Кинофото құжаттар және дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік мұрағаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2015 в 13:18, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын қалыптастыру, сақтау мен пайдалану және Қазақстан Республикасындағы мұрағат iсiн мемлекеттiк басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтің Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 326-I «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңы қабылданды. Осы Заң бойынша Қазақстан мұрағаттары өзінің қоймалары қойнауында көлемі мен мазмұны бойынша бірегей, аса бай ақпараттық әлеуетке ие қорларды сақтайды. Бұл құжаттар Қазақстан тарихын зерттеу үшін өте құнды дереккөз материалдары болып табылады.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағат ұғымы…4
1.1 Қазақстанда Орталық мемлекеттік мұрағаттар мен облыстық мемлекеттік мұрағаттардың ұйымдастырылу хронологиясы.............................8
1.1.1Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты «Бөкей ордасы өлкелік мұрағаты»...................................................................................................9
Кеңестік дәуір кезеңі.........................................................................10
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағаттары
2.1 Орталық мемлекеттік мұрағат ғимараты...........................................11
2.1.1 Ғимаратты сипаттау...........................................................................11
2.1.2 Халықаралық қатынастары..............................................................12
2.1.3 Келісімдер..........................................................................................13
2.2 Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты.........................................................................14
2.2.1 Мұрағат қоры......................................................................................14
Кинофото құжаттар және дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік мұрағаты
3.1 Тарихы....................................................................................................15
3.1.1 Кино құжаттар....................................................................................15
Фото құжаттар...................................................................................16
4. Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының құрылу тарихы............................................................................................................................................17

Қорытынды..........................................................................................................22
Пайдаланған әдебиет.....................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

бану.doc

— 326.50 Кб (Скачать документ)

 

1.1.1Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты «Бөкей ордасы өлкелік мұрағаты»

1994 жылы бізідің мемлекеттік  мұрағатшылар Астрахан мұрағатынан «Бөкей архиві Ішкі Қырғыз Ордасында (қазақ) 1794 жылы ұйымдастырылып, оның кезінде өмір сүрді» деген дерек тапты. Бұл деректеме Қазақстан мұрағат тарихын 2 ғасырға бір-ақ көтерді. Сөйтіп Қазақстан мұрағатының екі ғасырлық тарихы әлемге танылды. 1917 жылға дейінгі Ішкі Ордадан басқа аймақтағы Қазақстан тарихына байланысты деректер патша үкіметінің Орынбор, Түркістан, Дала генерал губернаторлықтары мен шекара комиссиясында Ішкі Министрлігі, Жер және халық ағарту министрліктерінде тағы басқа ведомстволық архивтерде сақталды. Ол құжаттардың бір азы 1921 жылдан Қазақстан мұрағаттар қорына өтті. Яғни 1921 жылы 5 сәуірдік Қазақ Өлкелік бас архив ұйымдастырылып, ол 1922 жыл күзінде Өлкелік Орталық архив деп аталды.

1921 жылы алғаш ұйымдастырылған Орталық өлкелік мұрағат тарихи маңызды құжаттарды жинау, сақтау ісімен айналысып, бүгінде Орталық мемлекеттік мұрағаттың негізін құрап отыр.

Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты - еліміздегі өзінің қорында 1 миллион 500 мыңдай істер сақтап отырған ең ірі де жан-жақты мұрағат және республикадағы кеңес дәуірі кезеңі құжаттарының бірден-бір қоймасы. Кеңес кезеңіне дейінгі құжаттар негізінен патшалық отарлау әкімшілігі ұйымдарының:

  • Орынбор шекаралық комиссиясы,
  • Ішкі Қазақ Ордасын басқарудың уақытша кеңесі,
  • Округтік приказдар, облыстық басқармалар,
  • Далалық генерал-губернаторы кеңсесі,
  • Уездік басқармалар,
  • Статистикалық комитеттер,
  • Көші-қон басқармалары,
  • Санақ комиссиялары,
  • Облыстық және округтік соттар,
  • Жандарм және полиция басқармалары,
  • Тау-кен округтері,
  • Халық училищелері,
  • Оқу орындарының инспекторлары және т. б. қорларын құрайды.

 

 

1.1.2 Кеңестік дәуір кезеңі

Мұрағатта кеңес дәуіріне дейінгі кезеңнің барлығы 770-тен астам қорлары сақталуда. мұрағаттың ең көне құжаттары Семей кедені қорында сақтаулы 1732 жылғы құжаттан басталады және қор құжаттарында Жоңғар, Қытай және Орта Азиялық хандықтармен сауда қатынасының тарихы орын алған. Кеңес дәуіріне дейінгі кезең құжаттарының хронологиялық шегі XVIII ғасырдың аяғынан 1917 жылға дейінгі кезеңді қамтиды.

Қараусыз қалған революцияға дейінгі тарихи құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мұрағаттардың негізгі міндетіне алынды. Ұлттық мұрағат қоры ұлттық құндылық ретінде бекітілген заңмен мойындалған тарихи, әлеуметтік, ғылыми, экономикалық, саяси және мәдени маңызы бар барлық мұрағаттардың, мұрағат қорларының және документалды ескерткіштердің жиынтығы болып табылады. Себебі тарих қана ұрпақтар үндестігін жалғастырып, уақыттар арасындағы өзара байланыстар мен өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді. Бөкей хандығы тарихымен тығыз байланысты алғашқы ұлттық құндылықтардың ошағына айналған мұрағаттар бірнеше дәуірлік сан қилы тарихты бастан өткерді.

Төңкеріске дейінгі дәуірде Қазақстан тарихына қатысты шашыраңқы тарихи маңызды құжаттар негізінен ведомстволық мұрағаттарда орналасты. Кеңестік дәуірдің алғашқы жылдарындағы саяси жағдайлар бірқатар маңызды тарихи құжаттардың Қазақстанмен шекаралас республикалар мен облыстарда қалып қоюына себеп болды.

Мұрағат құжаттарын пайдалану мәселесінде мұрағаттардың кеңестік дәуірде алдымен Коммунистік партияның мүддесіне қызмет атқарып, тек кеңестік жүйе ыдырығаннан кейін барлық пайдаланушыларға бірдей қызмет ете бастағаны белгілі. Бүгінде еркін қол жеткізуге болатын мұрағат құжаттарын кез келген пайдаланушы өз мақсатына ашық пайдалана алады. мемлекеттің аса құпия мағлұматтары бейнеленген құжаттарды оның қауіпсіздігін қорғау мақсатында пайдалануға шек қойылған. Мұрағат құжаттарымен жұмыс істеуде арнайы қабылданған ережелерді, яғни ақпаратты іздестіруде анықтамалық аппаратты пайдалануды, көне мәтіндерді оқи білу қажет.

 

 

2.Тәуелсіз Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағаттары

Тарихи деректерді кеңінен пайдалану мәселесінде барлық мұрағаттардың ақпараттық қызметі интеграциялануы маңызды болып табылады. Ақпаратты пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтетін осы бағыт кең көлемді ақпаратты жылдам алуды қамтамасыз етеді.

Қоғамның білімге деген қажеттіліктері қазір жаңа тасушылардағы ақпараттарды қабылдауға мүмкіндік береді. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында шетелдерде Қазақстан тарихына қатысты жазба деректерді іздестірумен айналысатын археографиялық комиссиялар нәтижелі жұмыстар атқарды.

Шетелдік мұрағаттар, кітапханалар, ғылыми-зерттеу мекемелерінің сирек қолжазбалар бөлімдерінен іздеп табылған тарихи құнды құжаттардың біраз бөлігінің көшірмелері алынды. 2002-2005 жылдар аралығында барлығы 35 мыңнан аса тарихи құжаттар анықталды. Отандық мұрағаттарда сақтаулы құжаттардың басым бөлігімен көпшілік және ғылыми орта таныс. Тарихи, мәдени, саяси маңызға ие құжаттарды түрлі салаларда пайдалану да кеңінен жүргізілуде. Мұрағат мекемесі құжаттарды мүлтіксіз қорғап, сенімді жерде сақтауды қамтамасыз етеді және ұлттық тарихи-мәдени мұраны іске пайдаланады.

 

2.1 Орталық мемлекеттік мұрағат ғимараты

Жаңа астанада Ұлттық мұрағат құру идеясы бүгінгі уақыт талабына жауап Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен 2002 жылы 12 желтоқсандағы № 01- 8.15 тарихи хаттамалық шешімімен Ұлттық мұрағат ғимаратты 2003 жылы Астана қаласында салынатын мемлекеттік нысандар тізбесіне енгізілді.

Бұл әзірше ТМД-ға елдеріне халықаралық стандарттар мен талаптарға сай жоғары технологиялық мұрағаттық құралдармен жабдықталған бірден – бір мекеме болып табылады.

 

 2.1.1 Ғимаратты сипаттау

Бұл қазіргі заман талабына сай көркем де әсем ғимарат, оның тоғыз қабатты, көк тіреген күмбезді қоймасы шығыстық стилдегі шексіздік пен тұрақтылықты бейнелейді, ал әкімшілік бөлігінің еуропалық стилі Есіл өзенінің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік елорда орталығын толықтырып тұрғандай.

Егерде Министрліктер ғимаратын аспанда қалықтап жүрген құстың бейнесіне ұқсатсақ, Ұлттық мұрағат ғимараты өткеннен болашаққа көз салған көз жанарына ұқсайды. Жалпы аумағы 12725 шаршы метрді алып жатқан ғимарат дәстүрлі түрдегі және электронды тасымалдаушылардағы мұрағаттың құжаттарды сақтауға арналған екі блоктан тұрады.

  • 1 блок – 9 қабатты мұрағат сақтау қоймасы (тік доминантты күмбез пішінінде);
  • 2 блок – 4 қабатты доға пішініндегі әкімшілік-басқару және зерттеу үшін қолданылады.

Бірнеше оқу залдары, синхронды аудармамен қамтылған конференц–зал, кино, көрме және интернет залдары, Ұлттық мұрағат қорларға арналған экспозициялық холлдар бар. құжаттарды консервациялау, өңдеу, микрофильмдеу және көшірме жасау лабораториялары орналасқан. Ғимарат ішкі ылғалдылығын бақылау үшін, өрт дабылы, газдық өрт сөндіру құралдары, бейнебақылау камералары, электронды рұқсат жүйесі және т.б. құралдармен жабдықталған.

Жалпы алғанда, мұнда халықтың құжаттық естеліктерін сақтаушы және жинақтаушы – мұрағатшылар қызмет атқаруға және құнды құжаттарды алдағы жүзжылдыққа сақтап жеткізуге жағдайлар жасалған. мұрағат ісін дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыруда мұрағат ісі, басқару қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету және құжаттама жүйесін дамыту мәселелері бойынша 70-тен аса нормативтік-құқықтық кесімдер мен әдістемелік құжаттар дайындалды.

 

2.2 Халықаралық қатынастары

Қазақстан үшін тарихи-мәдени құндылығы бар құжаттарды шетел мұрағаттарынан, кітапханаларынан және ғылыми мекемелерінен іздестіру және сатып алу жөнінде қабылданған шаралар нәтижесінде Ұлттық мұрағат қорының құрамы мен мазмұны едәуір байи түсті. Арменияда,[2] Египетте,[3] Ұлыбританияда,[4] Германияда,[5] Ресейде,[6] АҚШ-та,[7] Түркияда,[8] Қытайда,[9] Венгрия[10] мен Польшада[11] 35 мыңнан аса құнды тарихи құжаттық деректер анықталды. Олардан отандық мұрағаттарда баламасы жоқ

  • 147 377 кадр микрофильм,
  • 16808 парақ құжат,
  • 785 мұрағаттық іс,
  • 27 шығыс қолжазбасының көшірмесі,
  • 52 киноқұжат,
  • 1819 фотонегатив,
  • 113 түрлі-түсті слайдтар,
  • 12 ортағасырлық карта көшірмесі,
  • 400 мұрағаттық құжаттар жинағы, анықтамалықтар сатып алынды.

Мұрағат ісі саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында Араб Египет Республикасы Мәдениет министрлігімен, Арменияның аумақтық басқару министрлігімен, Польша мемлекеттік мұрағаттары, Бас дирекциясымен, Түркия Премьер-Министрі жанындағы мемлекеттік мұрағат Бас дирекциясымен, Моңғолия және Өзбекстанның мұрағат ісі жөніндегі басқармаларымен, АҚШ Холокост мемориалдық мұражайымен келісімдер жасалды.

 

2.2.1 Келісімдер

  • Америка Құрама Штаттарының мұрағат ici саласындағы ынтымақтастық туралы келісім [12]
  • Финляндия Республикасының мұрағат ici саласындағы ынтымақтастық туралы келісім [13]
  • Украина мұрағат ici саласындағы ынтымақтастық туралы келісім[14]
  • Түрік Республикасының мұрағат ici саласындағы ынтымақтастық туралы келісім [15]
  • Өзбекстан Республикасының мұрағат ici саласындағы ынтымақтастық туралы келісім [16]
  • Беларусь Республикасының мұрағат ici саласындағы ынтымақтастық туралы келісім [17]
  • Армения Республикасының мұрағат ici саласындағы ынтымақтастық туралы келісім[18]
  • Монғолия мұрағат ici саласындағы ынтымақтастық туралы келісім [19]
  • Литва Республикасының мұрағат ici саласындағы ынтымақтастық туралы келісім[20]
  • Қырғыз Республикасының мұрағат ici саласындағы ынтымақтастық туралы келісім[21]
  • Қытай Халық Республикасының мұрағат ici саласындағы ынтымақтастық туралы келісім[22]
  • Иран Ислам Республикасының мұр ici саласындағы ынтымақтастық туралы келісім[23]
  • Египет Араб Республикасының мұрағат ici саласындағы ынтымақтастық туралы келісім[24]
  • Польша Республикасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім[25]
  • Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігi мен Ресей Федерациясы Татарстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Бас мұрағат басқармасы арасындағы мұрағат ici саласындағы ынтымақтастық туралы ХАТТАМА[26]
  • Ресей Федеральдык мұрағат ici саласындағы ынтымақтастық меморандум

 

 

2.2 Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты

Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты - өз қызметін 1974 жылдың 1 наурызынан бастады.[28] Қазақстан мұрағаттары өзінің қоймалары қойнауында көлемі мен мазмұны бойынша бірегей, аса бай ақпараттық әлеуетке ие қорларды сақтайды. Бұл құжаттар Қазақстан тарихын зерттеу үшін өте құнды дереккөз материалдары болып табылады. 
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағаттар комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты ХІХ ғасырдың соңынан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстанның ғылымы мен техникасының қалыптасуы және дамуы тарихы бойынша құжаттарды сақтайтын аса ірі мекеме.

Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатында Алматы қаласының аумағына орналасқан республикалық және бұрынғы одақтық бағыныштылықтағы ғылыми-зерттеу, жобалау, конструкторлық технологиялық ұйымдар мен мекемелердің қызметі нәтижесінде құрылған ғылыми-технгикалық және басшылық құжаттамалар мемлекеттік сақтауға алынған. 
Мұрағатта бүгінгі күні мемлекеттік сақтауда 184621 сақтау бірлігі бар.

2.2.1 Мұрағат қоры

Мекемелер мен кәсіпорындардың қызметі нәтижесінде құрылған құжаттармен қатар, мұрағатқа Қазақстанның ғылым мен техника саласындағы көрнекті қызметкерлерінің өмірі мен қызметі тарихынан хабар беретін жеке құрам құжаттары да мемлекеттік сақтауға алынған. Олардың қатарында Ә.Ш. Тәтіғұлов, П.И. Мариковский, Ғ.Ә. Қалиев, М.И. Усанович, М.Ш. Мәжитов, Т.С. Жасыбаева, С.Г. Космериди, П.Т. Гуляевский т.б. белгілі қайраткерлер бар. Бүгінгі таңда 3302 сақтау бірлігінен тұратын 28 жеке құрам қоры мемлекеттік сақтауда. мұрағат қызметкерлері аса құнды құжаттар мен қорларды ақықтау және есепке алу жұмыстарын жүргізеді, оларға жеке тізімдемелер мен есеп карточкалары құрылады, сақтандыру қоры мен аса құнды құжаттардың көшірмелерін пайдалану қорын құру үшін құжаттарды микрофильмдерге көшіреді. бүгінге күнге дейін 1532089 микрофотокөшірме дайындалды. 

3. Кинофото құжаттар және дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік мұрағаты

3.1 Тарихы

Орталық Мемлекеттік кинофотофонодокументтер архивіне республика аумағында түзілген, саяси, тарихи, мәдени мәні бар барлық кинофотофоно құжаттар енгізілді. 1957 жылдың соңында республикалық орталық мұрағаттар жүйесін қайта құруға байланысты ҚазССР ОМ КФФД архиві ҚазССР Орталық Мемлекеттік архиві құрамына бөлім ретінде енді. Қазақстан Республикасының құрылуына байланысты 1992 жылы мұрағат Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбысжазбалар мұрағаты болып аталды.

3.1.1 Кино құжаттар

Мұрағат киноқорында «Восток кино» студиясы мен «Межрабпром» кинотресінің операторлары түсірген алғашқы деректі очерктер сақталған. Сол жылдар фильмдер арасында «Қазақтардың өмірі мен тұрмысы» («Жизнь и быть казахов») (1927 ж.), «Алматы Қазақстан астанасы» («Алма-Ата – столица Казахстана») (1929 ж.), «Түрксіб» (1930 ж.) атты ленталар – айрықша құнды дүниелер болып табылады. 1943 жылдан бастап мұрағат қорларына Екінші дүниежүзілік соғыстың «жанды» тарихы – алғашқы киноүлдір орамдары келіп түсе бастады. Сол кезге тән деректі мол мұраларды қалыптастыруда Мәскеу, Ленинград және Алматы кинематографистерінің күшімен құрылған Еліміздің біріккен орталық киностудиясы көп көмек көрсетті. Осы киностудияның базасында Алматыда мерзімімен «Союзкиножурнал» туындылары шығарылып тұрды. Бұлардың бір бөлігі соғыс аяқталған соң Қазақстанда қалды. Қазір олар мұрағаттың «Алтын қорын» құрайды. Азамат соғысына, Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, еңбек ардагерлерінің, ғылым мен мәдениет қайраткерлерінің деректі фильм-портреттері: «Тұрар Рысқұлов», «Әлия», «Дина», «Амангелді Иманов», «Мәншүк», «Талғаттың қыран биігі» (Высокое небо Талгата), «Мәжит Бегалин», «Сәкен Сейфуллин», тағы да басқа туындылар республика тарихының өзендік дербес парақтары болып табылады. Мұрағатта сақтаулы фильмдер, журналдар, арнаулы шығарылымдар (50000 сақтау бірлігіне жуық) Қазақстанның бірегей киношежіресін құрайды.

Информация о работе Кинофото құжаттар және дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік мұрағаты