Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде шағын және орта бизнесті несиелеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2014 в 18:53, курсовая работа

Краткое описание

Шағын және орта кәсіпкерлік немесе бизнес - бүгінгі өркениетті дүниелік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштерінің шамаларының артуына тікелей әсер етеді. Сондықтан кейінгі жылдары елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастағаны байқалады. Осы шағын бизнестің дамуының бірден бір көзі болып - банктік несие табылады

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3
I. Шағын және орта бизнестің экономика дамуындағы
алатын рөлі......................................................................................................4
1.1. Шағын және орта бизнестің қалыптасуы және дамуы..............................................................................................................4
1.2. Шағын және орта бизнестің дамуын мемлекет тарапынан
қаржы-несиелік және инвестициялық қолдау саясаты..............................7
1.3. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің
дамуындағы банктік несиелеудің алатын орны.........................................11

II. Екінші деңгейдегі коммерциялық банктердің шағын және орта бизнес
субъектілерін несиелеу тәжірибесіне талдау.............................................15
2.1. Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу
механизмі......................................................................................................15
2.2. Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының несиелік
қабілетіне талдау (“ЦеснаБанк” акционерлiк қоғамының шағын
бизнестi несиелеу тәжiрибесiнен)...............................................................25
III. Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуді
жетілдіру жолдары.........................................................................................37
3.1. Шағын және орта бизнес субъектілерін шетелдік
несие желісі есебінен қаржыландыру........................................................37
3.2. Дағдарыс жағдайында шағын және орта бизнесті қолдау
экономикалық тұрақтылықтың кепілі.......................................................42
Қорытынды................................................................................................................44
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................46

Прикрепленные файлы: 1 файл

Банк ісі_Курстық жұмыс_Кенжеғұлова.doc

— 496.00 Кб (Скачать документ)

Қазіргі кезде Республикада жаңа ашылған  кәсіпорындарды несиелеудің құралдары мен обьектілері әлі де дамымай келеді. Бұл ипотекалық несие, кейстық несие, франчайзинг, факторинг және басқалары. Шағын бизнес әлі күнге шейін банктердің қызығушылық сферасынан тыс қалуда. Осыған байланысты оларды лизингтік несиелер, сақтандыру, франчайзинг пен факторингті дамыту және қолдаудың басқа дәстүрлі түрлерінің маңызы зор.

       Шағын бизнесті  қаржы-несиелік және инвестициялық  қолдауды қамтамасыз ету мамандандырылған  институттарды дамыту мен шағын  кәсіпкерлік субъектілері үшін  қолайлы несие беру шарттары мен рәсімдерін белгілей отырып, олардың мақсатты топтарын қаржы-несиелік қамтамасыз етудің деңгейлі схемасын енгізуді көздейді.

Белгілі бір тәжірибесі бар және қызметтің жаңа бағыттарын игеру  үшін жоғары технологиялы жабдықтар  мен қосымша капиталға мұқтаж  кәсіпкерлер үшін қаржылық қолдаудың жаңа құралдары (лизинг, венчурлық қаржыландыру және басқалары) іске қосылады. Лизингтік құрылымдарды дамыту мен венчурлық құрылымдарды құру жаңа өндірістердің пайда болуына және дәстүрлі қаржыландыру көздерін тарта алатын кезеңге дейін өндірістерді қалпына келтіруге ықпал етеді.

Бұдан басқа, екінші деңгейдегі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне:

  • несиелер беру рәсімдерін және онымен байланысты шығыстарды;
  • шағын бизнес субъектілері үшін несиелерге қызметтер көрсету төлемдерін азайту жөніндегі тетіктерді әзірлеу және енгізу;
  • шағын бизнес кәсіпорындарын оларды жеңілдетілген нысан бойынша жобаның техника-экономикалық негіздемесімен ауыстыра отырып, несие берілетін іс-шара бойынша бизнес жоспарларды міндетті түрде ұсынудан босату;
  • қарыз алушы – шағын бизнес кәсіпорындарының қаржы жағдайын бағалау өлшемдерін, сондай-ақ несиелерді қамтамасыз ету түрлеріне қойылатын талаптарды жеңілдету жолымен оңтайландыру қажет болады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несие ресурстарына қол жетімділігін кеңейтуге байланысты мәселелердің шешілуі, қарыз алушылардың тізілімдерін жасау мен жүргізу оларға несие тарихын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл шағын кәсіпорындар саны мен өнімділігінің тұрақты өсуіне ықпал ететін болады.

Осылардан көріп отырғанымыздай, шағын  бизнестің тиімді әрі ырғақты  дамуы үшін мемлекет тұрғысынан қаржы-несиелік және инвестициялық қолдаудың қолайлы  саясаты алдыңғы орынға шығады. Шағын  бизнестің гүлденуіне еліміздегі инвестициялық  климаттың жағдайы тікелей әсер етеді. Соңғы кезде тәжірибеге енгізілген тура инвестициялар тартудың рөлі зор. Мәселен, Астана, Алматы, Шымкент, қалаларында жүзеге асырылған тура инвестициялар тартудың тәжірибесі – бұл әдістің өміршеңдігін көрсетті. Кәсіпкерлер форумы кезінде ел Президенті Н.Ә.Назарбаев былай деп атап өтті: Кәсіпкерлердің қаржы-несие ресурстарына қол жеткізуіндегі шектеушілік проблемасы біз қажет еткендей қарқынмен шешіліп отырған жоқ. Несие алудағы негізгі кедергілер жоғары қарыз пайызы және несиені қайтарудың қысқа мерзімі болып отыр. Бүгінгі күні коммерциялық банктердің шағын бизнеске берілетін несиелер бойынша пайыздық ставкалар мөлшері валютада 16-18% және теңгеде 20-24%–ға дейінді құрайды. Алынған несие ресурстарын игерудің орташа мерзімі шамамен 11-12 ай. Меніңше мұнда қосымша жеңілдіктер жасауға болар еді. Сондықтан да Елбасы Ұлттық

 

Банк пен Үкіметке жыл аяғына дейін шағын бизнес секторын дамытудың  арзан халықаралық бағдарламалық  заемдарына қызмет көрсету кезінде  банк маржасының төмен ставкаларын белгілейтін шараларды, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктерді басқа көздерден несиелеу ставкаларын төмендетуге ынталандыру жөніндегі шараларды талдап жасауды тапсырды.

Республикамызда шағын және орта  бизнестi қолдау саясаты жоқ деуге  болмайды. Қайта мемлекет тарапынан көптеген заң жүзiндегi қолдаулар көбеюде. Осы ретте шағын бизнестi тәуелсiз түрде жұмыс жасауға ықпал ететiн шағын кәсiпкерлiктiң субъектiлерiнiң ассоциацияларға бiрiгуi орын алады. Осы ассоциациялар нарықтық экономиканың қатаң бұрылыстары мен толқуларын бiрiгіп жеңу мақсатында құрылады. Мысал ретiнде, Алматы қаласында құрылған «Алматы Кәсiпкерлерiнiң ассоциациясының» /АКА/ жұмысын атап өтуге болады. Бұл мемлекеттiк емес ұйым және ол шағын және әлсiз  кәсiпорындарды интеграциялау мәселесiн алдына қойып отыр. Айта кету керек, «АКА» бизнес жоспар құрып, құқықтық, қаржылық, салықтық мәселелер бойынша көмекке келуге әзiр. Қазақстан үшiн кәсiпкерлiктiң өмiршең формасы франчайзингтi дамыту қолға алынуда. Мұның түбiрiнде шағын кәсiпорындардың бәсекелестiкке сай тауар, өнiм өндiруi жолындағы күштерiн iрi де тәжiрибелi «донор» жанында жүзеге асыру жеңiлдiрек болып келедi. АҚШ-та және тағы да басқа экономикасы дамыған елдердегi еншiлес кәсiпорындардың мұндай формаларда бiрiгуi, бұл iстiң Қазақстан жағдайы үшiн де дәл келуiн көрсетiп отыр.

Сондықтан кәсіпкерлік  секторды қаржылық қолдау үшін мыналар  қажет:

  • аймақаралық банктер  (оның ішінде шағын бизнесті қолдау бойынша мамандандырылған) желілерін одан ары дамыту;
  • өндірісті қолдауға қарыздары бойынша коммерциялық банктермен кепілді қамтамасыз ету;
  • несиелік ресурстарды бюджеттен тыс жұмылдырудың басқа формаларын қолдану;
  • дәстүрлі емес қаржыландыру қызметін дамыту (лизинг, факторинг, венчурлық қаржыландыру, франчайзинг және басқалары);
  • мемлекеттік, қоғамдық және донорлық ұйымдардың қызметін үйлестіру;
  • шағын кәсіпкерлік несие ассоциациясының өзін-өзі басқаруы үшін жағдай жасау.

Осы көрсетілген қажеттіліктерді  орындай отырып, шағын және орта бизнесті қаржыландыру үшін несиелеудің  жаңа схемаларына көшу қажет, инвестициялық климатты дамыту керек. Яғни шағын және орта бизнеспен тікелей жұмыс істейтін, оның мұқтаждықтарын түсінетін қаржылық институт құру мәселесі туындап отыр.

Қорытындылай келгенде мемлекеттің  шағын және орта бизнесті қаржы - несиелік және инвестициялық қолдау саясаты келесідей негізгі бағыттарда жүзеге асуы керек:

  • басым жобаларды конкурстық негізде және жеңіл жағдайда несиелеу;
  • екінші деңгейдегі банктердің шағын бизнес субьектілеріне ұсынатын несиеге кепілдік беру жүйесін енгізу және дамыту;
  • екінші деңгейдегі банктермен біріге отырып, жобаларды ортақ қаржыландыруды  жалғастыру;
  • венчурлық қаржыландыру жүйесін дамыту;
  • шағын кәсіпкерлікті қолдау процессі кезінде сақтандыру компанияларының белсенді қатысуы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      1. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің дамуындағы банктік несиелеудің алатын орны

 

Қазіргі кезде нарықтық қатынастарды реттейтін заңдар әсерінен кәсіпорынға  олардың ұйымдастыру-құқықтық нысандарына  тәуелсіз, кешенді несие-есептік  және кассалық қызмет көрсететін мемлекеттік, коммерциялық банктердің  тармақталған желісі қалыптасуда.

Қазақстан Республикасында ендi ғана жанданып келе жатқан шағын бизнеске несие беретiн бiрден-бiр ұйым ол - екiншi деңгейдегi коммерциялық банктер  болып табылады. Коммерциялық банктер көбінесе заңды тұлғаларды және қысқа мерзімді несиелеуді жақтайтыны – тарихи қалыптасқан жағдай. Қазақстандық шағын және орта бизнес субъектілерінің екiншi деңгейдегi банктерден коммерциялық несиелер алуы кәсіпорындарды дамыту үшін қаражаттарды молықтырудың іс жүзіндегі негізгі көздерінің бірі болып табылады. Алғашқы құрылу кезінде шағын бизнес несиесіз өз жұмысын атқара алмайды. Бірақ кішігірім компаниялар банкпен мәміле жасаған кезде қолайсыз жағдайға келеді. Мұндай жағдайға келудің бірден-бір себептері – ол компанияның несие қабілеттілігінің төмендігі, өндіріс пен мүлкінің өтімсіздігі, маркетингтік және технологиялық потенциал дамуының артта қалуы.

Республикадағы шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі болатын факторларға  мыналарды жатқызуға болады:

  • несиеге қол жеткізудегі шектеулер;
  • екiнші деңгейдегi банктердің жоғары кепілдікпен қамтамасыз етудегі қоятын талаптары;
  • несиенің қысқа мерзімділігі (6 айдан 18 айға дейін) және жоғары проценттік ставкалар (берілетін несиелердің 30%);
  • несиені рәсімдеу процедурасының ұзақтылығы және оны сақтандыру қажеттігі;
  • жергілікті нарыққа бағдарлануы;
  • қоғамдық, жетілмегендігі;коммерциялық емес отандық және шетелдік қорлардың кіші фирмаларды микронесиелеудегі заңдық ақпараттық базаның жетілмегендігі;
  • шағын бизнес сферасындағы капитал нарығының тым тарлығы. Яғни  айналымның шектеулілігі.

 Осы ретте Қазақстан Республикасының  банктiк сферасының макроэкономикалық  өзгерiстерге ұшырауы, соның iшiнде  импорттық либерилизациялау, бағалар  реформасы, фискалдық тәртiптi үдете  түсу, жекешелендiру және тағы да басқа нарықтық экономикаға тән өзгерiстер орын алды. Осылайша банктiк сектордың несиелеу iсiнде де ғаламдық өзгерiстер процесi жүрiп отыр.

Мемлекеттiк экономикалық даму жолында  оған ұшырасатын өзгерiстерге байланысты несиенiң айналыс аясы мен оның орны да бiраз өзгерiстерге ұшырады. Әсiресе Қазақстан Республикасының бұрыңғы орталықтандырылған мемлекеттiк жоспарлы экономикадан нарықты экономикаға өту кезінде осы несиелiк қатынастар аясында несиелiк салымдар көлемi ұлғайды. Бұл процестiң жүруi нарықтың заңдылығы. Егер, бұған стандарттық емес мынандай мәселелер /елдiң банктiк жүйесiнiң дамымай қалуы, тыңғылықты жасалмаған ақша несие саясаты/ әсер етпесе.. Ал, шаруашылықтар осы несиелiк жоспар бекiтiлгеннен кейiн ағымдағы тоқсанда несиеге қажеттiлiк бiлдiрiлсе, жергiлiктi банктер мұндай мәселелермен айналысуға құқығы жоқ және ресурстары да жоқ болатын. Бұл өз кезегiнде несиенiң аясының тарылуына және де шаруашылықтың мәселелерiн жедел де тез шешу сипатын жоғалттырды. Ал, нарықты экономика кезiнде несиенiң берiлу мәселелерi әр банктiң өз несиелiк саясатына сай әр банк өзi жекеше шешедi. Несие берудiң барлық жағдайлары банкпен клиенттiң арасында жасалатын несиелiк келiсiм шартта қарастырылады. Нарықтық жағдайда несиелiк қатынастарды кеңейтуге бiраз мүмкiншiлiктер ашылды. Олардың iшiнде атап айтқанда коммерциялық және ипотекалық - несие, вексель, акциялар мен бағалы қағаздарды несие алу үшiн кепiл етiп шығару. Несиелiк қатынастардың кең ауқымға жайылуы арқылы несие ролiнiң оң бағытқа  бұрылуында несиелеудiң жаңа тиiмдi әдiсi - белгiлi бiр нақты жобаны несиелеу / жобалық қаржыландыру/ бұл ретте банктер ұзақ мерзiмге несие қаражатын берiп қана қоймай жобаның басынан бастап, аяқталғанына дейiн бақылау жасап, несиенiң тиiмдi пайдалануын қадағалайды.

Банктер несиелеу процесінде, нарық қатынастарының қалыптасуына, қоғамдық өндірістің тиімділігін көтеруге, Қазақстан Республикасы егеменді мемлекеттің экономикасы мен қаржыларын нығайтуға, айналымда ақша массасының негізсіз өсуін шектеуге, инфлияция процестерін болдырмауға және ұлттық валютаның нығаюына ықпал етуге міндетті.Банктер қарыздарды өндірістің тиімділігін, оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, өнімнің жаңа жоғары тиімді түрлерін шығаруға ынталандыруға, тұрғындарға әртүрлі қызмет көрсетуге, тауарларды халық үшін және экспортқа өндіруге байланысты мақсаттар мен шаралар үшін береді.

шағын және орта бизнестi несиелеу тек қана қаржылық құралдардың шектеулiлiгiнен ғана емес, сонымен қатар екінші деңгейдегi коммерциялық банктердiң бұл секторды толығымен несиелеу өкiлеттiлiгiмен және оның тәуекелдiлiгi де әсер ететiндiгiн атап өту керек.

Бiрiншiден ол құрамы бойынша бiрыңғай емес. Өйткенi Қазақстанда коммерциялық банктер саны 39 болса, соның iшiнде  олардың жарғы капиталы кем дегенде 2 млд. тенге болуы керек. Салыстырмалы Республиканың қаржылық орталығы Алматы қаласында iрi банктердiң 70% орналасқан, ал кiшiгiрiм банктер әртүрлi облыс орталықтарында шоғырланған.

Екiншiден, iрi банктер мен кiшiгiрiм  банктердiң мүмкiндiктерi мен ұсынатын қызмет түрлерi адекватты емес. Қысқа мерзiмдi несиелеу түрiмен негiзiнде iрi банктердiң айналысуы шамалы, ал орта және кiшiгiрiм банктер үлесi де аз болып отыр.

Үшiншiден, орташа банктер шағын  бизнеске несие ұсынудың   орнына, iс жүзiнде олардың қаржыларға қол жеткiзуге мүмкiндiктерi тiптен жоқ. Ол қаржылар түрiнде банкаралық несиелер, қарыздар, банкаралық қаржы нарығында орналасқан қаражаттарды айтуға болады. Осы ретте кiшiгiрiм банктердiң шектеулi меншiктi капиталы табысты клиенттер тартуға, депозиттiк базасын кеңейтуге, активтiк операцияларды толығымен жүргiзiп, осыдан түскен пайда арқылы капитализациялануға кедергi етуде. Банктердiң шағын және орта бизнеске берiлген қысқа мерзiмдi несиелерiнiң көлемi бұл бизнестi делдалдық және сауда-саттық қызметтерiмен айналысуына әкелiп соқтырды. Ал елдегi iрi банктердің көпшiлiгi iрi қалаларда орналасқандығынан және несиелiк ресурстар жолының бiрдей емес мөлшерде бөлiнуi ауыл шаруашылығы секторын айналып өтуге мұқтаж етедi. Мемлекетiмiз бен II-деңгейдегi коммерциялық банктердiң  шағын және орта  бизнестi несиелеу-қаржыландыру схемасын, субнесиелеу ретiнде Еуропалық Даму және қайта құру Банкi /ЕДҚБ-ЕБРР/ мен Азиялық Даму банкiнiң /АДБ/ ресурстарымен несие беру коммерциялық банктерге жүктелген.

Банк несиелерді қайтарымдылық, жеделдік, тиімділік принциптерін қатаң сақтау, несиелерді мақсатты пайдалану мен заңда қарастырылған және екі жақпен келісілген жағдайда коммерциялық негізде береді. Қазiргi кездегi банктiк жүйе - бұл алуан түрлi және дәстүрлi емес жаңа банктiк қызметтердi клиенттерге көрсету. Соның iшiнде банктердiң дәстүрлi қызметтерiнiң бiрi - несиелiк операцияларды iске асыру. Шағын және орта бизнестің күрделі мәселелерінің бірі – несиелік ресурстарды алудың қиындығы. Себебі, несие алу үшін кепілге қоятын мүлік, бизнес-жоспар жоқ. Осы себептен банктерде шағын және орта бизнесті қаржыландыруға асықпайды. Республикамызда шағын кәсіпкерлікті тиімді қаржыландыру үшін қажетті ресурстарға деген үлкен тапшылық орын алып тұр. Мұндай қаржы бойынша шешімін таппай тұрған мәселелерге:

  1. несие алудың шектеулігі;
  2. коммерциялық банктердің кепілдік міндеттемені жоғары деңгейде ұстауы;
  3. берілетін несиенің пайыздық мөлшерлемесінің жоғары болуы және қысқа мерзімділігі;
  4. шағын кәсіпкерлікке микро несие берудің заңдылық негізінің жоқтығы;
  5. банктердің шағын кәсіпкерлікті несиелеу саясатының анықсыздығы.

Информация о работе Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде шағын және орта бизнесті несиелеу