Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2013 в 19:11, реферат
Егер XVIII ғасырда қазақтармен еркін сауда-саттық негізінен шекара шебіне таяу бекіністерде жүргізіліп келген болса, енді XIX ғасырда оның сипаты мүлде өзгерді. Олар "әкімшілік реформаларының жүргізілуімен, сондай-ақ қоныс аударушы шаруалар арқылы отарлау әрекеттерімен байланысты болды. Сауда орталықтары бірте-бірте Қазақстанның ішкі аудандарына қарай ойысты. Олар округ орталықтарына, қоныс аударушы шаруалардың елді мекендеріне және жаңа қалаларға қарай жақындай түсті.
Бұрын сауда-саттықтың басты орталықтары Орынбор, Троицгс, Петропавл, Преснегоръков, Омбы, Семей және Орал бекініс қамалдары болып келген еді. Ал XIX ғасырдың 20-жылдарынан бастап, округтық приказдар да сауда орталықтарына айнала бастады. Мәселен, Қазақстанның солтүстік-шығыс жағындағы Сібір әкімшілігіне қарайтын қазақтардың өздерінен ғана орыс көпестері жыл сайын 3 миллионға дейін қой, 150 мыңға дейін жылқы және 100 мыңға дейін мүйізді ірі қара сатып алатын.