Кинофото құжаттар және дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік мұрағаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2015 в 13:18, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын қалыптастыру, сақтау мен пайдалану және Қазақстан Республикасындағы мұрағат iсiн мемлекеттiк басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтің Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 326-I «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңы қабылданды. Осы Заң бойынша Қазақстан мұрағаттары өзінің қоймалары қойнауында көлемі мен мазмұны бойынша бірегей, аса бай ақпараттық әлеуетке ие қорларды сақтайды. Бұл құжаттар Қазақстан тарихын зерттеу үшін өте құнды дереккөз материалдары болып табылады.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағат ұғымы…4
1.1 Қазақстанда Орталық мемлекеттік мұрағаттар мен облыстық мемлекеттік мұрағаттардың ұйымдастырылу хронологиясы.............................8
1.1.1Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты «Бөкей ордасы өлкелік мұрағаты»...................................................................................................9
Кеңестік дәуір кезеңі.........................................................................10
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағаттары
2.1 Орталық мемлекеттік мұрағат ғимараты...........................................11
2.1.1 Ғимаратты сипаттау...........................................................................11
2.1.2 Халықаралық қатынастары..............................................................12
2.1.3 Келісімдер..........................................................................................13
2.2 Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты.........................................................................14
2.2.1 Мұрағат қоры......................................................................................14
Кинофото құжаттар және дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік мұрағаты
3.1 Тарихы....................................................................................................15
3.1.1 Кино құжаттар....................................................................................15
Фото құжаттар...................................................................................16
4. Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының құрылу тарихы............................................................................................................................................17

Қорытынды..........................................................................................................22
Пайдаланған әдебиет.....................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

бану.doc

— 326.50 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

 

 

Кіріспе.....................................................................................................................3

 

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағат ұғымы…4

1.1 Қазақстанда Орталық мемлекеттік мұрағаттар мен облыстық мемлекеттік мұрағаттардың ұйымдастырылу хронологиясы.............................8

1.1.1Қазақстан Республикасының Ұлттық  мұрағаты «Бөкей ордасы өлкелік  мұрағаты»...................................................................................................9

      1. Кеңестік дәуір кезеңі.........................................................................10

  1. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағаттары

2.1  Орталық мемлекеттік мұрағат ғимараты...........................................11

2.1.1 Ғимаратты сипаттау...........................................................................11

2.1.2  Халықаралық қатынастары..............................................................12

2.1.3 Келісімдер..........................................................................................13

2.2  Қазақстан Республикасының  орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық  құжаттама мұрағаты.........................................................................14

2.2.1 Мұрағат қоры......................................................................................14

  1. Кинофото құжаттар және дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік мұрағаты

3.1 Тарихы....................................................................................................15

3.1.1 Кино құжаттар....................................................................................15

      1. Фото құжаттар...................................................................................16

          4. Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының құрылу тарихы............................................................................................................................................17

 

Қорытынды..........................................................................................................22

Пайдаланған әдебиет..........................................................................................23

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазақстан Республикасының  Президенті   Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауында  және  Қазақстан  Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» және  «Ұлттық   мұрағат  қоры және   мұрағаттар  туралы»   Заңына  өзгерістер мен толықтырулар   енгізу туралы»  Заңдарында,  Қазақстан   Республикасындағы мұрағат  ісін  дамыту тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат Министірлігінің  нормативтік- құқықтық  актілерін сонымен қатар мұрағат ісін дамытудың   2011-2015 жылдарға  арналған  стратегиялық  даму жоспарында  және өзіміздің ұйымдастырушылық  және нормативтік-әдістемелік  құжаттар, «Мемлекеттік  тілдің мемлекеттік органдарда  қолдану аясын кеңейту туралы» орта  мерзімді  салалық бағдарламалар  мен  жоспарларында, «Электрондық  әкімдік» және  «Электрондық мұрағат» бағдарламасында  ары қарай  жалғастыру, сонымен  қатар Ақпарат және мұрағат Комитетінің, Жамбыл облысы Әкімінің шешімдері мен өкімдерін,  мұрағаттар және құжаттама басқармасының өз бұйрықтарын  орындауға, сонымен қатар дәстүрлі жұмыстарды орындау және іс-шараларды өткізумен бірге, мекемелер жүйесінің өзара қарым–қатнасын нығайтуға, үкіметтің өкілетті және атқарушы органдарымен, ғылым, мәдениет, білім мекемелерімен, қоғамдық  және басқа да ұйымдармен іскерлік байланыс орнатуға,  мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттерін  жұмыс тәжірибесіне енгізуге мұрағат ісінде аса көңіл бөлінеді, мұрағаттар және құжаттама басқармасының құқықтық нормативті актілерін және тағы басқа да салалық бағдарламаларды іске асыруға  бағытталады.  Мемлекет  мұрағат  мекемелеріндегі  жоспарда  жетекші  орынды шетел   мұрағаттары мен ғылыми  мекемелердегі   Қазақстан Республикасы  үшін  тарихи  және  мәдени құндылығы бар құжаттарды Қазақстан  тарихы  бойынша іздестіру   және   олардың көшірмелерін  алу  жөніндегі  бағдарламаны  орындау, еліміздің тарихи-мәдени құжаттық мұрасын  сақтау  және жан-жақты пайдалануы кәзіргі заманның аса маңызды мәселесі болып табылады. Осыған байланысты  

 

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының мұрағат ісінің даму тарихын талдау.

 

Курстық жұмыстың міндеті: Тәуелсіз Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағаттары мен облыстық мемлекеттік мұрағаттардың ұйымдастырылуы тарихын, кинофото құжаттардың және дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік мұрағатындағы тарихын қарастыру.

 

 

 

 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағат ұғымы

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын қалыптастыру, сақтау мен пайдалану және Қазақстан Республикасындағы мұрағат iсiн мемлекеттiк басқару саласындағы қоғамдық  қатынастарды реттейтің Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 326-I «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңы қабылданды.  Осы Заң бойынша Қазақстан мұрағаттары өзінің қоймалары қойнауында көлемі мен мазмұны бойынша бірегей, аса бай ақпараттық әлеуетке ие қорларды сақтайды. Бұл құжаттар Қазақстан тарихын зерттеу үшін өте құнды дереккөз материалдары болып табылады.

Мұрағат дегеніміз  құжаттарының жиынтығы, сондай-ақ мұрағат мекемесi немесе мекеменiң, ұйымның немесе кәсiпорынның пайдаланушылар мүдделерi үшiн мұрағат құжаттарын қабылдау мен сақтауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшесi. 
Мұрағат қорлары ол, бiр-бiрiмен тарихи немесе қисынды байланысты құжаттардың жиынтығы. Ал ұлттық мұрағат қоры дегеніміз – ҚР «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» занында, белгiленген тәртiппен ұлттық құндылық деп танылған барлық мұрағаттардың, мұрағат қорлары мен коллекцияларының, деректi ескерткiштердiң, тарихи, ғылыми, әлеуметтiк, экономикалық, саяси немесе мәдени айрықша маңызы бар құжаттардың жиынтығы.

Мемлекеттiк мұрағат деп, Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын жинақтауға (сатып алуға), тұрақты сақтауға және пайдалануды ұйымдастыруға құқық берiлген мемлекеттiк мекемені айтады.

Құжаттар көшiрмелерiнiң мемлекеттiк сақтандыру қоры - Ұлттық мұрағат қорының мемлекет үшiн бiрден-бiр маңызы бар және жойылған жағдайда орны толмайтын құжаттарының сақтандыру көшiрмелерiнiң жиынтығын білдіреді.

Мұрағат ісі - басқару саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асуына бақылау жасайды, заңнамалық және нормативтік актілердің іске асуын ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасының ажырамас бөлiгi болып табылады және оны Қазақстан Республикасының ұлттық игiлiгi ретiнде мемлекет қорғайды. Ұлттық мұрағат қорына Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде сақтаулы және халықаралық келiсiмдерге сәйкес Қазақстанға қайтарылуға тиiстi мұрағат құжаттары да жатады. Ұлттық мұрағат қоры қоғам мен мемлекеттiң қажеттерiн қанағаттандыруға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға қызмет етедi. Мұрағат iсiн дамыту мен жетiлдiруге қамқорлық жасауды мемлекет өз мойнына алады. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сақтау барлық жеке және заңды тұлғалардың мiндетi болып табылады. Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының басылымын, сондай-ақ оның мемлекет, қоғам және азаматтар    сұранымдарын    қанағаттандыруға    пайдалануын    ұйымдастырады.

Ұлттық мұрағат жұмысының басым бағыттарын қарастырсақ ол  Қазақстанның қазiргi заман тарихы бойынша Ұлттық мұрағат қорының басы бүтiндiгiн қамтамасыз ету, мемлекеттiк органдарға, жеке және заңды тұлғаларға ретроспективалық құжаттық ақпарат табыс ету, ақпараттық қызмет көрсету болып табылады.

Ұлттық мұрағатта сақталатын құжаттарды тұрақты мемлекеттiк сақтау, олардың басы бүтiндiгi мен мемлекеттiк есепке алуды қамтамасыз ету; жинақтау көздерi - мекемелердегi уақытша ведомостволық сақтаудағы мұрағат құжаттарына мемлекеттiк бақылау жасау, басқа да мемлекеттiк мекемелердiң қызметi барысында түзiлетiн құжаттармен жасақтау;  ғылыми-анықтамалық аппаратты әзiрлеп, дамыту,  Ұлттық мұрағат құжаттарын жан-жақты пайдалану мен ғылыми жариялауды ұйымдастыру, құжаттаманы басқаруды ұйымдастыруға қатысу және оның жай-күйiн бақылау;  мемлекеттiк және ведомостволық мұрағаттарға - мекемелердiң құжаттамалық қызметтерiне ғылыми-әдiстемелiк және практикалық көмек көрсету.  Мұрағаттану, құжаттану, археография, қосалқы тарихи пәндер саласында ғылыми-зерттеу және әдiстемелiк жұмыс жүргiзу, Қазақстанның қазiргi заман тарихының проблемалары жөнiндегi зерттеулерге, талдауға қатысып жұмыс жасау.

Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағаттары — Қазақстан Республикасының және қазақ халқының тарихи, мәдени, саяси құжаттары (мәтіндер, суреттер, келісімдер және т.б. құжаттар) мен деректерінің жиынтығы сақталатын мұрағаттар қоймасы.

Қоғамның рухани, мәдени, ғылыми, әлеуметтік-құқықтық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында Қазақстан халқының тарихи-мәдени құжаттық мұраларын сақтайтын мұрағаттар — Қазақстанның мемлекеттік нысандарының бірі.

Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты өз қызметін Орынбор қаласында 1921 жылы 1 қыркүйекте бастаған. ҚР ОММ - еліміздегі ең алғаш Қазақстанның даму тарихы құжаттарын жүйелеп, бір қалыпқа келтіріп жинақтаған мұрағат. Мұрағат XVIII-ші ғасырдың орта кезеңінен бастау алған революцияға дейінгі құжаттардан бастап осы кезеңге дейінгі құжаттарды сақтауда. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты Қазақстан тарихының үш кезеңінің: кеңестік дәуірге дейінгі, кеңестік дәуір мен еліміздің тәуелсіздігі кезеңіндегі құжаттарды сақтап отырған бірден бір мұрағат.

Мұрағат аса құнды және бірегей құжаттардың түпнұсқаларын ұрпақтан ұрпаққа сақтап жеткізу үшін және Қазақстан тарихына байланысты шет жақтан алынған құжаттар көшірмелері микрофильм түрінде жасалатындықтан, оны зерттеушілердің күнделікті оқып, пайдалануы үшін қажетті техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуде.  
Жинақталған көшірме құжаттарында Қазақ тарихының «Ақтаңдақ тұстарын» дәлелдейтін  деректер де баршылық, әсіресе қазақ тарихын бейнелейтін XVI-XVII ғаырдағы құжаттар, Уақытша өкіметі тұсындағы саяси жағдай, Алаш Орда партиясының мүшелері туралы және т.б. құжаттарды атауға болады.  
Мұрағат қорына шетелдердің мұрағаттарынан келіп түскен құжаттарға тоқталсақ:  Ресей мемлекеттік әскери-тарих мұрағатынан 1753-1917 жылдар аралығын қамтыған Қазақ жерінде әлеуметтік-аумақтық басқару жүйесін қалыптастыру, қазақ халқымен шекаралас жатқан ұлттармен байланыс, сауда мәселесі, қазақ халқының мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі, шаруаларды қазақ жеріне қоныстандыру, қазба байлықтарын игеру үшін қазақ даласында барлау жұмыстарын жүргізу саясаты т. б. туралы құнды құжаттар келіп түсті.  
Ресей мемлекеттік ерте актілер мұрағатының 1585-1876 жылдар аралығын қамтыған «Сенат және оның мекемелері»,  «Сібірді басқару және Сібір приказдығы», «Қырғыз-қайсақ істері», «Монғол істері» атты қорларынан қазақ-қалмақ, Қытаймен сауда қатынасы, Ресей бодандығына өту үшін жіберілген қазақ елшілері туралы  аса құнды деректер алынды.  
Ресей Федерациясының мемлекеттік мұрағатынан алынған 19 ғасырдың 1-ші жартысынан 1917 жылға дейінгі «1872 жылдан Министрлер кеңесінің председателі, шетел істер министрлігінің Азия департаментінің директоры, граф Игнатьевтің» қорында Хиуа мен Бұхар мәселесі, Түркістан өлкесін басқарудағы өзгерістер туралы мәліметтер болса, ал 1917-1924 жылдар аралығын қамтыған осы мұрағаттың құжаттарында Уақытша өкімет, «Алаш Орда» партиясына байланысты, сайлау мәселелері туралы, өнеркәсіптегі жағдайлар туралы, Түркістан республикасының саяси, экономикасына байланысты құжаттарды «Ұлттық халық комиссариаты жанындағы Қазақ Автономиялы кеңестік социалистік республикасының өкілдігі» қорынан да табуға болады.

Ресей мемлекеттік әлеуметтік-саяси тарихы мұрағатынан келіп түскен 1917-1936 жылдар аралығын қамтыған құжаттарда коммунистік партия мүшелерін облыстар мен губернияларға бөлу, коммунистерді есепке алу т.б. туралы айтылған.

Ресей мемлекеттік әскери мұрағатының 1917-1920, 1917-1926, 1917-1920, 1918-1926 жылдар аралығын қамтыған құжаттарынан Қазақ жерінде Кеңес өкіметін орнату, ақтардың іс-әрекеттері, азамат соғысына байланысты т.б.  көшірмелер алынған. 

Туркияда шыққан Мұстафа Шоқайдың да ықпалы бар «Яш Туркестан» журналының 1929-1936 жылдардағы нөмірлер коллекциясы және «Йени Туркестан» журналының 1927-1931 жылдар аралығын қамтыған құжаттары мұрағат қорын толықтыра түсті.

Ал 2001 жылы Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығын атап өту күндері «Жаңа Сорбона-Париж» университеті жанындағы шығыс тілдері университет аралық кітапханасында сақтаулы қазақтың бірегей азаматы Мұстафа Шоқайдың құжаттар мұрасының көшірмесін мұрағат қорына табыс етуі мұрағат тарихындағы үлкен оқиға және жетістік болды. 

Қазіргі таңда мұрағат 1 миллион 300 шамасындай құжаттар сақтап отыр.  
Қазақстанның тәуелсіздік алған даму сатысында мәдениет саласында да өзгерістер болды. Қазақстанның Президенті Н. Ә. Назарбаевтың тарапынан, Үкімет тарапынан да мұрағат ісіне қолдау көрсетіліп отырды.   2001-2005 жылдары «Қазақстан Республикасында мұрағат ісін дамыту бағдарламасы» аясында мұрағат қызметкерлері  мұрағат қорын шет елдердің мұрағаттырында сақтаулы құжаттармен толықтыру саласында көп еңбек сіңірді. Мұрағат қызметкерлері көршілес елдерде, оның ішінде Ресей мемлекетінің бірнеше мұрағаттарында Қазақстан тарихына байланысты құжаттарды іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Осы бастамалардың арқасында мұрағат қоры Қазақстан тарихына байланысты құжаттар көшірмелерімен толықтырыла бастады. 
Қолжазбаларды сақтап қалатын мұрағат мекемелерінің құрылу тарихы Қазақстанда ХVII ғасырдан басталады. Бұл туралы ресми құжаттар да сақталған. Соның бірінде: «Бөкей губерниясының мұрағаты Бөкей ордасы кезінен, яғни 1794 жылдан бастап ұйымдастырылды», деп жазылған.[1]

Кеңес кезеңінде республикада мұрағат құру ісі, дәлірек айтқанда, 1918 жылғы “РКФСР-де мұрағат ісін қайта ұйымдастыру және орталықтандыру туралы” декретіне сәйкес жүзеге асырылды.

Аталған декрет бойынша барлық мекемелердің істері мен құжаттарын сақтау мақсатында Бірыңғай мемлекеттік мұрағат қоры ұйымдастырылды. Оны және мұрағаттарды басқару үшін мұрағат ісінің Бас басқармасы құрылады.

1921 жылы 5 сәуірде Қазақ Өлкелік Бас архиві ұйымдастырылды. 1998 жылы 22 желтоқсанда Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы Қазақстан Республикасының заңы бекітіліп бұл заң Қазақстан Ұлттық мұрағаттары мен мұрағат қорының тарихының жаңа кезеңі басталғанын дәлелдеді. Осы тарихи кезеңнен бастап біз АРХИВ деген сөзді МҰРАҒАТ деген сөзбен ауыстырып қолдана бастадық. Кеңестік дәуірде жүйелі қалыптасқан мемлекеттік мұрағаттарда құнды құжаттардың орналасуының принциптері белгіленіп, нақты жүйеге келді. Әсіресе 50-ші жылдары КСРО Бас мұрағат басқармасының өкімімен қорларды шоғырландырудың ортақтыландыру принципіне сәйкес орталық және бірқатар облыстық мұрағаттардан құнды тарихи қорлар Одақтық орталық мемлекеттік мұрағаттарға алынды. Қазақстан мұрағаттары тарихы кезеңдердің қиындықтарына қарамастан Қазақстанның мұрағат қорларында қазіргі таңда 15 миллионнан астам істі құрайтын құжаттар сақталуда.

 

 

1.1 Қазақстанда Орталық мемлекеттік мұрағаттар мен облыстық мемлекеттік мұрағаттардың ұйымдастырылу хронологиясы

 

Мемлекеттік мұрағат атауы

Құрылған жылы

1

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты «Бөкей ордасы өлкелік мұрағаты»

1921

2

«Бөкей ордасы өлкелік мұрағаты»

1794

3

Семей облыстық мемлекеттік мұрағаты

1920

4

Ақтөбе облыстық мемлекеттік мұрағаты

1923

5

Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағаты

1923

6

Орал облыстық мемлекеттік мұрағаты

1923

7

Ақмола облыстық мемлекеттік мұрағаты

1924

8

Қостанай облыстық мемлекеттік мұрағаты

 

9

Шымкент облыстық мемлекеттік мұрағаты 

1926

10

Атырау облыстық мемлекеттік мұрағаты

1926

11

Павлодар облыстық мемлекеттік мұрағаты

1928

12

Қызылорда облыстық мемлекеттік мұрағаты

1928

13

Қазақстанда Орталық мемлекеттік кинофото және дыбыс жазбалары мұрағаты

1934

14

Қарағанды облыстық мемлекеттік мұрағаты

1937

15

Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағаты

1938

16

Жамбыл облыстық мемлекеттік мұрағаты

1940

17

Көкшетау облыстық мемлекеттік мұрағаты

1944

18

Талдықорған облыстық мемлекеттік мұрағаты

1944

19

Жезқазған облыстық мемлекеттік мұрағаты

1973

20

Маңғыстау облыстық мемлекеттік мұрағаты

1973

21

Қазақстанда Орталық мемлекеттік ғылыми техникалық мұрағаты

1973

22

Алматы қаласының мемлекеттік мұрағаты 

1981

23

Астана қаласының мемлекеттік мұрағаты

1997

Информация о работе Кинофото құжаттар және дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік мұрағаты