Кинофото құжаттар және дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік мұрағаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2015 в 13:18, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын қалыптастыру, сақтау мен пайдалану және Қазақстан Республикасындағы мұрағат iсiн мемлекеттiк басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтің Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 326-I «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңы қабылданды. Осы Заң бойынша Қазақстан мұрағаттары өзінің қоймалары қойнауында көлемі мен мазмұны бойынша бірегей, аса бай ақпараттық әлеуетке ие қорларды сақтайды. Бұл құжаттар Қазақстан тарихын зерттеу үшін өте құнды дереккөз материалдары болып табылады.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағат ұғымы…4
1.1 Қазақстанда Орталық мемлекеттік мұрағаттар мен облыстық мемлекеттік мұрағаттардың ұйымдастырылу хронологиясы.............................8
1.1.1Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты «Бөкей ордасы өлкелік мұрағаты»...................................................................................................9
Кеңестік дәуір кезеңі.........................................................................10
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағаттары
2.1 Орталық мемлекеттік мұрағат ғимараты...........................................11
2.1.1 Ғимаратты сипаттау...........................................................................11
2.1.2 Халықаралық қатынастары..............................................................12
2.1.3 Келісімдер..........................................................................................13
2.2 Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты.........................................................................14
2.2.1 Мұрағат қоры......................................................................................14
Кинофото құжаттар және дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік мұрағаты
3.1 Тарихы....................................................................................................15
3.1.1 Кино құжаттар....................................................................................15
Фото құжаттар...................................................................................16
4. Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының құрылу тарихы............................................................................................................................................17

Қорытынды..........................................................................................................22
Пайдаланған әдебиет.....................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

бану.doc

— 326.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

3.1.2 Фото құжаттар

Фотоқұжаттар қоры ауқымды да, әрқилы. Олардың ең көнелері ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кездеріне тән, негізінен тұрмыстық, көріністік суреттер. Өз дәуірінің деректі куәсі ретінде бұлардың құндылығы күн санап арта түсуде. Сый ретінде сақтауға берілген жеке қорлар мен коллекциялар мұрағаттың айрықша мақтанышы.

Д.П. Багаевтың фотоқұжаттар коллекциясы мұрағаттың өзіндік визит карточкасы болып табылады. Коллекцияның шыны пластинкалардағы негативтері айрықша құнды деректер. Мұрағат фотоқорында негативтердің 250000 сақтау бірлігі жинақталған. Магниттік дыбысжазбалардағы, грампластинкалардағы, компакт-кассеталардағы 15000 сақтау бірлігін құрайтын фоноқор – теңдесі жоқ дүниелер. Бұлар қазақ халық музыкасының, авторлық орындаудағы шығармалардың, айтыстардың, алғашқы қазақ операларының дыбысжазбаға түсірілген нұсқалары, аса көрнекті қайраткер замандастарымыздың өз дауыстары. Бүгінгі күндері мұрағат қорлары жаңа Қазақстан – тәуелсіз, егеменді мемлекетіміз туралы әңгімелейтін материалдарымен толыға бастады. Өткенді танып-білмей жаңа қоғам құру мүмкін емес. тарихты практикалық және фактілік тұрғыдан зерттеуге ортақ жадымыздың қоймасы - мұрағаттар үлкен көмек көрсетеді.

Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалар мұрағаты бұл күндері «Асыл мұра» жобасы бойынша (Қазақстанның музыкалық жәдігерліктері) фоноқұжаттар негізінде Ғарифолла Құрманғалиевтің, Күләш Бәйсейітованың, Болат Сарыбаевтың, Жамал Омарованың, Қали Жантілеуовтың, Ришат пен Мүсілім Абдуллиндер, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының халық әртістерінің – Бибігүл Төлегенованың, Ермек Серкебаевтың, Роза Жаманованың, Әлібек Дінішевтің және Ахмет Жұбановтың орындауларындағы шығармалардан он үш компакт-дискілер дайындалды.

Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалар мұрағаты Қазақстан Республикасында 2001-2005 жылдары мұрағат ісін дамыту бағдарламасына сәйкес көрсетілген жылдары дәстүрлі (үлдірдегі) киноқұжаттарды қазіргі заманғы (цифрлы) негізге көшіру мәселесін белгілі бір дәрежеде шешуге мүмкіндік беретін бейнежазбалық және бейнекөрсеткіш құралдар алды.

 

 

 

    1. Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының құрылу тарихы

 

Орал өңіріндегі мемлекеттік мұрағат қорының қалыптасу үрдісі  азамат соғысының салдарынан пайда болған күрделі кезеңдерден өткен болатын. 1917 жылдың қазанына дейін өлкенің тарихымен байланысты құжаттардың басым бөлігі  Мәскеу, Орынбор, Алматы, Астрахань, Петербор сияқты қалалардың ведомстволық мұрағаттарында жинақталып сақталды. Көптеген көлемдегі құжаттардың өртелуі, жоғалуы және ұрлануы орын алған болатын.

1918 жылдың 1 маусымында В.И. Ленин  қол қойған  «Мұрағат ісінің қайта ұйымдастырылуы және орталықтандырылуы туралы»  РКФСР Халықтық кеңес комитетінің декретін орындау мақсатында жергілікті органдар төңкеріске дейінгі кезеңдегі құжаттарды іздеп табу, топтастыру, оларды бірыңғай тәртіпке келтіру жұмыстарын қолға алды. Сөйтіп, XX ғасырдың 1920-жылдарынан бастап мұрағат саласының құрылуы басталады. 

Орал губерниялық атқару комитетінің Президиумы 1923 жылдың 15 мамырында өз бөлімі құқығындағы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын губерниялық мұрағат бюросын ұйымдастыру жөнінде  шешім қабылдайды. Облыстық мұрағат қорының реестрі Орал губерниялық статистикалық бюросының қорынан бастап ашылады, алғашқы түсілімі 15 сақталу бірлігін құраған болатын. Сондай-ақ жергілікті денсаулық сақтау губерниялық бөлімі, губерниялық атқару комитеті, губерниялық азық-түлік комитеті т.с.с. құжаттарды тапсырды. 1924 жылдың аяғына қарай мұрағатта 53 қор, шамамен 15270 сақталу бірлігі болды. 1925 жылғы 24 қыркүйектегі Президиум отырысында 24.09.1925ж. Орал атқару комитетінде мұрағатшы лауазымының штаттық бірлігін енгізу жөнінде шешім қабылданды.

1926 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бөкей  уездік мұрағаты жұмыс жасауын  бастады. Айта кететін жайт,  Бөкей Орда территориясында Қазақстанның алғашқы мұрағаты пайда болған болатын. Хан Ордасы мұрағатының есебі 1784 жылдан бастап жүргізіле бастады. ҚазОрталықМұрағаты уәкілетшісі Н.Я.Болотниковтың 1927 жылдың 10 наурыздағы қызметтік хаты негізінде аталған құжаттар алынып, Орталық мұрағатқа жіберілген болатын.

Облыстың әкімшілік-аумақтық бөлінісін жетілдіруге қатысты мемлекеттік мұрағат қызметінің аталуы өзгерді. Губерниялық мұрағат бюросы 1928 жылдың 15 тамызынан бастап округтікке алмастырылса, 1930 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауданаралық мұрағат деп атала бастады. Ал, 1932 жылдың 1 сәуірінен  облыстық бөліністі енгізуге байланысты облыстық мұрағат бюросы деп аталды. Осы уақытта мұрағат бойынша 412 қор, 108667 сақталу бірлігі, 87 газет кешені болып, штат бойынша 5 адамды құрады.

ҚазКСР Жоғарғы Кеңес Президиумының 1938 жылғы 14 мамырдағы жарлығына сәйкес мұрағат қызметінің органдары республиканың Ішкі істер халық комиссариаты (ІІХК) қарауына берілді. Нәтижесінде келесі құрылымдық өзгерістер орын алды: облыстық мұрағат басқармасы негізінде Батыс Қазақстан облысы бойынша  Ішкі істер халық комиссариаты басқармасының мұрағаттық бөлімшесі мен Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты құрылды. 1940 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша мұрағатта 627 қор, 112029 сақталу бірлігі болып, штатта 8 адамды құрады.

1942 жылдың бірінші жартысында  Батыс Қазақстан облысы мұрағатының  құрамынан өз алдына дербес мекеме ретінде Гурьев мұрағаты бөлінді. Ол мұрағатқа 104 қор, 6219 сақталу бірлігі беріліп, облыстық мұрағатта 567 қор, 95988 сақталу бірлігі қалды.

1953 жылдан бастап  Батыс Қазақстан облысы мұрағатынан қайтадан мұрағат құжаттары алынып, Мәскеу, Алматы мұрағатына берілді. Негізінен, әскери бөлім мен әскери аурухананың құжаттары және революцияға дейінгі бірқатарлар қорлар. 1959 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша 890 қор, 114108 сақталу бірлігі, 119 газет кешені болды.

1960 жылы түбірлі қайта құру орын алды. Батыс Қазақстан облыстық еңбекшілер депутаттары Кеңесі атқару комитетінің 1960 жылғы 15 қыркүйектегі №476 шешімі негізінде және ҚазКСР министрлер Кеңесінің 1960 жылғы 17 маусымдағы №547 қаулысына сәйкес Ішкі істер басқармасының мұрағат бөлімі Облыстық кеңестің атқару комитеті жанындағы мұрағат бөлімі ретінде қайта құрылып, оған аудандық мұрағаттармен қатар облыстық мұрағаттың да штаты беріледі. Сол кезде облыстық мұрағаттың штатында 11 адам қызмет атқарған.

Мұрағат ісін одан әрі жетілдіру, орталықтандырылған сақтауды, есепті, толықтыруды және құжаттарды кеңінен пайдалануды қамту мақсатында 1963 жылдың 21 мамарында ҚазКСР  кеңес министрлігінің №409 қаулысына сәйкес Жәнібек, Казталов, Фурман аудандарын қамтамасыз ететін Фурман филиалы құрылды. Қаз КСР министрлер кеңесінің 1966 жылғы 11 қаңтардағы №22 қаулысы бойынша Жымпиты, Қаратөбе, Тайпақ аудандарын қамтамасыз ететін Жымпиты филиалы құрылды.

1966 жылдың наурызынан бастап  облыстық мемлекеттік мұрағат  жанынан құжаттарды ғылыми-техникалық  өңдеу үщін шаруашылық-есеп тобы құрылып, ол топ 1998 жылға дейін қызмет жасады.

Қазақстан Компартиясының облыстық, қалалық және аудандық комитетінің жойылуына байланысты 1991 жылдың 27 қарашасындағы облыстық еңбекшілер депутаттары кеңесі атқарушы комитетінің №357 шешіміне сәйкес бұрынғы партиялық мұрағаттың ғиммараты облыстық мұрағатқа берілген болатын. Мемлекеттік мұрағаттың құрамына орал өңірінің партиялық және комсомол ұйымдарының құжаттары енді. 1992 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша облыстық мемлекеттік мұрағатта 39 адам қызмет жасаған.

Сонымен қатар, тәуелсіздік алынған соң 1992 жылдың ақпанынан бастап облыстық мұрағат бөлімі облыстық еңбекшілер депутаттары кеңесі атқарушы комитетінің орнына пайда болған облыс әкімдігінің қарауына берілді.  

1995-1997 жылдары өткен жергілікті басқаруды қайта құру мен оңтайландыруға байланысты облыстық мемлекеттік мұрағат облыстық әкімшіліктен облыстық мұрағаттар және құжаттама басқармасының, одан әрі – облыстық мұрағаттық бөлімнің қарауына берілген, ал Батыс Қазақстан облысы әкімінің 1997 жылғы 7 ақпандағы №35 шешіміне сәйкес облыстық мұрағаттық бөлімнің жабылуына байланысты оның қызметтері мен мүліктер және істерді басқару өкілеттіктері облыстық мемлекеттік мұрағатқа тапсырылып, 2000 жылдың маусымына дейін атқарды.

Батыс Қазақстан облысы әкімінің 2000 жылғы 5 маусымдағы №92 шешімімен облыстық мұрағаттар және құжаттама басқармасы қайта құрылып, облыстық мемлекеттік мұрағат оның орталықтандырылған басқаруына беріледі.

2012 жылы Батыс Қазахстан облысы  әкімдігінің 2012 жылғы 25 мамырдағы №111 қаулысымен Батыс Қазақстан облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесі мүлкін дербес басқару құқығымен құрылды.

Күні бүгін Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының құрылымында келесі құрылымдық бөлімшелер бар – ол мұрағат қоймасы, ғылыми-анықтамалық аппарат және құжаттарды пайдалану бөлімі, ведомстволық мұрағаттармен жұмыс бөлімі, зерттеушілермен жұмыс және ақпараттық технологиялар бөлімі. Мұрағаттың штаты филиалдармен қоса 32 адамды құрайды.

 

Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатында 2014 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша 2453 қор, 643704 сақтау бірлігі бар, оның ішінде- басқару құжаттары - 513528, жеке құрам жөніндегі құжаттары - 147493, ғылыми-техникалық құжаттама - 2096, жеке тектік құжаттары - 1667 сақтау бірлігі, киноқұжаттары - 796, фотоқұжаттары – 2958, фоножазбалары - 30 сақтау бірлігі, 461 газеттер түптемесі мен 1029 журналдар бар.

Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатында, негізінен, 1919 жылдан қазіргі кезге дейінгі құжаттар бар. Революцияға дейінгі кезең 1898 жылдан бері қарай метрикалық кітаптар жинағы түрінде көрсетілген.

Құжаттар мемлекеттік биліктің жергілікті органдары мекемелері, халық шаруашылығы басқармасы қызметін сипаттайды, экономика, мәдениет саласындағы шараларды облыс аумағында құрылған машинажасау, энергетика, отын, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіптерін, астық жершаруашылығы мен мал шаруашылығының дамуын суреттейді.

1919-1921 жылдардағы өлкеде орын  алған қантөгіске толы азаматтық соғысты, ауыл шаруашылығын күштеп қжымдастыру үдерістерді, 1930 жылдардағы ашаршылық, сталиндік тоталитарлық режимнің репрессияларын және қазақ халқына қарсы жүргізілген геноцид туралы құжаттардың өзіндік орны бар.

Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі құжаттар өндіріс және ауыл шаруашылығының дамуын, эвакуацияланған халық  пен өндірісті қабылдауды және орналастыруды, халықтың еңбекқорлығы мен тылдың майданға көмегін барынша ашып көрсетеді. 1942-1943 жылдары Орал өңірі Сталинград майданының жақын тылдарының бірі болатын. Облыста әскери бөлімдер, мектептер, училищелер және әскери ауруханалар құрылып, орналастырылды.

Сондай-ақ, 1953-56 жылдардағы тың және тыңайған жерлерді игеру жөніндегі құжаттар да маңызды сипатты құрайды.

Батыс Қазақстан облысы - Қазақстан Республикасының көп ұлтты облыстарының бірі. Мұрағатта туған жерінен қуылған халықтар үшін Орал өңірі екінші Отаны ретінде айтылатын құжаттар баршылық. Олар - XIX-XX ғғ. кішігірім армян қауымын құрған - армяндар, 1920-жылдары полицейлік биліктің қудалауынан жасырынған поляктар мен Литва, Латвия тұрғындары, Поволжье мен Қиыр Шығыстан еркінен тыс көшірілген немістер және кәрістер.

1991 жылдан бастап қалыптаса бастаған  құжаттардың да өзіндік орны  бар. Өйткені, бұл құжаттарда жас, тәуелсіз Қазақстан Республикасының, онымен қатар біздің облысымыздың да қалыптасуы мен дамуының елеулі сәттері баяндалады.

Суретші С.Гумаров, Б.А.Дубовиченко, Орал өңірінде кеңестік билікті орнатуға ат салысқан А.М.Ипмагамбетов, А.Н.Назарова, еңбек сіңірген артист П.П.Поддубный, КСРО жазушылар Одағының мүшелері Н.Ф.Корсунов, Э.Габбасовпен табысталған жеке тектік құжаттары, Ұлы Отан соғысына қатысушылардың,  Кеңес Одағының батыры және Социалистік еңбек ері, Орал қаласының Құрметті азаматы П.А.Атоянның және басқаларының құжаттамалар коллекциялары өзінше қызықты мазмұнды құрайды.

Кино-, фото-, фоно- және бейнеқұжаттар қоғамның қоғамдық-саяси, мәдени, спорт өмірін, Орал қаласының тарихи ескерткіштері мен архитектурасын және облыстың табиғи байлықтарын барынша айшықтап көрсетеді.

Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатында 59 атауларын құрайтын газеттердің мол жинағы сақталуда. Газеттердің уақытаралық шеңберлігі 1860 жылдан 2012 жылға дейінгі уақытты қамтиды. Ең көп сұранысқа ие және зерттеушілер үшін маңыздылары ол ерте кездегі газеттер (1860-1930 жж.) – олардың 40-тан астам түптемелері бар. Оның ішінде нөмірлері толығырақ қамтылғандары – «Яицкая правда» және «Красный Урал» газеттері. Олар арқылы оқырмандар сол күндерден жанды естеліктерді таниды.

Журналдар жинағы негізінен салалық сипаттағы мерзімді басылымдарды қамтиды, атап айтқанда, тарих, мұрағат ісі және іс жүргізу мәселелері бойынша.

Мұрағаттың кітаптар қоры мұрағаттың материалдары негізінде дайындалған өңір мен облыстың даму тарихы бойынша кітаптардан, анықтамалықтардан, тарихшылар мен мұрағатшылар үшін қызықты жеке тұлғалардың үй кітапханаларынан берілген кітаптардан құралады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Тәуелсіз  мемлекет,   егеменді   ел   болғандықтан,  алдағы  парыз -  тағдырдың   тарихи  белестеріне   үңіліп,  халқымыздың  асыл  мұраларын   ел  игілігіне   жаратып,  осы жоғарыда аталған іс-шараларды уақтылы, сапалы орындауға  барлық  күш  жігерімізді   жұмсаймыз.  Қорыты айтқанда осы курстық жұмыста автор алдына қойған мақсатына жетті Қазақстан Республикасының мұрағат ісінің даму тарихын талдады да мұрағат ісі жұйесін жетілдіру және осы салада алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін мынандай міндеттерді шешу жолдарын ұсынады:

-мұрағаттық ақпаратқа қол жеткізуді  қамтамасыз ету;

- Ұлттық мұрағат қорының сақталуын  қамтамасыз ету;

- Мұрағат мекемелеріндегі мұрағат ісін басқару және ұйымдастыру, саланың есеп жұмысы мен жоспарлау жүйелерін жақсарту мәселелері бойынша отандық және шетелдік озат тәжірибелерді зерттеу, талдап қорыту және тарату;

Информация о работе Кинофото құжаттар және дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік мұрағаты