Ақшаның экономикалық мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 20:17, курсовая работа

Краткое описание

Ақша тауар өндірісінің дамуындағы бірден – бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.

Содержание

Кіріспе
І. Ақшаның түсінігі және экономикалық мәні
1.1. Ақшаның түсінігі мен оның формасы
1.2. Ақшаның қажеттігі және шығу тегі

ІІ. Ақшаның қызметтері
2.1. Құн өлшемі қызметі
2.2. Айналыс құралы қызметі
2.3. Төлем құралы қызметі
2.4. Қор және қазына жинау құралы қызметі
2.5. Дүниежүзілік ақша қызметі
III. Ақшаның экономикалық мәні
IV. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

КУРСОВАЯ!!!!!!!!!!!!!!!!!!! (2).doc

— 155.50 Кб (Скачать документ)

Ақшаның экономикадағы  рөлі тауарларды , қызметтерді сату – сатып алу бойынша экономикалық қарым-қатынастар субъектілері арасында келісімдік міндеттемелердің орындалуын бақылау құралы ретінде айқындалады , яғни ақша арқылы өндірістік және саудалық қызметті жақсы ұйымдастыруға қатысты жабдықтаушылар мен сатып алушылардың материалдық жауапкершілігі артады.

   Мемлекеттер экономикасын  ақшалай-несиелік реттеудегі ақшаның  рөлі жоғары , онда бұл реттеу ақшаның монетаристік теориясына негізделеді. Әрбір елде жыл сайын орталық банк тарапынан ақша массасын өлшеудің ақшалай бағыт-бағдары белгіленеді , соған сәйкес ақша – несие құралдары көмегімен оны реттеу жүзеге асады. Мұндай ақша – несиелік реттеудің мақсаты – ақша массасының өсуін тежеу , инфляцияны болдырмау , елдегі ЖІӨ-нің өсуін ынталандыру.

Осылайша , ақша экономикада  өте маңызды рөлді атқарады: ол трансакциялық шығындарды төмендету  есебінен экономиканың жеңіл қозғалысы  жүзеге асады , ол еңбектің мамандануы мен бөлінісін ынталандырады.

 

 

                                 

 

 

 

                                          

                                              Қорытынды

Сөйтіп, ақшалар ертеден  адамзаттың пайда болуымен қатар  өмір сүріп келеді десе болады. Тауар айналысының тарихи дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл бұйымдары және т.б. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттігінің себептерін түсіндіреді.

Экономикалық категория  ретінде ақшалар өндіріс және бөлу процесінде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелейді. Бұл жерде ақша бес түрлі қызмет атқарады: Құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау және қорлану құралы, дүниежүзілік ақшалар.

Ақшаның өзінде, сондай –  ақ олардың қызметтерінде жылдар бойы өзгерістер болды. Егер де бұрындары  сатып алу – сату процесі жалпыға  бірдей эквивалентпен алтынмен жүргізілсе, бұл күндері қағаз және несие  ақшалармен жүзеге асуда. 

 Ақша құн өлшемі  ретінде. Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни, бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі – ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.

   Ақша айналыс құралы. Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады.

Тауарлар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып, өзінің тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады.

 Ақша төлем құралы. Тауар айналысы ақша қозғалысымен  байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.

Егер тауар мен ақшаның қарама – қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.

Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен қатар қаржы  – несие қатынастарына да қызмет етеді.

Дүниежүзілік ақша қызметі. Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы дүниежүзілік нарықтың пайда болуы дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуы дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халықаралық төлем және сатып алу құралы ретінде қызмет етеді.

Бұл қызметтің толық  бағалы ақшалар, ал кейіннен нағыз ақшалар  атқарды. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін алтынға бекітті.

Қазіргі уақытта дүниежүзілік несиелік ақшалардың жобалары жасалуда, бірақ одан әлі нәтиже жоқ. Енгізілген шарты есептесу бірліктерінің (СДР, ЭКЮ) өзіндік меншікті құндары жоқ, сондықтан да олар толыққанды түрде  дүниежүзілік ақшаның қызметін атқара алмайды. Бұл қызметті тек қана алтын нарығындағы операциялар арқылы алтын атқарады.

 

 

 

                 

 

                       Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

  • Ғ.С.Сейтқaсымoв.

 “Aқшa, несие, бaнктеp”, – Aлмaты: Экoнoмикa, 2005 ж;

 

  • Көшенoвa.Б.

      “Aқшa, несие, бaнктеp”, – Aлмaты, 2001ж.;

 

  •  Мaқыш.С.Б. “Aқшa aйнaлысы және несие”, – Aлмaты: 2004ж.;

 

  •  Ақша, несие, банктер теориясы: Оқулық. — Алматы: Жеті жарғы, 2011. ISBN 978-601-288-026-7;

 

  •  Қазақ ұлттық энциклопедиясы.

 

  • Көшенова Б.”Ақша, несие, банктер және валюталық қатынастар.”

 

  • Мaқыш.С.Б. “Кoммеpциялық бaнктеp oпеpaциялapы”,–Aлмaты: 2004ж.

 

  • Ысқaқoвa. З.Д. “Бaнк ісі”, – Қapaғaнды, 2005 ж.

 

  •   Ысқaқoвa. З.Д.“Бaғaлы қaғaздap нapығы”, – Қapaғaнды, 1998 ж.

 

  •  Ілиясoв Қ., Құлпыбaев “ Қapжы ”, – Aлмaты, 2005ж

 

  • Қаржы-экономика сөздігі. – Алматы: ҚР Білім жэне ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007.

 

  • В. Д. Мелинкoв “ Oснoвa финaнсoв ”, - Aлмaты, 2005 ж
  • С. С. Сaхapиев “ финaнсы ”, – Aлмaты, 2004 ж.

 

  • Қаржы- қаражат журналдары.

 

 

  • Я. A. Дoбoдинoй “ Денежнoе oбpaщение” финaнсы. ЮНИТИ, 1999 ж

 

  • В. Кoлесинкoвa “ Бaнкoвскoе делo ”, 1997ж.

 

 

  • В. Кoлесинкoвa “ финaнсы и стaтистикa ”, 1996ж.

 

 

 

 

 


Информация о работе Ақшаның экономикалық мәні