Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2013 в 14:54, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 4-бабында бюджетке келесідей түсінік берілген: «Бюджет - ол мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның орталықтандырылған ақша қоры». Бюджеттің формасы - қаржылық жоспар, материалдық негізі - орталықтандырылған қор, экономикалық негізі — жалпы экономикалық қарым-қатынас, заңнамалық белсендіруі - заң.

Содержание

Кіріспе .............................................................................................................. 3
Мемлекеттік бюджеттің теориялық негіздері
мемлекеттік бюджеттің маңызы ...................................................... 4
Қазақстан республикасының бюджет жүйесінің экономикалық мәні ......................................................................................................... 7
Мемлекеттік бюджеттің көрсеткіштерін талдау
мемлекеттік бюджеттің кірісін талдау .......................................... 10
мемлекеттік бюджеттің шығысын талдау ................................... 13
мақсатсыз жұмсалған бюджет қаражаттарын талдау ...............18
Қазақстан Республикасының бюджетін болжау және жетілдіру жолдары .................................................................................................... 20
Қорытынды .............................................................................................. 24
Пайдаланылған әдебиеттер ................................................................... 25

Прикрепленные файлы: 1 файл

алмасбек курсовойы.doc

— 136.50 Кб (Скачать документ)

• білім беру;

• денсаулық  сақтау;

• әлеуметтік көмек  және әлеуметтік қамтамасыз ету;

• мәдениет, спорт, туризм және ақпарат кеңістігі;

• тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылығы;

• ауыл, орман, су, балық шаруашылықтары мен қоршаған ор-таны корғау және жер қатынастары;

• өнеркәсіп, құрылыс және жер қойнауын пайдалану;

• көлік және коммуникация;

• басқа да бағыттар.

Осыған сәйкес, бірақ тиісті әкімшілік аумақтарға арналған шығыстар бағыттары төмен  тұрған бюджеттер деңгейлері бойын-ша да қалаптасады. Жергілікті бюджеттер  шығыстарының қалып-тастыру Бюджет кодексімен, нормативті-құқықтық актілермен және тиісті маслихаттар шешімдерімен реттеледі. Биліктің жер-гілікті органдарына аумақтардың экономикалық және қаржылық базаларын пайдалану жөнінде өкілеттік берілген. Әрбір бөлек әкімшілік-аумақтардың экономикалық базасы ретінде жергілікті түрғындардың әлеуметті-экономикалық мұқтаждықтарын қам-тамасыз ету үшін қажетті кірістер көздері болатын меншікті мүлік пен оларға берілген объектілер саналады. Ал қаржылық база бо-лып меншікті бюджеттік құралдар мен жоғары түрған бюджет-терден берілетін ресми трансферттерден қалыптасатын қаржылық ресурстар табылады.

Бюджет жүйесінің  әрбір деңгейінің шығыстар құрамы мен  қалыптасуы әрекеттегі заңнамалық актілермен, тиісті ау-мақ бойынша қаржыландыруы қажет нақты объектілер және олардың іс-әрекеттін қамтамасыз ету үшін қажетті шығындармен анықталады.

Республикалық және жергілікті бюджеттер шығыстарының лимиті бюджеттік жоспарлау жөніндегі  тиісті уәкілетті орган-дармен ағымдағы және даму бюджеттік бағдарламалар үшін қалыптастырылады. Бюджеттің болжамдық көрсеткіштері, бюд-жет құралдарын пайдалануының басымдылық бағыттар көрсет-кіштері, операциялық қалдық мөлшері, орташа мерзімді фискалдық саясатпен белгіленген көрсеткіштер және республика мен ай-мақтар дамуының орташа мерзімді жоспарларымен анықталған көрсеткіштер бюджет шығыстарының лимитін анықтау негіздері болады. Бұл лимиттерді, бюджеттік комиссияда қаралып бекітіл-геннен кейін, бюджет жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдар әрбір бюджеттік бағдарлама әкімшіліктеріне жеткізеді.

Ағымдағы бюджеттік  бағдарламалар үшін бюджет шығыс-тарының  лимитін есептеіенде келесілер  қолдалынылады:

• ағымдағы бюджеттік  бағдарламалар бойынша шығьюдар-дың  жалпы сомасы (бюджеттік субвенциялар мен алымдар-ды қоса);

• бекітілген натуралды нормалар;

• тиісті қаржы  жылдағы ағымдағы бюджеттік бағдарламалар  көлемі;

• орташа мерзімді фискалды саясатта анықталған бюджет шығыстарының өсуі немесе төмендеуі:

• ағымдағы қаржы  жылда аяқталатын ағымдағы бюджеттік  бағдарламалар (оларды алып тастау).

Даму бюджеттік  бағдарламалар үшін шығыстар лимиті бағ-дарламалар әкімшіліктері арасында бөлігібей анықталады және оның көлемі бюджеттің барлық шығыстарының жалпы  болжамдық көлемі мен ағымдағы бюджеттік  бағдарламалар бойы анықталған бюджет шығыстар лимитінің жалпы көлемі арасындағы айырмасы ретінде есептеледі.

Үкімет тағайындаған мерзімде бюджеттік бағдарламалар  әкім-шіліктері бюджет жоспарлау  жөніндегі уәкілетті органға  бюджет-тік өтініш (заявка) ұсынады. Бюджеттік өтініш - ол бюджеттік  бағдарламаларды дәлелдеу мен оларды қаржыландыру сомасын анықтау үшін қажетті және бюджеттік бағдарламалар әкімшілігі жыл сайын жасап ұсынатын құжаттар жиынтығы. Бюджеттік өтініштерді құрудың негізгі мақсаты - ол бағдарламаны орындау нәтижесі мен қажетті ресурстар жөніндегі сандық және қаржылық ақпарат базасы арқылы болжамдық мезімге бюджеттік бағдарламалар тавдау және олардың нәтижелігі мен тиімділігін бағалау.

Бюджеттік өтініш аймақтың әлеуметті-экономикалық дамуы-ның  орташа мерзімді жоспары, тиісті мерзімдегі мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламалар негізінде құрылады. Оның мәліметтері бағдарлама жөнінде нақты және толық ақпараттарды көрсетуі тиіс. Бұл өтінішті бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері ағымдағы және даму бюджеттік бағдарламалар үшін бекітіл-ген шығыстар лимиті мөлшері мен тиісті бюджеттік комиссия анықтаған тиісті бюджеттен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар тізімі мен көлемі негіздерінде құрады. Республикалық немесе жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшілігі тек қана бір бюджеттік өтініш құрады.

Бюджеттік өтініш келесі бөлімдерден түрады:

• бюджеттік  бағдарламалар тізімі және шығындар сомасы;

• әрбір бюджеттік  бағдарламаға түсіндірме хат;

• бюджеттік  өтінішке кірген әрбір бюджеттік  бағдарламаның паспортының жобасы.

Бюджеттік өтініш бағдарламаларды қаржыландыру жоспары  мен қаржыландырудың жиынтық  жоспарын құру үшін негіз болып табылады. Шығыстарды қайта құрылымдау аумағындағы бюджеттік саясат экономиканың әр салаларына мемлекет қатысуының са-лыстармалы тиімділігіне баға беру мен мемлекетке жөнді және қасиетті емес бағыттарда қатынасуын бюджет құралдары арқылы қаржыландыруды азайтуға негізделеді. Бұл саясат бюджет құ-ралдарын шоғырландырып, мемлекеттің ағымдағы міндеттеме-лерін атқарумен бірге экономика дамуының басымды бағыттарын шешуге мүмкіндік береді.

      1. Мақсатсыз жұмсалған бюджет қаражаттарын талдау

Мақсатсыз жұмсалған  бюджет қаражаттарының есебін жасау және ревизиялық есептемелер жүргізу  көбіне осы саланы бақылау есебі негізінде жүргізіледі. Бақылаудың басты мақсаты мақсатсыз жұмсалған қаржылардың есебін анықтау ғана емес, сонымен қатар осы қаржылардың есепсіз жұмсалуын болдырмау. Демек, мемлекеттік бақылаудың басты мақсаты да осы. Мемлекеттің ақша ресурстарының жасалуы, бөлісуі және пайдалануы бойынша іс-әрекет нормативті-құқықтың актілерге негізделеді және олармен реттеледі. Осы іс-әрекеттің заңдылығын қамтамасыз етудің маңызды және қажетті құралы болын мемле-кеттік бақылау және оның құрылымдық бөлігі қаржылық бақылау болып табылады. Қаржылық бақылаудың маңызы мен қажет бо-луы негізінде ақша құралдары қорын жасалуы, бөлісуі мен пай-далануына байланысты экономикалық қатынастарды әлпеттейтін және экономикалық категория болатын қаржыларын бақылау функциясымен дәйектеледі.

Бюджеттік кодексте қаржылық бақылауға мынадай түсінік  беріледі: «Мемлекеггік қаржылық бақылау (сыртқы және ішкі) -ол мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінің республикалық  және жергілікті бюджеггерді атқару, есебі мен атқару жөнінде есептілік жүргізу, оларды атқаруын бағалау, гранттарды, мемле-кет активтерін, мемлекеттің кепіліндегі заемдарды, мемлекеттік мекемелердің тауарлар (жұмыстар, қызметтер) сатудан түскен және олардың билігінде қалатын ақшаларды пайдалану бойын-ша іс-әрекетін Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкестігін тексеру».

«Мемлекеттік  қаржылық бақылау объектісі» ұғымына  ҚР Үкіметі, жергілікті атқарушы органдар, бюджет түсімдерін телету мен бақылауына жауапты мемлекеттік органдар, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер, олардың ведомстволық ұйымдары, бюджет құралда-рын алушылар, мемлекеттің гранттарды, активтерді, мемлекеттің кепіліндегі заемдарды пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар жатады.

Негізінде қаржылық бақылауды іске асыру, біріншіден, барлық шаруашылық субъектілердің қаржылық заңнамалар мен қаржылық тәртіпті сақтауларын  бақылау женіндегі арнайы құрылған орган-дардың заңнамалы реттелген  іс-әрекетін маңыздайды. Екіншіден, қаржылық бақылау- ол қажеттілігі қоғамдық дамудың объективтік мүқтаждарымен дәйектелген қаржылық процестерді басқарудың міндетті элементі және маңызды функцияларының бірі, себебі қоғамдық қаржы құралдарын басқару қоғамныц алдында өзінің жауапкершілігін құштар етеді.

Қаржылық бақылаудың негізгі мақсаты - бюджетке ақша құ-ралдарынын, түсуін максималдау, оларды ашық түрде  иайдала-нуын қамтамасыз ету және мақсатсыз  жүмсамауды жібермеу. Осы негізгі  мақсатты және қаржылық бақылаудың мазмұнын келесі мәселелерді шешу ашып көрсетеді:

• бюджетке құралдардың  толық және өз уақытында түсуін тексеру;

• бюджет құралдарын тиімді, мақсатты және үнемді пайдала-нуын тексеру және талдау;

• қаржылық бақылау  объектілерінің қаржылык міндеттеме-лерін  орындауды тексеру;

• қаржылық бақылау  объектілерінің қаржылық тәртіп пен  қаржы операциялар тәртібінің, ақша құралдардың есепте-мелері мен сақтауының орындалуларын тексеру.

Қаржылық бақылаудың маңызы, бір жағынан қаржылық бақылау  объектілерінің қаржылық іс-әрекетте заңнамалы белгі-ленген тәртіпті сақтауды тексерумен, екінші жағынан осы объек-тілердің жүргізіп жатқан қаржы операцияларының тиімділігі мен экономикалық қажеттілігін, олардың қоғам, жалпы мемлекет мақсаттарына сәйкестігін тексерумен дәйектеленеді.

Басқару жүйесінің қажетті бөлігі болып табдылатын қаржылық бақылауды жүргізу - бақылау объектілерінің нақты ахуалы жөнінде толық ақпарат алуға мүмкіншілік береді. Ал мұндай ақпарат арқылы объектілердің іс-әрекет нәтижелерін бағалауға, жіберілген ауыткулар мен олардың салдарын, жалпы айтқанда басқарушылық шешімдердің тиімділігін анықтауға болады.

Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесінің дамуы мен  жетіл-діруі республикада халықаралық  тәртіптерге сәйкес, бірақ ¥лттық экономиканың даму ерекшеліктері мен  әр түрлі деңгейдегі мемле-кеттік органдардың іс-әрекеттерін есептей отырып және әрекеттегі әдіс-тәсілдерді, құралдар мен әдістемелік шешімдерді сақтаумен іске асырылады.

Мемлекеттік қаржылық бақылау өз алды билік пен басқарудың арнайы органдарының мемлекеттік қаржы  ресурстарын қалып-тастыруына байланысты ақша құралд арының қозғалысын, олардың толық және өз уақытында түсуі мен мақсатты пайдалануын тексе-руді іске асыру үшін экономикалы-құқықтық барлығы әрекеттерін көрсетеді. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың зацнамалық негіз-дері Конституцияда бекітілген және Бюджеттік кодекстің арнайы ережелерімен реттелген.

    1. Қазақстан Республикасының бюджетін болжау және жетілдіру жолдары.

  2007 жылдың екінші жартысында басталған әлемдік қаржы нарықтарындағы тұрақсыздық, шетелдің ірі банктерінің банкротқа ұшырауына және биржалық баға белгіленімінің түсуіне әкелген әлемдік қаржы нарығындағы кезекті сілкініс толқыны әлемдік экономиканың баяулауына және іскерлік белсенділіктің төмендеуіне ауысып кетті. Бұл, өз кезегінде, сұраныс пен тұтынудың қысқаруына себепші болды және мұнайға, металлдар мен басқа да ресурстарға әлемдік бағаның түсуіне алып келді. Тауар нарықтарынан алыпсатарлық капиталдың кетуі орын алды.

Орта мерзімдік  кезеңде әлемдік қаржы дағдарысынан болған жарандық қаржы нарықтарын түзету, инвесторлардың шығындарын азайту мақсатында әлемдік капиталды қайта бөлу болады.

2009 жылы әлемдік  экономиканының құлдырауы болжанады.  ХВҚ 2009 жылғы әлемдік экономиканың  өсімі бойынша қаңтар болжамын 0,5 %-дан (-1,0) % – (-0,5) % құлдырау жағына  қарай қайта қарастырды.

2010 жылдан бастап  әлемдік экономиканың өсу қарқынының  біртіндеп жоғарылауы болжануда.

Әлемдік экономиканың даму перспективаларын ескере отырып әлемдік тауар нарықтарында бағалардың күрт өсуі күтілмейді.

АҚШ-тың Энергетика департаментінің болжамдық деректеріне сәйкес 2008 – 2015 жылдар кезеңінде табиғи газ бен көмірге әлемдік бағалар үлкен өзгеріске ұшырамайды. Мұнайға келетін болсақ, тұтастай алғанда бұл шикізатқа бағаның елеулі төмендеуі күтілмейді.

2009 – 2010 жылдары,  халықаралық қаржы институттарының бағасы бойынша, әлемдік қаржы нарықтарында өтімділік тапшылығы мәселесі сақталады.

Әлемдік экономиканың даму жағдайлары және Қазақстан экономикасының сыртқы даму шарттары әлемдік экономиканың серпініне, мұнайға әлемдік бағаның  деңгейіне және әлемдік қаржы нарықтарындағы жағдайға байланысты дамудың үш нұсқасын қарастыруға мүмкіндік береді.

 

1-нұсқада орта мерзімдік кезеңде әлемдік тауар және қаржы нарықтарындағы жағдайдың нашарлауы бөлігінде тым пессимистік болжамдар болжанады.

Бұл сценарий бойынша  мұнайға (Brent) әлемдік баға 2009 жылы барреліне 25 АҚШ доллары деңгейінде, ал 2010 – 2013 жылдары – 40 АҚШ доллары деңгейінде болады. Металлдарға әлемдік бағалар 2008 жылдың деңгейінен 50 %-ға төмен болады.

Әлемдік қаржы  нарықтары сыртқы қарыз алу үшін жабық болады.

2-нұсқа әлемдік тауар және қаржы нарықтарында жағдай тұрақталады деп болжайды.

Мұнайға әлемдік  баға 2009 жылы барреліне 40 АҚШ доллары, ал 2010 – 2013 жылдары – 50 АҚШ доллары  деңгейінде болады. 2009 жылы металлдарға  әлемдік бағалар орта есеппен 30 – 40 %-ға төмендейді, кейіннен 2010 – 2013 жылдарда әлемдік баға деңгейі 8 – 10 %-ға көтеріледі.

Сыртқы қарыз  алу жағдайлары жақсарады.

3-нұсқа  бойынша мұнайға әлемдік баға 2009 – 2013 жылдары барреліне 60 АҚШ доллары деңгейінде болады.

Әлемдік қаржы  нарықтарындағы жағдай жақсарады, екінші деңгейдегі банктердің сыртқы қарыз алуына кең жол ашылады.

Әлемдік экономикадағы  және әлемдік тауар нарықтарындағы ағымдағы жағдайды ескере отырып, 2-нұсқа ең ықтимал болып көрінеді. Экзогенді өлшемдердің негізгі мазмұны осы нұсқа бойынша дамудың қалыптасқан үрдісіне жақын.

Информация о работе Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің дамуы