Дебиторлық берешек аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2014 в 22:10, курсовая работа

Краткое описание

Инвесторлар мен тапсырыс берушілердің сонымен қатар құрылысшылардың қызметтерінің қарқынды дамуына байланысты Қазақстан Республикасының құрылыс жағдайында құрылыс ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп ақпараттарының дәйекті болуы мен оның тәуелсіз бақылануына сұраныс мердігерлер үшін де, тапсырыс берушілер үшін де өсіп келеді.
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың қалыптасуына дейін құрылыс кешенінде құрылысқа қатысушылардың арақатынасында СНиП, ГОСТ,СН, ТУ, т. с.с. экономикалық сауатты құқықтық-техникалық базасына негізделген, инвестицияны қолдануды, нақты өзіндік құн мен нормативті пайданың құрылуын және құрылыс шикізаттарын бақылау, олардың жүйелік есебін жүргізуге мүмкіндік беретін, жақсы қалыптасқан салалық жүйе орын алған.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................................ 3

Нарықтық экономикадағы дебиторлық берешектің мәні мен маңызы.
1.1 Дебиторлық берешектің мазмұны....................................................................6
1.2 «ҚАЗҚҰРЫЛЫССЕРВИС» акционерлік қоғамының техника – экономикалық сипаттамасы.....................................................................................12
1.3 Ұйымның есеп саясаты.....................................................................................18
2. Дебиторлық берешек есебі.
2.1 Дебиторлық берешек есебінің ұйымдастырылуы...........................................27
2.2 Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың есебі......
2.3 Басқа да дебиторлық берешектің есебі.............................................................51
.
3.1 Дебиторлық берешек аудитінің бағдарламасы, мақсаты...............................47
3.2 Дебиторлық берешек аудиті.............................................................................
3.3 Қоғамның дебиторлық берешегін талдау........................................................64

Қорытынды................................................................................................................72

Қолданылған әдебиет тізімі.....................................................................................77

Қосымша...................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-дебиторлық-берешек-есебі-мен-аудитінің-және-бухгалтерлік-есеп-және-аудит.doc

— 394.00 Кб (Скачать документ)
  • АО «Алматыгорстрой». Құрылыс материалдарын жасап шығару мәселесін бірігіп шешу;
  • ЖШС АГС «Бояу». Бірігіп әрлендіу материалдарын өндіреді.
  • «Казақстан логистик». Үлкен габаритті жук тасмалдау;
  • «Запасстрой». Жобалар дайындайды.

    Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның шаруашылық техникалық экономикалық көрсеткіштерінің өзгеруін талдау маңызы өте зор . Шаруашылық техникалық экономикалық көрсеткіштерді талдағанда айналым капитал айналымның,мүлік құнының үлесіне меншік және қарыз капиталдың қатынасына, сонымен қатар дебиторлық және кредиторлық қарыздың қатынасына көңіл бөлу керек . Қаржылық жағдайы қалыпты болған кезде кәсіпорында меншік капиталының үлесі динамикалық түрде өсу керек , және меншікті капитал қарыз капиталдан жоғары болу керек , ал дебиторлық және кредиторлық қарыз  бір-бірімен теңесуі керек . Қоғамның қаржылық шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштеріне талдау жасау жұмыстры мына кестеде келтірілген. Осы кесте бойынша талдау жасаған кезде көріп отырғанымыздай, есепті кезеңде өнімді өткізуден түскен табыс 57873,03 теңгеге өскен немесе 15 пайыз. Өнімнің өзіндік құны да 28108,95 теңгеге өскен немесе 15 пайыз. 2005 жылдың аяғына қарай жалпы табыс 228191,42 теңге болды. Сонымен қатар кезең шығындарында да 15 пайызға немесе 12949,71 теңгеге өскенін көреміз, және 2005 жылдың аяғына 99281,13 теңгені құрады. Кәдімгі қызметтен түскен  табыс , ол негізгі және негізгі емес  қызметтерден құралған табыста 15 пайызға өскен және жыл аяғына 94612,46 теңгені құраған. Сондай-ақ таза табыс жыл аяғына  94612,46 теңгеге тең болды.

АҚ «Қазқұрылыссервис» ұйымының  2005 жылғы таза табысы толығымен өткен кезең шығындарын жабуға кетті. Сондықтан есепті жылы табыс салығы  төленбеген.

Ұйым жұмысында теріс жағдай болып отырған ол негізгі құралдардың қорқайтарымдылығының -35,30 пайызға төмендегені, сондай-ақ сәйкесінше қорсиымдылығы 28,20 пайызға жоғарылаған. Бұл негізгі құралдардың тиімсіз пайдаланғанын көрсетеді. Есепті жылы активтердің айналымдылығы 0,3-ке төмендеген және жыл соңында 0,53-рет айналған. Бұл көрсеткіш те ұйымның қаржылық жағдайына теріс әсер етеді. Сату табыстылығы есепті жылы өзгерген жоқ. Активтердің табыстылығы 20,83 пайызға төмендеген.

    Жалпы кәсіпорын бойынша таза табыстың жоғарылауына қарамастан, негізгі көрсеткіштердің төмендеуі байқалады. Субъектпен танысу материалында оның ұжымдық құрылымының схемасынасына назар аудардым.

1 схема - Субъекті органдары

         


 

Жоғарғы орган –қоғам қатысушыларының жиналысы болып табылады. Олар қоғам жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне, қоғамды ерікті түрде қайта ұйымдастыруға және таратуына құқығы бар. Олар сонымен қатар жылдық қаржылық есепті де бекітеді. Жиналыста дауыстарды санау есеп комиссиясы арқылы жүргізіледі.

Директорлар кеңесі – серіктестік ішіндегі жалпы басшылықты жүзеге асырады. Олар қоғам қызметтерінің басым бағыттарын атайды. Директорлар кеңесінің мүшесі жеке Адам ғана бола алады. Директорлар кеңесінің төрағасы директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы оның мушелері арасынан сайланады.

Дирекция –қоғам  ағымдағы қызметіне басшылық етеді. Субъектінің басқа органдары мен лауазымды адамдарының құзыретіне жатқызылмаған кез – келген мәселе бойынша шешім қабылдауға құқылы.

    Ішкі аудит қызметі қоғам қаржы – шаруашылық қызметіне бақылау жүргізеді. Ол үш адамнан құралған. Ішкі аудит қызметкері директорлар кеңесінің және дирекцияның құрамынан сайлана алмайды. Ол тікелей директорлар кеңесіне бағынады, және өз жұмысы туралы оның алдында әр айдың 5-і күні есеп беріп тұрады.

    Есеп саясаты – нақты принциптер, әдістер және процедуралар, сонымен қатар ол акционерлік қоғамның қаржылық есептілігін таныстыруда қолдану үшін қабылданған ережелер жиынтығы мен тәжірибе. Қоғамның есеп саясаты оның барлық жүйелік бөлімінде қолданылатын жалғыз және міндетті құжат болып есептеледі. Есеп саясатын құрастырып жасау міндеттілігі ұйым басшысы мен бас бухгалтердің міндеті болып табылады. Есеп саясатында болған өзгерістерден туындаған өзгерту сомасы таза табысты немесе есептілік кезеңдегі зиянды анықтауда ескеріледі. Есеп саясатында көрсетілген шаруашылық қызмет фактілерінің көріну әдістері, шығындар мен табыстар есебі, мүлікті бағалау барлық есеп кезеңінде бірдей қолданылады. Ұйымның бухгалерлік есебінің негізгі бағыты: материалды, еңбек және қаржы ресурстардың қолдануын бақылауды қамтамасыз ету және олардың қабылданған нормативтер мен сметаларға сәйкестігі.

  • Қаржылық жоғалтулардың алдын алу.
  • Ішкішаруашылық резервтерді ашу және мобильдеу.
  • Қызығушылығы бар тұлғаларды шаруашылық қызмет және оның қортындысы жайлы толық және тура ақпаратпен қамтамасыз ету.

Ұйымның бухгалтерлік есебі ұйымның мүлік және міндеттемелері жайлы ақпараттарын шаруашылық операцияларының түгел және құжаттық үздіксіз жүргізілген есебі арқылы жинау, тіркеу болып табылады.

    Ақпараттық жүйенің негізін бухгалтерлік есеп қалайды. Қоғамның негізті құралдар есебі №6 БЕС-на сәйкес жүргізіледі. Құрылыс ұйымының негізгі құралдарына дайын өнімді өндіру, тасмалдау үшін қолданылатын материалдық активтер жатады. Негізгі құралдар келіп түскенде, олар ұйымның қажеттілігіне өнім өндіру мақсатымен келіп түссе негізгі құралдар қатарына қосылады. Егер материалдық активтер ұйымға сату, айырбас мақсатымен түссе ол тауарлы материалдық қорлар қатарында есепетеледі. Негізгі құралдармен қатар қоғамның есебінде материалдық амес активтер (МЕА) де есептеледі.

   Қоғам өз қаражаттарын физикалық пішіні жоқ, ақшалай көріністе болмаса да, ұйымға үнемі және ұзақ уақыт бойы пайда алып келетін активтерге салады. МЕА ұзақ уақыт жұмыс істейді және өндірісте, тауар өткізуде, әкімшілік мақсаттарда пайдаланылады. Қоғамда қаржылық инвестициялар қарыздық формаға бағытталған.

Инвестициялық қызметті зерттегенде ұйымның қандай инвестициялық жобаларды дайындауға және жүзеге асыруға қатысу нысанын зерттедім. Қоғам мердігер ретінде көптеген құрылыс жайлы инвестициялық жобаларға қатысқан келісімшарттарын көруге болады. Ұйымда бағалы қағаздар ретінде, оның ішінде акция, облегация вексельдер есептеледі.

    Дебиторлық берешек талап ету мерзімінен асқан уақытта, яғни 5 жыл мерзімнен соң баланс сыртындағы шотта күмәнді талаптар бойынша резерв ретінде есептеледі. Ұйымның қолданысындағы типтік есеп шоттарында дебиторлық берешек шоты дебиторлар қарыздарын ашып қарау мақсатымен субшоттарға бөлініп есептелген. Дебиторлық берешек ұйым активтерінде күмәнді талаптар ретінде баланста есептелмейді.

 

 

 

 

               2.    Дебиторлық берешек есебі.

 

    1. Дебиторлық берешек есебінің ұйымдастырылуы.

Дебиторлық берешек Қазақстан Республикасының Қаржы  Министрлігінің 18.09.02 №432 бұйрығымен бекіткен бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарындағы 3 «дебиторлық берешек және басқа да активтер» шоттарында есептеледі.

    Қоғамның сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебі бухгалтерлік есептің мынандай шоттарында жүргізіледі:

301 «Алынуға тиісті қарыздар» шоты.

302 «Алынған вексельдер»  шоты;

303 «Сатып алушылар мен  тапсырыс берушілердің басқадай  қарыздары» шоты;

Осы шоттар бойынша жасалатын есептің ұйымдастырылуын қарастырайық.

    301 «Алынуға тиісті қарыздар» шотында жөнелтілген өнім (тауарлар), орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін төлеуге банк қабылдаған есептесу құжаттарын есепке алады. Алынуға тиісті дебиторлық берешек ағымдағы (немесе қысқа мерзімдегі) дебиторлық берешектер, яғни бір есептік кезеңнің ішіндегі болып және ұзақ мерзімдік дебиторлық берешектер, яғни бірнеше есептік кезеңді қамтитын болып екіге бөлінеді.

    Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу бойынша бухгалтерлік есепте келесі жазулар жазылады: Сатылған өнімнің, тауарлардың, істелінген жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің нақты өзіндік құнына сәйкес мына төмендегідей шоттардың корреспонденциялары жасалады:

    801 «Сатылған дайын өнімнің өзіндік құны», 802 «Сату үшін алынып, сатылған тауарлардың өзіндік құны», шоттары дебеттеледі де, 221 «Дайын өнімдер», 920 «Қосалқы өндіріс» және басқа шоттары кредиттеледі. Қарожылық инвестицияларды, материалдық емес активтерді, негізгі құралдарды сатқан кезде тиесілі шығыстар шоттары дебеттеліп, актив шоттары кредиттеледі. Сатылған өнімнің, тауардың, атқарылған жұмыстың, көрсетілген қызметтердің сату құнына 301-ші шоты дедеттеледі де, 701 «Сатылған дайын өнімнен түскен табыс», 702 «Алынған тауарларды өткізуден түскен табыс» және басқа шоттары кредиттелінеді.

    Осыған ұқсас шоттардың корреспонденциясы негізгі құралды, материалдық емес активтерді, бағалы қағаздарды сатқан кезде жасалады. Осы жасалған корреспонденциямен бірге қосымша құн салығына 301 шоты дебеттеліп, 633 шоты кредеттеледі. Сатып алушыларға және тапсырыс берушілерге төлеу үшін берілгекн есеп айырысу – төлем құжаттарын төлегеніне қарай 433 «Валюталық шотындағы нақты ақша», 441 «Есеп айырысу шотындағы нақты ақша», 451 «Кассадағы нақты ақша» шоттары дебеттеледі де 301 «Алынуға тиісті қарыздар» шоты кредиттеледі. Жабдықтаушы кәсіпорындарының бухгалтериясы бұрыныпақ төленген авансты есепке алынады да, ол: 661 және 662 шоттарының дебеті және 301 –ші шотіның кредиті бойынша көрініс табады.

Егер де алынуы тиіс шоттар алғашқыда шетел валютасымен, содан соң тенгемен көрсетілсе, онда олардың есептік кезеңнің соңына пайда болған оң айырмасы 301 шотының дебетінде және 725 шотының кредитінде көрсетіледі, ал теріс айырмасы 844 шоттың дебетінде және 301 шотының кредетінде көрініс табады.

Дебиторлық берешектер соларға ба йланысты түсетін табысты салыстырғанның нәтижесінде ғана танылады, бірақ табыстан баға бойынша да, сату бойынша да берілген жеңілдіктермен қоса сатудан қайтарылған тауарлардың құны шегеріледі. Айдың аяғындағы 301 шоты бойынша сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өздеріне келген тауарлы- материалдық запастар және орындалып, қабылданған жұмыстар мен қызметтер үшін өтелмеген борыштың қалдығын көрсетеді.

    Дебиторлық берешек айналыстан қаражатты айыратындығын көрсететін болғандықтан, шаруашылық жүргізуші субъектілер бірінші кезекте олардың айналымдылығын талдайды. Әдетте, дебиторлық берешектің айналымдалығы отыздан тоқсан күнге дейін тең болады, егер де мерзімінен асып кетсе, онда оның мерзімі өтіп кеткен деп санайды.

    Сондықтан кейінгі кездері дебиторлық берешектерді талап ету ұқұнын факторингалық компанияларға жүктейді.

Қарыздық міндеттеме көбіне міндеттеме деп аталады, қандай да бір соманы көрсеткен марзімде төлеуге жазбаша кепіл болып табылады. Бұл жерде өтеу нақты тұлғаға немесе ұйымға жүргізіледі.    Міндеттемеде сонымен қатар ұйым мөрі мен міндеттемені берген тұлғаның қолы қойылуы керек. Төлемді алатын тұлға ремитент, ал керісінше төлем жасайтын тұлға вексель беруші болып саналады. Мұндай міндеттемені алған ұйым оны алуға тиісті міндеттеме деп есептейді, және ол ұйымның активтерінде номиналдық сомасымен көрсетіледі.    Міндеттемелерде алынған уақыттан олардың өтелгеніне дейінгі мерзімде пайыз төлеу қажеттілігі болса, ол пайызды міндеттемелер болып табылады, ал егер міндеттемеде процент төлеуді қарастырылмаса, ол пайызсыз міндеттеме болып есептеледі. Пайыссыз міндеттеме өтеу қабылеттілі жоғары міндеттемелерге жатады. Негізінен пайыссыз міндеттемелердің өтеу мерзімі де аз болады.

    Бекітілген уақытта төлеуге тиісті сома өтеу уақытындағы құны деп аталады пайызды міндеттемелердің өтеу сомасы номиналдық құнынан және есептелген пайыздардан тұрады.

Несие берушінің көзқарасы бойынша, қарыз міндеттемесі ретіндегі талап  төлеуге шоттар жіберуден әлде қайда тиімді, өйткені қарыздар тұлға өз қарызын мойындайды және оны белгілі бір уақыт ішінде өтеуге міндеттілік жүктейді

Сот болу мүмкіндігі туса, қарыз міндеттемесі ретіндегі талап ең тез, өтімділігі жоғары дәлел болып саналады. Сонымен қатар оны тез банкке немесе басқа да қаржылық ұйымдарға өткізуге, қолма- қол ақшаға айырбастауға болады.

Алуға шоттар мен вексельдер кейде саудалық міндеттеме деп те айтылады. Міндеттемелерді  алуда өзге қайнар көз көрсетілмесе, ол өнімді өткізуден түскен міндеттемеге жатады.

    Қарыздардың барлық түрлерінің есебі мен сыныпталуын жеңілдету мақсатымен баланста және талдамалық есепте әр қарыз түріне бөлек шот ашу керек, сонымен қатар қосымша регистрлер де қажет.

3 бөлім «Дебиторлық  берешек және тағы басқа да  активтер» шотының қалдығының болуы қолданыстағы өнім (қызмет, жұмыс) үшін есеп айырысудың саясатымен байланысты, өйткені өнім негізінен есеп айырысу шотына ақша жіберу арқылы төлейді, содан тауарды жөнелту мен оны төлеу арасында уақытша кеңістік қалады.

 Дебиторлық берешектің  талдамалы есебін бөлек жүргізу тиімді:

  • сатып алушының мерзімі әлі келмеген қарыздары;
  • сатып алушы мен тапсырыс берушінің өз мерзімімен төленбеген есеп айырысу құжаттары бойынша берешек. Есеп айырысу құжаттары бойынша берешек талдамалы есепте тек салыстыру әдісімен талданады, және есеп регистрлері және құжаттармен сәйкестендіріледі.

Бірінші түрдегіберешек  нормаға сай берешек болып табылады. Одан кейінгілері қаржылық есеп  айырысу дициплинасын бұзғандығы жөнінде айтады, және олар ұйымның қаржылық жағдайын төмендетеді.

    3 кесте- Дебиторлық берешек бойынша шоттар корреспонденциясы.

Операция мазмұны

дебит

кредит

1

Келісім-шарттың шарттарын бұзғаны үшін сатып алушылардың есептеген айыппұлы.

301-303

727

2

Вексельұстаушының берген вексельдері:

302

301,

321

3

Тиеп жіберілген өнімге, көрсетілген қызметке есептелінген сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы

301

701

4

Тиеп жіберілген тауарға, көрсетілген қызметке есептелген қосылған құн салығы.

301

633

5

Борыш сомасы бұрын алынған аванс сомасынан шегерілді

661-662

301

6

Сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден есеп айырысу шотына  келіп түскен сома

441

301

7

Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің берешегі олардың кредиторлық қарызы есебінен өтелді

687 641

301

8

Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер берген вексельдері үшін борыштарын төледі

441

302

9

Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға тиеп жіберілген тауарлар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер, көрсетілген қызметтер  

321-323

701 727

10

Еншілес, тәуелді, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаладың берешегі есеп айырысу шотына келіп түсті 

441

321-323

11

Ай соңында еншілес, тәуелді, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаладың берешегі олардың алашақ сомалары есебінен жабылды.

641-643

321-323

12

Келісілген бағасы бойынша ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі құралдар үшін есептелген пайыз сомасы

332

727

13

Есептелген девидент және пайыз сомасы есеп айырысу сомасына келіп тұсті

441

332

14

Жұмысшылармен қызметкерлеге іссапары  және басқада мақсаттар үшін кассадан берілген сома

333

451

15

Жұмысшылар мен қызметкерледің ұйым кассына бұрын аванс ретінде алған сомаларын  жұмсалғаннан қалған артық сомасын төлегені

451

333

16

Алдағы кезеңнің жал төлемі есеп айырысу шотынан аванс ретінде алдын ала аударылды

342

441

17

Жабдықтаушыларға олардан алдағы уақытта алынатын тауарлар үшін аударылған аванс сомасы

352

441

18

Аванс ретінде жабдықтаушыларға алдын ала аударылған сомалардың пайдаланбаған бөлігі қайтарылды

423 441     

351 352

19

Бұрын төленген аванс сомасы есебінен мердігерлеге қарыз сома өтелді

671

351

20

Сақтандыру полисын алу үшін есеп айырысу шотынан төленген сома

341

441

Информация о работе Дебиторлық берешек аудиті