Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 15:28, курсовая работа
Ақша – тарихи дамыған экономикалық категория. Ақша адамдарға ежелден таныс. Бiрақ оның пайда болғандығы туралы құпия сыры және өмiрiндегi мәнi көп уақытқа дейiн беймәлiм болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмiрiн зеттей келiп, оқымыстылар ақшаның тауар айналымында атқаратын қызметтерiн, маңызын жан – жақты ашып, жауап бердi.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 . АҚШАНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
1.1 Ақша туралы жалпы түсiнік.............................................................................4
1.2 Ақша атқаратын қызметтер түрлері..............................................................11
2. АҚША ЖҮЙЕСІНІҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ МЕН АҚША АЙНАЛЫСЫ
2.1 Қазақстан Республикасының ақша жүйесі және ақша жүйесінің ерекшеліктері.........................................................................................................15
2.2 Ақшаның айналыс құралы қызметi...............................................................18
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІ
3.1 Қазақстан республикасының 1993 жылғы ақша реформасы......................21
3.2 ҚР ұлттық валютасының қалыптасу ерекшеліктері.....................................24
3.3 ҚР ұлттық валютасының перспективалық даму жолы................................27
3.4 Қазақстан Республикасының ұлттық банкі...................................................30
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................35
-қайтарылуына қарай-классикалық банкноттар вексель мерзімінің аяқталуына байланысты Орталық банкке қайтарылса, ал қағаз ақшалар қайтарылмайды, яғни олар айналыста қала береді;
-ауыстырылуына қарай-классикалық банкноталар банкке қайтуына байланысты алтынға немесе күміске ауыстырылып отырса, қағаз ақшалар қашаннан ауыстырылмайтын болған.
Чек вексель мен банкнотаға қарағанда коммерциялық банктердің құрылып, олардағы ағымдық шоттарда бос ақшалай қаражаттардың жинақталуына байланысты несиелік және айналыс құралы ретінде біршама кеш пайда болды.
Алғашқы чектер 1683 ж. Англияда пайда болды.
Чек-ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.Чектің мынадай түрлері бар:
ақшалай чек-банктен қолма-қол ақша алуға арналған төлем құралы;
атаулы чек- аударуға құқысыз белгілі бір тұлғаның атына жазылады;
ордерлі чек-бір тұлғаның атына толтырылған, бірақ индоссамент бойыншабасқа бір тұлғаға беруге құқық береді;
мәлімдеуші чек-чекті мәлімдеушіге ондағы көрсетілген сомасы төленеді;
есеп айырысу чегі-заңды тұлғалар арасында қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылады;
жол чегі- туристік сапарларға арналған төлем құралы;
кепілдендірілген чек-банктің чекте көрсетілген соманы төлеуге кепілдендіруін сипаттайтын төлем құралы;
Электрондық ақшалар-компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.Электрондық ақшалар пластикалық карточка формасында болады. Олар екі түрлі болып келеді:
Дебеттік(төлем) карточка-банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін төлеуге арналған төлем құралы.
Кредиттік карточка-оның элементі мен карточка иесі арасындағы келісімшартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер дебеттік және кредиттік карточкалардың отандық және халықаралық түрлерін кеңінен қолдануда. Оларға «Eurocard», «Master Card», «Visa», «ALTYN», «Maestro» және т. б. жатады.
Тауарлар дүниесiнiң тауар және ақша болып екiге бөлiнуi оның тұтыну құнымен құнының, яғни тауардың iшкi қарама – қарсы жақтарының қайшылығын шешуге жол салады. Өйткенi, егер тауар сатылса, оның тұтыну құнының бiреудiң қажетiн өтеуге керек болғандығы. Бұл бiр жағынан, ал екiншi жағынан оның құнының бар екендiгi дәлелденгенi. Сатылған құн ендi ақша түрiнде тауар өндiрушiнiң қолына түседi. Сөйтiп, тауар өндiрушiге түскен ақшаның мөлшерiне қарай өз өндiрiсiне туады. Жалпы бiрдей эквивалент ролi тарихи түрде алтынға бекiтiлген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиетi, оның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиетi, оның табиғи қасиетi емес.
Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақшаның жаратылысын зерттегендегі басты анық болғанды, ол, оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар – сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғы шарттарын туғызған.
Нақты және абстракты еңбектің, жеке және қоғамдық еңбектің бөлінісі, тұтыну құны мен құнның арасында тауар табиғатына байланысты болатын қайшылықтар айырбас құнның әр түрлі формаларын туғызды. Айырбас – бұл бір тауар өндірушіден, екінші біреуіне жүретін тауардың қозғалысын білдіреді. Мұнда тауарлардың баламалылығын (мал = бидай = балта), яғни, тауардың түріне сапасына, формасына және тағайындалуына байланысты өлшенуін талап етеді. Сонымен қатар, әр түрлі тауарлардың бір біріне өлшенуіне ортақ негіз болуы қажет.
Мұндай негізге тауарлардың құны, демек тауар өндірісі процесінде жұмсалатын және сол затқа айналып отырған қоғамдық еңбек жатады. Тек қоғамдық еңбек қана (жек адамның еңбегі емес) тауарларды өлшенетін жасайды. Нарықта бір тауарды екінші бір тауарға айырбастаудың өзі бұл тауарларға еңбектің шығындалғандығын, яғни екі тауардың да құнының барлығын көрсетеді. Осыған байланысты жекелеген тауарларды өндіруге жұмсалған еңбек әр түрлі болып, нәтижесінде олардың құндары да, бірдей болмайды. Сөйтіп, қоғамдық еңбекті немесе құнды сандық жағынан өлшеу қажеттігі туындап, айырбас құнының (1мал = 1 қап бидайға) ұғымы туындайды.
Айырбас құны – бұл бір тауардың басқа да бір тауарға белгілі сәйкестікте айырбасталу қабілетін білдіреді.
Натуралды шаруашылық тұсында өнім тек өндірушінің және оның жан-ұясының қажетін қанағаттандырғандықтан да, ол тұтыну құны қасиетіне ие болды. Тауар өндірісі тұсында өндірушіні өз өнімін айырбастау үшін, бірінші кезекте құны, содан кейін оның тұтыну құны қызықтырады. Егер, тауардың тұтыну құны болмаса, яғни оны ешкім қажет етпесе, онда оны айырбастау мүмкін емес.
Демек, айырбасқа арналмаған тауардың өндіруші үшін тұтыну құны болса жеткілікті. Ал, егер де тауар айырбасқа арналған болса, онда, оның өндіруші үшін айырбас құны мен сатып алушы үшін тұтыну құны болуға тиіс. Сөйтіп, тауарлар айырбасының дамуы өз кезегінде құнның мынадай формаларының қалыптасуына себеп болған:
Алғашқы формасы - өндіргіш күштердің төменгі даму сатысына тән құнның жай және кездейсоқ формасы. Айырбастың бұл формасына бір еңбек өнімі екінші бір еңбек өніміне тікелей айырбасталынып отырған. Мысалға, бір мал бір қап бидайға айырбасталды.
Ал, екінші формасы - бұл құнның толық немесе жалпы формасымен сипатталады. Еңбек бөлінісінің дамуы және өндірістің өсуі нәтижесінде нарықтағы тауарлар саны мен түрлері арта түседі. Мұнда, көбіне, бір тауар басқа да көптеген балама-тауарлардың айырбасында жүрген. Мысалға: 1 қап бидай = 1 қойға = 1 балтаға = 1 құмыраға және т.б. Үшінші формасы – бұл құнның жалпылама формасы. Әр тауар өндіруші өздерінің еңбектеріне қарай барлығына бірдей қажет жалпылама тауар алуға тырысады. Осыған байланысты жергілікті нарықтарда, тауарлар массасынан жалпылама балама ролде жүретін тауарлар ығысып шығады. Мұндай тауарлар ролін, кей халықтарда мал (ертедегі гректе, римдіктерге, славяндарда, моңғолдарда және т.б.), аң терісі (Скандинавияда, ертедегі Русьте), шай (Қытайда), тұз (Абиссинияда), піл сүйегі (Оңтүстік Африкада) атқарады. Ресейге қосылғанға дейінгі Қазақстанның кейбір алыс түпкірлерінде ішкі сауда-саттық жүргізу үшін жалпыға бірдей балама ретінде тоқты немесе саулық қой пайдаланылған. Бірақ, аталған тауарлар мұндай рөлде ұзақ уақыт жүрмеген, себебі олар тауар айналысының талаптарын толығымен қанағаттандыра алмайды және өздерінің қасиеттеріне байланысты баламалық шартына сәйкес келмейді.
Ал, құнның жалпыға балама формасының дамуы нәтижесінде барлық тауарларға тікелей айырбасталатын тауарлар әлемінен ерекше бір тауар – ақшалай формасы қалыптасты. Ол тауар рөлін бағалы металлдар: алтын және күміс атқарды. Сонымен, ақша дегеніміз – бұл барлық тауарлардың құнын белгілейтін, жалпыға балама ретінде пайдаланылатын ерекше тауарды білдіреді.
Ақшаның объективті қажеттігі тауар өндірісі және айналысының болуына сәйкес қалыптасты. Ақша – бұл тауар айналысы құралы және ізбасары болып табылады. Тауар мен ақша бір бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз тауар айналысының да болуы мүмкін емес.
Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де ол, ерекше тауар болып қала береді. Сөйтіп, ақшаның жалпыға бірдей балама рөлі тарихта алтынға бекітіледі. Сондықтан да, алтынның басқа тауарлардың құнын бейнелеуі бұл, оның табиғи қасиетіне тән болып келеді. Біріншіден, бұл алтынның тамаша табиғи сапалылығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілігі және таттанбайтындығына байланысты. Екіншіден, оның құны өте жоғары, сондай-ақ, оның қоры сирек болғандықтан да, оны өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары болады.
Сонымен қатар, ақша өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория болып табылады.
Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан көрінеді:
Ақшаның жалпыға тікелей айырбасталу формасы ретіндегі қасиеті, ақшаның кез келген материалдық бағалы затқа тікелей айырбасталатынын сипаттайды. Кеңес үкіметі кезеңінде бұл мүмкіндік тар көлемде, яғни тек қоғамдық жиынтық өнімді бөлу және пайдалану процесінде ғана қолданылған. Себебі, ол уақытта кәсіпорын, жер, орман, жер қойнауын және т.б. сату мүмкін емес болатын. Қазіргі кезде жекешелендіру процесі басталғалы бері, ақшаның бұл қасиетінің қамтитын уақымы біршама кеңейе түскен.
Ақшаның екінші қасиеті тауарларды сатумен тікелей байланыссыз. Бұл формасында ақша, несие беру, қарызды өтеу, мемлекеттік бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындары әр түрлі жолдармен қаржыландыруда Ұлттық банктің несиелік ресурстарын коммерциялық банктерге сатуы барысында және т.б. жағдайларда қолданылады.
Ақшаның соңғы қасиеті, тауар өндіруге жұмсалған еңбектің ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.
1.2 Ақша атқаратын қызметтер түрлері
Әр елдің өзінің қалыптасқан ақша жүйесі болады. Ақша жүйелері өздерінің елдегі экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.
Экономикадағы ақшаның атқаратын мынадай бес қызметі бар:
Ақшаның қызметтері
Ақшаның төлем құралы қызметі мен айналыс құралы қызметтері арарсында өзара айырмашылық бар. Ақша айналыс құралы ретінде делдалдық рөлінде жүретін болса, төлем құралы қызметінде ақша мен тауардың бір-біріне қарама-қарсы қозғалысы болмайды, яғни қарыздық міндетемме арқылы өтеу, сату және сатып алу процесінің аяқталғандығын білдіреді. Тауарлар мен ақша арасындағы уақыттағы алшақтық кредиторға қарыз алушының төлемеу қауіпін тудыруы мүмкін.
Ақша төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына қызмет етіп қоймай, сол сияқты қаржы және несие қатынастарына да қызмет етеді.
Жалпы барлық ақшалай төлемдерді төмендегідей түрде топтастыруға болады:
Ақшаның құн өлшемі қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде барлық тауарлардың құнын өлшейді. Ақша құн өлшемі ретінде: «мөлшері жағынан аттас, сапасы жағынан салыстыруға келетін тауарлар құнын бейнелеу үшін тауарлар дүниесіне мартеиал беру» қызметін атқарады. Бірақ та тауарларды өзара өлшейтін ақша емес, тауарлар өндірісіне кеткен қоғамдық қажетті еңбек олардың бірінің біріне өлшенуіне жағдай жасады. Барлық тауарлар қоғамдық еңбек өнімдері, сондықтан олардың құнын өзіндік құны бар нақты ақшалар (алтын және күміс) өлшей алады.
Тауар құнының ақшамен бейнеленуі оның бағасы деп аталады. Баға тауарды өндіруге және сатуға қажетті қоғамдық еңбек шығынымен анықталады. Әрбір елде ақшаның өлшемі ретінде қабылданған және тауарлар бағасын өлшеуге қызмет ететін металлдың (алтын) баға белгілеу процесіндегі ақша бірлігіне бекітілетін салмақты саны баға масштабы деп аталады.
Бүгінгі таңда тауарлар алтынға тікелей айырбасталмайды және олардың бағасы алтынмен бейнеленбейді. Ақшаның бұл қызметін алтынның орнында жүретін оның құндық өкілдері немесе қағаз және несиелік ақша белгілері атқарады. Мұндай ақшалардың меншікті құны болмайтындықтан да, оларды толық бағалы емес ақашалар деп атайды. Өйткені, олар тауарлар құнын толық өлшемейді, бірақ өлшеуге қатынасады.
Ақшаның айналыс құралы қызметі. Айналыс құралы қызметінде ақша тауар айналысы процесінде делдалдық рөл атқарады. Тауар айналасы мынадай процесстерді қамтиды: тауар сату, яғни оның ақшаға айналуы, және тауарды сатып алу, яғни тауардың ақшаға айналуы. Бұл процесті арнайы формулада келесідей түрде беруге болады: Т (тауар) – А (ақша) – Т (тауар).
Бағалардың негізінде және олардың қозғалысында құн заңы жатыр. Ақшаның құн өлшемі қызметі мен баға масштабы арасында өзара айырмашылық бар. Құн өлшемі – бұл мемлекетке тәуелсіз ақшаның экономикалық қызметін сипаттайды. Құн өлшемі қызметі құн заңына байланысты анықталады. Баға масштабы – бұл мемлекетке тәуелді, бірақ тауардың құнын көрсету үшін емес, тек оның бағасын бейнелеу үшін қызмет етеді. Баға масштабы нарық заңына, яғни сұраныс пен ұсынысқа байланысты белгіленеді. Сөйтіп баға масштабы арқылы ойша белгіленетін тауарлар бағасы, ұлттық ақша бірлігіндегі көрсетілген нарықтық бағаға айналады. Ақша айналысының тауар айналысынан айырмашылығы ақша тауарларды біртіндеп айналыстан шығара отырып, өзі айналыста үнемі қалып отырады. Ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметінің басты ерекшелігі, біріншіден, бұл қызметті толық бағалы емес құнның белгілері: қағаз және несиелік ақшалар атқарады, екіншіден, нақты және қолма-қолсыз ақшалар атқарады. Ақшаның төлем құралы қызметі. Әр түрлі жағдайлардың болуына байланысты тауарлардың тек нақты ақшаға ғана сатылмайтыны белгілі. Себебі әртүрлі тауарларды өндіру кезеңі мен айналыс мерзімінің ұзақтығының бірдей еместігі, сондай-ақ бірқатар тауарлардың өндірісі мен сатылуының маусымдық сипатта болуы шаруашылық субъектісінде қосымша қаражаттардың жетіспеушілігін туғызады. Соның нәтижесінде тауарлардың төлемін кешіктіріп сатып алу және сату, яғни несиеге беру қажеттігі туындайды. Ақша төлем құралы ретінде мынадай ерекше бір қозғалыс формасына ие: М (міндеттеме) – Т (тауар).
Информация о работе Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының тарихы