Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 09:03, реферат
Қазақстан Республикасының “Валюталық реттеу туралы” заңына (24.12.1996 ж.) сәйкес, “валюта – мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірліктері немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металлдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма-қол және аударым нысандарындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттары”. Осы заңда “валюталық операцияларға” төмендегідей түсінік берілген:
10.1 Банк кепілдіктері мазмұны және түсінігі
10.2 Банк кепілдіктернің түрлері
10.3 Банк кепілдіктерінің
артықшылықтары және
10.1 Банк кепілдіктері мазмұны және түсінігі
Халықаралық саудада мәмілеге қатысушы серіктестер үшін мынадай мәселе туындайтыны сөзсіз, олар:
Мұндай мәселені шешудің жолына мәмілеге қатысушы тараптардың бірінің банктің кепіл-хатын пайдалануы жатады.
Кепіл-хат – сатып алушының (принципалдың) тапсырмасы бойынша және оның атынан бенефициарға (жабдықтаушыға) жөнелткен тауары немесе көрсеткен қызметі үшін төлемді уақытында төлеу туралы кепілгер банктің міндеттемесін білдіреді.
Мәмілеге қатысушыларына қарай кепіл-хаттың екі түрі қолданылады:
- тікелей (үш жақты);
- жанама (төрт жақты).
Тікелей кепіл-хаттың қатысушыларына принципал (кепіл-хат алушы) кепілгер банк және бенефициар жатады. Мұндай кепіл-хатты пайдалану сызбасы төменде берілген.
Тікелей кепіл-хатты пайдалану сызбасы
Жанама кепіл-хаттың қатысушыларына жоғарыда айтылған тараптардан басқа төртінші қатысушы немесе бенефициардың еліндегі банк болуы мүмкін. Мұндай мәміледе принципал банкі бенфициардың еліндегі банкке контркепіл-хатын береді, ал ол оны растайды.
Жанама кепіл-хатты пайдалану сызбасы
Принципал банктің контркепіл-хатының мерзімі бенефициар банктің кепіл-хатына қарағанда 7-15 күнге артық болып келеді. Бұл әрине принципал банктің беретін қарсы кепіл-хаттың пошта арқылы бенефициар банкке жету күндерін қосып ескереді.
Инкассо және аккредитив сияқты кепіл-хаттың да өзіндік ережелері бар. 1978 жылы тамыз айында Халықаралық сауда палатасы (ХСП) кепіл-хаттың негізгі ережесін, яғни «Келісілген кепіл-хат бойынша ортақ ережесін» жасап шығарды (ХСП №325 басылымы). 1994 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Талап етілетін кепіл-хатқа арналған ортақ ереже» күшіне енді (ХСП №458 басылымы).
Кепіл-хаттың қозғалысына байланысты мынадай кодты сөздер қолданылады:
МТ 767 Кепіл-хатқа өзгеріс енгізу.
МТ 768 Кепіл-хатқа жасалған өзгерісті растау.
МТ 769 Міндеттеменің орындалғанын хабарлау
10.2 Банк кепілдіктерінің түрлері
Отандық банктік тәжірибеде мынадай банктің кепіл-хаттар түрлері қолданылады:
- «конкурстық кепіл-хат»,
яғни Бенефициар
- «міндеттеменің орындалуына
берілетін кепіл-хат», яғни келісім-шартқа
сәйкес аванстық төлемдер
- «аванстық төлемнің
Банктік кепіл-хат әдетте 5 жылға дейін беріледі. Банктік кепіл-хатты қамтамасыз ету құралдарына мыналар жатады:
Банктік кепіл-хатты алу үшін өтінішке қосымша мынадай құжаттар тапсырылады:
Кепіл берші үшінші бір тұлға болса, мысалы заңды тұлға, онда
Жоғарыдағы көрсетілген бастапқы екі пункттегі құжаттарға қоса, құрылтайшылық құжаттар мен ноториалды түрде куәландырылған қол және мөр қою үлгілері бар құжат тапсырылуға тиіс.
Егер кепіл беруші жеке тұлға болса, онда оның жеке куәлігі мен СТТН-нің көшірмесі талап етіледі.
Өтініш берушіден барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін банк қызметкері немесе несие официері Операциялық бөлімге шартты салым шотын ашу туралы үкім және Шартты банктік салым туралы келісімшартты дайындайды. Оған қосымша төмендегідей құжаттар даярланады:
Келісімшарттарға әуелі Өтініш иесі (қажет болса Кепіл беруші), содан соң банктің жетекшісі қолдарын қояды.
Банктік кепіл хат алу үшін берілетін өтініштің үлгісі төменде берілген.(Ұйымның фирмалық қағазынада толтырылады).
__________________________ директоры
__________________________ мырзаға
“___”_________200__ж. Алматы қ.
Банктік кепіл-хатты алу туралы
ӨТІНІШ
Осы ______________________________
кепіл-хатты ______________________________
(кепіл-хат беретін бенефициар ұйымның толық аты, заңды және банктік көрсеткіші)
______________________________
(кепіл-хаттың сомасы мен валютасын көрсету)
______________________________
(кепіл-хаттың қызмет ету мерзімін көрсету)
мерзімге дейін біздің міндеттемемізді ______________________________
(тендердің / контрактінің № және күнін /
______________________________
өзге негіздемелерді көрсету)
қамтамасыз ету үшін беруіңізді сұраймыз.
Банктік кепіл-хатты беру туралы келісімшартқа
сай біздің міндеттемемізді қамтамасыз
ету құралы ретінде_______________________
______________________________
(қамтамасыз ету түрін көрсету)
Берілген банктік кепіл-хат үшін төленетін комиссиондық сыйақының кепілдендіреміз.
Барлық қажетті құжаттарды бірге тапсырамыз.
______________ (_____________________________
(қолы)
______________ (_____________________________
(қолы) (бас бухгалтердің аты-жөні)
М.О.
Операциялық бөлім Өтініш берушінің атына тиісті банктік шот ашады және шарты салым келісімшартын жасайды. Аталған банктік шотқа ақша аударылғаннан кейін Операциялық бөлім несиелік сарапшыға келісімшарттың қол қойылған көшірмесін береді.
Өтініш беруші мен Кепіл берушінің қаржылық жағдайына сараптама жасау үшін мынадай құжаттарды талап етеді:
Өтініш берішінің қаржылық жағдайына сараптамаға қоса Өтініш беруші / Кепіл берушінің құқығын растайтын құжаттарына құқықтық сараптама жүргізіледі.
10.3 Банк кепілдіктерінің
артықшылықтары және
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Ұсынылатын әдебиеттер:
11 Валюталық нарық
Лекцияның мақсаты: Валюталық нарықтың ерекшелігін, орнын, белгілерін қарастыру және валюталық позиция анықтау тәртібімен танысу
11.1 Валюталық нарық анықтамасы және оның ерекшелік белгілері
11.2 Әлемдік валюталық нарық қатысушылары
11.3 Валюталық котировка және кросс-курс
11.4 Валюталық позиция, оның түрлері.
11.1 Валюталық нарық анықтамасы және оның ерекшелік белгілері
Айырбастарды жүргізу үшін валюталық нарық қызмет етеді, яғни сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасатын бағам арқылы шетел валютасын ұлттық валютаға айырбастау немесе сатуды жүзеге асырудың ресми орталықтары.
Валюталық нарықтар – уақтылы есеп айырысуларды жүзеге асыруды, валюталық қаражаттарды біршама тиімді пайдалануын, валюталық операцияларға қатысушылардың валюталық бағамдар айырмасы түрінде пайда алуын, валюталық тәуекелдерді сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеуді, валюталық саясатты жүргізуді қамтамасыз ете отырып, ішкі және халықаралық төлем айналымына қызмет етеді.
Валютаны айырбастау операциялары ежелде «ауыстыру ісі нысанында» ерте заманда және ортағасырларда пайда болып, бірақ қазіргі түсініктегі валюталық нарық XIX ғасырда қалыптасты. Олар келесідей негізгі ерекшеліктермен сипатталады:
Халықаралық есеп айырысудың өзіндік ерекшелігі барлық елдер үшін жалпыға бірдей қабылданған төлем құралының болмауында. Сондықтан да сыртқы сауда, көрсетілген қызметтер, несиелер, инвестициялар, мемлекетаралық төлемдер бойынша есеп айырысудың қажетті шарты сатып алу – сату формасында бір валютаны екінші біріне айырбастау болып табылады.