Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 15:28, курсовая работа

Краткое описание

Ақша – тарихи дамыған экономикалық категория. Ақша адамдарға ежелден таныс. Бiрақ оның пайда болғандығы туралы құпия сыры және өмiрiндегi мәнi көп уақытқа дейiн беймәлiм болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмiрiн зеттей келiп, оқымыстылар ақшаның тауар айналымында атқаратын қызметтерiн, маңызын жан – жақты ашып, жауап бердi.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 . АҚШАНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
1.1 Ақша туралы жалпы түсiнік.............................................................................4
1.2 Ақша атқаратын қызметтер түрлері..............................................................11
2. АҚША ЖҮЙЕСІНІҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ МЕН АҚША АЙНАЛЫСЫ
2.1 Қазақстан Республикасының ақша жүйесі және ақша жүйесінің ерекшеліктері.........................................................................................................15
2.2 Ақшаның айналыс құралы қызметi...............................................................18
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІ
3.1 Қазақстан республикасының 1993 жылғы ақша реформасы......................21
3.2 ҚР ұлттық валютасының қалыптасу ерекшеліктері.....................................24
3.3 ҚР ұлттық валютасының перспективалық даму жолы................................27
3.4 Қазақстан Республикасының ұлттық банкі...................................................30
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................35

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кур. Қазақстан Республикасындағы ұлттық валюта жүйесі.doc

— 218.50 Кб (Скачать документ)

   Бiздерге ақша айналыс құралы қызметiн негiзiнен мемлекеттiк, оперативтiк, коммерциялық саудада тұрғындардың тауарларды сатып алуы кезiнде орындайды. Шетелдерде мұндай шектеулер жоқ. Онда фирмалар мен корпорациялардың және т.б. қолма – қол ақшамен есептесуiне тыйым салынбаған.

    Алайда ақша  айналысы тек тауар айналысының  қайталаушысы ғана емес. Бұл екі  процесс біршама оқшау жүзеге  асады. Тауарлардың алмасуына ықпал ететін ақша айналыстан шықпайды, осы айналыстың ішінде ұдайы болады, ол тауарлар сатылғаннан кейін айналыстан шығып, тұтынылады. Мұнда тауар айналысы бастапқы, ал ақша айналысы екінші сипатта болады. Тауар айналысы ақша айналысын тудырады.

    Ақша айналыста жүріп, бірде айналыыыс құралына (қолма-қол ақша) қызметін, бірде төлем құралының (қолма-қол ақшасыз) қызметін кезек (ауысып) орындайды. Олай болатын болса, ақша айналымы барлық ақша қатынастарын бейнелеуші болып табылады, яғни ол айналыс құралы ретінде және төлем құралы ретінде ақша қызметтерін танытады.

    Қолма-қол ақша  мен қолма-қолсыз айналымдары  ішкі төлем айналымын шетелдік  валюталардың еркін еніп кетуіне  тосқауыл қойылғанда ғана біртұтастығын  сақтай алады.

     Айналыс  құралы ретiнде ақша қызметтерiнiң ерекшелiктерi мыналар:

Тауар мен ақшаның  қарама – қарсы қозғалысы;

Оны идеалды ақшалар  емес, нақты (қолма – қол) ақшалар  орындайды;

Ақшаның бұл қызметiнде  тауарларды айырбастау өте тез орындалатын  болғандықтан, оны нағыз ақшалар  емес  (алтын), оны ауыстырушылар – ақша белгiлерi орындайды.

   Бiрақ бұл, несие және қағаз ақшалар ақшалы тауармен (алтын) байланысты емес деген сөз емес. Бұл байланыс несие ақшалардың алтын нарығында жасырын айналыс болуыменен түсiндiрiледi.

   Ақша айналыс құралы қызметiн атқаратын болғандықтан, айналыс қажеттлiгi олардың саны өткiзiлуi тиiс тауарлардың бағасы мен массасы негiзiнде, яғни өткiзiлуi тиiс тауарлар бағасының сомасымен анықталады. Қанша дегенмен бiр ақша бiрлiгi бiр – несие тауар мәмәлелерiне қызмет ететiн болғандықтан, ақша айналысы қанша көп болса, айналыс үшiн олардың қажеттi саны сонша аз болады.

   Егер ақшаның айналыстағы массасы тауар массасынан көп болса, онда бұл олардың құнсыздануына, яғни инфляцияға алып келедi.

   Экономикалық құрылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт өмір сүруде. Оның пайда болуын ақшаның шығуымен, қызметімен байланыстырады. Инфляция термині латын сөзі - inflatio - (вздутие) – қампаю, тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861-1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кетуі процесін білдірген. XIX ғасырда бұл термин Англия мен Францияда қолданыла бастады. Экономикалық әдебиеттерде инфляция түсінігі XX ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жиі қолданылып, кеңес өкіметінің экономикалық әдебиеттерінде 20-жылдардың орта кезінде көрінді.

    Инфляцияның  жалпы, әдеттегі анықтамасы –  айналымдағы ақша массасының  қажеттіліктен тыс артып кетуі.  Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына  және тауар бағаларының соғұрлым  өсуіне әкеледі. Алайда инфляцияны айналым процесін құнсызданған қағаз ақшамен толтыра беру деп түсіндіру жеткіліксіз. Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен, ол тек ақшаға тән “ғажайып” құбылыс емес. Ол – күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс, оны тудырушы рынок шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы. Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемалардың бірі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІ

3.1 Қазақстан республикасының 1993 жылғы ақша реформасы

     

   Бір адамның ауыстыратын ақшасынаң ең жоғары мөлшері 1000 рубльден аспады. Ал зейнеткерлерге 200 рубльден аспайтын мөлшерде айырбастауға рұқсат етілді. Белгіленген лимиттен жоғары сомада ақшасы бар адамдарға табыс көздері туралы декларациямен арнайы комиссияға бару керек болды.

  1991 ж. 23 қаңтардан бастап бір уақытта салымдарды беруге де шек қою енгізілді. Салымдарды тек қана жинақ банктері арқылы тұрғылықты жеріне байланысты айына 500 рубльден аспайтын сомада бере отырып, ол туралы төлқұжаттарына белгі қойылды.

     «Павловск» реформасы нәтижесінде айналыстан 8 млрд. рубль алынып тасталып, оның иелік ету заңдылығы дәлелденбеген болатын.

     Бірақ бұл шара рубльдің сатып алу қабілетінің ұлғаюына әсер етпеді. Бағаның жіберілуі ақшалардың ұстамсыз өсуінде байқалды.

      Қайта құру жағдайында өндірістің құлдырауымен бірге айналыстағы ақша массасының өсуі қатар жүрді. Тауарлар мен азық-түліктер көбіне шетелден сатып алынды. Бұл үшін қажетті валютадағы 1,63 млрд. доллар сомасын алтынды сатудан түсірді: 1989 ж.- 300 т., 1990ж.- 234 т.

      1990 ж. нақты ақшаның эмиссиясы 25 млрд. рубльді құрады, бұл 1981-1985 жж. қоса алғандағыдан біршама үлкен. Қыруыр ақша массасы бос тұтыну нарығына сәйкес келмеді.

    1991 ж. қаңтарда «1961 жылғы 50 және 100 рубльдік үлгідегі ақша бірліктерін КСРО Мембанкінде төлем ретінде қабылдауды және олардың айырбастау тәртібін тоқтату мен азаматтардың салымдарынан қолма-қол ақша беруді шектеу туралы» Президенттің жарлығы мен КСРО Министрлер Кабинетінің қаулысы қабылданды. Айналысқа 1991 ж. шығарылған жаңа купюралар енгізілді. Жеке тұлғаларға ескі ақшаны жаңа ақшаға айырбастауына не бары үш күн берілді.

      КСРО ыдыраған соң кеңес валютасы-рубль бірінші кезеңде, ТМД-ға кірмейтін елдеоді қоса алғанда, тәуелсіз мемлекеттер аумағында айналыста жүре берді. Әр түрлі себептерге байланысты, ең бастысы, жаңа мемлекеттердің саяси тәуелсіздікке ұмтылысы, сондай-ақ тез қалыптасып үлгерген заңдармен экономиканың социалистік директивті үлгісінен нарыққа өтуі мүмкін еместігіне байланысты біртұтас валютаны сақтау аумағы сәтсіз үзілді.

   КСРО ыдыраған соң ақшаны дезинтеграциялау процессі өте күрделі жүргізіліп және бұрынғы кеңес мемлекеттерінің меншікті ұлттық валюталарын енгізілуімен аяқталды.

      КСРО республикаларының егемендігі жариялағаннан кейін барлық 15 ұлттық банктер бір-біріне тәуелсіз түрде орталық банктер ролін атқара бастады. Мұндай салдардың біріне несиелік экспанциялау жатты.Мысалы, Украина Ұлттық банкі 1992 ж. маусымда несие беру көмегімен кәсіпорындардың міндеттемелері бойынша өзара есеп айырысуды өткізді. Бұл мысалды ТМД елдердің көптегн орталық банктері қайталады. Ресей қолма-қол рубльді шығаруда монокомитетке айналғанымен де кейбір КСРО-ның бұрынғы республикалары өздерінің ішкі тұтыну нарығын басқа республикалардың сатып алушыларынан «қорғау» мақсатында өздерінің валюталарын айналысқа шығаруға тырысты. Мұндай жағдайлар, Украинада, Литва, Латвияда және Әзірбайжанда болды. 1992 ж. шілде айында орталық банктердің корреспонденттік шоттарындағы ақша қаражаттар көлемінде және Ресей мен бұрынғы кеңес мемлекеттері арасындағы төлемдерді күнделікті екі жақты өзара усуп айырысу талабын ескере отырып, енгізілгенде ғана бұл іс жүзінде ұлттық қолма-қолсыз рубльдердің құрылуына әкеліп соқтырды. Келесі қадам-меншікті валюталардың шығарылуы екені, осы бастан белгілі болды, сөйтіп 1992 ж. маусым-шілдеде Эстония, Латвия, 1992 ж. қазанда Литва, 1992 ж. қарашада Украина мен Беларусь мемлекеттері өз ұлттық валюталарын енгізе бастады. 1993 ж. мамырда Қырғыстан, тамызда Грузия ұлттық валюталарын енгізді. Бұл жерде соңғы болып енгізгендер қатарына (1995 ж. Тәжікстанды қоспағанда) Түркіменстан, Өзбекстан, Армения, Молдава және Қазақстан (1993 ж. қараша) болды.Бұл елдер тобы рубль аймағын Ресей орталық банкінің 1993 ж. рубльдік банкноталарды жаңаларына айырбастауды жүргізген соң барып кетті. Кейбір елдердің, оның қатарында Қазақстанның рубль аумағын қалпына келтіруге деген ұмтылысынан еш нәтиже шықпады.

     1992 ж. 9 қазанда ТМД-ның 8 мемлекеттерімен қол қойылған (Рубльді ресми төлем құралы ретін,де пайдаланатын мемлекеттердің біртұтас ақша жүйесі мен келісілген ақша-несие және валюта саясаты туралы), соңынан 1993 ж. қыркүйекте 6 мемлекеттің бірігуімен рубль аумағының жаңа типін құру туралы да келісімдер жасалды. Бұл сұрақ бойынша Ресецдің екі жақты келісім сөздер жүргізуі тек қана сәтсіз аяқталып қоймай, бұрынғы кеңес мемлекеттерінің макроэкономикалық тұрақтылыққа байланысты шараларын жүргізуді созып жіберді.

     1991 ж. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан ТМД-ның басқа мемлекеттерімен бірге «рубль аумағында» қала берді. 1992 ж. айналысқа 200, 500, 1000 рубльдік купюралар шықты. Олардың эмитенті ретінде жұмысын тоқтатқан КСРО Мемлекеттік банкі атап көрсетілді. 1992 ж. маусым айында алғаш рет Ресейлік 5000 рубль, кейін 10000 және 50000 купюралар шығараылды. Сөйтіп, Ресей Федерациясында және одан тысқары жерлердегі айналыста ақшаның 3 түрі: 1961-1991 жж. кеңес ақшалары, 1992 ж. кеңес үлгісіндегі (200, 500, 1000 руб.) Ресей Орталық банктің шығарған ақшалары, 1993 жылдың 1-жартысында шығарылған Ресейлік ақшалар жүрді.

     1993 ж. 23 шілдесінде Ресейдің Орталық банкі 1961-1991 жж. кеңес ақшаларының белгілерін, сондай-ақ 1992 ж. 5000 және 10000 рубльдерді айналыстан алу туралы хабарлады. Бастапқыда олардың айырбасына 1 апта берілді. Айырбастауға 35000 рубльден аспайтын сомалар жатты.

      Қазақстан  Республикасы Президертінің Жарлығымен екі күн өткен соң айырбас мерзімі 1993 ж. 1 қыркүйек айына дейін ұзартылып, айырбас шегі бір адамға жүз мыңға дейін ұлғайтылды.

     Ресейдегі ақша реформасы ескі үлгідегі ақшаларды ТМД елдеріне, оның ішінде Қазақстанға қарай жаппай ығысуына жол берді.

      1992 ж. 1-жартысында-ақ Қазақстан Републикасының жетекшілері ендігі жерде рубльден күдер үзіп, өз валютасын шығаруға бетбұрыс жасаған болатын. Жаңа ақшаларды  шығаруға ағылшынның  «Хариссон» фирмасымен шарт жасалды. Сөйтіп, 1993 ж. 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік ақшалар Қазақстанға жеткізілді.Олардың қолдан жасаудан қорғанатын 18 дәрежесі бар.

     1993 ж. 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасына Ұлттық валютаны енгізу туралы» Жарғыға қол қойды. Осы жарғымен 1993 ж. 15 қарашада сағат 8-ден бастап ұлттық валюта-теңге енгізілді.

     КСРО Мембанкінің және 1992-1993 жж. Ресей үлгісіндегі қазыналық және банктік билеттерді айырбастау 20 қарашада сағат 18-де аяқталды.

      Қолма-қол ақшалардың, рубльдік шоттардың, салымдар мен міндеттемелердің теңгеге айырбасы 1 теңге үшін 500 рубль айырбас бағамы бойынша жүргізілді.

     Қазақстан Республикасының 19 жастан асқан барлық азаматтары 100 мың  рубль шегінде ақша айырбастай алды. Айырбас бір рет қана жүргізіліп, ол туралы төлқұжатқа белгі соғылды. 100 мыңнан асатын рубльдер арнайы жеке бет шотына аударылып, оны 6 ай мерзім ішінде пайдалануға құқысыз болды. Лимиттен асқан қаражаттардың шығу тегінің заңдылығын  заңдылығын арнайы құрылған комиссия тексерді. Комиссияның шешімі бойынша бұл қаражаттар мерзімнен бұрын босатылды.

     15 қарашадан 18 қарашаға дейінгі аралықта халық теңгемен және рубльмен де есеп айырыса алды. Сондықтан заңды тұлғалармен, сол сияқты бөлшек сауданы жүзеге асырушы және халыққа ақылы қызмет көрсететін тұлғалардың ақшалай түсімдері күнделікті қабылданды: теңгеде- шексіз, 1961-1993 жж. 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100, 200, 500 рубльдегі ақшаларды 1993 ж. шілдедегі ақшалай түсімдердің орташа шамасынан аспайтын сомада, 1,3 коэффицентке түзетілген шамада қабылдады.

      Кәсіпорындардың баланстарындағы рубльмен берілген активтер мен пассивтер екі күн ішінде (15-16 қарашада) қайта есептелінді. Қолма-қол ақшаны айырбастау және активтер мен пассивтерді қайта есептеу кезеңінде банктер клиенттермен операциялар жүргізбеді.

      Қазақстан Республикасының Ұлттвқ банкі теңгенің валюталық бағамын: 1 доллар=4 теңге 70 тиын шамасында белгіледі. Келесі жылдары ол бірден өсіп кетті. Соған сәйкес баға мен жалақы да өсті.

   Инфляцияның өсуі біршама ірі ақша купюраларын қажет етті. 1994 ж. бастап 200, 500, 1000 және 2000 купюрадығы ақшалар айналысқа шығарылды. 1995 ж. ұсақ тиындар біртіндеп айналыстан шығып қалды. Олардың орнына мыс-никельден жасалған 1, 3, 5, 10, 20 теңгедегі монеталар шыға бастады. Сонымен қатар, Абай Құнанбайұлының 100 жылдық мерейтойының құрметіне 100 теңгелік күміс монеталар  шығарылды.1995 ж. аяғында «Жібек жолы» жиынтығын құрайтын жоғары сыныпты 4 алтын монеталар шығарылды.Жалпы салмағы 57,54 г. құрайтын жиынтығына 1, 2, 5 және 10 мың теңгелік алтын монеталар кірді. Жиынтық 816 доллар тұрды.

     Сонымен Қазақстан теңгесі соңғы жылдары тұрақты төлум құралы болып қана қоймай, еркін алмастырылатын валюталарға шексіз айырбасталады және біршама тұрақты валюталар қатарына кіреді.                          

         Қазақстанға ұлттық валютаның  сәтті енгізілуі, әрі қарай  оның сыртқы және ішкі тұрақтылығын  қамтамассыз етуді талап етті.

 

3.2 ҚР ұлттық валютасының қалыптасу ерекшеліктері

 

   Ғалымдардың ойынша теңге атауы бізге орыс тілінен енген. Профессор М.Балақбаев «Қазақ тілінің мәдениеті» (1971) атты ғылыми еңбектер жинағында: «Орфографиялық ережелер жинағында орыс тілінен енген сөздердің жазылуы екі бөлініп айтылады. Бір жағынан жәшік, бәтес, теңге, сот, бәтеңке, минут, газет, сиса тәрізді біраз сөздер осылай айтылуынша жазылатыны көрсетілсе, екінші жағынан, орыс тілінен енген сөздердің көпшілігі «тұлғасы сақталып, орыс орфографиясы бойынша, өзгертілмей жазылады» делінген» депті.

     Қазақстан Республикасының ұлттық банкісінің жанынан 1997 жылы ақша мұражайы ашылды. Осы шаңырақта әлемнің көптеген елдерінің ақша, валюта үлгілері жиналған. Арнайы көрмеде қазақ сахарасының Жібек жолы бойынан табылған, он бес ғасырға жуық саудагерлерге қызмет еткен, қолдан-қолға өткен мыс, жез, алтын, күміс, қола ақшалардың ғажайып үлгілері қойылған. Олар Атыраудан Алтайға дейінгі аралықта сауданың қаншалықтықарқын алып, дамығанын дәлелдейтін асыл белгілер.

     Қазақстан   Республикасының ұлттық  валютасы-теңге. Ол 1993 жылы 15 қарашада айналымға енгізілген. Сондықтан да отандастарымыз жыл сайын бұл датаны атаулы күн ретінде атап өтеді. Теңге-бейнеленуі, орындалуы және қорғалуы тұрғысынан әлемдегі көркем әрі заман талабына сай ақша белгілерінің бірі. Сондай-ақ алтынвалюталық қаражат қорымен толық қамтамассыз етілген.

Информация о работе Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының тарихы