Дебиторлық берешек аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2014 в 22:10, курсовая работа

Краткое описание

Инвесторлар мен тапсырыс берушілердің сонымен қатар құрылысшылардың қызметтерінің қарқынды дамуына байланысты Қазақстан Республикасының құрылыс жағдайында құрылыс ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп ақпараттарының дәйекті болуы мен оның тәуелсіз бақылануына сұраныс мердігерлер үшін де, тапсырыс берушілер үшін де өсіп келеді.
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың қалыптасуына дейін құрылыс кешенінде құрылысқа қатысушылардың арақатынасында СНиП, ГОСТ,СН, ТУ, т. с.с. экономикалық сауатты құқықтық-техникалық базасына негізделген, инвестицияны қолдануды, нақты өзіндік құн мен нормативті пайданың құрылуын және құрылыс шикізаттарын бақылау, олардың жүйелік есебін жүргізуге мүмкіндік беретін, жақсы қалыптасқан салалық жүйе орын алған.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................................ 3

Нарықтық экономикадағы дебиторлық берешектің мәні мен маңызы.
1.1 Дебиторлық берешектің мазмұны....................................................................6
1.2 «ҚАЗҚҰРЫЛЫССЕРВИС» акционерлік қоғамының техника – экономикалық сипаттамасы.....................................................................................12
1.3 Ұйымның есеп саясаты.....................................................................................18
2. Дебиторлық берешек есебі.
2.1 Дебиторлық берешек есебінің ұйымдастырылуы...........................................27
2.2 Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың есебі......
2.3 Басқа да дебиторлық берешектің есебі.............................................................51
.
3.1 Дебиторлық берешек аудитінің бағдарламасы, мақсаты...............................47
3.2 Дебиторлық берешек аудиті.............................................................................
3.3 Қоғамның дебиторлық берешегін талдау........................................................64

Қорытынды................................................................................................................72

Қолданылған әдебиет тізімі.....................................................................................77

Қосымша...................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-дебиторлық-берешек-есебі-мен-аудитінің-және-бухгалтерлік-есеп-және-аудит.doc

— 394.00 Кб (Скачать документ)

1. «Ұзақ мерзімді активтер» бөліміне тексеру жүргізген кезінде аудитор талап ету мерзімі біткен борыштарға және уақтылы өндірілмеген сомаларға назар аударуға тиіс.

Баланста «Ұзақ мерзімді активтер» жатқызылған дебиторлық борыштар мынандай баптар бойынша көрсетіледі:

  • алынуға тиісті шоттар;
  • алынған вексельдер;
  • негізгі серіктестіктер мен еншілес серіктестіктердің арасындағы ішкі топтардың операциялары бойынша борыштары;
  • акционерлік қоғамның лауазымды тұлғаларының борыштары;
  • басқа да дебиторлық борыштар.

Ағымдағы активтерде аталған баптар сол күйінде қайталанып, оған тек ғана «Аванстық төлемдер» бабы қосылады.

Аудитор баланстың сәйкес баптарындағы борыштардың қалдықтарының дұрыс көрсетілгендігін анықтау үшін синтетикалық есеп регистрларындағы және есеп айырысудың жүзеге асырылғандығын көрсететін шоттарындағы мәліметтері бойынша, баланстың сәйкес баптарындағы қалдықтарымен тексеру кезеңінің басындағы әрбір есеп айырысу бойынша қалдығын салыстырып, содан кейін есеп айырысудың әрбір түрін тексереді.

Дебиторлық борыштардың жағдайын тексеруді дебиторлармен есеп айырысуды түгендеудің материалдарын талдаудан бастау керек. Әдетте, субектінің ішінде дебиторлармен есеп айырысуды түгендеудің сапасының талапқа сай жүргізілмейтін, фактілерінің кездесетінін ескерсек, бұл жұмысты аудитордың өзі ұйымдастырғаны тиімді. Сатып алушылармен есеп беруге тиісті тұлғалармен, жұмыскерлерімен және басқа да дебиторлармен есеп айырысуларды түгендеу, тиісті құжаттар бойынша шоттарында көрсетілген сомаларының негізділігін мұқият тексеріп анықтауды талап етеді. Аудитор және түгендеу комиссиясының мүшелері дебиторлық борыштардың пайда болу мерзімін, себебін және оған кінәлі тұлғаларды, нақты аланатынын (яғни, дебиторлар өздерінің борыштарын мойнына алған есеп ауысуларды актілерінің немесе хаттамаларының бар екендігі); талап ету мерзімінің өтіп кетпегендігін (3жыл); қарыздарды өндіру үшін қандай шаралар қолданылғандығын анықтайды. Қарама-қарсы тексеру жүргізу мәселелерін шешіп, қарама-қарсы тексеру негізінен сауда және жабдықтау ұйымдарына жүргізілетіндігі ескерілуі тиіс.

Есеп айырысуларды түгендеудің нәтижесінде акт толтырылады. Актыда түгендеу жүргізілген шоттардың аттарын, дебиторлық борыштардың сомасын талап ету мерзімі біткен дебиторлық борыштарын өндіру мүмкін емес, үмітін үзген қарыздарын көрсетеді. Бұндай борыштарды түгендеу түрлері бойынша есеп айырысуларды түгендеу актыларына дебиторлардың аталауы, мекен-жайы, қарыз сомасы, не үшін қарыз болғандығы, қай уақыттан бері, қандай құжаттардың негізінде көрсетіліп анықтама тіркелуге тиісті. Анықтамада талап ету мерзімін өткізіп алған дебиторлық борыштары бойынша есеп айрысуларды түгендеудің материалдарына талдау жасау немесе түгенлеуді аудитордың өзі жүргізгенде анықталған ауытқұларды, сәйкессіздіктер, түсініксіздіктер, түсініксіздіктер бойынша, аудиторға есеп айырысуларды өте мұқият тексеруге, ойын жинақтап бағыттауға мүмкіндік береді.

Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың аудиті.

Дебиторлық борыштардың ішінде  субъектінің шаруашылық қызметінде жиі кездесетіні – дайын өнімдерді (жұмыс, қызмет) және тауарларды сату операциялары. Баланста көрсетілген дебиторлық борыштар баптарының ішіндегі үлесі жағынан ең қомақтысы. Сондықтан сатып алу және тапсырыс берушілермен есеп айырысуды тексерген кезде бағдарламада келтірілген сұрақты жан–жақты қамтып, айқымын кеңейте түсу үшін мынандай мәселелерді анықтап алу қажет:

  • өнім сатуға сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен шарт жасалғандығын;
  • түгендеу (салыстыру) актілерімен есеп айырысу қүжаттаымен расталған сатып алушылардың борыштарының нақтылығын;
  • 30 «Сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің бораштарын»
  • Бөлімшесінің шоттары бойынша жүргізілген синтетикалық есептің дұрыстығын.

Бұндай жағдайда аналитикалық есеп мынандай мәселерді қамтамасыз етуге міндетті:

  • Вексельдермен қамтамасыз етілген ақша қаражаттарының түсу мерзімі әлі жетпеген, сатып  алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысулар бойынша борыштардың мәліметтерін алу мүмкіндігін, дисконтталған вексельдер мен ақша қаражаттараның мерзімінде түспегендігінде қарамастан, банктен өткен дисконтталған вексельдерді:
  • 30 «Сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің бораштарын» бөлімшенің шоттары бойынша бухгалтерлік есеп корреспонденцияларының дұрыс берілгендігін; 30 «Сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің бораштарын» бөлімінің шоттары бойынша аналитикалық есеп жазуларының Бас кітаптағы және баланстағы жазулар мен сәйкестігін;
  • Талап ету мерзімі өткен дебиторлық борыштардың дұрыс шығысқа шығарылғандығын.    Субъектінің басшысының қабылдаған шешіміне сәйкес талап ету мерзімі өткен дебиторлық борыштар шығысқа шығарылады.

Аудитор 301 «алынуға тиісті борыштар» шотының дебетінде көрсетілген артылып жөнелтілген өнім ( тауарлар), орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтердің құнын таалп ету құжаттарының уақтылы банк мекемелерінде қабылданғандығын және оларды төлеу мерзімінің сақталғандығын банк көшірмелеріндегі жазуларымен салыстырып тексереді. Сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің алдын ала сатушының есеп айырысу шотына аударған аванстарының жабылып, айдын аяғында 301 шоттың дебетіндегі  құны өтелген өнімдердің құнының дұрыс анықталғандығына көз жеткізуі тиіс.

Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп  айырысудың жедел дамып келе жатқан түрі – алынған вексельдер бойынша есеп айырысу. Вексельмен төленген операциялардың дұрыс көрсетілгендігіне көз жеткізу үшін аудитордан бұндай операцияларға баса назар аудару талап етіледі.

 Сатып алушылардан және тапсырыс  берушілерден есеп айырысу ушін  алынған вексельдермен қамтамасыз  етілген борыштарын 302 «Алынған вексельдер» шотында жүргізеді. Векскль бойынша өтелген қарыздарын шоттың кредитінен 4 «Ақша қаражаттар» бөлімінің сәйкес шоттарының дебетінде көрсетеді. Вексельмен есеп айырысқан кезде қарапайым және аудармалы вексельдер қолданылуы мүмкін.

Қарапайым вексель бұл жасалған сауда-саттықтар немесе орындалған жұмыстарды (қызметтер) төлеу үшін бір жағының (вексель берушінің), екінші бір жағына (векскльді ұстаушыға) төлеу мерзіміне қарай белгілі бір соманы төлеуге жазбаша берген ақшалай қарызының міндеттемесі.  Аудармалы вексель (тратта)  немесе беруші (трассант) жазады да, онда дебиторға (трассат) вексельде көрсетілген соманы, үшінші тұлғаға (ремитентке) немесе талап етушіге төлеу туралы бұйрығын көрсетеді. Бұл құжат борыштық  міндеттемеге айналып, төлеуші  (трассант) төлеуге келісім бергеннен кейін ғана заңды күшке ие болады. Өтпелі белгінің (индассамент) көмегімен әмбебап несие есеп айырысу құжатының қызметін орындап, вексель бірнеше рет қолданылуы мүмкін.

Вексельдерді дисконттау олардың банкідегі есебін және қаржының айналымын елеулі жылдамдатады. Бұндай жағдайда вексельді ұстаушының (индассамент) қатысуымен төлеу мерзіміне дейін банкке өткізіліп, банктің тәуелсіз дисконтының пайдасына есептелген пайыздың шығынын шегеріп тастап, вексельдік сомасын алады.

Аудит кезінде вексельдердің есебінің тұрлері төлеуші субъектінің төлеу мерзімінің жетуі бойынша борыштарды (аударады) вексельдер арқылы толтырудың негізділігін; алудан үмітін үзген  немесе талап ату мерзімін өткізіп алған борыштарды, вексельдерді сатудан тыс зияндарына шығысқа шығарудың зандылығын тексеру қажет.

                           Күдікті борыштар резервтерінің есебінің аудиті.

Шаруашылықтың басшысының шешімімен талап ету мерзімі өткен дебиторлық борыштарды күдікті қарыздар резервтерінің шоттарындағы жинақталған қаржыландыру көзіне жатқызу арқылы шығысқа шығарып жабады. Демек, күдікті қарыздар бойынша резервтер талап ету мерзімі біткен, қайтарылуы сенімсіз субъектінің алшақ дебиторлық борыштарын есептен шығарып жабу үшін жасалады.

Күшіндегі салық жөніндегі заң актілерінде күдікті қарыздар – бұл өнім (жұмыс, қызмет) сатудың нәтижесінде пайда болған және табыс есептелген күннен бастап екі жылдың ішінде сөндірілмеген қарыздар деп көрсетілген.

Аудитор есепті жылдың аяғында тіркеліп, тізімделген дебиторлық борыштардың мәліметтерінің негізінде жасалған күдікті борыштар резервтерінің заңдылығын және қандай борыштарды жабу үшін жасалғандығын және талап ету мерзімі өткен дебиторлық борыштардың баланстан шығарылуын тексереді.

Күдікті қарыздар бойынша резервтерді құру, оларды жұмсау және олардың қозғалысы туралы ақпарат жинақтау үшін бухгалтерлік есептің типтік жоспарында 31 «Кудікті борыштар бойынша резервтер» бөлімшесінің дәл осылай аталатын 311 синтетикалық шоты қаралған.

Жасалған резервтің көлемі борышкерлердің қаржылық жағдайы (төлем қабілеттілігі) ескеріле отырылып, олардың қарызды тұтастай немесе бөліп төлеу мүмкіндіктерін бағалау арқылы анықталады.

Жасалған күдікті резервтер сомасына 821 «Жалпы және әкімшілік шығындары» шотын дебеттеп, 311 «Күдікті борыштар бойынша резервтер» шотын кредиттейді.

Күдікті деп танылып, өтеу мерзімі біткен дебиторлық борыштарды субъектінің балансынан шығысқа шығарғанда 311 «Күдікті қарыздар бойынша резервтер» шотының дебетінде 30,33,35 бөлімшелердің тиісті  шоттарының крелитінен көрсетеді.

Күдікті қарыздарды жабуға жасалған резервтің жұмсалмаған сомасына 821 шотының дебетіне, 311 шотының кредитіне қызылдап жазу әдісінің қолданылып, стороно жасалып жабылғандығын тексереді.

Жылдың соңында жасалған резерв бойынша қалдық тек қана ағымдағы жылғы күдікті қарыздар деп танылған дебиторлық борыштардың сомасынан тұратындығын тексеру қажет. Жасалған резервтің есебінен субъектін шеккен басқада зияндарын жабуға жұмсалғандағын; егер орын алған жағдайда олардың заңдылығын, есепті жылдың соңында қалған қалдықтың негізділігін тексеру қажет.

Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борыштарының есебінің аудиті

Аудитор дебиторлық борыштардың есебін тексеруді, еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борыштарының бухгалтерлік есеп шоттарында оперецияларының дұрыс көрсе тілгендігін және олардың есеп регистрларындағы мәліметтерінің Бас кітапқа және балансқа дұрыс жазылғандығын тексерумен ұштастырып жалғастырады. Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың ағымдағы дебиторлық борыштарының түрлері бойынша ақпараттарын жинақтау үшін, бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарының кестесінде 32 «Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің борыштары» бөлімшесінің 321 «Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің борыштары», 322 «Тәуелді серіктестіктердің борыштары» және 323 «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борыштары» синтетикалық шоттары қаралған.

Бақылау жүйесінің тетігін қолына ұстап, көп салалы өндірісті дамытумен, қызмет көрсету түрлерін кеңейтумен айналысатын негізгі (бас) субъектіге, капиталды өте тиімді пайдалануға, шаруашылық есеп жүргізу бастамаларын күшейтуге, еңбектің өнімділігін арттыруға, басқаруды тиімді ұйымдастыруға, өз мұқтаждықтарын жартылай фабрикаттармен, басқа да бұйымдарымен қамтамасыз етуге, шаруашылық ұжымдарын ауыл шаруашылық және тағы басқа да өндіріс салаларының өнімдерімен жабдықтауға мүмкіндік береді.

Бас шаруашылық еншілес (тәуелді) серіктестіктерге толық басшылық жасап ықпал етумен қатар, олардың заңды дербестігін сақтауға тиісті. Егер еншілес (тәуелді) серіктестіктер күйреуге үшырағанда, олардың шеккен зияны үшін Бас шаруашылық жауап бермейтіндігі секілді бас шаруашылық зиян шегіп күйреуге ұшыраған жағдайда олар да ол үшін жауап бермейді.

Бас шаруашылық еншілес (тәуелді) серіктестіктердің табысының өзара бөліске салынуын бақылауға алады.

Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борыштарын тексерген кезде, оларға ұзақ мерзімді түрінде салынған ақша-қаражаттай, материалдық-құндылықтай инвестицияларының жатқызылмағандығын анықтау қажет. Дебиторлық борышқа инвестициялардан тыс ақша-қаражаттар, дайын өнім,тауарлы материалды құндылықтар түрінде берілген құндылықтар бойынша есеп айырысулар жатады.

Аудитор еншілес  (тәуелді) серіктестіктердің  және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық борыштарының аналитикалық есебінің тізімдемеде немесе машинажазбаларда жазу операциялары көп, ірі субъектілерде №280 үлгідегі дебетіндегі мәліметтерінің негізінде дебиторлармен және несие берушілермен есеп айырысу карточкаларында жүргізілгендігіне көз жеткізіп, анықтауға тисті.

Айдын басындағы және аяғындағы қалдықтарының және айлық айналымның карточкада жинақталып, Бас кітапқа жазылатын тізімдемеге немесе машинажазбаға қондырылғанына бақылау жүргізіп, оларға қоса тіркелетін шаруашылық операцилар растайтын құжаттарын тексереді.

Еншілес  (тәуелді) серіктестіктердің, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық борыштарымен қатар,несиелік борыштарының бухгалтерлік есеп шоттарың типтік жоспарының 64 «Еншілес  (тәуелді) серіктестіктердің несие бойынша қарыздар» бөлімшесінің шоттарында (641-643 шоттар) есеп айырысу жүргізетінін ескеру керек. Еншілес  (тәуелді) серіктестіктерден алынған шикізат, дайын өнім, басқа да материалдық құндылықтардың құны оларға осындай және басқадай түрде берілген тауарлы материалдықтардың құндылықтардың құнына өзара жатқызу туралы екі жақты келісімді растайтын хаттамамен танысып, бухгалтерлік есепте айырбастау операциялары сияқты көрсетілгендігін анықтау қажет.

    Басқадай дебиторлық борыштар мен берілген аванс бойынша есеп айырысудың есебінің аудиті.

Дебиторлық борыштарға аудиторлық тексеру жүргізген кезде аудитордан баоанстың «Басқа да дебиторлық борыштар» бабына ерекше назар аударуды талап етеді. Бұл аталған бап бойынша жылдың басындағы және аяғындағы қалдықтары бухгалтерлік есеп шоттарның типтік жоспарында қаралған 33 «Басқадай дебиторлық борыштар» бөлемшесінің мынандай синтетикалық шоттарында көрсетіледі:

Информация о работе Дебиторлық берешек аудиті