Ақшаның экономикалық мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 20:17, курсовая работа

Краткое описание

Ақша тауар өндірісінің дамуындағы бірден – бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.

Содержание

Кіріспе
І. Ақшаның түсінігі және экономикалық мәні
1.1. Ақшаның түсінігі мен оның формасы
1.2. Ақшаның қажеттігі және шығу тегі

ІІ. Ақшаның қызметтері
2.1. Құн өлшемі қызметі
2.2. Айналыс құралы қызметі
2.3. Төлем құралы қызметі
2.4. Қор және қазына жинау құралы қызметі
2.5. Дүниежүзілік ақша қызметі
III. Ақшаның экономикалық мәні
IV. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

КУРСОВАЯ!!!!!!!!!!!!!!!!!!! (2).doc

— 155.50 Кб (Скачать документ)

Жекелеген адамдар сияқты , мемлекет алтын қоры және халықаралық резерв қоры түрінде  қорландыру қорын құрады , ол оған салыстырмалы экономикалық тәуелсіздікті кепілдейді , яғни мемлекет кез келген сәтте өзінің халықаралық міндеттемелері бойынша есеп айырысады.

2005 жылдың 1 қаңтарына  қарай Халықаралық резервтік қор 8 млрд доллардан асты. Мұндай резервтерге ұлттық қор да кіреді , ол 5,3 млрд долларды құрады.

Алтынды айналымнан шығару нәтижесінде оның жинақ және қазыналық  құрал ретіндегі рөлі төмендегенімен , алтын әлі де қазына құралы ретінде қолданылады. Алтын резервтерінің көлемі елдің байлығын көрсетеді және басқа елдер мен инвесторлардың осы елге деген сенімін қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде алтынның ең үлкен қоры – АҚШ-та 260млн тройск унциясы , (1 тройск унциясы -31,1г.), Германияда – 120 , Францияда – 102 , Ресейде – 150 млн тройск унциясы бар.

         Капиталистік қоғамдық формацияға дейінгілер үшін байлықты «таза қазына» формасында жинақтау, яғни ақшаның қарапайым қорлануы тән келеді. Бұл экономикалық дамуға ешқандай да ықпал еткен жоқ, себебі олар шын мәнісінде айналыстан тыс жатқан ақшалар болды. Капитализм тұсында бұл қазыналар несиелік жүйе және қор биржалары арқылы пайда әкелетін капиталға айналады.

Тауар өндіріс жағдайында қорлану екі формада жүреді:

  • кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және депозиттік шоттарындағы ақшалай қаражат қалдығы түрінде ұжымдық қорлану;
  • банктердегі салымдар, мемлекеттік облигациялар.

Ақшаның жинақтау және қазыналық  қызметінің объективті алғышарттары бар  және ол ақша айналысы заңымен байланысқан . Айналыстағы ақша көлемі үнемі өзгеріп отырады , ақша айналыс аясынан жинақтау аясына және керісінше жылжиды. Мысалы Қазақстанда 2004 жылы мұнай бағасының жоғарылауы шарттарында экспорттық түсімдер айналысқа түсіп , айналыстағы ақша массасын көбейтті , сондықтан ҚР Ұлттық банкі жедел шараларды қолдануға мәжбүр болды , яғни бұл ақшаны сақтандыру қорына , ұлттық қорға жіберді. Осылайша , ақша айналымының тұрақтылығына қол жеткізілді , инфляция жойылды.

 

 

 

2.5. Дүниежүзілік ақша қызметі.

Ақша формасының дамуындағы сапалы жаңа кезең әлемдік ақша арқылы өрнектелді.

       Ақшаның  барлық қасиеттерін өзіне жұмылдыра  отырып , ақша формасының тікелей  логикалық жалғасы болып табылады , ол қазыналық және төлем құралы  қызметінің тұтастығы арқылы  өрнектеледі. К. Маркс былай жазған : « Қазына және жаппай төлем құралы ретінде ақша әлемдік нарықта жаппай құралы , өз түсінігі ғана емес , сонымен бірге әрекет ету әдісі бойынша жалпыға ортақ тауар болып есептеледі». Осыған байланысты әлемдік ақшалардың табиғаты , экономикалық категория ретіндегі маңызы олардың қызметінде айқын көрініс табады , мұндағы ақшаның өзіндік ерекшелігі жаппай интернационалды тауар ретінде көрінеді. Халықаралық төлем құралы қызметі жөнінде айтсақ , онда ол құнның ұлттық белгілері арқылы және ішкі ақша айналымына ұқсас қалыптасатын құнның айрықша интернационалдық белгілері бойынша жүзеге асырылады.

        Егер ел ішінде ақша мемлекет  тарапынан заңдастырылған ұлттық  ақша формасында әрекет етсе , онда оның шекарасынан тыс  жерде К. Маркстің пікірінше  « ақша өзінен ұлттық киімін шешеді де, өзінің бастапқы формасы – бағалы металл құймалары түрінде әрекет етеді».

        Алтын монометаллизмнің әрекет етуі кезеңінде , яғни алтын монета және алтынға айырбасталатын несиелік ақшалар айналымда жүрген кезде , әлемдік ақша нарығына ақшаның шығуы және әлемдік ақша ретінде әрекет етуі кедергісіз жүзеге асты.

       Қазіргі  таңда айналымда алтын монетаның  жоқ болуына байланысты , несиелік  ақшалар алтынға айырбасталмайды  , әлемдік ақша ретінде алтын  құймалар және еркін айырбасталымды валюта түрінде қолданылды. Бірақ та ХХ ғасырдың бірінші жартысынан бастап төлем құралы ретінде еркін айырбасталатын валюта тарапынан ығыстырыла бастады , яғни шет елдік валюталарды барлық басқа мемлекеттер тарапынан қабылданады. Мұндай валюталарға американдық доллар , евро және фунт стерлинг жатады. АҚШ доллары қазіргі кезде Қазақстанның әлемдік нарығында кең қолданылатын төлем құралы болып табылады. Барлық төлемдердің 20 пайызға жуығы евро , басқа валюталар арқылы жүзеге асырылады. Барлық мұнай , металл долларға экспортқа шығарылады.

        Әлемдік ақша қызметін валюталық  – қаржылық институттардың арнайы  есептік бірліктері , атап айтқанда  Халықаралық валюталық қор (ХВҚ) тарапынан айналысқа ақша шығару , қарыз берудің арнайы құқықтары (СДР) , Ортақ нарық елдерінің есептік бірлігі (ЭКЮ) , ол ХХ ғасырдың 90- жылдарының соңында евроға ауысты , Варшава Келісімі елдері арасында ауыстырылған рубль қолданылды , олар социализмнің күйреуі нәтижесінде жоғалды.

       Жаппай  сатып алушылық құралы ретінде толыққұнды әлемдік ақшалар (алтын) елдер арасында өзара қарым – қатынастар  және есеп айырысулардың қалыпты режимі бұзылған кезде немесе жоқ болған жағдайда әрекет етеді (астықтың шықпауы , берекесіздік апаттар және т.б.). Мысалы , ХХ ғасырдың 60- жылдарында Қазақстанда астық өнімдері шықпай қалған кезде КСРО астықты алтынға сатып алды.

Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы дүниежүзілік нарықтың пайда болуы  дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда  болуы дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуына себеп болды.

Ақшаны қоғамдық байлықтың  абстрактылық заттанған формасында пайдалану мына жағдайда жүзеге асады : елдің алтын және валюталық қорын толтыру кезінде , алтын немесе еркін айырбасталымды валюта түрінде басқа елдерге несие ұсыну.

Егер елдің төлем  балансы активті болса , онда еркін  айырбасталымлы валюта валюталық резервтерді  толтыруға бағытталады , егер төлем  балансы теріс болса , онда керісінше  резервтердегі айырма жабылады.

Біз қарастырған ақша қызметтері бір бірімен өзара байланысқан , бір – бірін толықтырадлы және жаппай балама ретінде ақшаның біртұтас  мәнісі айқындалады. Ақша қызметтерінің өзара байланысының негізі болып құн өлшемі ретіндегі ақша қызметі есептеледі. Ақшаларда бұл қызмет болмаған жағдайда  барлық басқа қызметтер өз рөлін іс жүзінде толық құнды атқара алмайды.

Дүниежүзілік ақшалар  интернационалдық құн өлшемі, халықаралық  төлем және сатып алу құралы ретінде  қызмет етеді.

Бұл қызметтің толық  бағалы ақшалар, ал кейіннен нағыз ақшалар  атқарды. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін алтынға бекітті.

Қазіргі уақытта дүниежүзілік несиелік ақшалардың жобалары жасалуда, бірақ одан әлі нәтиже жоқ. Енгізілген шарты есептесу бірліктерінің (СДР, ЭКЮ) өзіндік меншікті құндары жоқ, сондықтан да олар толыққанды түрде дүниежүзілік ақшаның қызметін атқара алмайды. Бұл қызметті тек қана алтын нарығындағы операциялар арқылы алтын атқарады.

 

  1.  Ақшаның экономикадағы рөлі

            Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы үдерісінен туындайтын тауар өндірушілердің нысаны ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.

          Ақша жалпыға бірдей балама  ретінде барлық тауарлардың құнын  өлшейді. Ақша құн өлшемі ретінде:  «мөлшері жағынан аттас, сапасы  жағынан салыстыруға келетін тауарлар құнын бейнелеу үшін тауарлар дүниесіне материал беру» қызметін атқарады. Бірақ та тауарларды өзара өлшейтін ақша емес, тауарлар өндірісіне кеткен қоғамдық қажетті еңбек олардың бір-бірінің өлшенуіне жағдай жасады. Барлық тауарлар қоғамдық еңбек өнімдері, сондықтан олардың құнын өзіндік құны бар нақты ақшалар (алтын және күміс) өлшей алады.

       Тауар  құнының ақшамен бейнеленуі оның  бағасы деп аталады. Баға тауарды  өндіруге және сатуға қажетті  қоғамдық еңбек шығынымен анықталады. Әрбір елде ақшаның өлшемі ретінде қабылданған және тауарлар бағасын өлшеуге қызмет ететін металдың (алтын) баға белгілеу процесіндегі ақша бірлігіне бекітілетін салмақты саны бағамас- штабы деп аталады.

        Бағалардың негізінде және олардың  қозғалысында құн заңы жатыр. Ақшаның құн өлшемі қызметі мен баға масштабы арасында өзара айырмашылық бар. Құн өлшемі — бұл мемлекетке тәуелсіз ақшаның экономикалық қызметін сипаттайды. Құн өлшемі кызметі құн заңына байланысты анықталады. Баға масштабы — бұл мемлекетке тәуелді, бірақ тауардың құнын көрсету үшін емес, тек оның бағасын бейнелеу үшін қызмет етеді. Баға масштабы нарық заңына, яғни сұраныс пен ұсынысқа байланысты белгіленеді. Сөйтіп баға масштабы арқылы ойша белгіленетін тауарлар бағасы, ұлттық ақша бірлігіндегі көрсетілетін нарықтық бағаға айналады.

       Бүгінгі  танда тауарлар алтынға тікелей  айырбасталмайды және олардың  бағасы алтынмен бейнеленбейді.  Ақшаның бұл қызметін алтынның  орнында жүретін оның құндық  өкілдері немесе қағаз және  несиелік ақша белгілері атқарады. Мұндай ақшалардың меншікті құны болмайтындықтан да, оларды толық бағалы емес ақшалар деп атайды. Өйткені, олар тауарлар құнын толық өлшемейді, бірақ өлшеуге қатынасады.

           Айналыс құралы қызметінде ақша тауар айналысы үдерісінде делдалдық рөл атқарады. Тауар айналысы мынадай үдерістерді қамтиды: тауар сату, яғни оның ақшаға айналуы, және тауарды сатып алу, яғни тауардың ақшаға айналуы. Бұл үдерісті арнайы формулада келесідей түрде беруге болады: Т(тayap) — A(ақша) — Т( тауар).

        Ақша айналысының тауар айналысынан айырмашылығы ақша тауарларды біртіндеп айналыстан шығара отырып, өзі айналыста үнемі қалып отырады. Ақшаның айналыс кұралы ретіндегі қызметінің басты ерекшелігі, біріншіден, бұл қызметті толық бағалы емес құнның белгілері: қағаз және несиелік ақшалар атқарады, екіншіден, нақты және қолма-қолсыз ақшалар атқарады.

         Сонымей ақша, айналыс Кұралы  қызметін атқаратындықтан да  олардың саны, яғни айналысқа  қажетті сатылатын тауарлар массасы  және бағасы негізінде анықталады. Ал егер, айналыстағы ақша массасы тауар массасынан артық болса, онда ақшаның құнсыздануы инфляцияға жол береді.

             Әртүрлі жағдайлардың болуына байланысты тауарлардың тек нақты ақшаға ғана сатылмайтыны белгілі. Себебі әртүрлі тауарларды өндіру кезеңі мен айналыс мерзімінің ұзақтығының бірдей еместігі, сондай-ақ бірқатар тауарлардың өндірісі мен сатылуының маусымдық сипатта болуы шаруашылық субъектісінде қосымша қаражаттардың жетіспеушілігін туғызады. Соның нәтижесінде тауарлардың төлемін кешіктіріп сатып алу және сату, яғни несиеге беру қажеттігі туындайды. Ақша төлем құралы ретінде мынадай ерекше бір қозғалыс нысанына ие: Т(тауар) — М(міндеттеме), келісілген мерзімнен кейін: М(міндеттеме) — Т(тауар).

            Ақшаның төлем кұралы қызметі мен айналыс құралы қызметтері арасында өзара айырмашылық бар. Ақша айналыс құралы ретінде делдалдық рөлінде жүретін болса, төлем құралы қызметінде ақша мен тауардың бір-біріне қарама-қарсы қозғалысы болмайды, яғни қарыздық міндеттеме арқылы өтеу, сату және сатып алу үдерісінің аякталғандығын білдіреді. Тауар мен ақша арасындағы уақыттағы алшақтық кредиторға қарыз алушының төлемеу қауіпін тудыруы мүмкін.

 

 Ақша жалпыға бірдей  балама ретінде, оның иесіне  тауар алуды қамтамасыз етумен  қатар, байлықты жинау құралы болып табылады. Сондықтан да адамдар, оларды жинақтау немесе қорлануға тырысады. Қорлану үшін ақша айналыстан алынады, сөйтіп, тауарды сату және сатып алу қозғалысы үзіледі.

Ақшаның қор жинау  қызметін толық бағалы емес ақшалар  атқара алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бұл қызметті атқару қашаннан алтынға жүктелген.

Ал ақшаның қорлану  қызметін толық бағалы емес ақшалар  атқарады. Тауар өндірісі жағдайында қорлану екі нысанда жүзеге асырылады  десе болады:

Кәсіпорындар мен ұйымдардың ағымдық және жинақ (депозиттік) шоттардағы, сол сияқты банктегі басқа шоттардағы ақшалай қаражат қалдықтары түрінде қоғамдық қорлану нысанда; Банктердегі халық салымдарында, облигацияларда жинақталған жеке қорлану нысанында.

          Сыртқы сауда байланыстары, халықаралық  заемдар, сыртқы серіктестерге қызмет көрсету барысы дүниежүзілік ақшалардың пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар жалпыға ортақ төлем құралы, жалпыға ортақ сатып алынатын құрал және жалпыға ортақ қоғамдық байлықтың материалдану құралы болыптабылады. Халықаралық төлем құралы ретінде дүниежүзілік ақшалар халықаралық байланыстардағы есеп айырысуларда қолданылады. Халықаралық сатып алынатын құрал ретінде дүниежүзілік ақшалар елдер арасындағы нақты ақшамен төленетін тауарлар және көрсетілетін қызметтер айырбасындағы тепе-тендік бұзылған жағдайда қызмет етеді. Жалпыға ортақ қоғамдық байлықты құрау ретінде дүниежүзілік ақшалар бір елдің екінші бір елге займ немесе субсидиялар беруі барысында қызмет етеді.

          Егер де еліміздің ішіндегі  ақша мемлекетпен заңдастырылған ұлттық ақша бірлігі нысанында қызмет ететін болса, ал елімізден тысқары жерде, К. Маркс өз еңбегінде: «ақша өзінің ұлттық киімін шешеді де, өзінің бастапқы нысаны ретіндегі металл құймасына, яғни жалпылама балама тауар нысанында өтеді»—деп жазады. Сондай-ақ бұл жерде дүниежүзілік ақша ретінде алтынның қызмет етуі сипатталады.

         Алтын монета стандарты тұсында  дүниежүзілік ақша қызметін алтын  және алтынға ауыстырылатын жекелеген  елдердің несиелік ақшалары (банкноталар)  көбіне АҚШ доллары және ағылшын фунт стерлингі аткарған.

         Қазіргі кезде дүниежүзілік ақша  қызметін: АҚШ — доллары, Еуропалық  Одақтың қазіргі валютасы - еуро, сол сияқты Халықаралық валюталық  қордың СДР-і (арнайы қарыз  алу құқығы) атқарады.

         1999 жылы қаңтар айынан бастап, Еуропалық қауымдастық елдерінде жаңа валютасы «еуро» енгізілді. Еуропралық валюталық Одаққа бастапқыда он бір ел қатынасқан: Германия, Франция, Луксенбург, Нидерландия, Австрия, Бельгия, Финляндия, Ирландия, Португалия, Испания және Италия. 1999 жылғы 1 қаңтардан бастап, «еуро» қолма-қолсыз төлемдер үшін және мемлекеттің жаңа қағаздарын орналастыру үшін пайдаланылды. «Еуро» банкноты мен монеталары 2002 жылдың 1 каңтарынан және 6 айдай уақыт ішінде енгізіліп, валюталық одаққа мүше елдердің ұлттық ақша бірліктері 2002 жылдың 1 шілдесінен бастап өз қызметтерін тоқтатты.

Информация о работе Ақшаның экономикалық мәні