Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2014 в 00:11, курсовая работа
Несие жүйесі – дүние жүзіндегі әрбір мемлекет үшін оның экономикасын реттеуші,дамытушы болып табылады. Тәуелсіздік алғанына небары 22 жыл болған, алайда қарқынды дамып келе жатқан Қазақстан үшін де, жүйелі түрде құрылып, ақша-несие қатынастарын бақылып отырған несие жүйесі ел экономикасын реттеуде маңызды рөл атқарады.
Кіріспе......................................................................................................................3
1. Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі
1.1 Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы...........................................4
1.2 Несие қажеттілігі және оның мәні................................................................6
1.3 Несиенің формалары мен түрлері…………………………………………....
2. Коммерциялық банктің несиелік саясаты.
2.1 АҚ «Қазақстан Халық Банкіндегі» несиенің түрлері мен мәні...............12
2.2 АҚ «Қазақстан Халық Банкінің» несиелендіру тәртібі мен жүзеге асыру жолдары…………………………………………………………………...............14
3. Қазақстандағы несие жүйесінің даму кезеңдері
3.1 Революцияға дейінгі дамуы (1917 жылға дейін)........................................17
3.2 1988 жылдан осы күнге дейінгі Қазақстандағы несиелік жүйенің, қалыптасуы мен даму ерекшеліктері…………………………………………..19
3.3 Қазақстан Республикасының несие жүйесін дамытудың жекелеген аспектілері………………………………………………………………………...20
Қорытынды.............................................................................................................23
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................24
.
Несие түрлері – бұл оның несиелерді жіктеу үшін пайдаланатын, экономикалық - ұйымдастырушылық белгілері бойынша несиенің – тәжірбедегі нақты қосымшасы.
а) Қазақстанда
несие түрлері былайша
- айналым қаражатын қалыптастыруға берілетін несиелер;
- негізгі құрал-жабдықтарды қалыптастыруға берілетін несиелер;
- ТМҚ шұғыл қажеттілікке, сондай-ақ, нормативтен тыс қорлардың уақытша қажеттілікке берілетін несие;
- өндірістің маусымдық шығыны аясында берілетін несие; жол үстіндегі есеп айрысу құжаттары аясында берілетін несие, аккредитивтер; төлем несиелері.
ә) қамтамасыз етілуі бойынша:
- жылжымалы және жылжымайтын мүлікпен,
- ТМҚ - пен, кепілдікпен, сақтандыру келісім шартымен толық қамтамасыз етілген;
- ішінара қамтамасыз етілген;
- қамтамасыз етілуі болмайтын банкілік.
б) қайтарылу мерзімі бойынша:
- қысқа мерзімді;
- орта мерзімді;
- ұзақ мерзімді;
в) өтелу тәртібі бойынша:
- бөліп - бөліп төлеу;
- бір жолғы өтеу;
- кезең сайын бір қалыпты өтеу.
г) тәуекелді деңгейі бойынша:
- субстандартты;
- стандартты;
- күмәнді;
- сенімді;
- сенімсіз;
- ұзартпалы.
д) ақылығы бойынша:
- қалыпты пайыздық мөлшерлемесі;
- жоғары пайыздың мөлшерлемесі;
- төмен пайыздың мөлшерлемесі;
- пайызсыз.
е) салалық бағыты бойынша:
- сауда - саттық несиесі;
- өнеркәсіп несиесі;
- ауыл шаруашылық несиесі;
- құрылыс несиесі;
ж) ашылатын шот түрлері бойынша:
- жай ссудалық шот бойынша несие;
- арнайы ссуда шоты бойынша несие;
- контокоррентік шот бойынша несие;
- овердрафт бойынша несие;
- несие желісі бойынша несие.
Несиенің айрықша
түріне жылдам сатылатын
Нарықтық
экономикада несиенің негізгі
формасы банк несиесі. Мұндай
несие уақытша қаржылай
2. Коммерциялық банктің несиелік саясаты.
2.1. АҚ «Қазақстан Халық Банкіндегі» несиенің түрлері мен мәні.
Несие ресурстарын ұсыну Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне және « Қазақстан Халық Банкі» АҚ - ның ішкі несие саясатына сәйкестікте және осы негізде жүзеге асырылады. Несие ресурстары қарызгерлерге әртүрлі мақсаттарға беріледі:
өндірушілерді бюджеттен қаржыландыру.
Соңғы жылдары
Қазақстан Халық Банкінің
«Халықтық» бағдарлама бойынша несие – Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке тұлғаларға, Банктің жалақы жобасына қатысушыларға, Банктен зейнетақы алушы зейнеткерлер және Банк талаптарына сәкес келушілер ала алады. Несиені алған кезде қолданылу мақсаты тексерілмейді. Несиелік өтінімді қарастыру мерзімі 3 жұмыс күні. Қарыз беру тәртібі бойынша Банк тарифтерімен қарастырылған комиссия сомасын қолма - қол ақшамен және қолма қол - ақшасыз нысанда белгілі бір уақытта ұстап қалу арқылы жүргізіледі.
«Авто көлік сатып алу үшін» деген бағдарламасы бойынша несие беру – Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке тұлғалар, Банктің жалақы жобасына қатысу – қатыспауына қарамастан беріледі. Бағдарламаны іске асырудың жолдары, серіктестіктің агенттің қатысуымен несие беру. Бұл ретте міндетті түрде Банкпен серіктес агенттің арасында бекітілген әрі қарызгерге несие берілгенде серіктестіктің агенттің ролін және ынтымақтастық талаптарын анықтайтын келісім шарт болуға тиіс және серіктестің агенттің қатысуынсыз де несие беруге болады. Қарыз сауда ұйымдары мен арнаулы базалардан жаңа және қолданыста болған авто көлік сатып алуға беріледі. Несиелік өтінімі қарастыру мерзімі – үш жұмыс күні. Несиені өтеу тәртібі банк тарифтерімен қарастырылған комиссияны бір уақытта қолма – қол ақшамен және қолма – қол ақшасыз нысанда ұстап қалу арқылы өтейді.
«Білім алуға ақы төлеу үшін берілетін қарыз» деген бағдарламасы бойынша несие. Бұл бағдарлама бойынша несие – Банктің жалақы жобасына қатысу – қатыспауына қарамастан, Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке тұлғаларына беріледі. Қарыз Банкпен ынтымақтастық туралы бас келісім бекіткен жоғарғы оқу орындарындағы оқуға ақы төлеу үшін беріледі. Осы бағдарлама шеңберіндегі қарыздың өз мақсатында пайдаланылуы міндетті түрде тексеріледі. Қарыз алушы жеке басын және мүліктік сақтандыру жасауы керек. Несиелік өтімді қарастыру мерзімі – жеті жұмыс күні. Несиені өтеу кезінде бір уақытта несие желісін ашу жолымен, қолма – қол ақшасыз нысанда, Банк тарифтерімен қарастырылған комиссияны ұстап қалу арқылы өтейді.
«Халықтық қоныстану» бағдарламасы бойынша несие – екі бірдей талапты – қол жеткізу мен ыңғайлылықты құрайтын мүмкіндіктер жиынтығы. Қол жеткізу мүмкіндігі Банк ұсынатын өнімдердің ең талғампаз деген клиент көңіліне қонымды болуын әрі оның мұқтажына сай келуін қарастырады. Бүгінгі күні Халық Банкі ипотекалық несие бойынша бірнеше жаңартылған жоба ұсынып отыр, атап айтқанда, пайдалануға дайын тұрғын үй сатып алуға, құрылысы салынып жатқан құрылыс үйді жөндеуге берілетін несиелер. Қол жеткізу мүмкіндігінің қосымша ерекшклігі мынада: ипотекамен қарыз беру жобасы еліміздің 45 елді мекенін қамтиды әрі 60 – тан астам сауда нүктесінде жүзеге асырылады.
«Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін» деген бағдарламасы бойынша несие – Банктің жалақы жобасына қатысу – қатыспауына қарамастан, Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, жеке меншігінде жылжымайтын мүлкі бар әрі өзінің тұрғын үй жағдайын жақсартуды қалайтын жеке тұлғаларға беріледі. Қарыз пайдалануға дайын тұрған коммециялық мақсаттағы емес жылжымайтын мүлікті сатып алуға беріледі. Осы бағдарлама шеңберінде қарыздың өз мақсатында пайдаланылуы міндетті болып табылады және бұл тексеріледі. Несиелік өтінімді қарастыру мерзімі – 7 жұмыс күні. Қарыз алушының өз қаражатымен қатысу қарастырылмаған, бұл ретте кепілдік құны сатып алынатын жылжымайтын мүлік құнының кемінде15% - ын құрайтын қолда бар жылжымайтын мүлікті кепілдікке беру міндетті болып табылады.
Несие саясатының дұрыс
2.2. АҚ «Қазақстан Халық Банкінің» несиелендіру тәртібі мен жүзеге асыру жолдары
Қазіргі кезде еліміздегі Халық Банкінің несиелендірунің жақсы шарттары бар. Атап айтсақ, бұл – инфляцияның төмен деңгейімен, теңге курсының тұрақтылығымен, нақты Жалпы ішкі өнімнің өсуімен және мемлекеттік бюджеттің профицитімен байланысты. Ел тұрғындарының жеке бизнес дағдыларын үйреніп, менталиттің тұтынушыдан кәсіпкерлікке өзгеруі болып табылады. Халық Банкіндегі несиені алу үшін мынадай құжаттар қажет: жеке тұлғалар үшін құжаттар пакеті:
– несие алуға өтінім,
- СТН туралы салық комитетінің анықтамасы.
– Базар әкімшілігі берген анықтама немесе сауда орны үшін салық төленгендігін растайтын түбіртек.
– жеке куәліктің көшірмесі.
– жеткізушілермен және тұтынушылармен жасалған шарттардың көшірмесі (егер ондай шарт болса).
– Кепілдікке құқық орнатушы құжаттар.
– Қамтамасыз ету ретінде заңды тұлғаның кепілдемесі ұсынылған кезде қосымша мынадай құжаттар беріледі: кепілдеме шарты, кепілгердің қанағаттанарлық қаржы жағдайын растайтын аудиторлық ұйымның қорытындысы, кепілгердің қаржылық есептемесі және тұлғаның кепілгер атынан кепілдеме шартына қол қою өкілеттігін растайтын құжаттар, қолдардың үлгілері бар карточка. Көрсетілген құжаттарды қарау барысында қосымша сұрақтар туындауы мүмкін, мұндай жағдайда Банк толық талдау жүргізу үшін қосымша қажетті құжаттар мен анықтамаларды сұрауға құқылы. Барлық құжаттар банке құжаттың атауы, түрі, парақтардың саны көрсетілген тізімдеме бойынша өткізіледі. Бұл құжаттардың барлығы Банктің бөлімшелеріне барған әлуетті қарызгерлердің бәрі үшін бірыңғай болып табылады. клиент кейбір құжаттардың көшірмесін ұсынған кезде салыстыру үшін оның тұпнұсқасын да көрсетуі қажет. Клиент өтінімде көрсетілген немесе несие маманына жеткізілген барлық ақпараттың сенімді және дәл екендігін растауы қажет. Клиент тарапынан болған кез келген қателер, ескертпелер мен жасырып қалушылық шешім қабылдаудағы кідіріске немесе несие беруден бастартуға және кейінгі құжаттарды рәсімдеу кезінде қателіктер жіберілуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Сондай – ақ клиент осы өтінімге тікелей байланысы бар кез келген ақпарат пен құжаттың несие беру туралы шешім қабылдау үдерісін едәуір тездетуі мүмкін екендігін білуге тиіс.
Несие қабілеттілігін қаншалықты нақты бағалап, несие беру туралы қаншалықты негізделіп қабылданғанымен, бір де бір менеджер өзі берген несиенің қайтарылмауын болжай алмайды. Осы орайда, белгілі бір жобаны несиелеу кезінде болжанатынақша түсімінің ағымына шамадан тыс тәуелді қарыздардан қауіптенуі керек. Баланста көрсетілген өтімсіз активтерді дисконттап, тек тез өтетін активтерді есепке алған жөн. Яғни, мониторинг үрдісінде кепілге алынатын затты аса мұқияттылықпен талдап, кейбір мүліктердің пайдаланылу аясы мен мерзіміне көңіл бөлген жөн. Негізінен клиенттің несие қабілетілігін талдау коэффициенттерінен бұрын баланс баптарына аса көңіл бөлген жөн. Бұл жерде ағымдағы активтер мен ағымдағы міндеттемелер баптарына ерекше қарау керек. Себебі, олардың өзгерісі несиенің қайтарылуына тікелей әсер етеді. Клиенттің қаржылық жағдайын қарау кезіндегі тағы бір маңызды ақпарат көзі - төлейтін салығы туралы мәліметтер болып табылады. Яғни, несиелік қызметкер осы ақпарат көздерін бір бірімен салыстырып, несиенің мақсатты іске асырылуын бақылап, барлық несиелеу үрдісіне ұйытқы болып отырады.