Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 15:28, курсовая работа

Краткое описание

Ақша – тарихи дамыған экономикалық категория. Ақша адамдарға ежелден таныс. Бiрақ оның пайда болғандығы туралы құпия сыры және өмiрiндегi мәнi көп уақытқа дейiн беймәлiм болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмiрiн зеттей келiп, оқымыстылар ақшаның тауар айналымында атқаратын қызметтерiн, маңызын жан – жақты ашып, жауап бердi.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 . АҚШАНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
1.1 Ақша туралы жалпы түсiнік.............................................................................4
1.2 Ақша атқаратын қызметтер түрлері..............................................................11
2. АҚША ЖҮЙЕСІНІҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ МЕН АҚША АЙНАЛЫСЫ
2.1 Қазақстан Республикасының ақша жүйесі және ақша жүйесінің ерекшеліктері.........................................................................................................15
2.2 Ақшаның айналыс құралы қызметi...............................................................18
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІ
3.1 Қазақстан республикасының 1993 жылғы ақша реформасы......................21
3.2 ҚР ұлттық валютасының қалыптасу ерекшеліктері.....................................24
3.3 ҚР ұлттық валютасының перспективалық даму жолы................................27
3.4 Қазақстан Республикасының ұлттық банкі...................................................30
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................35

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кур. Қазақстан Республикасындағы ұлттық валюта жүйесі.doc

— 218.50 Кб (Скачать документ)

   Сонымен ақша, айналыс құралы қызметін атқаратындықтан да олардың саны, яғни айналысқа қажетті сатылатын тауарлар массасы және бағасы негізінде анықталады. Ал егер, айналыстағы ақша массасы тауар массасынан артық болса, онда ақшаның құнсыздануы инфляция жол береді.

  • тауарлар және көрсетілетін қызметтер бойынша төлем міндеттемелері;
  • мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;
  • банктік ссудалар, мемлекеттік және тұтыну несиелері бойынша қарыздық міндеттемелер;
  • сақтандыру міндеттемелері;
  • әкімшілік және сот алдындағы және басқадай міндеттемелер.

   Ақшаның төлем құралы қызметін толық бағалы емес, яғни қағаз және несиелік ақшалар атқарады.

   Ақшаның қор жинау және қорлану қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде, оның иесіне тауар алуды қамтамасыз етумен қатар, байлдықты жинау құралы болып табылады. Сондықтан да адамдар, оларды жинақтау немесе қорлануға тырысады. Қорлану үшін ақша айналыстан алынады, сөйтіп, тауарды сату және сатып алу қозғалысы үзіледі.

   Ақшаның қор жинау қызметін толық бағалы емес ақшалар атқара алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бұл қызметті атқару қашаннан алтынға жүктелген. Біздің елімізде, алтын қоры ҚР Ұлттық банкінде жинақталған.

   Ал ақшаның қорлану қызметін толық бағалы емес ақшалар атқарады. Тауар өндірісі жағдайында қорлану екі формада жүзеге  асырылады десе болады:

    1. Кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және депозиттік шоттардағы, сол сияқты банктегі басқадай шоттардағы ақшалай қаражат қалдықтары түрінде қоғамдық қорлану формасында;
    2. Банктердегі халық салымдарында, облигацияларда жинақталған жеке қорлану формасында.

   Дүниежүзілік ақша. Сыртқы сауда байланыстары, халықаралық заемдар, сыртқы серіктестерге қызмет көрсету барысы дүниежүзілік ақшалардың пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар жалпыға ортақ төлем құралы, жалпыға ортақ сатып алынатын құрал және жалпыға ортақ қоғамдық байлықтың материалдану құралы болып табылады.  Халықаралық төлем құралы ретінде дүниежүзілік ақашалар халықаралық байланыстардағы есеп айырысуларда қолданылады. Халықаралық сатып алынатын құрал ретінде дүниежүзілік ақшалар елдер арасындағы нақты ақшамен төленетін тауарлар және көрсетілетін қызметтер айырбасындағы тепе-теңдік бұзылған жағдайда қызмет етеді. Жалпыға ортақ қоғамдық байлықты құрау ретінде дүниежүзілік ақшалар бір елдің екінші бір елге займ немесе субсидиялар беруі барысында қызмет етеді.

   Егер де еліміздің ішіндегі ақша мемлекетпен заңдастырылған ұлттық ақша бірлігі формасында қызмет ететін болса, ал елімізден тысқары жерде, К.Маркс өз еңбегінде: «ақша өзінің ұлттық киімін шешеді де, өзінің бастапқы формасы ретіндегі металл құймасына, яғни жалпылама балама тауар формасына өтеді» - деп жазады. Сондай-ақ бұл жерде дүниежүзілік ақша ретінде алтынның қызмет етуі сипатталады.

   Алтын монета стандарты тұсында дүниежүзілік ақша қызметін алтын және алтынға ауыстырылатын жекелеген елдердің несиелік ақшалары (банкноталар) көбіне АҚШ доллары және ағылшын фунт стерлингі атқарған.

   Қазіргі кезде дүниежүзілік ақша қызметін көбіне АҚШ – доллары, неміс – маркасы, ағылшын – фунт стерлингі, Еуропалық Одақтың қазіргі валютасы – еуро, сол сияқты СДР атқарады.

           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. АҚША ЖҮЙЕСІНІҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ  МЕН АҚША АЙНАЛЫСЫ 

    2.1 Қазақстан Республикасының ақша жүйесі  және ақша жүйесінің ерекшеліктері

 

   Ақша жүйесі – қандай да бір елде ақша айналымын ұйымдастырудың тарихи қалыптасып, заңмен бектілген формасы. Әлемдік өркениеттегі ақша жүйелерінің жекелеген элементтері ежелден белгілі әрі олар құнның ақшалай пайда болыумен байланысты. Ұлттық ақша жүйесі XV-XVII ғасырлардан қалыптаса бастады.

   Ақша жүйесі өз эволюциясында ақша- тауар қатынасының даму деңгейіне тікелей тәуелді болғандықтан көптеген өзгерістерге ұшынады. Әрбір мемлекеттің өз ақша жүйесі бар. Ол мынадай элементтерді қамтиді:

  • ақша жүйесін ұымдастырудың принципі;
  • ақша бірліктерінің атауы;
  • ақша белгілерінің түрлері, оларды шығарудың тәртібі және қамтамасыз ету сипаты;
  • ақша айналымын ақша- несие тұрғысынан реттеудің тетігі;
  • ұлтық валюта бағамы, оны шетелдік валютаға айырбастаудың тәртібі.

   Ақша жүйесін ұйымдастырудың принциптері мыналар:

  • ақша жүйесінің орталықтандырылған басқару принципі. Ол көбінесе шаруашылық жүргізуші субъектілердің уәждемесіне (мотивация) негізделген экономикалық әдістерге жүгінеді;
  • тиісті болжауларды жасау негізінде ақша айналымын жоспарлау принципі;
  • ақша айналымының тұрақтылығы және икемділік принциптері, ақша айналымы экономиканы ақшалай қаражатпен қамтамасыз ету керек, алайда инфляцияның дамуына жол бермеуі қажет;
  • ақша эмиссиясының несиелік сипатының принципі. Бұл ақша эмиссиясының несие операциялары негізінде жүзеге асрылатын білдіреді;
  • эмиссиялған ақшаның қамтамасыз етілу принципі;
  • Орталық банк тәуелсіздігінің принципі.

   Ақша бірліктерінің атауы. Ақша бірлігі- барлық тауар бағаларын өлшеуге және тұлғалауға қызмет ететін, заңмен бекітілген ақша белгісі. Орталық банк монополиялық тұрғыдан эмиссиялайтын барлық ақша белгілері заңды төлем құралы болып табылады, яғни бұл Қазақстан аумағында бұрыштарды өтеуге заң бойынша міндетті түрде қабылданатын ақша белгілері;

   Ақша бірлігі  (ұлттық валюта) Қазақстан Республикасында  100 тиыннан тұратын қазақстандық теңге болып табыласы.

   Теңге мен алтын  немесе басқа да құнды металдар араснда ресми арақатынас белгілейді.

   Ақша белгілерінің  түрлері, оларды шығарудың тәртібі  және қамтамасыз ету сипаты. Барлық  төлем түрлеріне олардың көрсетулі  құны бойынша міндетті түрде  қабылданатын, банкнот пен тиыннан тұратын айналымдағы мемлекеттің ақша белілері. Ақша белгілерін шығаруды олардың айналымын ұйымдастыруды және айнелымнаналуды Орталық банк қолма-қол ақшасыз балама алу арқылы банкнот пен монетаны сату түрінде тек бір өзі ғана жүзеке асырады.

   ҚР Ұлттық банк  банкноттары мен тиындары Ұлттық банктің сөзсіз (даусыз) міндеттемелері болып табылады әрі оның барлық қамтамасыз етіледі. Ұлттық банк алтын-валюталық активтердің мөлшерлері туралы хабарламаларды бұқаралық ақпарат құралдарында ұдайы жариялап отырады.

   Ақша түрлері. Заңды төлем құралдары: қағаз және несие ақшалар- ақшаның түрлеріне жатады.

  Ақша-несие айналымының тетігі- ақша-несиелік реттеу (тікелей және жанама) құралдарының, ақша-несие тұрғысынан реттеуші органдардың құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын білдіреді.

  Ақша- несие саясатының негізгі құралдарына мыналар жатады:

  • ҚР Ұлттық банктің банктерге несиесі бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің деңгейлері;
  • Ұлттық банкте депозиттелген ең аз шамадағы міндетті резервтердің нормативі;
  • Мемлекеттік құнды қағаздарды сату және сатып алу бойынша ашық нарықтағы операциялары;
  • Банктерге несиелер;
  • Валюта нарығындағы интервенция;
  • Айрықша жағдайларға жекелеген түрлердің несиелік операциялардың деңгейі мен мөлшеріне тікелей сандық шектеулерді қою;

Ұлттық валюта бағамы, оны шетелдік валютаға айырбастаудың тәртібі. Валюта бағамы- бұл басқа елдің ақша бірлігінде бейнелеген бір елдің ақша бірлігінің бағасы. Валюталарды шетелдік валютаға айырбастаудың тәртібі «Валюталық реттеу туралы» ҚР заңында белгіленген. Валюта бағамы баға белгілеудің негізінде анықталады. Валютаның ресми және еркін (нарықтық) баға белгілеулері бөліп көрсетіледі. Қазақстанда көбінесе «қоржынға» кіретін басқа шетелдік валюта «қоржыны» негізінде баға белгілеу тәсілі пайдалынылады.

    Ақша жүйесі  ұдайы даму үстінде болатындықтан ақша жүйесінің түрлері өзгеріп отырады. Ақша жүйесінің түрлері ақшалардың қандай формада қызмет атқаратынына қарай қалыптасады: тауар ретінде немесе құн белгісі ретінде. Ақша жүйесін құру формаларындағы принциптік айырмашылықтардың түп-төркіні металдық айналым жүйесінде және несие мен қағаз ақшаларының айналым жүйесінде жатыр.

   Металдық айналымға  ақша жүйесінің биметаллизм және монометаллизм деп аталатын екі түрлері тән.

 

 

 

 

Сурет-2

Металл ақша айналысының  құрылымы

 


 

 


 


 


 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Биметаллизм – баламаның жалпыға бірдей құнның рөлі айналымда болатын екі метал – алтын мен күміске заңмен бекітілген ақша жүйесі.

 Биметаллизмнің үш түрі болған:

  • қосарлы валюталар жүйесі. Мұнда алтын мен күміс монеталардың нарықтық құнына сәйкес нарықта берекесіздік (стихиялы) түрде белгіленеді;
  • егер мұндай арақатынасты мемлекет анықтайтын болса, онда ол - екі жақты валюта жүйесі;
  • «ақсақ» валюта жүйесі. Онда алтын мен күміс бірдей негізде заңды төлем құралдары болып табылады.

   Нәтижесінде күміс монеталар алтын белгілеріне айналады.

   Биметаллизм XVI – XVII ғасырда кеңінен тарған, ал Батыс Еуропа елдеріне XIX ғасырда пайда болады.

   Алайда, биметаллизм дамыған тауар өндірісің экономикалық қатынасқа қоятын талаптарына сәйкес келмейді, өйткені екі металдың бір мезгілде құн өлшемдері ретінде пайдалануы осы ақша қызметінің табиғатына қайшы келді. Құнның жалпыға бірдей өлшеміне тек бір тауар ғана қызмет ете алады. Оның үстіне, мемлекет белгіленген алтын мен күміс арасындағы нақты құндық арақатынас олардың нарықтық құнына сәйкеспейді. XIX ғасырдың соңында күміс өндірісінің артуы мен олардың құнсыздануы нәтижесінде алтын монеталар айналымынан қызынаға кете бастады.

   Түпкі есебінде Құн заңынан стихиялы әрекет екі жақты құн өлшемін жойып, монометаллизм (алтын) биметаллизмді ығыстырады.

   Монометаллизм-  ақша жүйесі. Онда бір металл (алтын  немесе күміс) жалпыға бірдей  балама ретінде әрі бағасы  қымбат металдарға айырбасталған  монеталар мен белгілерді функцмялайтын  ақша айналымының негізі ретінде  қызмет етеді. Алтын монометаллизмі алғаш рет Ұлыбританияда 1897 жылы, Германияда -1871-1873 жж., Жапонияда -1897 ж., АҚШ-та -1990 ж. Белгілейді. Ал, Ресейде күміс монометаллизм жүйесі 1939-1843 жж. Ақша реформасының нәтижесінде енгізілді және бұл жүйе 1952 жылға дейін қолданыста болады.

   Алтынның құн  белгілеріне айырбасталуы сипатына  қарай алтын монометаллизмнің  үш түрі бөліп көрсетіледі:  алтын млнета стандарты, алтын  құйма стандарты және алтын  – девиз (алтын – валюталық)  стандарты.

   Алтын монеталы стандарт еркін бәсекелестік кезеңінің талптарына көп сәйкесіп, өндірістің, несие жүйесінің, әлемдік сауда саттықтың дамуына және капиталдың шетке шығарылуына ықпал етті. Оның негізгі белгілеріне мыналар жатады: толық бағалы алтын монета ел ішінде барлық ақша қызметін орындап, айналымда болады,

  • жеке тұлғалар үшін тіркелген алтын құрамды алтын монеталардың еркін шақалуы ұйғарылады;
  • толық құнды емес алтын ақшаларға олардың көрсетулі құны бойынша еркін әрі шектеусіз айырбасталады;
  • алтын мен шетелдік валюталарды еркін әкетілімі мен әкелімі және еркін алтын нарығының жұмыс істеуі ұйғарылады.

 

 

2.2 Ақшаның айналыс құралы қызметi

 

     Ақша айналыс құралы  қызметiнде тауарларды өткiзудегi  делдал болып табылады.

    Ақша айналысы – бұл  елдегі тауарлық және тауарлық  емес сипаттарына қызмет ететін қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз формаларындағы ақша қозғалысы болып табылады.

    Тауарлар бiр қолдан  екiншi қолға ауыса отырып, өзiнiң  тұтынушысын тапқанға дейiн ақша  үздiксiз қозғалыста болады. Ақша  пайда болғаннан кейiн тiкелей  тауар айырбастау ( Т – Т ) тауар айналысы ( Т – Т ) формасына айналады. Бұнда екi акт бар:

Бiрiншiсi Т – А – ол тауарды сату немесе тауарды ақшаға айырбастау;

Екiншiсi А – Т – ақшаға басқа қажеттi тауарды сатып алу немесе ақшаны тауарға айырбастауды бейнелейдi.

    Ақшаның бұл қызметi тауар айналымына сапалық өзгерiстер енгiздi. Атап айтқанда:

Бiрiншiден, Т – А – процесi өнiм өндiрушiнiң өнiм дайындауға жұмсаған еңбегiн қоғам таныды деген мағынаны бiлдiредi.

Екiншiден, бiр нарықта тауарды сатып, басқа бiр нарықта керек тауарды сатып алуға мүмкiндiк туады.

Үшiншiден, тауарды ақшаға айналдырып ( Т – А ), керек тауарды сатып алуды кейiнге қалдыруға болады.

    Тауар айналысы кезiнде, ақша делдал рөлiн атқарады, ал бұл кездегi сатып алу және актiсi ерекшеленедi, уақыты мен кеңiстiгi сай келмейдi. Сатушы, тауарын сатқаннан кейiн, басқа тауарды сатып алуға әр уақытта асықпайды. Ол тауарды бiр нарықта сатуы, ал басқа нарықтан сатып алуы мүмкiн. Делдал ретiндегi ақшаның көмегiмен уақыт пен кеңiстiктегi өзара сай келмеушiлiк жойылды.

    Өзiнiң құнын өткiзгеннен  кейiн, айналыстан кететiн тауарларға  қарағанда, ақшалар айналыс құралы  ретiнде барлық уақытта осында  қалып отырады және сату –  сатып процесiне қызмет етедi.

Информация о работе Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының тарихы