Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2013 в 14:54, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 4-бабында бюджетке келесідей түсінік берілген: «Бюджет - ол мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның орталықтандырылған ақша қоры». Бюджеттің формасы - қаржылық жоспар, материалдық негізі - орталықтандырылған қор, экономикалық негізі — жалпы экономикалық қарым-қатынас, заңнамалық белсендіруі - заң.

Содержание

Кіріспе .............................................................................................................. 3
Мемлекеттік бюджеттің теориялық негіздері
мемлекеттік бюджеттің маңызы ...................................................... 4
Қазақстан республикасының бюджет жүйесінің экономикалық мәні ......................................................................................................... 7
Мемлекеттік бюджеттің көрсеткіштерін талдау
мемлекеттік бюджеттің кірісін талдау .......................................... 10
мемлекеттік бюджеттің шығысын талдау ................................... 13
мақсатсыз жұмсалған бюджет қаражаттарын талдау ...............18
Қазақстан Республикасының бюджетін болжау және жетілдіру жолдары .................................................................................................... 20
Қорытынды .............................................................................................. 24
Пайдаланылған әдебиеттер ................................................................... 25

Прикрепленные файлы: 1 файл

алмасбек курсовойы.doc

— 136.50 Кб (Скачать документ)

Қ Р  Білім және ғылым министірлігі

Қазақстанның  гуманитарлық заң университеті

«Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар» жоғарғы  мектебі

 

 

 

 

 

 

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің дамуы

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: КФССП -202 тобының студенті:  Туғанбай А

Ғылыми  жетекші:

Шойымбаева  С.А

 

 

 

Астана, 2012 ж.

 

      Кіріспе .............................................................................................................. 3

  1. Мемлекеттік бюджеттің теориялық негіздері
    1. мемлекеттік бюджеттің маңызы ...................................................... 4
    2. Қазақстан республикасының бюджет жүйесінің экономикалық мәні ......................................................................................................... 7
  2. Мемлекеттік бюджеттің көрсеткіштерін талдау
    1. мемлекеттік бюджеттің кірісін талдау .......................................... 10
    2. мемлекеттік бюджеттің шығысын талдау ................................... 13
    3. мақсатсыз жұмсалған бюджет қаражаттарын талдау ...............18
  3. Қазақстан Республикасының бюджетін болжау және жетілдіру жолдары .................................................................................................... 20

Қорытынды .............................................................................................. 24

Пайдаланылған әдебиеттер ................................................................... 25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазақстан Республикасының  Бюджеттік кодексінің 4-бабында бюджетке келесідей түсінік берілген: «Бюджет - ол мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның орталықтандырылған ақша қоры». Бюджеттің формасы - қаржылық жоспар, материалдық негізі - орталықтандырылған қор, экономикалық негізі — жалпы экономикалық қарым-қатынас, заңнамалық белсендіруі - заң.

Бюджет әр мемлекетке өзінің экономикалық, әлеуметтік және саясаттық функцияларын орындауға  объективтік ақшалай түрде қажетті. Бюджет қай мемлекеттікі болмаса  да мазмұндары бірыңғай категориялардан  қалыптасады, яғни салық, займдар, шығын  және тағы басқалары, сонымен қатар олар бір қоғамдық-экономикалық формациядан басқа формацияға ауысса да өздерінің мазмұнын өзгертпейді. Дәл осы ұғым бюджетті экономикалық категория деп дәлелдейді. Сондықтан, бюджеттің экономикалық түбі басқа да экономикалық категорияларға сай ақша түріндегі және соған сәйкес материалды негізі бар өндірістік қарым-қатынаста жатыр.

Бюджет қаржы  жүйесінің орталық тізбегі болғандықтан, ол сол қаржының барлық негізгі, сапалы сипаттамаларына сай. Басқаша айтқанда, егерде «қаржы» жалпы ақша қарым-қатынас жүйесі болса, яғни мемлекеттік орталықтандырылған ақша қорын қалыптастыру және пайдалану процесі, онда «бюджет» өз алдына ақша қарым-қатынас жүйесін құрады, яғни бюджеттік қорды қалыптастыру және пайдалану процесі. Бюджеттік қор көптеген қоғамдық қажеттілік шығындарды (әлеуметтік, қорғаныс, т.б.) қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры. Экономикалық әдебиет (заңдар, монографиялар, оқулықтар, ғылыми мақалалар) беттерінде «бюджет» термині әр түрлі үғымда пайдаланады, мысалы, ақша қаражаттарының кірісі мен шығысы формасында немесе ақша қаражаттарының негізгі орталықтандырылған қоры ретінде. Осыған қоса, әдебиетте мемлекеттік бюджетке тағы да келесідей анықтама берілген: бюджет - ол қаржылық жоспар; бюджет - ол басқарушылық жоспар; бюд-жет - ол заңнамалық құжат; бюджет - ол коммуникация құралы; бюджет - ол бюджеттік салық саясатты дәлелдейтін құжат деген. Бірақ, бюджеттік салық саясатының мазмұны өте кең, себебі оған мемлекеттік басқару органдарының негізгі функциялары, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен фискалдық саясаттың көрсеткіштері, бюджеттің көрсеткіштері тағы басқа көрсеткіштер мен ережелер кіреді.

    1. Мемлекеттік бюджеттің теориялық негіздері
      1. мемлекеттік бюджеттің маңызы

Құндылық бөлудің  айрықша аумағы ретінде бюджет арнайы қоғамдық міндет атқарады, яғни ол жалпы мемлекеттік мүдделерді қаражаттандыруға қызмет етеді. Бюджет қаражаттары арқылы өндірістің дамуы мен үлғайтуының шығыстары, ғылыми-техникалық пен қоғамдық өндірістің салалық және аумақтық құрылымын жетілдіру қаражаттандырылады, ұжымдық шығындар (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала) және басқа да шығындар қамтамассыз етіледі.

Құндылық бөлудің  айрықша аумағы ретінде бюджет келесі арнайы белгілермен сипатталады:

1. Бөлулік қарым-қатынастың  айрықша экономикалық формасы, яғни мемлекет тарапында жалпы ішкі өнімнің бөлігін жинау және оны қоғамдық мүддені қамтамасыз етуге пайдалануға арналған;

2. ¥лттық экономика  салалары, аумақ, экономика секторлары  қоғамдық іс-әрекет салалары арасында  құндылықты қайта бөлуге арналған;

3. Құндылық бөлудің  ерекше бір кезеңін атқарады, яғни жалпы қаржылық қарым-қатынас  тауарлық-ақша қарым-қатынаспен  тығыз байланысты болса, бұл  арада құндылық бөлу тауарлы  формадағы ішкі өнім қозғалысымен  тікелей байланыста емес және  одан белгілі мөлшерде бөлек атқарылады;

4. Бюджеттік  бөлу пропорциялары мен формалары  әрбір тарихи кезенде мемлекеттің  әлеуметтік-экономикалық дамуының  сұраныстары мен міндеттемелері  бойынша анық-талады;

5. Бюджеттік  бөлу аумағы қаржы жүйесінің  басқа да тізбектерімен өзара тығыз байланыста, бірақ олардың арасында бюджеттік бөлу бастапқы жағдайда, себебі ол экономиканың құндылық құрылымы мен экономикалық және әлеуметтік дамудың негізгі бағыттарын ақша қаражаттарымен қамтамасыз етуге әсер етеді.

Жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік бюджет басқа да бір экономикалық категория сияқты өндірістік қарым-қатынасқа негізделеді және өзіне сай материалды-құндылық түрі бар, яғни бюджеттік қарым-қатынас материалды түрде орталықтандырылған ақша қаражаттар қоры - бюджеттік қорда болады. Бұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің жинап және пайдаланып жатқан ақша қаражаттары көлемі арқылы көрінеді. Бюджеттік қор (бюджет ресурстары) - ол мемлекет тарапына, оның жалпымемлекеттік функцияларын орындауға арналған, құндылык бөлу сатыларын өткен, объективтік экономикалық формадағы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс қозғалысының белгілі бір бөлігін құрайды. Бюджеттік қорды қалыптастыру мен пайдалану - құндылықты бөлу мен қайта бөлуге байланысты сол құндылықтың қозғалыс процесін керсетеді.

Бюджеттік іс-әрекет жүргізу мемлекеттің орталықтандырылған ақша қаражаттары қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты және ерекше экономикалық, ұйымдастырушылық формаларды қолдану негізінде жүргізіледі. Экономикалық формалар түсінігі ретінде жалпы ішкі өнімді құндылық бөлу процесінің бір жақтарын объективтік түрде керсететін бюджеттің кіріс және шығыс категориялары айтылады. Бұл категориялар өз алды арнайы қолданылады, яғни кіріс - мемлекетті бюджеттік ресурстармен (қажетті ақша қаражаттарымен) қамтамассыз етуге арналған, ал шығыс - жалпымемлекеттік функциялар орындауды қаражаттандыруға бюджеттік ресурстарды бөлуге арналған.

Бюджет іс-әрекетінің ұйымдастырушылық формалары ретінде  кірістің түсуінің нақты түрлері, олардың  көлемін анықтайтын әдістер, бюджет тапшылығы мен оның шығыстарының көлемін есептейтін тәсілдер пайдаланады. Негізінде, бұл мемлекеттің арнайы заңнамалық актілер қабылдау арқылы реттейтін бюджеттік қарым-қатынастың белгілі формалары.

Алайда, мемлекеттік  бюджет ішкі өнімді құндылық бөлу мен қайта бөлу процесіндегі мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа да қатысушылар арасында болатын ақша қарым-қатынасқа байланысты экономикалық категория. Бұл қарым-қатынас мемлекет ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру және оны экономиканың дамуы мен қоғамдық мүдделерді қамтамассыз етуге пайдалану жолдары арқылы іске асырылады.

 «Бюджет»  деген көптеген ұғымға сүйене  отырып, ол келесідей түсініктемелерден  қалыптасады деп айтуға болады:

• ол өз алдында  жеке бір экономикалық категория;

• ол мемлекеттің  ақша қаражаттарының орталықтандырылған қоры;

• ол экономиканы  реттеуге арналған құрал (бюджеттік  механизм арқылы);

• ол мемлекеттің  негізгі қаржы жоспары;

• ол барлық бюджеттік  қарым-қатынасқа қатысушылар міндетті түрде орындайтын заң.

Бюджет экономикалық қарым-қатынасқа негізделгендіктен  объективтік түрде сипатталады. Өз алды бюджеттік сала болуы адамзаттың субъективтік пікіріне байланысты емес, ең алдымен ол қоғамдық өндірістің дамуына керекті орталықтандырылған ресурстарға, мемлекеттің табиғаты мен функцияларынан туатын объективтік қажеттілікке байланысты. Ақша қаражаттары ресурстарын орталықтандырудың экономикалық және саясаттық мәні өте зор, себебі олар мемлекеттің жоспарлаған шараларын іске асырудың негізгі құралы, біріккен экономикалық және қаржылық саясатты жүргізуге қажет болып табылады.

Сондықтан, Бюджет кодексінде мемлекеттік бюджетке мынадай  түсінік берілген - ол «республикалық және жергілікгі бюджеттердің арасындағы қарама-қарсы өтеу операцияларын  есептемегенде сараптамалық ақпарат ретінде пайдаланатын және бекітуге жатпайтын қосындысын құрайтын жалпы бюджет». Сонымен қатар, «мемлекеттік бюджет» термині — мемлекет құрастыратын және басқаратын орталыктандырылған бюджеттік қор мағынасында да пайдаланады.

Бүгінгі күнгі мемлекеттің бюджеті қаржылық қарым-қатынастағы әр түрлі қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қалыптастыратын күрделі және көп міндет атқаратын құрал. Бюджет арқылы орталық пен аймақтар арасындағы әлеуметтік шығындар мен салық бөлу, еңбекақы мен кіріс жөніндегі ымыраға (компромисс) келеді, бюджеттік дотациялар мен трансферттер бөлу арқылы мемлекет орталық және жергілікті мүдделерді қалыптастырып іске асырады. Ал бюджет экономикалық құжат ретінде қоғамның саясаттық және әлеуметтік дамуын көрсетеді.

 

      1. Қазақстан республикасының бюджет жүйесінің экономикалық мәні

Мемлекеттік бюджеттің  экономикалық маңызы жалпы қаржы  қасиеттерімен сипатталады, яғни экономикалық маңызды әлпеттейтін әдіс жалпы  қаржы мен оның тізбектерінде  біртиптік функцияларға сәйкес. Сондықтан, мемлекеттік бюджет, барлық қаржы жүйесі секілді бөлу және бақылау функцияларын атқарады. Сонымен қатар, «қаржы» категориясына қарағанда бюджет ерекше категория, оған келесі негізгі функциялар атқаруы тәнті:

• ¥лттық табысты  қайта бөлу;

• әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету;

• экономиканы  реттеу мен ынталандыру;

• ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру мен пайдалануын бақылау.

Ұлттық табыс  пен жалпы ішкі өнімдердің құндық бөліс құралы ретінде мемлекеттік  бюджет осы функция арқылы өзінің экономикалық маңызын тікелей әлпеттейді. Бөліс функция арқылы мемлекет ауқымында ақша қаражаттарын орталықтандыру мен оны жалпымемлекеттік мүқтаждықты қанағаттындыруға пайдалану іске асырылады. Ал бақылау функциясы мемлекет тарапына уақытында және толық қаржы ресурстар түсуі, орталықтандырылған қаражаттар бөлуіндегі пропорциялар жағдайы, сол қаражаттар үнемді және тиімді пайдалану жөнінде мәлімдейді.

Мемлекеттік бюджеттің  бөлу мен бақылау функциялары  бір бірінен бөлек емес, неғүрлым бірігіп, бір уақытта іске асырылады, себебі бұларда бюджеттік қарым-қатынастың барлық жағы бейнеленеді.Бөлу функцияның мазмұны қоғамдық іс-әрекет салалары, аумақтар, экономика салалары арасында қаржы ресурстарды қайта бөлу процесімен анықталады. Бюджеттен басқа бір де бір құндылық бөлу категориялар ақша қаражаттарын осындай көп аспектіні қайта бөлу мен экономикалық басқарудың әр деңгейінде іске асыра алмайды.Салааралық қайта бөлу, бір жағынан, занды және жеке тұлғалар бюджетке енгізетін салықтар мен төлемдерге, ал екінші жағынан, бюджеттік қаражаттар арқылы әр түрлі инвестициялық бағдарламалар, айналыс құралдар, операциялық және басқа да шығындарды қаражаттандыруға негізделеді. Аумақаралық қайта бөлу лайықты мемлекеттік билік органдарына салықтар мен кірістер бекіту және бюджеттік реттеудің әр түрлі формалары арқылы жүргізіледі. Мұндай әдіс әрбір әкімшілік-аумақтық бірлікте оның дамуын еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына сәйкес қамтамасыз ететін бюджеттік қор қалыптастыруын қамсыздандырады.

Ақша қаражаттарын өндірістік және өндірістік емес салалар арасында қайта бөлу материалдық өндіріс кәсіпорындардың қаржы ресурстарының бір бөлігін алу арқылы іске асырылады. Содан кейін өндірістік емес сала мекемелерін бюджеттік қаржыландыру жүргізіледі Мұндай бюджеттік қаржыландырудың ұлттық табысты пайдалануының құрылымын қалыптастыруда рөлі өте зор, себебі мемлекеттік бюджет экономика секторлары арасында ұлттың табысты қайта бөлудің маңызды құралы болып табылады. Әрине, қазіргі уақытта ақша қаражаттарының басым жағы орталықтандырылған қорға мемлекеттік сектордан түседі, бірақ жалпымемлекеттік қажеттілікті қамтамасыз етуге жеке кәсіпкерлер мен экономиканың мемлекеттік емес саласының басқа да субъектілердің қаражаттары тартылады. Бөлу функцияны ішкі өнімнің бәлінген құнын қайта бөлуге пайдалануының кең тарауы бірден мемлекеттік бюджет арқылы ұлттық табыстың белгілі бір бөлігін бірнеше қайта бөлуге әкеледі. Ақша қаражаттарының ағыны бюджетпен кәсіпорындардың өзара қатынастарының өзгерістері арқылы ең алдымен өзара байла-ныстарды өзгертеді, сонымен қатар бюджеттің экономикаға тигізетін әсерінің дәрежесін тек сандық үйлесімдермен анықтамай, олардың экономика процестерінің дамуы мен еліміздің қаржы ресурстарының өсуіне әсерлі болады. Сондықтан, бюджеттің белу функциясы экономиканың құндық құрылымын реттеуде, салалық және аумақтық үйлесімдерді жетілдіруде, мемлекет ішіндегі және мемлекетаралық деңгейдегі интеграциялық процестерді үлғайтуда кеңінен пайдаланады.Бөлу функциясының әрекет ету шекарасы бюджетпен қатынасқа түсетін қоғамдық әндірістің барлық қатысушылар мен экономиканың барлық салаларымен анықталады. Бюджеттік бөлудің негізгі объектісі болып қосымша өнім (таза табыс) табылады, бірақ бюджет арқылы керекті өнімнің де бір бөлігі қайта бөлінуі мүмкін, мысалы, материалдық өндіріс жүмыскерлерінің салықтық төлемдері және оларды пайдалануы.

Информация о работе Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің дамуы