Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2012 в 15:41, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерімен шығарылатын банктік карточкалардың мәнін және оны қолданудың проблемаларын зерттеу.
Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін жұмыста бір қатар міндеттер белгіленеді:
1. Коммерциялық банктердің банктік карточкаларына жалпы теориялық сипаттама беру;
2. Банктік карточкалармен есеп айырысу есебіне талдау жүргізу.
3. Банктік карточкалардың қолдануымен операциялардың жаңа түрлерін жетілдіру.
Кіріспе 3
І тарау. Банктік карточкаларға жалпы теориялық сипаттама 4
1.1 Банктік карточкалардың ұғымы мен оның түрлері. 4
1.2 Банктік карточкалардың мүмкіндіктері мен артықшылығы. 11
ІІ тарау. Банктік карточкалармен есеп айырысу 14
2.1 Банктік карточкаларды шығару және қолдану тәртібі. 14
2.2Банктік карточкалар бойынша операциялар есебі. 17
Қорытынды 24
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 25
Пластикалық карточканы ашу үшін:
Салық қызметі органы берген салық есебіне (СТТН) қойылу фактісін растайтын құжат ұсыну;
Жеке басын растайтын құжат ұсыну;
Өтінішке қол қою арқылы «Халықаралық дебеттік карточкалар шығару және оларға қызмет көрсету туралы шарттың стандартты талаптарына» қосылуға өз келісімін білдіру;
Қамтамасыз етуді ұсыну - сақтандыру депозиті немесе банкте ашылған депозит кепілзаты туралы шарт -кепілдік хат;
Өтініш (сауалдама) толтыру;
Пластикалық карточкалардың мүмкіндіктері:
Төлем карточканы ұстаушы өзінің карточкалық шотына тәулік бойы кіре алады;
Кез келген мемлекетте қолма – қол ақшаны алу мүмкіндігі;
Халықаралық карточкалар әлемнің әр елінде 30 миллионнан астам сауда орындарында, 820000 банкоматтарда және 410000 банк бөлімшелерінде қабылданады;
Сауда және сервис кәсіпорындарында жеңілдіктер алу мүмкіндігі;
Әуе көлік билетіне тапсырыс беру, қонақ үйіндегі нөмірлерді брондау және автокөліктерді жалға алу мүмкіндігі;
Қолма-қол ақшаларға қарағанда, төлем карточка, клиенттің қалтасында көп орын алмайды;
Төлем карточка банкомат арқылы ұялы байланыс операторының қызметін қолма-қолсыз төлем және коммуналдық қызмет жасауға рұқсат береді;
Төлем карточканы ұстаушы өзінің карточкалық шотынан бірнеше минут аралығында банкомат арқылы жақындары мен туыстарының карточкалық шотына ақша аудару мүмкіндігі;
Корпоративтік төлем карточкалары
Корпоративті төлем карточкасы келесі жағдайда қолайлы болып табылады:
Іс сапар және басқа да шығындарды төлейді;
Кедендік төлемдер жүзеге асырылады;
Компанияның ағымдық шаруашылық төлемдерді жүзеге асырады;
Авиа және темір жол билеттерін сатып алуға мүмкіндік береді;
Қолма – қол ақша алуға қолайлы;
Сіздің компанияңыздың басқа да төлемдерін жүзеге асырады;
Корпоративтік төлем карточкаларды қолданудың пайдалылығы:
1.Уақытты үнемдеу:
Іс сапарды хаттаумен байланысты құжат айналымын айтарлықтай азайтады;
POS – терминал арқылы карточкалық шотқа ақша аударымын тездетеді (15 мин);
2. Бақылау:
Кредиттік лимтті белгілеу мүмкіндігі;
Ай сайын карточкалық шот бойынша көшірмелер алу;
Әр қызметкрлерге жеке шығын лимтін белгілеу мүмкіндігі;
Карточкалық шотты қолдану кезеңінде операция түрлерін азайту мүмкіндігі;
3. Ыңғайлылық:
Жедел жағдайлар кезінде қызметкерлер корпоративтік карточкаларды қолдана алады;
Компанияның ағымдық төлемдердің процедураларын жүзеге асырудың жеңілдетілуі;
Мемлекеттік бюджетке төлемдерді және кеден төлемдерін төлеу процедураларын жеңілдетеді;
1.2 Банктік карточкалардың мүмкіндіктері мен артықшылығы
Пластикалық карточкалардың артықшылықтары:
Үлкен таңдау. Сіз төлем жай «электрондық» карточкадан – мәртебелі «алтын» карточкаға дейінгісін аша аласыз;
Жаңа ұсыныстар мен мүмкіндіктер. Коммерциялық банктер төлем карточкаларының иелеріне арналып жасалған жаңа бағдарламаларды Visa карточкалары клиенттердің сұраныстарына және халықаралық жоғары стандарттарға жауап беретін жаңа өнімдер мен қызметтердлі ұсынуға дайын. Коммерциялық банктер төлем карточкаларының иелеріне көтермелеудің түрлі жүйелерін және өмірлеріңізді ыңғайлы да тартымды ететін көптеген басқа да қызықты ұсыныстарды енгізуді қарастырып отыр;
Қазіргі заман легіндегі төлем карточкалар. Коммерциялық банктер өз клиенттеріне VSDC (Visa Smart Debit Credit) технологиясына негізделген қазіргі заман легіндегі төлем карточкаларын ұсынады. Visa карточкалары ең жоғарғы талаптарды қанағаттандырады: пайдаланудың өте қолайлығы және өнімді кеңінен қолдану мүмкіндігі, сондай – ақ уақыт және жері бойынша шекетелмеген қаражатқа кіру. Коммерциялық банктер клиенттерінің карточкалық шоттарын қорғауға арналған бақылау механизмдерін енгізуге мүмкіндік береді;
Халықаралық деңгейде танылу. Коммерциялық банктер Visa халықаралық карточкаларының иесі болуды және әлемнің кез келген елінде Visa логотипі бар барлық сауда – сервистік кәсіпорындарда тауарлар мен қызметтер үшін қорлма – қол ақшасыз ақы төлеу мүмкіндігін ұсынады. Бұдан басқа карточкалық шотыңыз болса, сіз барғани еліңізде валютада теңге немесе АҚШ долларының қолма – қол ақша ала аласыз;
Қарапайымдылық пен ыңғайлылық. Коммерциялық банктер төлем карточкасына қатысты сізде, бар борлғаны қолма – қол ақшаны алумен, сақтаумен және аударумен байланысты мәселе туындамайтын болады. Сізге шет елге кетерде карточкалық шоттағы ақшаны мәлімдеудің керегі де жоқ;
Visa төлем
карточкаларының пайдасына
Күллі әлем бойынша банктерді біріктіретін Visa International ғаламдық төем жүйесінің микропроцессорлық карточкаларының 68 миллион иесінің бірі болуға мүмкіндік;
Visa карточкалары әлемнің түрлі елдерінде 30 миллион сауда нүктесінде қабылданады;
Visa карточкаларын әр әлемнің түрлі елдеріндегі 820000 банкомет пен 410000 банк бөлімшелері қабылдайды;
Қажеттілікке
қарай ақшалай қаражатты
Ай сайынғы көшірмелер жеке қаражатты бюджеттеу мен қаржылық бақылауды жеңілдетеді;
Ыңғайлы, жеке қаражатыңызға тәулік бойы қол жеткізуінізді қамтамасыз етеді;
Шотыңызға бекітілп берілген қосымша карточкалар, жанұя мүшелеріне арналған және банктің көрсететін өзге де арнайы қызметтері;
Қауіпсіздік шаралары:
Карточкаңызға ұқыпты қараңыз. Карточканы пайдалануға құқығы бар жалғыз тұлға болып табыласыз және жүргізілетін барлық опреациялар үшін жауаптылықта боласыз. Карточкаңызды ешқандай жағдайда үшінші тұлғаға беруге болмайды. Карточкаға бөгде адамдардың қолы жетуіне жол бермеу, оны қауіпсіз жерде сақтаңыз. Бөгде адамдардың карточка нөмірін және қолтаңбаңыздың үлгісін түсіріп жаза алатын жерде карточкаңызды қалдырмаңыз;
Сатып алған заттарыңызға ақыны төлем карточкаңызбен төлей отырып, онымен барлық операциялардың өзіңіздің қатысуыңыз арқылы іске асырылуына ұмтылыңыз. Сатушының карточкаңызды басқа үй – жайға алып кетуіне рұқсат етпеңіз және оны көз алдыңыздан кетіріп алмаңыз;
Чектерді сақтаңыз және карточкалық шот бойынша көшірмесімен салыстырыңыз. Егер көшірмедле есіңізде жоқ төлем жазылған болса немесе қандай да болмасын басқа сәйкестіксіз пайда болса, банкпен дереу байланысыңыз;
Сатып алудан бас тартсаңыз немесе чекті рәсімдеу кезінде қателер жіберілген болса, онда бөлінген чекті өзіңіздің көзінізше жоюды сұраңыз, ал екінші данасын өзіңізбен бірге алып, бір ай ішінде сақтаңыз;
Отбасыңыздың
мүшелерінің қосымша карточкала
Төлем карточкаңыз жоғалған немесе ұрланған кезде бұл туралы дереу хабарлаңыз. Сізге рұқсат берілмеген пайдаланушының жүзеге асырған транзакциялары үшін жауапкершілік жүктелуі мүмкін. Сондықтан, егер сіз төлем карточкаңызды жоғалтып алсаңыз немесе оны ұрлап алса, банкпен дереу байланысыз;
Төлем карточкаңызхдың барлық нөмірлері және банктің байланыс телефонын шұғыл жағдай үшін жазып алыңыз;
ПИН – кодыңыз өзіңізге ғана белгілі болуы тиіс. ПИН – кодыңызды басқа адмға соның ішінде, банк қызметкерлеріне ешуақытта тапсырмаңыз. ПИН – кодыңызды жұртқа жаю мен басқаға беруді сізден талап етуге ешкімнің құқығы жоқ. Оны естеи қалдырыңыз және қандай да болмасын қосалқы таңбаларсыз жазып қойыңыз және мүмкіндігінше өзіңіз қолыңыз жететін жерде сақтаңыз. Жазылған жеке теңдестіру нөмірді (ПИН – код) төлем карточкасымен бір жерде ешуақытта сақтамаңыз;
Карточка операция жүргізу кезінде ПИН – кодын енгізу сәтінде ПИН – кодыңыздың бөгде адамға белгілі болып қалмауын қадағалаңыз;
ІІ тарау. Банктік карточкалармен есеп айырысу
Банктiк карточкаларды колдану бойынша қатысты негiзгi субъектiлсрi: эмитент, карточка ұстаушы, сауда ұйымы, эквайрер, төлем ұйьмы, есеп айырысу банкi.
Банктік карточка эмитентi — бұл банктiк карточканы шыгарған және ұстаушыға бергсн несиелiк ұйым. Банктiк карточканы ұстаушы - оны қолданушы жеке тұлга. Сауда ұйымы — заңды тұлга немссс жскс кәсiпкер, оларлың және эквайрсрдiц арасьндағы келiсiмге сәйкес, эквайрсрдiң тауар (кызмет) ұстаушыға банктік карточканы колданьп ксзсктi төлсу үшiн тапсырылған кұжаттары бойынша жауаптылықта болады. Эквайрер - банктiк карточканы колданып жургiзiлгсн операция бойынша сауда ұйьмдарымен есеп айырысатын және ұстаушыға қолма-қол ақша қаржыларын бсрстiн несиелік ұйым болып табылады.
Төлем ұйымы – төлем жүйесi шегiнде банктiк карточкалармен операция бойынша ережелердi бекiтетiн заңды тұлға болып табылады. Төлем жүйесi — анықталган түрдегі банктік карточкалармен операцияларды демейтiн коммуникация және арнайы құрылғылар жүйесі. Төлем ұйымдары әдетте банктік карточка түрлерін сәйкестендiретiн кызмег көрсету белгілсрінiң құқынаине болады. Төлем ұйымы сондай-ак тиiстi төлем жүйесiнің техникалык қалыптасуын камтамасьгз етедi.
Есеп айырысу банкі немесе есеп айырысу агенті — төлем ұйымымен жасалған келiсiм негiзiнде эмитент пен эквайрсрлер арасындағы озара ессп айырысуды жургiзетін несиелiк ұйым.
Банктiк карточканы ашу ушiн клиент бекiтiлген нысандағы өтiнiштi ұсынады және банк онымен келiсiм жасайды. Банктiк карточкалар негiзгi екi операцияны жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi: тауарларды (кьзметтi) төлеу және банкоматтар арнайы автоматгық құрылғылар немесе ҚАА
— колма-кол ақша каржыларын алу. Казiргі кезде аталған операцияның екеуiн жузеге асыратын карточкалар (әмбебап карточкалар) кең тараған, алайда тек колма-кол ақша каржыларын алуга немеса тек тауар немесе кызметтердi төлеуге негiзделген карточкалар да колданылуда.
Банктiк карточкалар екi негiзгi типте болады: кредиттiк және дебеттiк. Халыкаралык төлем ұйымдарының кредиттiк карточкаларыныц дебеттiктен айырмашылыгы операция жургiзу технологиясына байланысты. Дебеттiк карточкалармен операция барлық уақытта авторландыруға жатқызылады, кредиттiк карточкалармен операциялар анықталған шарттарда жатқызылмайды. Осындай ерекшелiктерiне байланысты дебеттiк карточкаларды эмитенттер банктiк шотта бар қаржы қалдығы көлемiнде операцияларды жүзеге асыруға қолданылады, ал несиелiк карточкалар бойынша шоттағы бар қаржы көлемiнде операция жургiзуге, сондай-ак несие ұсынуга болады, әдетте тәжiрибеде бұл қарызшыға несиелiк желi ашу жолымен жүзеге асырылады.
Көрсетiлген лимит ерекет етуi үшiн анықталған сауда ұйымы мен эквайрер банк арасындағы келiсiм бойынша тиiстi шарттар қарастырылуы керек. Халыкаралық төлем жүйесiнiң ережесiне сәйкес «лимитке дейінгi» сома операциялары авторландырылган эмитент болып саналады. Бiрак сауда ұйымы карточканың әрекет ету мерзiмi аяқталмағанына және оның нөмiрi тоқтатым парағында (стоп-лист) — ұрланған немесе жойылған карточкалардың тiзiмiнде жоқ екендiгiне көз жеткiзуi тиiс.
Атап ететiн жайт, дебеттiк карточкалармен операция сома көлемiне байланыссыз авторландыруға жатады, өйткенi шоттағы бар қаржы көлемiнде ғана катаң жүргiзiлуге тиiстi.
Авторландырудың заңдық мәнi, банктiк карточканы қолданып атқаруға ұсынылған құжаттарды эмитенттер мiндеттемесiнiң еркiн пайдаланылуына негiз болып табылуында. Аталған ереже авторландыру жузеге асқандығын сол мезетте эмитентке хабарлап, ұзамай оған тиiстi есеп айырысу құжаттары ұсынылатындығын хабарлайды. Осындай ретпен авторландыруға құқылық факт статусын беру қалыптасқан қатынастарды көрсетедi.
Авторландыру өткiзу кезiнде эмитент авторландырылган сома көлемiнде ұстаушының ақшалай қаржыларын шектейдi. Аталған шектеу өткiзiлетін операциялар сомасын ұстаушыға төлеу бойынша эмитенттің талаптарын қамтамасыз етуге негiзделген. Егер авторландыру өткiзiлiп, кандайда бiр себептермен тауар толык ұсынылмаса, онда сауда ұйымы авторландыруды толықтай немесе жартылай қайтаруы тиіс.
Алайда егер авторландыру өткiзiлмесе және операция сомасы сауда ұйымы бекiткен лимитген аспаса, эмитент банктiк карточканы колданып құрылған кужаттарда корсетiлген мiндеттемелердiң орындалуына жауапты.
Авторландыру өткiзiлген соң кассир карточка және импринтер көмегiмен слип деп аталатын арнайы түбiртектi құрады. Импринтер орнына электронды терминал қолданылуы мүмкiн. Бұл жағдайда тиiстi құжат электронды терминал түбiртегi деп аталады. Халықаралық тәжiрибеге сәйкес слип (электронды терминал түбiртегi) кем дегенде келесi деректерден тұруы тиiс:
— сауда ұйымының сәйкестендiргiштерi (нөмiрi);
— операция өткiзу күнi;
— операция сомасы;
— операция валютасы;
— операция эмитенттерi авторландыруды бекiтетiн код;
— банктiк карточка деректемелерi:
— карточка ұстаушының қолы.
Әдетте слип ұстаушыныц эмитент банкке сауда ұйымының операция сомасын төлеу тапсырмасын бiлдiредi. Сонымен қатар слип және электронды терминал түбiртегiне сауда ұйымы кассирiнiң қолы қойылады.
Спин үш данада құрылады. Бiр данасы ұстаушыға, қалган екi данасы — сауда ұйымы мен эквайрерге (оның үрдiстiк орталығына) берiледi. Электронды терминалды қолдану кезiнде қағаз жеткiзушiде карточка ұстаушы және сауда ұйымы үшiн екi данада электронды терминал құрылады, сонымен катар откiзiлген операция туралы ақпарат электронды түрде электронды терминалдан эквайрердiң үрдiстiк орталыгына жiберiледi.