың ұялары дақызық болып келеді. Олар ұяны қатқан тұнбадан жасайды, ұясы конус тәрізді, биіктігі 50 см. Олардың мекиені ұясына 2-3 жұмыртқа салып, ұзын аяғын бауырына жинап алып отырып басады. Қораздары да жұмыртқа басады. Жұмыртқалардан жетілген балапандар шығады. Олар жұмыртқаны жарып шығысымен-ақ суға жүзіп, өзіне қоректі жемін іздей бастайды.

Арқар. Өте ірі жануарлардың бірі-арқар. Кексе құлжалардың салмағы 160-180 кг тартады. Олардың артқа қарай иіріле ширатылған шаңырақтай үлкен мүйіздері болады. Арқар биік таулардың ашық жазығында мекендейді. Ол түнде таудың мұз жатқан жеріне дейін өрлеп барып, қаннен-қаперсіз дем алып түнеп шығады. Арқардың көнбістігі, салмағы, жыл бойы биік тау жайылымында жайылып шығуы мал маманы ғалымдарының зейінін еріксіз аударған болатын. Ғалымдар меринос қойымен арқарды будандастырып, қойдың арқар мериносдеп аталатын жаңа тұқымын шығрды. Қойдың бұл түрі көнбісті, биік тау басындағы шалғындарда жайылып тіршілік етеді. Бұлардың жүні сапалы, салмағы ауыр.

 

                                                                                           «Сурет.1.3»

Қарақұйрық. Сазды, тастақты, құмды шөлдерде киік туысына жататын, кішілеу келген, тұяқты жануар қарақұйрық мекендейді. Қарақұйрық тамақ, су іздеп, ұзақ жол жүріп отырады. Бұлар жауыннан үркіп қашқанда, сағатына 60 км-дей жылдамдықпен жүгіреді. Қарақұйрықтың қас жауы-қасқыр. Бұлардың жас лақтарын түлкі, бүркіт, дала қара құстары да аулайды. Қарақұйрықты аулау аяусыз қырудың нәтижесінде оның саны кеміп кетеді. Соңғы кезде қарақұйрықты аулауға қатал тиым салынды, осы кезде қарақұйрық өте сирек кездеседі.

Марал. Алтайдағы ең сұлу, әрі ең ірі аң-марал. Маралдардың мүйізі-панта, өте құнды болады. Одан бағалы дәрі жасалады. Марал өсіретін шаруашылықтарда еркек маралдың жас мүйізін кесіп алып, фармацевтика өнеркәсібінде  жіберіледі. Маралдар биік шаррбақпен қоршалған кең алқапты орманды және жайылымды жерде бағылады.

                    1.3. Қазақстан қорықтарының бүгіні мен ертеңі.

Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, оларды қорғау мен байыта беру мәселесіне қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде айрықша мән беріліп отыр. Болашақ ұрпаққа оларды кемеліне келтіріп табыс етуде қорықтардың алатын орны ерекше. «Табиғат лабораториясы» атанған бұл қорықтарда тек саны азайып, жойылып кетуге жақын тұрған хайуанаттар мен аса бағалы өсімдіктер ғана қамқорлыққа алынып қоймай, сонымен қатар өлкеміздің көрікті орындарыда қалпында сақталады.

Республикамызда табиғат ресурстарының игерілуі, ауыл шаруашылығы мен өндірістің дамуы жануарлар мен табиғатқа елеулі кері әсерін тигізді. Соның нәтижесінде көптеген жануарлар түрі өзгерген ортаға бейімделе алмай саны сиреп кетті, ал кейбір табиғат ескерткіштерінің ғылыми маңызы мен құндылығы төмендеді.

Бүгінгі таңда Қазақстан зоолог-ғалымдарының есебі бойынша республикамызда қазір аңның 31, құстың 43, бауырмен жорғалаушылардың 8 түрі, қос мекенділердің бір түрі және балықтардың сирек кездесетін төрт түрі күрт азайып өмірден мүлдем құрып кету қаупінде. Сондықтан қайткен күнде де оларды қорғап қалу жайында үлкен мәселе қойылып отыр. Соңғы кедердегі республика қорықтарының тиянақты жұмыстарының нәтижесінде көптеген аңдар мен құстардың саны өсе түсуі қажет және табиғаттың өзі салған ескерткіштері сол қалпында толық сақталуда. Қазақстан қорықтары жайында бірнеше документальдық фильмдер түсірілген.

Республикада сирек кездесетін сүтқоректілер мен құстарды қорғауда Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының ғалымдары біраз маңызды жұмыстар жүргізіп келеді. Сол жұмыстың бірі-республикамызда сирек кездесетін аңдар мен құстарды, балық пен қосмекенділер, бауырмен жорғалаушыларды қорғау мақсатында Қазақстанның табиғат қорғау «Қызыл кітабының» шығуы. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген үстірт қойын (муфлон), қарақұйрықты, қара кірпіні қорғау мқсатында ұйымдастырылған жұмыстар алда тұр. Алдағы уақытта үш қорық ұйымдастырылмақ. Кент қорығында (Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы) арқар,елік, сілеусін, марал жерсіндірілмек. Сонымен қатар сирек кездесетін өсімдіктер қорғалды. Бұл қорыққа Қазақстанның оңтүстік бөлігіндегі Қарағайлы орманның кең алқабы қосылады. Ал Қаратау қорығында (Созақ ауданы, Шымкент облысы) 100-ден артық эндемикалық өсімдіктер кездеседі, оларды қорғаумен бірге жергілікті жердегі бағалы аңдар мен құстардың санын көбейтуге де мол көңіл аударылады. Сондай-ақ Бетпақдала қорығы(Мойынқұм ауданы, Жамбыл облысы) құрамына Аңдысай қыраты, Байғара және Жамбыл таулары енеді. Онда шөл далада тіршілік етуге бейімделген қарақұйрық, жел дуадағы, бұлдырық және тауларды м екендеген арқарлар қорғалатын болады. Қорық жерінде Шу-Іле тауларының солтүстік батысында құрып кетуге жақын тұрған эндемикалық өсімдіктер де қорғалады.

Міне, мемлекеттік қорықтар жүйесін кеңейту мақсатындағы осындай жұмыстар іс жүзіне толық асырылған жағдайда бұл саладағы игілікті істер жыл өткен сайын күшейте беру есе қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОРЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

Дүние жүзінің түрлі елдерінде орналасқан қорықтарды қорғау тәртібі, атқаратын ғаламшарымыздағы генофонды сақтауда, әр түрлі экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуде «табиғат лабораториясына» айналған қорықтардың маңызы өте зор. Қазір дүние жүзіндегі 124 елде 2600-ден артық ірі қорықтар бар.

Ланшафтарды қорғаудың ең жоғарғы формасы – қорықтар ұйымдастыру. Бүкіл дүниежүзілік тәжірибелерге сүйенсек жер шарын жекелеген елдерде қорық ұйымдастыру ХIX ғасырдың бас кездерінен бастап жүзеге аса бастағанын көрсетеді. Ал, оның алғашқы нәтижелерінің бірі тіптен 1872 жылы Америка жерінде орналасқан алғашқы ұлттық парктер.

Адамдардың іс-әрекеттерінің салдарынан бұзылмаған табиғи, белгілі бір географиялық аймақтың қасиеті бар жерлерді «табиғат эталоны» деп атайды. Қорықтардың өз міндеттерін дұрыс атқаруы үшін сол жерге тән табиғи жағдайлары болуы керек. Қорықтарға адамдардың іс-әрекеті әсер ете қоймайтын жердің аумақтары кіреді. Ең алдымен, жойылып кету қаупі ланшафтылар эталоны, жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемі қорғауға алынады. Қорықтардың негізгі маңызды қасиеттері – табиғат эталонын қорғауда қорық аумағындағы өзгерістердің адамның қатынасынсыз өзімен-өзі жүруі. Егер қорықтар антропогендік ландшафтылардың ортасында орналасса оған өнеркәсіп, құрылыс және ауыл шаруашылығы жұмыстарының әсері тимеуі үшін 2 километрлік қорғаныс аймағын жасайды.

Информация о работе Атырау облысының сирек кездесетін жануарлары, оларды қорғау