Нарықтағы баға қалыптастырудың түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 23:01, реферат

Краткое описание

Таза бәсекелестік нарығы ұқсас тауар өнімінің, мысалға, бидайдың, мыстың, бағалы қағаздардың көптеген сатушыларынан және сатып алушыларынан құралады. Бірде — бір жеке сатып алушы не сатушы нарықтағы күнделікті тауардың баға деңгейіне үлкен ықпалын тигізе алмайды. Сатушы нарық бағасынан жоғары баға да сұрамайды, себебі сатып алушылар қажетті тауар көлемін керегінше осы нарықтан ешқандай кедергісіз нарық бағасымен сатып ала алады. Сатушылар нарық бағасынан төмен баға да сұрамайды, өйткені барлық тауарын нарықтағы бағамен сата алады. Бұл нарықта маркетингтік зерттеу, тауарды дайындау, баға қалыптастыру, жарнама және өткізуді ынталандыру минимальды болады, бірақ та мүлдем нольге жеткізбейді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

рахимгалиев 6 практика.doc

— 137.00 Кб (Скачать документ)

.Нарықтағы баға қалыптастырудың түрлері.

Нарық типтеріне байланысты сатушы  баға қалыптастырғанда  әртүрлі деңгейдегі еркіндікте болады.  Экономистер нарықтың төрт түрін бөліп көрсетеді және єрқайсысы  баға қалыптастыру бойынша өз шарттарын ұсынады.

1. Таза бәсекелестік нарығы ұқсас тауар өнімінің, мысалға, бидайдың, мыстың, бағалы қағаздардың көптеген сатушыларынан және сатып алушыларынан құралады.  Бірде — бір жеке сатып алушы не сатушы нарықтағы күнделікті тауардың  баға деңгейіне үлкен ықпалын  тигізе алмайды. Сатушы нарық бағасынан жоғары баға да сұрамайды, себебі сатып алушылар қажетті тауар көлемін керегінше осы нарықтан ешқандай кедергісіз нарық бағасымен  сатып ала алады. Сатушылар нарық бағасынан төмен баға да сұрамайды, өйткені барлық  тауарын нарықтағы бағамен сата алады. Бұл нарықта маркетингтік зерттеу,  тауарды дайындау, баға қалыптастыру, жарнама және  өткізуді ынталандыру  минимальды болады, бірақ та мүлдем нольге жеткізбейді.

2. Монополиялық бәсекелестік нарығы келісімді біркелкі нарықтық бағамен емес кең диапазонды бағалармен жасайтын сатып алушылармен, сатушылардан құралады. Баға диапазонының болуы сатушылардың, сатып алушыларға тауарлардың әр түрлі варианттарын ұсыну мүмкіншілігінде. Реальды бұйымдар бір-бірінен сапа, касиеті, сырт безендіруі бойынша айырмашылықта болады. Айырмашылық тауарға қосымша атқарылатын қызметтерде де болуы мүмкін. Сатып алушылар ұсыныстардың айырмашылығын кµретіндіктен әр түрлі тауарға әр түрлі баға төлеуге дайын. Бағадан басқа кейбір айырмашылықта болу үшін сатушылар әр түрлі тұтынушылар сегменттеріне түрлі ұсыныстар дайындауға тырысады және тауарларға маркалық атау беру тәжірибесін, жарнаманы және жеке сату әдістерін кеңінен пайдаланады. Бәсекелестердің көп болуына байланысты олардың маркетингілік стратегиясы әр фирмаға тигізетін ықпалы олигополистикалық нарық жағдайынан төмен болады.

3. Олигополистикалық нарық баға белгілеу саясатына және бір-бірінің маркетингілік стратегиясына өте сезімтал біршама сатушылардан құралады. Тауарлар бір-біріне ұқсас та (болат, алюминий), ұқсас емес те болуы мүмкін (автомобильдер, компьютерлер). Жаңа талапкерлердің нарыққа енуі өте қиын болғандықтан сатушылардың саны көп болмайтын. Әр сатушы бәсекелестің стратегиясына және қимылына дереу қарсы әрекет көрсетеді. Егер қайсы бір болат қорыту компаниясы өз бағасын 10 % төмендетсе, сатып алушылар дереу осы компанияға ауыса бастайды. Басқа болат өндірушілер бұл жағдайды ескеріп не бағаны төмендетуі, не атқаратын кызмет санын, не көлемін өсіруге тиіс. Олигополистер  бағаны төмендету арқылы ұзақ уақытқа созылатын нәтижеге жететініне ылғи сенімде бола алмайды. Екінші жағынан  олигополист бағаны жоғарылатса, оның бәсекелестері оған ермеуі мүмкін. Мұндай жағдайда ол бағаны не бұрынғы қалпына келтіруі керек, не өз клиенттерінің бәсекелестер жағына ауысуына дайын болуы керек.

4. Таза  монополия жағдайында нарықта тек қана бір сатушы болады. Бұл мемлекеттік мекеме (мысалға, Қазақстанда темір жол компаниясы), жеке жүйеленетін монополия (мысалға, “Қарағанды-Жылу”) не жүйеленбейтін монополия (мысалға, нарыққа нейлонмен шығар кезеңіндегі “Дюпон”). Әр ерекше жағдайда баға белгілеу әр түрлі болып құралады. Мемлекеттік монополия баға саясаты көмегімен әр түрлі мақсатты көздеуі мүмкін.  Ол тауар сатып алушылар үшін өте маңызды болып, бірақ олар оны толық бағасына сатып ала алмайтын жағдайда, оның бағасын өзіндік құнынан төмен белгілеуі мүмкін. Баға тек шығындарды қайтару,  не жақсы табыс табуды көздеуі мүмкін. Тұтынысты жалпы қысқарту мақсатында өте жоғары баға белгіленуі де мүмкін. Жүйеленген монополия жағдайында үкімет компанияға “Әділ нормалы табыс” келтіретін, соның нәтижесінде мекемеге өндірісті қолдап отыратын, ал қажетті жағдайда оны кеңейтуге мүмкіншілік беретін баға тағайындауға ұлықсат береді. Оған керісінше, жүйеленбейтін монополия жағдайында фирма нарық көтеретін кез келген бағаны белгілей алады. Дегенмен бірқатар себептерге байланысты, фирма мүмкіншілігінше максимальды бағаны тағайындамайды. Бұл әрі мемлекеттік жүйелеуді енгізуден сескену, әрі бәсекелестерді елеңдетпеу, әрі төмен бағаны пайдаланып — нарықты игеруді тереңдете түсу.

Беделді тауарлар үшін сұранымның қисығы басқаша болады. Тұтынушылар  тауардың бағасы неғұрлым жоғары болса, сапасы да соғұрлым жоғары болады деп есептейді. Бірақ бағаны шектен тыс жоғары бағаласа сұраным күрт төмендейді.

Сұраныс ұсыныстан артық. Мысалы, өндiрiстiк тауарлардың шетелдiк түрлерiне сұраныстың өсуi, оларға нарықтық бағаның күрт өсуiн тудырады.

Еңбек ақының өсуi еңбек өнiмдiлiгiнiң өсуiнен немесе тауар мен қызметтi өндiруден артық болса.

Сатушының талабы әсер еткен жоғары  баға. Кейбiр өнiмдердi оның тұтыну сапасына сәйкес келмейтiн өте жоғары бағамен ұсынады, және бұл жағдай өте жиi кездеседi.

Баға жақын арады көтерiледi деген немесе осыған ұқсас ақпараттарды тарату әбігерлік сұранысқа әкеледi.

Бағаның төмендеуiне әсер ететiн факторлар:

ұсыныс сұраныстан артық.

Еңбек өнiмдiлiгiнiң артуы мен тауарларды өндiрудi ұлғайту табыс деңгейiн тұрақтандырады.

Сатушының не болса да сатам деген өте айқын құлшынысы. Сiздiң тұрақты мекен жайыңызды өзгертуiңiзге байланысты өз үйiңiзден тез арылғыңыз келетiн жағдайыңызды білетiн сатып алушы бағаны төмендетуге тырысады. Баға төмендейді деген қауіп төнсе, сатып алушылар ұсынылған тауардан бас тартады.

Коммерциялық көрсету саласының ерекшеліктері: жеке тұтыну сипаты, қорланудың мүмкін еместігі, өндіру мен тұтынудың бөлек болмайтыны. Бұл ерекшеліктеріне қарай, мұнда баға құрылуының, оны анықтау тәсілінің және баға саясатын жүргізудің де өзіндік ерекшеліктері бар.

Коммерциялық маркетинг саласында баға сұранымы икемді келеді. Өйткені, мұнда баға көбінесе сапа көрсеткіші ретінде алынады.

Коммерциялық маркетинг саласының бағасын реттеу үш факторға  бөлінеді:

Мемлекет  реттейтін қызмет көрсету бағасының тарифі;

Нарыққа қатысушылардың өздері реттейтін қызмет көрсету бағасының тарифі;

Таза  нарық механизмі қалыптастыратын қызмет көрсету бағасы.

Бірінші топқа қызмет көрсетудің мына түрлерін жатқызуға болады: байланыс, транспорт, денсаулық сақтау және білім беру. Бұл топқа тарифті мемлекет реттейтін табиғи монополия да жатады.

Екінші  топқа, қызмет көрсетудің баға тарифін әр түрлі бірлестіктер немесе нарыққа қатысушылар келісімімен реттелетіндер тобы жатады: авиа тасымалдау, нотариус қызметі, адвокат.

Ал, үшінші топқа баға тарифі толықтай нарық жағдайымен анықталатын қызметтер жатады: тұрмыстық қызмет көрсету, банк қызметі, коммерциялық, медициналық қызмет көрсету.

Коммерциялық маркетинг саласында бағаның қалыптасу процесі, баға құрылуының тәсілімен стратегиясына фирманың жұмыс істейтін нарық құрылымы елеулі әсер етеді.

Нарық бәсекелесі жағдайында коммерциялық маркетинг саласының, туристік агент, емханадағы тіс дәрігерлері. Кәсіпорындардың бұл тобындағы жұмыс істейтіндердің іс-әрекеттерінің баға деңгейі белгіленіп беріледі, бірақ бұлардың қызмет бағасы нарық конъюнктурасының өзгеруіне байланысты тез өзгеруі мүмкін.

Коммерциялық маркетинг саласының нақты жағдайда сол қызмет көрсетуді бір адамнан екінші адамға қайталап сату болмайды. Бірақ, баға құрылу процесінде баға дискриминациясы болуы мүмкін (әр  түрлілік). Бұл процесс әр түрлі нарық сегменті түрінде көрінеді. Басқаша айтқанда тұтынушылардың бір тобына арзан немесе қымбат бағамен қызмет көрсетіледі: коммуналдық қызмет көрсету, транспорт, адвокат қызметі – Ұлы Отан соғысына қатысқандар, мүгедектер жеңілдік бағаны пайдаланады немесе оларға тегін қызмет көрсетіледі. 

 

1. Стратегиялық жоспарлау процесі        

 Стратегиялық жоспарлау деп — басқармамен ерекше маманданған жоспарлауға негіз болатын іс-әрекеттер мен шешімдердің жиынтығын айтады. Әдетте компаниялар жылдық, ұзақ мерзімді және стратегиялық жоспарлар құрады.

Жылдық жоспар- қысқа мерзімге өңделіп, ағымдық ситуацияны, компания мақсаттарын, алдыңғы жылға қоылған стратегия мен бюджетті, бақылау формасын анықтайды.

Ұзақ мерзімді жоспар- болашақтағы ұзақ жылдар бойы компанияға әсе ететін негізгі факторлар мен күштерді анықтайды. Онда негізгі ұзақ мерзімді мақсаттар, негізгі маркетингтік  стратегиялар көрсетіледі. Бұл жоспарға жыл сайын өзгертулер мен түзктулер енгізіліп отырады.

Стратегиялық жоспар- компанияға өз мүддесі үшін өзергмелі сыртқы ортаның барлық мүмкіндіктерін қолдануға бағытталған. Бұл- компанияның мүмкіндіктері мен мақсаттары арасында стратегиялық байланыстар орнатуға бағытталған.

Стратегиялық жопарлау- компанияның басқа да жоспарларының негізін қалайды.

1) Ол жаһандық мақсаттар мен компания миссиясын анықтаудан басталады.

Миссия  деп- компания мақсаттарын белгілі бір нақышқа келтіруді айтады. Миссия компания ұжымын белгілі бір ортақ бағытқы қарай беттейді.

2) Нақты мақсаттар қойылады және ұымның ішкі ортасы мен бәсекелестер туралы барлық ақпараттар жинастырылады. Мұнда «мақсаттар ағашы» жасалуы тиіс;

3) SWOT-талдау жасалып, барлық мүмкіндіктер мен қауіп-қатер анықталады;

4) Бақарма нақты қай тауарлармен және қандай іс-әрекеттермен айналысу керектігін анықтайды.

5) Тауарға қатысты әр бөліңмше жалпы жоспарға сай келетін тағы да өз маркетингтік және басқа да жоспарын өңдейді.

SWOT-талдау- ұйымның мықты және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін анықтауға мүмкіндік береді. Типтік жобасы:

Экономикалық ситуация. Экономикалық жағдайдың жақсаруына байланысты Қазақстандағы барлық аймақтардағы тұтынушылардың сатып алу қабілеттері арта түспек.

Демографиялық өзгерістер. Демографиялық ахуалдың жақсаруы, яғни халық санының және жас жанұялардың көбеюі тұрмыстық техниканы сатып алуға ниет білдіретін тұтынушылардың санын арттырады.

Нарық. Бұл нарықтың қазіргі жағдайы мен болашағы анықталады.

Технология. Тұрмыстық техниканың жаңа технологиялар негізінде ерекше функционалды қаситеттерге ие болуы және т.б.

Қауіптер:

Бәсекелестердің белсенділігі. Нарықтағы бәсеке интенсивтілігі мен әлуетті бәсекелестердің келуі талданады.

Демографиялық өзгерістер- днмографиялық жағдайлардың кері әсер етуі. Мықты жақтары мен әлсіз жақтары анықталады. 
Мұнда табыстың шешуші факторлары анықталуы тиіс. 

 

2. Маркетингтегі стратегиялық жоспарлаудың мен бақылаудың ерекшеліктері және міндеттері

Компранияның жалпы стратегиялары әдетте маркетингтік стратегиялармен тұспа-тұс келеді. Маркетинг тұтынушылардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруды көздесе осы факторлар дәл компания миссиясын да анықтады. Әдетте стратегиялық жоспалауда:

Нарық үлесі;

Нарықтың дамуы;

Өсім;

Сияқты көрсеткіштер қарастырылады. Практикада көптеген жетекшілер стратегиялық жоспарлауды «стратегиялық маркетингтік жоспарлаумен» теңестіреді.

Дегенмен  де маркетингтік стратегиялық жоспарлаудың келесі реттегі ерекшеліктері бар:

Біріншіден, негізге алатын методологиялық принциптер- компания стратегиясын тұтынушылардың маңызды топтарына бететйтін маркетингтік концепцияны өңдейді.

Екіншіден, стратегиялық жоспарды өңдеушілерге негіз болатын нарықтық мүмкіндіктер мен фирма потенциалын анықтап береді.

Үшіншіден, бір бөлімшенің шегінде маркетинг стратегиялық мақсаттарға қол жеткіудің ең тиімді деген жолдарын анықтайды.

Маркетингтік  стратегияның басты назары мақсатты тұтынушыларға бағтталған болуы тиіс. Компания нарықты таңдап болғаннан кейін оны сементтерге бөліп, оның ішінен болашағы барын таңдап алады. Сөйтіп барлық күш-жігерін осы таңдап алынған сегменттерге қызмет етуге жұмылдырады.

Маркетингтік  стратегия маркетингтің негізгі мақсаттары мен нақты бағдарламаларын анықтауға мүмкіндік береді.

Маркетингтік  зерттеулер ситуациялық талдау барысында жасалып, екі бағытты көздейді:

1. мамандардың тауарды зерттеуі;

2. нарықты зерттеу.

Маркетингтік  стратегиялар маркетингтік кешен (тауар, сату орны, баға, тарату, персонал) шегіндегі шаралардың үйлесімінен тұрады.

Стратегиялар  да мақсаттар сияқты қол жететіндей және қолда бар ресурстар шегінде жргізілуі тиіс. 

 

3. Маркетинг стратегиясын жасауда қолданылатын модельдер

«Өсім/үлес» матрицасы

Бұл матрицанң осьтеріне саланың өсім қарқыны және нарықтағы салыстырмалы үлесі белгіленеді.  Мұндағы әр шаруашылық бірлік корпорацияның жалпы пайда мөлшеріндегі үлесіне қарай әртүрлі шеңберлер ретінде көрсетіледі.

Нарықтағы салыстырмалы үлес деп-  аталмыш шаруашылық бірліктің нарықтық үлесінің негізгі бәсекелестің үлесіне қатынасын айтады (%).

Бизнес  А – жалпы нарықтық үлестің 15 %

Негізгі бәсекелестің үлесі- 30 %

Онда А бизнесі үшін салыстырмалы нарықтық үлес- 0,5

Бизнес В- нарықтық үлес-  40 %

Бәсекелес-    30 %

Онда В бизнесі үшін салыстырмалы нарықтық үлес- 1,33-ке тең. 
Олай болса, сәйкес салаларда нарықтық үлесі бойынша алдыңғы сапта тұрған бөлімшелер үшін бөл көрсеткіш- 1-ден асса, үлесі төмен болғандарда ол көрсеткіш- 1-ден кем болмақ.

Мұнда матрицаның сол жағында орналасқан шеңберлер өз нарықтарындағы лидер клмпанияларды көрсетеді. Ал матрицаның оң жағында орналасқан компаниялар өз салаларнды мардымсыз позицияларға ие.

Белгісіздіктер  мен қиын балалар. Нарықтағы өсім қарқынынң жоғары болуы бұл компанияларды перспективалы етіп қарастыруға болады. Бірақ салыстырмалы түрдегі нарықтық үлесінің төмен болуы және «тәжірибе қисығы тиімінің» болмауы бұл компаниялардың анағұрлым ірі компаниялармен ысырылып тастауы да ықтимал. Бұл үлестегілер ресурстардың қомақты көздеріне де мұқтаж болып келеді. 
БКГ-нің ұсынысы бойынша бұларға екі стратегиялық мүмкіндіктер бар: 
1)тез өсіп келе жатқан нарықтың саланың барлқ мүмкіндіктерін тез пайдалану үшін агрессивті инвестициялар салу стратегиясы; 
Нарықты игеруге жұмсалған шығындар түсетін пайданы ақтамайтын болса, тез нарықтан кету.

Информация о работе Нарықтағы баға қалыптастырудың түрлері