Бюджетпен есеп айырысу есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2014 в 14:24, курсовая работа

Краткое описание

Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар--- бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген,белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.

Содержание

Кіріспе
1. Салық және салық салудың есебі
1.1 Салық туралы түсінік
1.2 Қазақстан Республикасның салық заңдылықтарының дамуы
2. Бюджетпен есеп айырысу есебі
2.1 Тікелей салық бойынша есеп айырысудың есебі
2.2 Жанама салық бойынша есеп айырысудың есебі
2.3 Басқа да алымдар мен міндетті төлемдер бойынша есеп айырысудың есебі

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-салык-Бюджетпен-есеп-айырысу-есебі.doc

— 450.50 Кб (Скачать документ)

Өнімді бөлу туралы контрактісі. Бұл жерде мынадай шарттар қаралады:

-болуге жататын өнімнің  жалпы көлемі;

   -Қазақстан Республикасының  үлесі және жер қойнауын пайдаланушылардың  пайдалы (табыс әкелетін) өнімін  анықтау;

  • пайдалы өнімді бөлудің нысаны (ақшалай, заттай);
  • контракті бойынша орындалған жұмысқа кеткен шығынды өтеу үшін жер қойнауын пайдаланушыларға меншігі ретінде берілетін өнімнің үлесін анықтау;

  -алынған үлестің ақшалай  эквивалентіне өнімнің кұнын  және бағасын белгілеу. Жер қойнауын  пайдаланушылардың үлесі жалпы өндірілген қазба байлықтың 80%-тен аспауы керек. Өтелетін шығынның құрамына:

-контракт күшіне енгенге дейінгі жер қойнауын пайлаланушылардың нақты жұмсаған шығындары енеді, яғни: жобаның техникалық-экономикалық негіздеу, әзірлеу, дайындау шығындары; осы жобамен байланысты іздестіру, бағалау, барлау жұмыстары

-контракт күшіне енгеннен кейін жер қойнауын пайдаланушылардың 
жұмсаған шығындары жатқызыла бастайды, бұл осы контракт мерзімінің 
аяқталған уақытына дейін созылады.

Компенсациондық өнімнің есебінен өтелмейтін шығындардың қатарына:

  • жер қойнауын пайдаланушылардың құқын алу мақсатында конкурсқа қатысуы үшін төленген жарнасы;
  • геологиялық ақпараттарды алуға кеткен шығандары;
  • жер қойнауын пайдаланушылардың компенсациясы ретінде алған өнімді сатумен байланысты шығыстары;
  • шаруашылық-қаржылық қызметін аудит жасаумен байланысты шығыстары;
  • экскурсияға және саяхат жасауға кеткен шығындары;
  • соттың ісін қарауымен байланысты шығындары;

   -қарыз қаражаттарын  пайдаланғаны үшін төленетін  пайыздық төлемдері;

  -кез келген мемлекеттік пайдаланушылардан алынатын айыппұл мен өсімдер;

  -контракт қызметіне  жатпайтын басқа да шығындары. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Жанама салық  бойынша есеп айырысудың есебі 

         а)Қосылған құн салығы. Бұл өндіріс процесіне және тауардың (жұмыстың, қызметтердің) айналысына қосылған, сату айналысына салынатын құн бөлігінің бюджетке аударылатын, қосылған құны салығы болып табылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттау кезінде жасалатын аударымдар. Бюджетке төлеуге жататын (тиісті) косылған құн салығы тауар айналымына қосылған құннан, орындалған жұмыстан, көрсетілген қызметтен ұсталынады.

Қосылған құнға салынатың салық объектілері болып, салық салынатын айналым және салық салынатын импорт болып табылады.

Сондай-ақ, еңбек ақы заттай түрде төленген жағдайда берілетін тауарлардың құнына қосылған құнға салынатын салық енгізіледі.

Салықтан босатылған тауарлардан басқа, сырттан әкелінетін тауарларға салық салынады.

"Сату" термині тауарларға қатысты қолданғанда сатуды, айырбастауды, ақысыз беруді немесе кепілге салынған тауарларды кепілдікке зат ұстаушының меншігіне беру және жұмыстар мен қызметтерді орындау деп білеміз.

Қосымша құнға салынатын салық бойынша есепте тұрған немесе тұруға міндетті кәсіпкерлік, яғни заңды тұлғалар салық төлеушілер болып табылады.

Қазақстан Республикасының қатысуымен жасалған халықаралық шарттарда түсті және қара металлдардың сынығын қоспағанда, тауарлардың экспортына нольдік мөлшерлеме бойынша салық салынады.

Қосымша кұнға салынатын салықтың мөлшерлілігі салық салынатын айналымның 15 пайызын құрайды (ҚҚС-нан босатылған айналымды қоспағанда). Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге жататын қосылған кұн салығының (ҚҚС) сомасы сатылған тауарға есептелген ҚҚС сомасы мен, алынған тауар үшін төлеуге жататын ҚҚС сомасының арасындағы айырмасынан шығады.

Қосылған құн салығын төлеуші

Салық салына-тын объектісі

Салық мөлшерлемесі

Салық кезеңі

Қосылған құн салығы бойынша есепте тұрған тұлғалар қосылған құн салығын төлеуші болып табылады

Салық салынатын айналым

Қазақстан Республикасының аймағында сатқан кезде,15% мөлшерінде салық салынады. Экспортқа сатқан кезде, оның нольдік пайызы алынады

Календарлық ай. Егерде ай сайын төленетін ҚҚС сомасы 1000 МЕК аспаса, онда төлеу кезеңі тоқсан сайын төленетін болып шешіледі. Ал ауыл шаруашылығының өнімін өндіретіндер үшін төлеу кезеңі салықтық жыл болып танылады

Қазақстан Республикасының кедендік заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аймағына тауар әкелуші (импорттаушы) тұл-ғалар қосылған құн салығын төлеуші болып табылады

Салық салынатын импорт

                 15%

 


 

110000 МЕК құрайтын тауар айналымы бар кез келген тұлға 15 календарлық күннен кешіктірілмей салық органына есепке тұру үшін өтініш беруі керек. Оның сату бойынша айналымын анықтаған кезде, қосылған қүн салығынан босатылған тауардың айналымы, сондай-ақ жеке тұлғаның өз мүлкін сатқандағы айналымында, егер ол кәсіпкерлік қызметпен байланысты болмаса есепке алынбайды. Есепке тұрғаннан кейін, оған қосылған құн салығын төлеуші ретінде куәлік беріледі.

Қосылған құн салығын төлеушінің тауарды (жұмысты, қызметті) сатуы бойынша жасаған айналымына салық салынады және ол салық салынатын айналым болып табылады; Салық Кодексімен босатылғандар немесе Қазақстан Республикасы өнімді сатудың орны болып табылмаса, онда олар салық салынатын айналымға кірмейді. Салық салынатын айналымның деңгейін қосылған кұн салығының сомасына қоспай, тариф пен тараптардың мәмілесі бойынша белгіленген бағасын қолдана отырып, тауардың (жұмыстың, қызметтің) сатылатын құнын негізге ала отырып анықтайды.

Қазақстан Республикасының аймағына сырттан (импорттан) келген тауарларға салық салынады (қосылған құн салығынан босатылғаннан басқасы). Оларға салынатын салықтың деңгейі Қазақстан Республикасындағы кеден заңына сәйкес анықталады және оларға кеден құны да қосылады.

Қосылған кұн салығын анықтау үшін сату орны болып мыналар танылады:

Тауар бойынша

Жұмыс пен қызмет бойынша

Тауарды тиеу орны, егерде

жабдықтаушы, алушы немесе үшінші тұлға болса

Қозғалмайтын мүліктің тұрған жері, егерде жұмыс пен қызмет осы мүлікпен байланысты болса;

Алушыға тауарды беру орны

 

Жұмыс пен қызметтің нақты жүзеге асқан жері, егер олар

сол мүліктің козғалысымен байланысты болса;

Қызмет көрсеткен нақты орны, сол қызметке қатысты болса, мәдениет саласы, өнер, білім, спорт;

 

Касіпкерліктің орны немесе жұмысты, қызметті сатып алушының кез келген кызметі, келесідей жұмыс пен қызметке   қатысты болса:

- өз меншігіндегі  құқық объектісін пайдалануға  берсе;

- кеңес, аудиторлык, инжиниринголық, бухгалтерлік т.б. қызмет көрсетсе;

-қозғалыста болатын мүлктерін жалғаға берсе (транспорттық құралдың транспорттық ұйымға көрсеткен қызметінен басқасы; - тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) алу (немесе табу) бойынша агенттердің қызметі;

- байланыс;

- туризмді ұйымдастыру  бойынша.


 

Тауар (жұмыс, қызмет) алушы бюджетке төленетін жарнасы бойынша салық сомасын анықтаған кезде қосылған құн салығының сомасын зачетқа жатқызуға құқығы бар. Зачетқа жатқызылатын айналымды есептеген кезде қосылған құн салығын төлеуші пропорционалды немесе бөлек есептелінетін әдісті таңдай алады. Пропорционалды әдісте қосылған кұн салығын жалпы айналымдағы сомадан үлес салмағы бойынша анықтайды және соның деңгейінде зачетқа жатқыза алады. Ал бағалы қағаз бойынша операциясының кезінде сату бойынша айналымына, оның өсімі қосылады. Ал бөлек есептелінетін әдісте салық төлеуші шығыс сомасы бойынша және алынған тауардың (жұмыстың, кызметтің) қосылған құн салығының сомасы бойынша жеке есептеулер жүргізеді және салық салынбайтын айналымның үлес салмағын және олардың сомасын анықтауға көмектеседі. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының сомасы айналым бойынша есептелген қосылған құн салығының сомасы мен зачетқа жатқызылған салық сомасының айырмасы ретінде анықталады.

Салық салынатын айналым резидент еместерден алынған жұмыс пен қызмет, қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайды. Егер де ол жұмыс пен қызметтің сату орны Қазақстан Республикасы болса, онда қосылған құн салығын салуға жатады.

Қосылған құн салығы салынатын тауарларды тиеуді, жұмыстарды атқаруды немесе қызмет көрсетуді жузеге асыратын қосымша құнға салынатын салық бойынша есепте тұрған салық төлеуші аталған тауарларды, атқарылған жұмыстарды немесе көрсетілген қызметтерді қабылдап алатын тұлғаға салық шот-фактурасын ұсынуға міндетгі. Егер де ҚҚС сомасы шот-фактурасында көрсетілсе, онда оған 331 шоты дебеттеліп, 333,671, 687 шоттары кредиттеледі.

ҚҚС есептеу кезінде 301 "Алынуға тиісті қарыздар" шоты дебеттеледі де, 633 "Қосылған құн салығы" шоты кредиттеледі.

Содан соң 301 шотының кредитінен 633 шотының дебетіне есепке алынады. Айырмашылығы бюджетке аударылады: 633 шотының дебетінде, 441 "Есеп айырысу шотындағы колма-қол ақша" шотының кредитінде көрініс табады.

Сатып алушылар бұрындары ҚҚС-ның сомасы төленген тауарларды қайтарған кезде, ол 633 шотының дебеті мен 687 шотының кредиті бойынша көрініс табады. ҚҚС-ньщ төленген бұл сомасы, 687 шотының дебеті мен 687 шотының кредиті бойынша көрініс табады.

ә) Акциздік салық — сатып алушы төлейтін тауардың бағасына немесе тарифіне қосылатын жанама салық болып табылады.

Акцизді есептеген кезде 301 шоты дебеттеліп, 634 «Акциз» деп аталатын шоты кредиттеледі. Ал оны бюджетке аударған кезде, 634 дебеттеліп, 441 шоты кредиттеледі.

Акцизделмейтіндерге мыналар жатады:

- акцизделген тауарларды сыртқа (экспортқа) сатқан жағдайда;

  • мемлекеттік өкілетті органдармен анықталған квота шегіндегі этил спирттері;
  • медицинаға арналған құрамында спирт бар өнімдер (бальзамнан басқасы); 
    Қазақстан Республикасы аумағында акцизделуге жататын тауарларды өндіретін немесе акциздеуге тиісті тауарларды импорттайтын немесе Қазақстан Республикасының аумағында ойын бизнесін және лотерея ойындарын жүргізу мен ұйымдастыруын жүзеге асыратын барлық заңды тұлғалар акциздердің төлеушілері болып табылады.

Өндірілген тауардың бастапқы бағасы, яғни акциз бен ҚҚС қосылмаған таза бағасы салық мөлшерлемесін анықтаудың негізі болып табылады.

Акцизделетін тауарлар үшін өндірілген өнімнің құны да, сатылған өнімнің көлемі де салық салудың объектісі болып табылады. Акцизделетін тауарлар меншік иесіне қарамастан есептелінеді.

Акциздер тауарлардың меншікті немесе өңдейтін шикізаттан өндірілетіндігіне қарамастан есептелінеді.

Импортталатын акцизге жататын тауарлар бойынша салық салынатын объекті Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес белгіленеді.

Акцизделген тауарды импорттау кезінде олар үшін акциздің тұрақты мөлшерлемесі белгіленеді. Сондықтан оның салық салынатын базасын анықтау үшін импортталған тауардың натуралды (заттай) көрсеткішінің көлемі алынады. Ал адвалорлық әдісте салық базасы үшін импортталған тауардың кедендік кұны алынады. Ойын бизнесі бойынша акциз сомасын есептеу үшін ойын столы, ойын автоматының саны, тотализатор кассасы, букмекерлік кеңсенің кассасы алынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Басқа да  алымдар мен міндетті төлемдер бойынша есеп айырысудың есебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілердің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.

Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерді өндіруге, оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.

Айтып өткендей салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі. Салық кодексі республикалық және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды, алымдар мен салымдарды және баска да міндетті төлемдерді білгілейтін, Қазақстан Республикасы зандарымен реттелетін кеден баж салығы, алымы мен төлемдері мәселерін коспағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық салықтық қатынастарды реттейтін бірден-бір заңды кұжаты болып табылады. Салық кодексі салықтардың толық тізімін, оларды есептеу тәртібін, салық салу объектілерін, салықтың   негізгі түрлері бойынша төлеушілерін анықтайды.

Информация о работе Бюджетпен есеп айырысу есебі