Нарықтағы баға қалыптастырудың түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 23:01, реферат

Краткое описание

Таза бәсекелестік нарығы ұқсас тауар өнімінің, мысалға, бидайдың, мыстың, бағалы қағаздардың көптеген сатушыларынан және сатып алушыларынан құралады. Бірде — бір жеке сатып алушы не сатушы нарықтағы күнделікті тауардың баға деңгейіне үлкен ықпалын тигізе алмайды. Сатушы нарық бағасынан жоғары баға да сұрамайды, себебі сатып алушылар қажетті тауар көлемін керегінше осы нарықтан ешқандай кедергісіз нарық бағасымен сатып ала алады. Сатушылар нарық бағасынан төмен баға да сұрамайды, өйткені барлық тауарын нарықтағы бағамен сата алады. Бұл нарықта маркетингтік зерттеу, тауарды дайындау, баға қалыптастыру, жарнама және өткізуді ынталандыру минимальды болады, бірақ та мүлдем нольге жеткізбейді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

рахимгалиев 6 практика.doc

— 137.00 Кб (Скачать документ)

Маркетингті жүзеге асыруға арналған еңбектер шетел  тәжірибесін қолдануға бағытталған және біздің экономикалық жүйенің ерекшеліктері мен жағдайларын ескере бермейді. Маркетингтің негізгі заңдылықтары мен әдістері біріңғай болып келеді, сондықтан олар іс жүзінде экономиканың барлық саласында қолданылады.

Қазіргі кезде маркетинг кәсіпорындардың шаруашылық қызметін жоспарлау, өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың барлық жақтарын қамтуы тиіс. Бұл жағдай осы замандағы маркетингтің рөлі мен маңызы туралы көзқарастарға сәйкес келеді. Кәсіпорын қызметін басқару үшін қазіргі замандағы маркетинг біртұтас және жүйелі бағытта дамуы қажет.

Қазақстан Президентінің «Қазақстан – 2030»  атты халыққа жолдаған стратегиялық бағдарламасында бейнеленген сұраныс  пен ұсыныс тепе-теңдігі нарықтың негізгі мақсаты болып табылатындықтан, өндірісті басқару шешімдерін қабылдаудың негізгі принциптері кәсіпкерлерді негізгі тұрақты экономикалық өсу басымдылықтарына бағыттайды [2].

Дипломдық жұмыстың тақырыбы кәсіпорындағы маркетинг  қызметін басқару. Бұл тақырыптың өзектілігі–  Қазақстан Республикасының ең маңызды  саласы ретінде мұнай өндіру және мұнай өңдеу саласын жатқызуға болады. “Қазақстан2030”стратегиялық дамуында мұнайгаз саласына ерекше көңіл бөлінген. Меншік формасының өзгеру жағдайында мұнай саласын басқару құрылымының даму проблемалары экономикалық және әлеуметтік мағынаға ие және өте маңызды болып келеді. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты – маркетингтің теориялық және әдістемелік мәселелерін зерттей отырып оның отандық мұнайгаз саласындағы кәсіпорындардағы қолдану деңгейін анықтау, кәсіпорындағы маркетинг қызметін басқаруды жетілдіру этаптарының негізгі методологиялық принциптерін құру.

Қойылған  мақсаттар келесі міндеттерді анықтайды:

  • Кәсіпорынның маркетингтік ортасын және маркетингтік стратегияны қолданудың дайындық деңгейін талдау;
  • Маркетингтік қызметті жетілдірудегі шараларды құру;

Зерттеудің  объектісі болып мұнайгаз өндіретін  АҚ “ҚұлсарыМұнайГаз” мұнайгаз өндіру басқармасы болып табылады. Зерттеу  заты осы кәсіпорындағы маркетинг  қызметін ұйымдастыру аспектілері  болып табылады.

Кәсіпорынды зерттеу әдістері болып келесілер болып табылады:

  • Кәсіпорынның технико – экономикалық көрсеткіштерін талдау;
  • Кәсіпорынның артықшылық және әлсіз жақтарын зерттеудегі аналитико-синтетикалық әдіс – SWOT-талдау;

Зерттеу мәліметтік базасы ретінде: Қазақстан  Республикасы статистика агенттігінің материалдары; Мұнайгаз саласындағы кәсіпорынның мәліметтері, балансы қолданылды.

Зерттеудің теориялық  және әдістемелік негізі – қазақстандық және шетелдік ғалым-экономистердің маркетинг  пен менеджмент саласындағы, мұнайгаз өндірісінің экономикасы жөніндегі еңбектері, салалық әдістемелік материалдар, ҚР үкіметінің заңнамалық – құқықтық актілері мен қаулылары, “Қазақстан2030”даму стратегиясы және басқа да құжаттар болып табылады. Бірінші бөлімде – жалпы өндірістік саладағы марктинг және маркетинг қызметін басқару түсінігі,  басқару жүйесіндегі оның орны, зерттеу жүйесі көрсетілсе, екінші бөлімде АҚ “ҚұлсарыМұнайГаз” мұнайгаз басқармасының маркетинг қызметі мен технико-экономикалық көрсеткіштер талданды, ал үшінші бөлімде жалпы шетелдік тәжірибенің мұнай саласында қолданылуы және “ҚұлсарыМұнайГаз” басқармасының маркетинг қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар қаралған.

 


Информация о работе Нарықтағы баға қалыптастырудың түрлері