XIX ғасырдағы сауда сипатының өзгеруі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2013 в 19:11, реферат

Краткое описание

Егер XVIII ғасырда қазақтармен еркін сауда-саттық негізінен шекара шебіне таяу бекіністерде жүргізіліп келген болса, енді XIX ғасырда оның сипаты мүлде өзгерді. Олар "әкімшілік реформаларының жүргізілуімен, сондай-ақ қоныс аударушы шаруалар арқылы отарлау әрекеттерімен байланысты болды. Сауда орталықтары бірте-бірте Қазақстанның ішкі аудандарына қарай ойысты. Олар округ орталықтарына, қоныс аударушы шаруалардың елді мекендеріне және жаңа қалаларға қарай жақындай түсті.
Бұрын сауда-саттықтың басты орталықтары Орынбор, Троицгс, Петропавл, Преснегоръков, Омбы, Семей және Орал бекініс қамалдары болып келген еді. Ал XIX ғасырдың 20-жылдарынан бастап, округтық приказдар да сауда орталықтарына айнала бастады. Мәселен, Қазақстанның солтүстік-шығыс жағындағы Сібір әкімшілігіне қарайтын қазақтардың өздерінен ғана орыс көпестері жыл сайын 3 миллионға дейін қой, 150 мыңға дейін жылқы және 100 мыңға дейін мүйізді ірі қара сатып алатын.

Прикрепленные файлы: 1 файл

XIX ғасырдағы сауда сипатының өзгеруі.docx

— 36.96 Кб (Скачать документ)

XIX ғасырдың аяқ кезінде  қазақ көпестері сауда-саттық  операцияларына барынша белсене  қатысты. Олар үсті-үстіне сауда керуендерін жөнелтумен болды. Көпестердің арасында Жандыбайұлы, Жетікұлы, Шаянбайұлы, Мақыпұлы сияқты саудагерлер көпке танылып, сый-құрметке бөленді, зор бедел алды.

Осы кезеңде сауда қатынастары  Жетісу жері арқылы дами бастады. Ертіс  және Іле өзендерінде пароход  қатынайтын болды. 1883 жылы көпес Уәли Ахун Юлдашев Іле өзені арқылы тікелей су жолын ашты. Қазақ көпестерінің ерекше зор сұранысы шай, ал өздерінің шығысқа қарай шығаратын тауары баяғысынша мал болды. Дегенмен XIX ғасырдың аяқ кезінде Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық қатынастар бәсең тарта бастады.

[өңдеу]Қазақстандағы көлік қатынасының дамуы

 

Біз сөз етіп отырған кезеңде Қазақстанда кәдімгі далалық қара жолмен қатар су жолы, темір жол қатынастары да дами бастады. Ол кезде тас жолдар әлі салына қойған жоқ еді. Сауда және қатынас жолдары Қазақстанның қай түкпірін болса да айқыш-ұйқыш шарлап жатты. Ол жолдармен қатынас жасау XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастап күшейе түскен еді. Уақыт өте келе олар Ресей мен Қазақстан арасындағы сауда қатынасының күшеюіне ықпал етті. Мәселен, 1745 жылы Өскемен мен Омбы арасында қазыналық төте жол қатынасы салынды. Оның бес жерде бекеті болды. Пошта тасу, жәмшік қызметін атқару қазақтарға жүктелді. Дала төсіндегі бұл қызметті атқару қиын болатын. Кейіннен оған қоныс аударған шаруалар да қатыстырылды. Күре жолдардағы қатынас ат жегілген, кейіннен түйе жегілген көліктермен жүзеге асырылды. Ол көліктің түрлері тарантас, шыбықтан тоқылған қорап куйме, екі дөңгелекті ағаш арба және кәдімгі төрт дөңгелекті жүк арбасы' болатын. Қазақ даласындағы барлық елді Мекендер бір-бірімен күре жолдар арқылы байланысып жатты. Ол жолдармен жүк тасушылар негізінен қазақтар еді. Осы кәсіпті бүкіл отбасымен меңгеріп, маманданып алғандар да кездесті.

Ертісте су жолы қалыптасты. Алғашқыда ол әскери міндеттер атқару мақсаттарын көздеген еді, кейінірек Қазақстан шаруашылық тұрғысынан отарланып болған соң бейбіт сипат алды, сауда-саттықты дамытуға пайдаланылды. Бy қозғағышының күшімен жүзетін алғашқы кемелер Ертіспен XIX ғасырдың 60-жылдарынан бастап жүзе бастады. 1862 жылы Омбыдан Семейге алғашқы пароход сапарға шықты. ХІХ-ХХ ғасырлар шебінде Семей мен Тобыл арасында осындай 40-қа жуық пароход қатынас жасады. Пароходтар Түмен қаласында жасалып, құрастырылды. Пароходпен тасылатын негізгі тауарлар тас көмір, астық, тұз, көкөніс және мал өнімдері болды. Өзенмен жүк тасу үшін кәдімгі салдар да пайдаланылды. Олар Ертістің бас жағынан Омбыға дейін жіберілді. Сал арқылы қауын-қарбыз, жарма өнімдері, балық, бал қарағай жаңғағы, тұз, әк, алебастр және охра (жер бояуы) тасымалданды. Ертістен басқа өзендерде, әсіресе Жайықта, иароходтардың жүзуіне балық қорын сақтау мақсатымен тыйым салынды. Ал бірқатар өзендер мен көлдердің тайыз болуы салдарынан оларда пароходтарды пайдалану кеңінен өріс ала алған жоқ.

Теңізде жүзу тек Каспийде ғана кең тарады. Онда Гурьев пен  Астрахан арасында пароходтар қатынап  тұрды.,

XIX ғасырдың екінші жартысында  Қазақстанда капиталистік қатынастардың  дамуы - Қазақстанның жалпыресейлік  экономикаға тартылуы. Банк және  несие жүйесінің дамуы. Қазақстанның  Ресей құрамына қосылуының нәтижесінде  аймактың экономикалық өмірінде  түбегейлі өзгерістер жүзеге  асты:

аймақ жалпыресейлік еңбек бөлінісі мен жалпыресейлік және дүниежүзілік рынокқа тартылды;

ортақ салмақ, өлшем, ақша белгілері  жүйесі орнады;

ауыл шаруашылығының тауарлық салалары есті;

тау-кен және өңдеу өнеркөсібі дамыды.

Қазақстанда капитализмнің алдыңғы  қатарлы белгілері пайда болып  дамыды:

қалалар мен темір жолдар салынды;

тауар-ақша қатынастары дамыды;

көшпелі қазақтар шаруашылықтың жартылай көшпелі және

отырықшы түрлеріне ауыса бастады;

әлеуметтік жіктеліс тереңдеп, жаңа әлеуметтік топтар пайда болды (жұмысшылар, жатақтар, батырақтар және т.б.).

Алайда Қазақстанға капиталистік қатынастар өте баяу енді, мұнда  көпке дейін экономиканың артта  қалған түрлері үстем болды. Қазақстан  шаруашылық жағынан тек шикізат  көзі тұрғысынан ғана игерілді. Өз кезегінде  ресейлік өнеркәсіп орындары шығарған тауарларды өткізетін рынокқа айналды.

Сонымен қатар Орталық Ресейдің сауда-өнеркәсіп және монополистік буржуазиясының капиталы салынатын  аймаққа айналды. Орыс, шетел және аз-маз жергілікті капитал негізінде  тау-кен және мұнай орындарын  игеретін акционерлік өндірістер құрыла бастады. Банк тораптары мен несие  мекемелері құрылуы нәтижесінде  капитал елдің шеткері аймақтарына  да келіп жетті.

Қазақстандағы несие жүйесін барлық Ресей империясындағы сияқты Мемлекеттік  банк бөлімшелері, акционерлік, коммерциялық банк филиалдары, өзара несие қоғамдары, қалалық қоғамдық банктер жүзеге асырды. Мемлекеттік және ірі коммерциялық банк бөлімшелері XIX ғасырдың 70—80-жылдары  Оралда, Петропавл, Семей, Омбы, Верный қалаларында ашылды.

XX ғасырдың басында өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының дамуы ақша  рыногын кеңейтіп, несие жүйесі  ресурстарын ұлғайтты. Бұл кезеңде  елкеде ірі коммерциялық банктердің  бөлімдері: Орыс-Азия, Халықаралық  коммерция, Орыс сыртқы сауда,  Орыс сауда-өнеркөсіп, Сібір сауда,  Еділ-Кама, Мәскеу көпестері банктері  ашылды.

Қазақстан мен Қырғызстан аумағында 1914 жылы 44 банк мекемелері мен 345 несие  және карыз жинақтау серіктестіктері  жұмыс істеді. Өлке облыстары арасында несиелік мекемелер саны жағынан  Ақмола облысы бірінші орынға шықты. Петропавл осы аудандағы сауда-өнеркәсіп  қызметінің орталығына айналды. Мал, мал  шаруашылығы өнімдері саудасы және үн тарту өнеркәсібінің ірі орталығы Семейде орналасты. Ал Орал және Қостанай Еділ өңірін мал өнімдерімен жабдықтап  тұратын маңызды пунктке айналды.

Сауда өнеркөсіп топтары өлкенің  бай табиғи ресурстарын игеруге  ат салысты. Аймақта сауда өнеркәсіп  өндірісімен салыстырғанда біршама  жоғары деңгейде болды. Саудада орта және ұсақ сауда өнеркәсіптерінің үлес салмағы үлкен болды. Кішігірім  бөлшек сауда дүкендері де сауда  операцияларына белсене араласты. Қазақстан  мен Қырғызстанда несие көлемі жағынан  бірінші орынды — мал және ет саудасы, екінші орынды — нан, үшінші орынды өнеркөсіп тауарлары иеленді.

Қазақстанның өндіргіш күштерінің өсуіне темір жолдардың салынуының үлкен маңызы болды. Темір жолдар торабы жүк тасудың, сыртқы сауданың өсуі капиталистік ендіріс тәсілінің  орнығуындағы басым факторға айналды. XIX ғасырдың соңында Рязань — Орал, Самара — Орынбор, Самарқан қаласын  Каспиймен қосатын темір жолдар, Сібір темір жолы құрылысының  аяқталуы Ресеймен байланысты күшейте  түсті. Осы кезеңде Қазақстанға  шаруалардың жаппай қоныс аударуы  жүріп жатқандықтан, сырттан келгендер  осы маңызды темір жол, тас  жол, су жолдары бойларына орналаса бастады.

Мазмұны  [жасыру]

1 XIX ғасырдың екінші жартысы  — XX ғасырдың басындағы сауданың  дамуы. Жәрмеңкелер

2 Қазақстандағы өндеу өнеркәсібінің  құрылымы, оның силаты және ерекшеліктері

3 Қазақстан өнеркәсібі дамуының  жалпы сипаттамасы

4 Пайдаланылған әдебиет

[өңдеу]XIX ғасырдың екінші жартысы  — XX ғасырдың басындағы сауданың  дамуы. Жәрмеңкелер

 

 

 

Сауда

Қазақстанға капиталистік қарым-қатынастардың  енуі қазақ ауылының шаруашылық өміріне  кептеген өзгерістер әкелді. Қазақстанда  сауда қатынастарының дамып, ішкі рыноктың құрылуына жол ашылды. Өлке экономикасы  жалпыресейлік шаруашылық жүйесінің  құрамдас бөлігі ретінде дамыды.

Қазақстандағы ішкі сауданың дамуына  жергілікті рыноктың құрылуы, ақша қатынастарының енуі әсер етті. Дегенмен Қазақстанның барлық аймақтарының арасында бір-бірімен  байланыс жүйелі түрде орнады деп  айту қиын.

Қазақтардың басты тауары — мал  мен мал шаруашылығы өнімдері. Қазақстан капитализм жедел қарқынмен  дамып келе жатқан ресейлік рынокқа  тартыла бастады. Ресейден қант, галантерея және басқа да мануфактуралық тауарлар әкелінді. Ресейге мал мен шикізат  шығару, әсіресе елкеде темір жол  салынғаннан кейін ұлғая түсті, егіншілік өнімдерін шығара бастады. Егіншілік енімдерінің тауарлығы  артты.

XIX ғасырдың соңы — XX ғасырдың  басында Қазақстанда сауданың  үш түрі болды:

қозғалмалы айырбас саудасы,

маусымдық жәрмеңкелер,

тұрақты сауда.

Айырбас сауда түрімен алыпсатарлар айналысты. Олар алыс ауылдағы қазақтарға әр түрлі арзанқол тауарларды малға  айырбастады. Айырбас саудада көбіне сауда тең емес, тонаушылық сипатта  болды. Далалық айырбас саудасының кең қанат жаюы қалалық тұрақты  сауда орындарының дамуына әсер етті. Далалық ұсақ саудагерлер үстінен  қарайтын ірі саудагерлер осы  бекініс шептері маңындағы қалаларда  шоғырланды.

Омбы, Петропавл тағы басқа қалалар  орыстың сауда капиталының қазақ  даласына енуінде маңызды рел  атқарды. Қалалардағы айырбас сарайлары  жәрмеңкелік сауданың ірі орталықтарына  айналды. Сауда нүктелері тек  қалаларда ғана емес, бекініс пункттері  мен қазақ-орыс станицаларында қазақтар тығыз орналасқан жерлерде, темір  жол бекеттері бойында ашылды.

XIX ғасырдың екінші жартысынан  бастап қазақтардың шаруашылық  мұқтаждықтарына неғұрлым ыңғайлы  жәрмеңкелік сауда кең етек  ала бастады. Олардың ішіндегі  ең ірісі — Семей облысындағы  Қарқаралы уезі Қоянды (немесе 1948 жылы негізін салушы көпес  С.Ботовтың есімімен аталған)  жәрмеңкесі болды.

XIX ғасырдың соңында оның сауда  айналымының көлемі 3 млн сомға  дейін жетсе, Орал облысында  Ойыл, Темір жәрмеңкелері, Ақмола  облысындағы Петров (Атбасар станицасы), Константинов (Ақмола уезі), Тайыншакөл (Петропавл уезі), Жетісу облысында  ең ірі — Қарқара жәрмеңкесі, Сырдария облысында — Әулиеата  жәрмеңкесі болды. XIX ғасырдың 80- жылдарынан 1909 жылға дейін тек Семей облысында  15 жөрмеңке (Екатеринск, Шар, Семей,  т.б.) болды.

Мұнда мал мен мал шаруашылығы  өнімдері сатылды. Қазақстанға орыс өнеркәсіп өнімдері, тоқыма тауарлар (мақта-мата бұйымдары), өңделген тері, металл бұйымдары (ауыл шаруашылығы  құралдары), қант, сабын, керосин, галантереялық  тауарлар, тұрмыстык заттар әкелінді. Орталық Азиядан кептірілген  жемістер, киім, мата, қалы кілемдер, Қытайдан шай, маталар тасылды.

Жәрмеңкелерде сауда операциялары айырбас түрінде немесе ақша түрінде  жүрді. Орыс көпестері жәрмеңкелерден ете үлкен пайда түсірді. Патша  үкіметінің қазақ даласындағы сауда  саясатының тонаушылық, отаршылдық сипаты болды. Дегенмен қазақтардың табиғи томаға-тұйық шаруашылығының ыдырауына  жол ашты.

Жәрмеңкелер жылдың төрт мезгілінде өткізілді. Сондықтан оларды маусымдың  жәрмеңкелер деп атайды. Қазақтар үшін, әсіресе жазда өтетін жәрмеңкелердің маңызы зор болды. Бұған алыс аудандардан  жылқы, ірі қара, қой, ешкі және мал  шаруашылығы өнімдері: тері, жүн, киіз, май, мүйіз, жылқының қылын әкеліп өткізіп, өздеріне қажетті заттарға, үн, шай, ыдыс-аяқ, т. б. айырбастады.

Бұлардың ішінен рынок үшін арнайы өндіретін ұлттық сауда буржуазиясы  өсіп шықты. Қазақтардың арасынан шыққан саудагерлерді: ұсақ, орта және ірі  деп үшке бөлуге болады. Мәселен, XIX ғасырда қазақ байларының, алыпсатарларының, саудагерлерінің, приказчиктерінің, делдалдардың ірілі-ұсақты жалпы саны 40 мыңға  жеткен. Дегенмен ресейлік және ортаазиялық  сауда буржуазиясының бәсекелестік әсерінен қазақ буржуазиясы әлсіз  болды. Ұлттык капитал толығымен  қалыптаса алмады.

Революцияға дейінгі Қазақстанда  жергілікті рыноктардың бірігуі  негізінде ұлттық рынок қалыптасып үлгермеді. Оған отарлық езгі, жекелеген  аймақ арасындағы экономикалық байланыстардың әлсіздігі, ру қатынастарының сақталуы әсер етті.

Қазақстан мен Қытайдың шекаралас  аудандарында сауда-экономикалық ынтымақтастық  ұлғайды. Қазақ-қытай сауда орталықтары  ретінде Омбы, Петропавл, Семей, Көкшетау, Верный және т.б. калалар өсіп-көркейді. Қазақстан жері арқылы жүргізілетін орыс-қытай сауда қарым-қатынастары  Құлжа, Айгүн, Пекин, Петербург келісімдері  негізінде жандана түсті.

Сонымен қатар Сібір темір жол  торабы мен Ертіс бумен жүретін  кеме жолының ашылуы, кеден бекеттері  салынуының ықпалы зор болды. Мысалы, Бақты, Қосағаш, Зайсан, Қатонқарағай, Жаркент, Ыстықкөл, Нарын кеден бекеттері  жұмыс істеп тұрды.

[өңдеу]Қазақстандағы өндеу өнеркәсібінің  құрылымы, оның силаты және ерекшеліктері

 

Сібір темір жолы салынғаннан кейін  Қазақстан тауарлы мал шаруашылығымен айналысатын ауданға айналды. Тері, жүн, ет, май өндейтін өнеркәсіптің дамуына жол ашылды. Петропавл  және Семей қалалары мал саудасымен айналысатын ірі орталық болды.

Май өндіретін, етті консервілеу өнеркәсіптері  Ақмолада, Семейде, Петропавлда ашылды. Мал шаруашылығы өнімдерін ендеу  кәсіпорындарының ішінде былғары шығару ісі жетекші орын алды. Былғары  өндірісімен қатар қолғап тігетін, пима басатын кәсіпорындар жанында  қой терісінен тон тігу қолға  алына бастады. Тон тігетін кәсіпшіліктер  Петропавл және Ақмола уездерінде жедел  дамыды.

Жергілікті жерлерде жүн шикізаты алғашқы ғана өндеуден өтіп, Ресейге  жөнелтілді. Далалык өлкеде өңдеу  өнеркәсібінде ұн тарту ісі маңызды  орын алды. Ақмола облыстарында астық  алқаптарының көлемі ұлғайды. Астық  алқаптарының жартысынан көбінде бидай  өсірілгендіктен, ұн тарту кәсіпорындарына  жөнелтілді. Ұн тарту кәсіпорындары  Сібір темір жолы бойында орналасқан Омбы, Семей, Петропавл, Орал, Ақмола сияқты қалаларда шоғырланды.

Дала өлкесінде спирт, арақ-шарап  өндіретін қаржы министріне бағынатын  Томск-Семей және Тобыл-Ақмола акциздік мекемелері құрылды. Шарап монополиясы  мемлекет кірісінің 30%-ын жауып отырды. Сонымен қатар спирт өнеркөсібі сыра қайнату өнеркөсібінің дамуына  да ықпал етті.

Құрылыстарға және шаруашылыққа қажетті  орман ағаштарын кесетін өнеркөсіп  дамыды. Мәселен, Сібір темір жолы құрылысына көп ағаш жұмсалды. Кебінесе олармен қазыналық мекемелер  айналысты. Қазақстанда ұсақ тауар  ендірісінің үлесі кашанда ірі  өнеркөсіп үлесінен жоғары деңгейде болды.

Кәсіпшілік пен қолөнер түрлері  әр аймақтағы шикізат түрлеріне  қарай дамыды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін  өңдеу, тері еңдеу, киіз басу, кілем  тоқу кеңінен таралды. Мысалы, Ақмола уезіне қоныс аударған шаруа қожалықтарында жер өңдеуден кейін астық тарту, май тарту, май шайқау көсіпшіліктері екінші орын алды. Әсіресе ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу көсіпшілігімен егістік жері жоқ шаруашылықтар айналысты.

Информация о работе XIX ғасырдағы сауда сипатының өзгеруі