Банктік ресурстар және олардың экономикалық мазмұны мен түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2013 в 18:25, курсовая работа

Краткое описание

Коммерциялық кәсіпорындардың бір түрі ретінде, банктік мекеменің ерекшелігі болып, оның ресурстарының басым көп бөлігін меншікті капитал емес, тартылған қаражаттар құрайтындығында. Банктердің қаражаттарды тарту мүмкіншілігі шектеулі және кез-келген мемлекетте Ұлттық Банк тарапынан реттелінеді.
Коммерциялық банк кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, халықтың және басқа банктердің қаражаттарын салым (депозит) түрінде және оларға сәйкес шот ашу арқылы тарта алады. Банктермен тартылған қаражаттар құрамы бойынша әр түрлі, олардың негізгі түрлері болып, клиентпен (депозит) жұмыс істеу процесінде тартылған қаражаттар және де меншіктік борыш міндеттемелерін шығару арқылы тартылған қаражатттар жатады (депозиттік және жинақ сертификаттары).

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой БД.docx

— 93.76 Кб (Скачать документ)

 Коммерциялық банктердің  депозиттік саясатының басты  мақсаты – Қазақстан Республикасының заңына сәйкес депозиттік операцияларын жүргізуде банктердің бар мүмкіндіктерін пайдалану және өтімділіктің қажетті деңгейіне қолдау көрсету.

Банктердің депозиттік саясатының міндеттері мынадай болуға тиіс:

  • Банктің депозиттік базасын нығайтып, депозиттік нарықтағы үлесін кеңейту;
  • Меншікті капиталға қатысты нормативтерді сақтай отырып, банктің депозиттік портфелінің көлемін ұлғайтып, оның сапасын арттыру;
  • Банктің активі мен пассивін басқаруға байланысты шешімдерге сәйкес және өтімділік саясатына қарай банктің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді депозиттерінің өзара шекті қатынасын қолдау;
  • Барлық салым иелеріне қатысты өлшемді және икемді саясат ұстану.

Депозиттік саясаттың  ұғымын екі тұрғыдан қарауға болады. Кең мағынада бұл салым иелерінің  және өзге де кредиторлардың ақшалай  қаражаттарын тартумен, сондай-ақ қаражат  көздерін анықтаумен байланысты банктің  қызметін сипаттайды. Ал, тар мағынада бұл банктің өтімді қаражаттарға деген қажетін қанағаттандыру мақсатында тартылған  қаражатты іздестіру  шараларын білдіреді. [5]

Депозиттік саясат банктің  стратегиясына сәйкес жасалуы тиіс. Сондықтан банк өзінің депозиттік саясатын жасау барысында өзінің әлеуетті клиенттерін, яғни жеке салымшылары  немесе салымшалыр ретінде заңды  тұлғаларды дұрыс таңдай білуі қажет.

Банктік ортадағы күшті бәсекелестік жағдайында банктер агрессивтік-депозиттік саясат жүргізуді таңдайды. Сонымен  қатар, клиенттерді тартуда банктердің тиімді пайыз саясатын қолданғаны дұрыс. Ол үшін банк депозиттік саясат шегінде  өзінің тактикасын жасауы қажет.

Депозиттік операцияларды  жүргізуде банктер мынадай принциптерді басшылыққа алады:

  • Депозиттік базаны қалыптастыру барысында заңдық және нормативтік талаптардың орындалуын сақтау;
  • Депозиттік операциялар банктің пайда табуына ықпал етуге тиіс;
  • Тартылған депозиттік ресурстар банктің өтімділігін қамтамасыз етуге тиіс;
  • Депозиттік ресурстардың субъектілері, түрлері және мерзімдері бойынша дифференциалдануын қадағалауы қажет. 

Банктің депозиттік саясаты  депозиттік операцияларға байланысты туындайтын тәуекелдерді басқаруға  аса мән береді.

Депозиттік саясаттың  міндеті: банк балансының өтімділігін  сақтау; ең төменгі шығынды ресурстар  тарту; барынша ұзақ мерзімге қажетті  мөлшерде депозит тартуды қамтамасыз ету; алдағы уақыттарда банкте тұрақты  ресурстарды шоғырлануын қамтамасыз ету.

Депозиттік саясат туралы ереженің құрылымы мынадай баптарды қамтуға тиіс:

    • Жалпы ереже;
    • Депозиттік саясаттың мақсаты мен міндеттері;
    • Банктің құрылымдық бөлімшелерінің өзара әрекеті;
    • Банк ресурсының құрылымы;
    • Ақшалай қаражатты тарту  мерзімі және депозиттік келісімшартты бекіту тәртібі;
    • Депозиттік келісімшартты жасауға және банкте шо ашуға қажетті құжаттардың тізімі;
    • Депозиттік және жинақ сертификаттарын сатумен байланысты операцияларды рәсімдеу тәртібі және оған қажетті құжаттар;
    • Банктік жіне банктік емес ұйымдардың қаражаттарын тарту және рәсімдеу тәртібі;
    • ҚР Ұлттық банкінің белгілеген міндетті резерв нормалары негізінде резервтік шотқа қаражат аудару тәртібі;
    • Қүжаттарды сақтау тәртібі.

Клиенттердің құрамына және банк қызметінің бағытына байланысты депозиттік саясаттың өзге де бөлімдері  болуы мүмкін. [7]

Депозиттік саясаттың  қалыптасуы мен іске асырылуына ықпал  ететін факторларды екі тұрғыдан бөліп қарауға болады. бірінші, клиенттің  тұрғысынан: жинақтау шартына байланысты анықталатын экономикалық қатынастар субъектілернінің мүдделерінің әр түрлілігі, жағрафиялық жағдайы, ұлттық дәстүрлер, әлеуметтік топтың ерекшеліктері, соның  ішінде жасы, олардың рухани, саяси, әлеуметтік мүдделері, отбасы жағдайы, білім деңгейі, мамандығы, табысының  деңгейі, зейнетақымен қамсыздануы, салымдарды сақтандыру жүйесінің дамуы және т.б жатады. Ал банктің тұрғысынан алсақ, ондай факторларға мыналар  жатады: бәсекелестік деңгейі, банктік  қызметтерінің біліктілік деңгейі, қаражатты тарту технологиясының  жағдайы, банктік операциялардың қазіргі  техникалармен қамтамасыз етілуі және т.б.

Депозиттік нарықтың қазіргі  жағдайына талдаудан салым иелері үшін мыналардың маңыздылығын айта кету қажет:

  • Біріншісі – бұл банктің сенімділігі. Көптеген салымшылардың пікіріне сүйенсек, еліміздегі ең тұрақты банктерге Халық Жинақ банкі АҚ, ТұранӘлем банкі АҚ, Қазкоммерцбанк АҚ жатады. Себебі аталған банктердің банктік қызметін көрсету тәжірибесі жеткілікті немесе сапасы жоғары деңгейде бағаланады.
  • Екіншісі – бұл депозиттер бойынша белгіленетін пайыз мөлшерлемелерінің деңгейі. Бұл жерде қаншалықты банк тұрақты болса, соғұрлым олардың депозиттер бойынша пайызы төмен. Ал кейбір танымал емес банктеріміз керісінше барынша жоғары пайыз мөлшерлемесін белгілеп, депозиттік нарықтан клиенттерді тартуға тырысады.
  • Үшінші – банктің құрылымдық бөлімшелердің көп болуы және қызмет көрсеті сапасы. Әрине неғұрлым филиалы көп болса соғұрлым депозиттік нарықтағы клиенттерді көбірек тартуға мүмкіндік туады. Ол үшін қызмет көрсету сапасы жоғары болуы тиіс.[6]

Депозиттік нарыққа жасалған талдау депозиттік саясаттың ортақ  ықшамдылық критерийлерінің болуын талап етеді. Қазақстандық банктердің депозиттік саясатының ортақ ықшамдылық критерийлеріне мыналарды жатқызуға  болады:

  • Банктің тұрақтылығын, сенімділігін және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында депозиттік, несиелік және өзге операциялар арасында өзара байланыстың болуы. Атап айтсақ, активтер мен пассивтерді сомаларына, мерзімдеріне, өтімділігіне, тәуекел дәрежесіне және табыстылығына қарай келістіру қажеттігі, яғни депозиттік саясатты жүргізу барысында ықшамды депозиттік қоржынның қалыптасуына мән беру;
  • Тәуекелді төмендету мақсатында банктің депозиттік ресурстарын диверсификациялау;
  • Клиенттердің тобына қарай депозиттік қызмет көрсету(байларға,  кедейлерге, халықтың жалпы бөлігіне арналған банк өнімдерін сату);
  • Банктің өнімдері мен көрсетілетін қызметтері бәсекелес банктердікінен ерекшеленіп тұруға тиіс (сапасына, бағасына және т.б қарай).

Міне осындай талаптар ескерілген жағдайда отандық банктеріміз депозиттік саясатты іске асыру тиімділігі артады және ықшамды депозиттік портфельді басқаруға қол жеткізе алады.

Жалпы банктердегі депозиттік саясатты жүзеге асыру мынадай принциптерге негізделеді:

  1. Салымдарды кепілдендіру; Қазақстандық жеке тұлғалардың салымдарды сақтандыру қорына мүше болу арқылы банктер салымдардың сақталуы мен қайтарылуына кепіл беруі керек.
  2. Міндеттемені орындау; Банктік салым туралы келісуімшартқа сай және клиенттердің алғашқы талабы бойынша клиенттер алдындағы міндеттемелерді толық және уақтылы орындау.
  3. Ашықтылық; Банктің қаржылық жағдайы туралы клиенттердің барлығына ақпараттың ашық немесе қол жетімді болуы(заңмен тыйым салынбағаннан басқалары) .
  4. Бәсекелестік; Банк өзінің депозиттік өнімдерінің депозиттік нарықтағы бәсекелстік қабілетін арттыру үшін мынадай шешімдер қабылдау қажет:
    • Бұрын шығарған және жаңадан шығаратын депозиттік өнімдердің сапасын арттыру мақсатында банк үнемі ішкі және сыртқы депозиттік нарықтағы маркетингтік зерттеулер жүргізу қажет және депозиттер бойынша жәй, күрделі және прогрессивтік сыйақы есептеу әдістерін пайдалану;
    • Депозиттер бойынша ұтыс жариялау, салым иелеріне сыйлық беру, бонус жүйесі сияқты маркетингтік ынталандыру әдістерін қолдану қажет;
    • Клиенттерге өте жоғары мәдени және сапалы қызмет көрсету.
  1. Құпиялылық; клиенттермен қарым-қатынас орнату барысында алынған кез келген ақпаратты, соның ішінде: клиенттердің мәліметтері, олардың  қызметі, қаржылық мүдделері қатаң құпия болуға тиіс.

Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының нарықтың секторлары бойынша өзіндік ерекшелігі болуға тиіс.

Жеке тұлғалар салымдары  бойынша:

Банктердің тұрақты ресурсын құрайтын жеке тұлғалардың, соның іщінде жеке кәсіпкерлердің салымдарын тарту  арқылы депозиттік базаны нығайту. [1]

Табысы жоғары клиенттер  сегментіне байланысты тұрақты клиенттерді тарту:

  • VIP санатындағы ірі клиенттерді тарту;
  • Орташа табысты клиенттерді тарту.

Заңды тұлғалар депозиттері  бойынша:

  • Корпорация мен ұйымдардың ұзақ мерзімді салымдарын банкке тарту арқылы банктегі олардың шоттарының қатарын өсіру және банктің ол депозиттік нарықтағы ұстанымын одан ары нығайту.

Банкаралық депозиттер нарығы бойынша:

  • Банктер банкаралық депозиттер нарығын өздерінің қысқа  мерзімді өтімділігін реттеу құралы ретінде тиімді пайдалануы қажет.

 

 Қағидалар әр банкке дербес қалыптастырылады, ғылыми негізделуі тиіс, сонымен қатар жеделдігі, икемділігі және тиімді болуы негізінде  құралады. Депозиттік саясаттың мазмұны  коммерциялық банктердің депозиттік нарықтағы  іс-әрекет қимылдарын түгел қамтуы керек. Осының ең үлкен бөлігі - банк қызметтеріне деген тарифті  немесе бағаны белгілеу саясаты немесе депозиттің қызметтің бағасы. Депозиттік қызметтің бағасы ақы көрсеткіштерінде өз көрінісін табады.

Депозиттік саясаттың  жалпы қағидалары ретінде макроэкономикалық  деңгейде өтетін орталық банктің  мемлекеттік ақша-несие саясаты  үшін және әрбір нақты коммерциялық банк деңгейінде өтетін саясат үшін де бірегей болып отыр. Оған комплексті қызмет көрсету, ғылыми негізділік, тиімділік  пен оңтайлылық, сонымен қатар  банктің депозиттік саясатының элементтерінің біртұтастығы жатады.  Ал, бұл банктің өзіндік қағидаларына банктің оңтайлы шығындар деңгейін  ұстау, депозиттік операцияларды жүргізу  қауіпсіздігі, сенімділігі, өйткені  банк уақытша бос ақша қаражаттарын оларды болашақ орналастыру мақсатымен шоғырландыра отырып табысты кез-келген бағамен емес, өз қызметін жүргізетін  нақты нарық бағасымен алуға  ұмтылады. Келтірілген қағидаларды  ұстану осы банкке депозиттік саясатты оңтайландыру мен тиімділігін қамтамасыз ете отырып, депозиттік процесті ұйымдастырудың тактикалық және стратегиялық бағытын  құруға көмектеседі.

 

 

 

ІІ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ  ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНА ТАЛДАУ

 

2.1.Қазақстан Республикасындағы депозиттік операциялардың жағдайын талдау

 

Еліміздегі екінші деңгейдегі банктер үшін қорландырудың басты көзі тұтынушылардың депозиттегі жинағы болып табылады. Сондықтан депозиттік базаның ұдайы өсімі отандық банк жүйесі тұрақтылығының негізгі кепілі ретінде қарастырылады. Мәселен, еліміздің коммерциялық банктері депозиттеріндегі жинақтың көлемі 2008-2012 жылдар аралығында 15 пайызға өсіп, 1 триллион теңгені құраған. Қорландырудағы үлесі 67 пайыз: 44 пайызы – заңды тұлағалардікі, 23 пайызы – жеке тұлғалардікі. Бұдан шығатын қорытынды, басымыздан өткен әлемдік қаржылық дағдарысқа қарамастан, халықтың банк секторына деген сенімі жоғалмаған. Алда тағы да бір әлемдік қаржылық дағдарыстың толқыны келе жатыр.  
Мұндай жағдайда осы өсімді ұстап қалу – банк секторы үшін өзекті мәселе. Бірақ банктер бұдан әрі депозиттік базаның тұрақтылығын өздігінен арттыруға шамасы келмейді. Себебі, біріншіден, қаржы нарығында тұтынушылар үшін инвестиция жасаудың депозиттен басқа сенімді балама көзі жоқ. Екіншіден, депозиттер нарығындағы бәсекелестік деңгейі тым жоғары. [6]

Компания жүргізген зерттеу қорытындысына сүйенсек, бір жылдың ішінде екінші деңгейдегі банк депозиттерінің тек 3 пайызы сыйақы мөлшерлемесін жоғалтпай кері қайтарыла алады. Ал қалғанын қайтарып алудағы тәуекел деңгейі өте жоғары. Мысалы, БТА банкі секілді ірі банктің банкроттығы орын алса, оның арты қандай болатындығын осы дәйектемеден-ақ байқай беруге болады. Өткен әлемдік қаржы дағдарысы кезеңінде дамыған елдер тұтынушылардың арасында дүрбелең орын алмас үшін әрі банк жүйесінің тұрақтылығы мен өтемпаздығын қамтамасыз ету үшін жүз миллиардтаған доллар құйды. Біздің мемлекет те қаржы секторын тұрақтандыруға Ұлттық қордан 10 миллиард доллар шығарды. Яғни шығынсыз бұл мәселені шешу мүмкін емес. Осы арадағы шығын көлемін белгілі бір деңгейде қысқарту үшін, қазірден екінші деңгейдегі депозиттік база тұрақтылығын нығайту туралы мемлекеттік бағдарлама қабылдау керек. Бұл бағдарламаның басты бағыты депозиттік сертификаттарды дамыту болуы тиіс. Тұтынушының банктегі жинағының мұндай жазбаша құнды қағазының міндеттеме кепілдігін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры өз мойнына алғанда ғана өзіндік тиімділігін танытады. Яғни қаржы секторында қандай да бір келеңсіз жағдай орын алса-дағы, тұтынушы өз жинағы үшін алаңдамайды.

Тартылған депозиттер бойынша  банктердің сыйақы ставкалары (мерзімдері мен түрлері бойынша)

         Кесте 1

Информация о работе Банктік ресурстар және олардың экономикалық мазмұны мен түрлері