Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2014 в 00:11, курсовая работа
Несие жүйесі – дүние жүзіндегі әрбір мемлекет үшін оның экономикасын реттеуші,дамытушы болып табылады. Тәуелсіздік алғанына небары 22 жыл болған, алайда қарқынды дамып келе жатқан Қазақстан үшін де, жүйелі түрде құрылып, ақша-несие қатынастарын бақылып отырған несие жүйесі ел экономикасын реттеуде маңызды рөл атқарады.
Кіріспе......................................................................................................................3
1. Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі
1.1 Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы...........................................4
1.2 Несие қажеттілігі және оның мәні................................................................6
1.3 Несиенің формалары мен түрлері…………………………………………....
2. Коммерциялық банктің несиелік саясаты.
2.1 АҚ «Қазақстан Халық Банкіндегі» несиенің түрлері мен мәні...............12
2.2 АҚ «Қазақстан Халық Банкінің» несиелендіру тәртібі мен жүзеге асыру жолдары…………………………………………………………………...............14
3. Қазақстандағы несие жүйесінің даму кезеңдері
3.1 Революцияға дейінгі дамуы (1917 жылға дейін)........................................17
3.2 1988 жылдан осы күнге дейінгі Қазақстандағы несиелік жүйенің, қалыптасуы мен даму ерекшеліктері…………………………………………..19
3.3 Қазақстан Республикасының несие жүйесін дамытудың жекелеген аспектілері………………………………………………………………………...20
Қорытынды.............................................................................................................23
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................24
.
Халық Банкінің ресурстарын экономиканың нақты секторына инвестициялық мәселесін шешудің екі жолы бар: біріншіден, ресурстық базасын нақты өндіріс қажеттіліктеріне сәйкес балансталуы; екіншіден, экономиканың нақты секторын ұзақ мерзімді несиелеуді ынталандыру. Жалпы ресурстық базасының балансталуына байланысты шаралардың келесі бағыттарын бөлуге болады. Біріншіден, банк банкрот болған жағдайда жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру қоры тарапынан мерзімді салымдар бойынша толық компенсациялық неғұрлым жоғары соманы белгілеу. Екіншіден, ұлттық валютадағы шоттарға қарағанда шетел валютасындағы шоттар бойынша резервтік мөлшерлемені жоғарылату. Ал, банк тарапынан қарыз алушылардың мерзімді депозиттен алатын пайызына салықтық мөлшерлемені төмендету, яғни олар талап етуге дейінгі депозиттерінен төмен болуы керек. Бұл ресурстар әлі де жеткіліксіз болып отыр, себебі, банктің меншікті капиталының үлесі дамыған нарықтық экономикада жұмыс істейді.
Жаңа
несиелердің берілу
3. Қазақстандағы несие жүйесінің даму кезеңдері
3.1. Революцияға дейінгі дамуы (1917 жылға дейін)
Қазақстандағы несие жүйесі өзінің дамуында талай кезеңдерді, қиыншылықтарды өткізіп, қазіргі жағдайына жеткен. Қазақстан ұзақ жылдар бойы Ресейдің құрамында болғандықтан, сол елдің экономикасы ретінде әр түрлі деңгейде дамып келеді. Казақстанның шаруашылығы бір жағынан, Ресейдің және әлем нарығының тауар айналысына, екінші жағынан, темір жолдарын салу жұмыстарын жедел қолға алу тиімділігін катар қарастыра отырып, темір жолдарды жүргізу арқылы Казакстанның ауыл шаруашылық өнімдері мен шикізаттары (ет, тері, жүн т.б.) сыртқа шығарылып отырған. Қазакстанның Ресей нарығына интенсивті түрде енуі, нәтижесінде Ресейлік орталық-өнеркәсіптік аудандарымен өзара экономикалың байланысын одан әрі кеңейді. Банк капиталының Казақстанға енгізілу мерзімі XIX ғасырдың аяқ кезін қамтиды. XX ғасырдың басында Қазақстанның көп салалы экономикасында несиенің ар түрлі формалары дамыған. Қазақстанның несиелік жүйесі негізінен Ресей империясының несилік жүйесінің бір бөлігі ретінде: мемлекеттік банк бөлімшелерінен, акционерлік, коммерциялық банктер филиалдарынан, өзара несие беру қоғамдарынан, калалық коғамдық банктерінен, ипотекалық несие банктері немесе ұсақ несие мекемелерінен және жинақ кассаларынан тұрды.
Ресейдің мемлекеттік банкі 1860 ж. өз қызметін бастап, барлық несие жүйесіндегі — Орталық банк болып саналады және оның айналыска кағаз ақшаларды шығаруда монополиялық құқығы болды. Ресейдің мемлекеттік банкі барлық акционерлік, коммерциялык банктердің есеп-ссудалық операцияларының үштен бір бөлігіне жуығын, салымдар мен ағымдық шоттардың жартысынан көбін тартып отырған. Басқа мемлекеттердің Орталық эмиссиялың банктерінен Ресей мемлекеттік банкінің айырмашылығы, ол тек банктерді несиелеп ғана қоймай, сол сияқты өнеркәсіп, сауда және дайындау ұйымдарын да қатар несиелеумен айналысқан.
Мемлекеттік банктік бөлімшелері Қазақстан аумағында ірі сауда-өнеркәсіп қызметтерінің орталығы болып саналатын Оралда (1876 ж.), Кызылжарда (1881ж.), Семейде (1887ж.), Омбыда (1895ж.) және бұрынғы Верныйда (1912ж.) ашылып, жұмыс жасады. Филиалдары жағынан екінші орынға ие болатын Орыстың сауда-өнеркәсіп банкісінің (1916ж.) бөлімшелері де Қызылжарда (1904ж.), Қостанайда (1908ж.), Оралда (1909ж.) және Омскіде (1916ж.) ашылды. Сонымен қатар, Ресей империясында ең ірі банктерге енетін Орыс-Азия банкісінің (1910 ж.) филиалдары Омбыда (1898 ж.), Верныйда (1903 ж.) және 1907 ж. Семейде құрылды.
Жалпы бірінші дүниежүзілік соғыстың бастапқы кезеңінде Қазақстанның әр аудандарында Мемлекеттік банктің - 6 бөлімшесі, акционерлік-коммерциялық банктердің 18 филиалдары, 12 - өзара несие беру қоғамдары, 8 - қалалық коғамдық банктер, сол сияқты 345 несиелік және ссудалық серіктестіктер жұмыс істеді. Несиелік мекемелердің санының көбі жағынан Ақмола бірінші орынға ие болды.
Қазақ ауылдарының капиталистік қатынастарға енуі барысында көптеген тауар өндірушілер және ауыл буржуазиялары үшін ұсақ несие беру мекемелерінің тағы бір формасы: несиелік кооперациялар пайда болды. Несиелік кооперациялардың Қазақстан аумағындағы даму тарихын екі кезеңге бөліп карауға болады:
Бірінші кезең: XIX г. соңы мен 1909 ж. дейін материалдық базаның жеткіліксіздігінен несиелік кооперациялар баяу дамыды.
Екінші кезең: 1909 ж. басталған өнеркәсіптік өрлеумен байланысты несиелік кооперациялар катары жылдам қарқынмен үлғая түсті.
1917 жылы Қазан революциясынан кейін банк ісінде мемлекеттік монополиялық ұйымдастыру қағидалары жүзеге асты. Бастапқыда мемлекеттік банк құрылып, жеке, коммерциялык және баска банктерді ұлтшылдандыру нәтижесінде мемлекетке тиесілі салалық және аумактық банктер етіп қайта құрылды. Банктік жүйенің тағы бір басты буындары ретінде мемлекеттік еңбек жинақ кассалары қызмет етті. Мемлекеттік банктермен бірқатар кеңес үкіметінің бастапқы жылдарында мемлекеттік емес несиелік мекемелер: кооперативтік және жеке меншікке негізделген, оның ішінде шетел капиталының қатысуымен кұрылған мемлекеттік-капиталистік банктер қатары жұмыс істеді.
1924 жылы ауыл шаруаларының кооперацияларына несиелік оперрацияларды жүзеге асыру барысында барысында салымдар қабылдау, ссуда беру және есептеу барысында делдалдық қызмет атқаруына рұқсат берілді. Экономикалық социалистік секторларының кеңінен етек алуы барысында кооперативтік және жеке несиелік ұйымдар өз мәнін жоғалтып, қызметін тоқтатуға мәжбүр болды. Сөйтіп, ауыл шаруашылығын толығымен ұйымдастыру бағдарламасы несиелік кооперацияларды қажетсіз деп санағандықтан да, олар 1931ж. жойылды. Сауда аймағынан және өнеркәсіптен жеке сектордың қудалануы нәтижесінде өзара несие беру қоғамдары қызметтерін тоқтатты.
1930-1932 жж. КСРО-дағы жүргізілген несиелік реформа нәтижесінде жаңа қағидаға негізделген салалық банктер катары ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, Мемлекеттік банктің рөлі несиелік жүйенің жетекшісі ретінде одан арі арта түсті. Барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп-айырысу және ағымдық шоттары Мемлекеттік банкте жинақталады. Барлық республикада, оның ішінде Қазақстанда барлық банктердің республикалық мекемелері жоғарғы тұрған ұйымға бағынуы, банк ісін орталықтандыру кағидасына сай сақталады.
3.2. 1988 жылдан осы күнге дейінгі Қазақстандағы несиелік жүйенің, қалыптасуы мен даму ерекшеліктер
Қазақстандағы несие жүйесінің қайта құру тұсындағы дамуы КСРО-да соңғы рет жүргізілген банктік реформаға (1987— 1988 жж.) сәйкес келеді. Банктік реформа нәтижесінде: КСРО-ның Мемлекеттік банкі және Қүрылыс башстеріиіц мекемелері негізінде: Өнеркәсіп құрылыс банкі,Агроөнеркәсіп және Тұрғын Үй Әлеуметтік банкі құрылыды.Сол сияқты кезінде КСРО-ның Мемлекеттік банкі құрамында келген жинақ кассалары негізінде — КСРО Жинақ банкі, Сыртқы сауда банкі негізінде — КСРО Сыртқы экономикалық банкі құрылды. Сол уақыттан бастап, Мемлекеттік банк кәсіпорындар меп ұйымдарға кассалық және несиелік есеп айырысу қызметін көрсетуді тоқтатты. Сөйтіп, КСРО-ның Орталық банкісіне айналды. Қазақстанда жоғарыда аталған мамандандырылған банктердің республикалық кеңселері (филиалдары) ашылып, қызмет ете бастады. КСРО-ның Өнеркәсіп-құрылыс банкісіне және басқа да банктік емес мекемелерге несиелік саясатты жүргізу, негізгі қызметі ретінде несиелеу жүйесінің тиімділігін арттыру, капитал жұмсалымын қаржыландыру мен несиелеу, сондай-ақ өнеркәсіпте, құрылыста, көлік пен байланыста, мемлекеттік қамсыздандыру жүйесінде есеп айырысу жұмыстарын ұйымдастыру қызметтері бекітіліп берілді.
Сонымен қатар, осындай коммерциялық банктермен қатар, банктік емес мекемелер да құрыды. Алайда, 70 жыл бойы КСРО-ның несие жүйесінде, оның ішінде Қазақстанда қатаң түрде орталықтандыру мен шоғырландыру, әкімшілік әдістер кеңінен орын алды. Сол уақыттардан қалыртасып келген ақша – несие қатынастары жаңадан туындай бастаған нарықтық қатынастарға сәйкес келмеді. Сондықтан да, КСРО тарағанға дейін өз несие жүйесі болмады. Оның аумағында дербес емес филиалдар, қатаң орталықтандырылған бөлімшелер, абсалют монопольді банк және банкіге жатпайтын мекемелер қызмет етті. Мұндай несие жүйесі оның төмен тиімділігін көрсеткенін атап кеткен жөн. Мұндай жағдайда 80-жылдардың ортасында екі деңгейлі несие жүйесін құру әрекеті жасалды. Жоғары деңгейде КСРО мемлекеттік банкі, екінші деңгейде бес мамадандырылған банк болды. Банкіге жатпайтын несие институттарының жүйесі іс жүзінде болмады. Тек 1991 жылдан бастап, яғни Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, нарықтық экономика қатынастарына енгеннен кейін ғана өз несие жүйесін қалыптастыра бастады. Алайда, нарыққа енудегі бастапқы кездегі қиындық тар несие жүйесінің, несие қатынастарының дамуына кедергі келтірді. Тек 1999 жылдан бастап, осы жүйеге байланысты бірнеше заң актілері қабылданғаннан кейін ғана, еліміздегі несие жүйесі бір жолға түсіп, қалыптаса бастады.
3.3 Қазақстан Республикасының несие жүйесін дамытудың жекелеген аспектілері
Орта мерзiмдi перспективада
несие жүйесінін дамытудың негiзгi
мақсаттары мен мiндеттері мыналар болып
табылады:
- халықтың банк өнiмдерiне қатынауын кеңейту
және қаржы қызметтерiн тұтынушыларды
қорғау деңгейiн арттыру;
- халықтың банк және
банктік емес секторына
- бәсекелестiктi дамыту және шетелдiк
банктердiң отандық қаржы нарығына қатынауын
ырықтандыру;
- үздiк халықаралық практика негiзiнде банктiк қадағалауды жетiлдiру және елдiң банк секторының сыртқы қарыз алуын басқару тиiмдiлiгiн арттыру.
Отандық несие жүйесін қолдау қажеттілігі оның елдің экономикалық жүйесіндегі маңызды рөлінің болуымен түсіндіріледі. Мемлекеттің мақсаты – жалпы жүйе тұрақтылығын қолдау және сақтау. Бұл мақсаттар үшін Қазақстанда тиісті реттеу мен қадағалау, сондай-ақ депозиттерге кепілдік беру жүйесі бар. Жүйе тұрақтылығына қауіп төнген жағдайларда мемлекет банк секторына жағдайды тұрақтандыруға қажетті тәртіпте және көлемде қаржылық қолдау көрсетеді. Мемлекет банктің борыштары бойынша ешқандай міндеттемелер алмайтыны сияқты банктердің операциялық қызметіне араласпайды. Ағымды жағдайда банктер банк депозиторларының мүдделерін барынша қорғалатындай етіп активтер мен пассивтерді тиімді басқаруды қамтамасыз етулері тиіс.
Қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың депозиторларының мүдделерін қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақша – кредит жүйесінің тұрақтылығын қолдау мақсатында уәкілетті орган банктердің қызметін, оның ішінде:
- пруденциалдық нормативтерді
және банктер сақтауы міндетті
басқа да нормалар мен
- банктер орындауы міндетті
нормативтік құқықтық
- банктерге қатысты шектеулі ықпал ету шараларын қолдану;
- банктерге немесе олардың
лауазымды тұлғаларына
- несиелік
серіктестіктердің санын
- зейнетақы
қорлары мен сақтандыру
- Қазақстанда
баяу дамып жатқан
Алдағы уақытта Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіретіні ескеріліп, екінші деңгейдегі банктердің, басқа да несиелік ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын көтеру және олардың бәсеке қабілеттілігін арттыру мақсатында осы мекемелердің жарғылық капиталын арттыру үшін барынша қызмет етуде. Екінші деңгейдегі банктерді қаржыландырудың ішкі базасын дамытуды қарастрайық. Егер қаржыландырудың ішкі көздері туралы айтар болсақ, клиенттер (жеке және заңды тұлғалардың) депозиттері олардың негізгілері болып табылады. Банктер үшін қаржыландырудың басқа көздері ретінде институционалды инвесторлардың (сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары, жинақтаушы зейнетақы және инвестициялық пай қорлары және басқалар) қаражаттары және т.б. қызмет ете алады. Болашақта, қолданыстағы нормативтік базаға тиісті түзетулер қабылданғаннан кейін банктердің секьюритилендіру мәмілелерін қолдану үшін мүмкіндіктері кеңейеді, бұл тәуекелдерді табыстауды объективті бағалау жағдайында капитал жеткіліктілігін көтеруге мүмкіндік береді.
Негiзгi шаралар:
- Шоғырландырылған қадағалауды жетiлдiру
және оның әлемдiк нарықтарға кiруiн жеделдету
мен белсендi халықаралық ынтымақтастық
үшiн ұлттық банк секторының айқындылығын
қамтамасыз ету.
- Жылжымайтын мүлiкке кредит беру көлемiнiң өсуiне, тұтыну кредитiн беруге және шағын бизнеске кредит беруге, сондай-ақ банк қызметтерiнiң тiзбесiн дамыту мен кеңейтуге байланысты банк тәуекелдерiн азайту үшiн шаралар қабылдау.
- Халықаралық стандарттарды
ескере отырып банк заңнамасын
жетiлдiру.
- Қадағалау ақпаратымен алмасу үшiн шетелдiк
мемлекеттердiң қадағалау органдарымен
өзара iс-әрекет жасасу.
- Депозиттердi мiндеттi кепiлдендiру
жүйесiн дамытуды жетiлдiру.
Елдiң банк секторының сыртқы қарыз алуын
басқару тиiмдiлiгiн арттыру.
- Қаржы статистикасын жетiлдiру.
Несие жүйесінің тұрақты жұмыс істеуі үшін керекті басты ұсыныстар келтірілді. Қазіргі даму қарқынын жоғалтпай, әлемдік несие жүйесінің тәжрибесінен керек жақтарын алып отырса, еліміздің несие жүйесі дағдарыстан шығып, өз дамуында әлемдік деңгейге жетер деген үміттеміз.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жазған жұмысымды қорытындылай келсем, мен өзімінің курстық жұмысымда еліміздегі несие жүйесі ұғымының барлық мазмұнын ашып, қазіргі заманда болып жатқан дағдарыс кезіндегі жағдайлармен , сонымен қатар несие жұмысын оңайланжыру үшін ұсыныстармен ұштастыра оттырып, қай жағынан болсын, мәнін аша алдым деп ойлаймын.