Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде шағын және орта бизнесті несиелеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2014 в 18:53, курсовая работа

Краткое описание

Шағын және орта кәсіпкерлік немесе бизнес - бүгінгі өркениетті дүниелік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштерінің шамаларының артуына тікелей әсер етеді. Сондықтан кейінгі жылдары елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастағаны байқалады. Осы шағын бизнестің дамуының бірден бір көзі болып - банктік несие табылады

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3
I. Шағын және орта бизнестің экономика дамуындағы
алатын рөлі......................................................................................................4
1.1. Шағын және орта бизнестің қалыптасуы және дамуы..............................................................................................................4
1.2. Шағын және орта бизнестің дамуын мемлекет тарапынан
қаржы-несиелік және инвестициялық қолдау саясаты..............................7
1.3. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің
дамуындағы банктік несиелеудің алатын орны.........................................11

II. Екінші деңгейдегі коммерциялық банктердің шағын және орта бизнес
субъектілерін несиелеу тәжірибесіне талдау.............................................15
2.1. Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу
механизмі......................................................................................................15
2.2. Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының несиелік
қабілетіне талдау (“ЦеснаБанк” акционерлiк қоғамының шағын
бизнестi несиелеу тәжiрибесiнен)...............................................................25
III. Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуді
жетілдіру жолдары.........................................................................................37
3.1. Шағын және орта бизнес субъектілерін шетелдік
несие желісі есебінен қаржыландыру........................................................37
3.2. Дағдарыс жағдайында шағын және орта бизнесті қолдау
экономикалық тұрақтылықтың кепілі.......................................................42
Қорытынды................................................................................................................44
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................46

Прикрепленные файлы: 1 файл

Банк ісі_Курстық жұмыс_Кенжеғұлова.doc

— 496.00 Кб (Скачать документ)

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ  Экономикалық Университеті

Аймақтық қашықтықтан  оқыту орталығы

 

 

 

 

 

"Қаржы  нарығы және банктік бизнес" кафедрасы

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ  ЖҰМЫС

 

 

 

Тақырып: Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде

                    шағын және орта бизнесті несиелеу

 

 Пәні: Банк ісі

 

 

 

                                                               

 

 

 

Қабылдаған: Қасымбекова  Гулжахан  Рыскұлқызы - аға оқытушы

 

Орындаған: Кенжеғұлова Жанар,  ҚР(Д)-121оқу тобы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2013

 

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе.....................................................................................................................3

 

  1.  Шағын және орта бизнестің экономика дамуындағы 

алатын рөлі......................................................................................................4

 

    1. Шағын және орта бизнестің қалыптасуы және     дамуы..............................................................................................................4

1.2. Шағын және орта бизнестің дамуын мемлекет тарапынан

       қаржы-несиелік және инвестициялық қолдау саясаты..............................7

1.3. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің

       дамуындағы банктік несиелеудің алатын орны.........................................11

 

 

  1. Екінші деңгейдегі коммерциялық банктердің шағын және орта бизнес

субъектілерін несиелеу тәжірибесіне талдау.............................................15

 

  •    2.1. Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу
  •            механизмі......................................................................................................15
  •    2.2. Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының несиелік
  •                қабілетіне талдау (“ЦеснаБанк” акционерлiк қоғамының шағын 

                    бизнестi несиелеу тәжiрибесiнен)...............................................................25

     

    1. Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуді

    жетілдіру жолдары.........................................................................................37

  •    3.1. Шағын және орта бизнес субъектілерін шетелдік
  •                 несие желісі есебінен қаржыландыру........................................................37

  •   3.2. Дағдарыс жағдайында шағын және орта бизнесті қолдау
  •           экономикалық тұрақтылықтың кепілі.......................................................42
  •  

    Қорытынды................................................................................................................44

     

    Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................46

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Кіріспе

     

    Шағын және орта кәсіпкерлік немесе бизнес - бүгінгі өркениетті дүниелік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштерінің шамаларының артуына тікелей әсер етеді. Сондықтан кейінгі жылдары елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастағаны байқалады. Осы шағын бизнестің дамуының бірден бір көзі болып - банктік несие табылады. Коммерциялық банктердің экономиканың нақты секторын және де сауда фирмаларын несиелендіруі – ұлттық экономиканың өсуіне олардың қосқан үлесі, басқа жағынан қарағанда банктердің атқаратын өзінің қызметтері қаржылық сектордың, яғни экономиканың ажырамас бөлігі. Олардың дамуы мемлекеттің, экономика агенттерінің шаруашылық өмірі үшін әрі тиімді, әрі пайдалы.

    Бүгінгі таңда капиталды жұмсау бәсекесінің артуы көрініс табады. Отандық банктер қарыз алушылар үшін несиелерді алуды жеңілдете  бастады, несие беру процесі ықшамдалып, проценттік ставкалардың төмендеу тенденциясы  байқалуда. Сонымен қатар коммерциялық банктер ұзақ мерзімді несиелерді бөліп отыр. Себебі, әдеттегі қысқа мерзімді, айналым капиталының толықтыру мақсатына бөлінген несиелер несиелік портфелінің көлемінің ауытқуына әсерін тигізеді. Банктер өздерінің ішкі несиелік саясаттарына сай несиелік талдаудың методикасын жасап, оны маркетингтік жоспарға сәйкес несиелендіретін салалардағы кәсіпорындардың несиелік қабілеттіліктерін сауатты анықтауда қолдануы қажет.

    Тақырыптың өзектiлiгi - банк саласы Қазақстан Республикасының экономикасының дамушы секторының бiрi болып табылады. Елiмiздiң жоспарлы экономикадан нарықты экономикаға көшуiнiң өзi,  қоғам өмiрiнiң барлық салаларына үлкен өзгерiстер алып келдi. Бүгiнгi күнi шағын және орта бизнестi дамыту үшiн жаңадан көптеген жағдайлар жасалынуда. Шағын және орта бизнестiң жоғары деңгейде қызмет етуiн ұйымдастыру үшiн конструктивтiк бизнес-идея, тиiмдi басқару (менеджмент) және қаржы жеткiлiктi жағдайларының болғаны дұрыс.

    Осыған байланысты кейбiр кәсiпкерлерде өз бизнесiн  ұйымдастыру кезiнде қаражаттың жетiспеушiлiк мәселесi туындап отыр. Әлемдiк тәжiрибеде мұндай мәселелер әр түрлi жолдармен шешiледi. Сондықтанда, ақшалай қаражаттарға иелiк ететiн инвестициялық қорлар, банктер, мемлекет тәуекелге бел буып, жаңадан iс ұйымдастырушы кәсiпкерлермен бiрiге отырып, олардың тауарларды өндiру мен қызмет көрсетулерiн қаржыландыруы керек. Бұл тұрғыда жеке инвесторлар үшiн жоғары табыс алу мүмкiндiгi тұрса, ал мемлекет үшiн жұмыспен қамтамасыз етiлу немесе жобаның әлеуметтiк мәнi болып табылады.

    Бүгінгі таңда  халық шаруашылығы саласындағы  банк жүйесiнiң экономиканы дамытуда алар орны ерекше. Коммерциялық банктердiң  шағын және орта бизнестi несиелеуге қызығушылық бiлдiруде.

    Курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстандағы орта және шағын кәсіпкерлікті несиелеу проблемаларын талдау, несиелеу процесінің теориялық және практикалық мәселелерін, сонымен қатар несиелеу процесінде кәсіпорын мен банк арасында туындайтын қарым-қатынастарды қарастыру, сараптау және зерттеу болып табылады.

    Курстық жұмыстың зерттеулер пәні ретінде қазіргі кезде коммерциялық банктердің шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуді жүргізу тәжірибелері қарастырылады.

    Курстық жұмыстың зерттеу объектісі болып – “ЦеснаБанк” Акционерлік Қоғамының шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу деректері бойынша есептік көрсеткіштер мен практикалық тәжірибелері алынды.      

    Курстық жұмыста шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеудің ғылыми негізіне тереңнен қалам тартқан Батыс елдерінің, Ресейдің  және Қазақстан Республикасының танымал және кәнігі маман ғалымдардың еңбектері кеңінен қолданылды. Атап айтсақ: Роуз П.С., Гольцберг М.А., Дж. Р. Брик., Э.Дж. Долан, Лаврушин О.И., Жуков Е.Ф., Красавина Л.Н., Сейткасымов Г.С., Калиева Г.Т. 

     

    I. Шағын  және орта бизнестің экономика дамуындағы алатын рөлі

    1.1. Шағын және орта бизнестің қалыптасуы және дамуы

    Шаруашылық жүргізудің жаңа формаларын қолданбай еліміздің экономикасын жандандыру, халқымыздың әлеуметтік хал-ахуалын көтеру мүмкін емес. Соның бірі - шағын және орта бизнестің дамуы болып табылады. Ел экономикасын дамытуда, нарықты қалыптастыруда, ірі өндірушілер монополиясын шектеуде және бәсекелестікті дамытуда, тауар және қызмет сұраныстарын қанағаттандыруда, жалақы мен зейнетақыны уақытылы төлеуде, жұмыссыздық мәселесін тежеуде және жаңа технологияларды енгізуде шағын және орта бизнес шешуші фактор ретінде маңызды рөл атқарады. Шағын бизнес ірі бизнеске қарағанда нарыққа тез бейімді, өзгермелі жағдайға байланысты икемді, жаңадан жұмыс істеп тұрған өндіріс секторларында жұмыс істеуге қабілетті.

    Шағын және орта бизнестің мәнi мен мағынасын тереңірек бiлу үшiн, ең алдымен сол шағын және орта бизнестi алып жүрушi субъект – кәсiпкер кәсіпкерлік терминiне  тоқталып өтелік. Кәсiпкерлiк, шағын және орта бизнес негiздерi теориясын XVIII-XIX ғасырларда Ф.Кенэ, А.Смит, Ж.Б.Сэй, кейінрек И.Шумпетер, Ф.Хайск, А.Чаянов және тағы басқа экономист - ғалымдар негiзiн қалаған.

    Кәсіпкерлік қызмет – жеке тұлғаның өз күш-қабілетін танытуының, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асырушының тиімді тәсілі. Ол сондай-ақ, адамдардың өзіне сенімін арттырады, іскерлігін қалыптастырады. Кәсiпкерлiк қызметке талдау жасау - оның жалпы экономикалық ой - пiкiр сияқты ұзақ тарихы мен терең тамырының бар екендiгiн  көрсетедi. Көне тарих пен орта ғасыр ғылымдарында кәсiпкерлiк туралы, оның индустриялық кезiне дейiн қалай аталғанына қарамастан, ерекше ой - пiкiр қалыптасқан. Экономикалық мағынада кәсіпкер iрi өндiрiстiк немесе кұрылыс жобаларын басқарушы. Әлеуметтiк - экономикалық құбылыс ретiнде кәсiпкерлiк көптеген қоғамдық қатынастарды қамтиды. Мұның мәнiнде экономикалық - құқықтық, психологиялық және тарихи тұстары бар. Бiрақ, шағын және орта бизнестiң, яғни кәсiпкерлiктiң негiзi адам қызметiнiң экономикалық танымында жатыр. Кәсiпкердің iс әрекетi өзiнiң еңбек  шығындарына немесе жалдамалы еңбектi пайдалануға негiзделедi. Шағын және орта  бизнестi жүргiзушiлер экономикалық мүддені білдіретін, сонымен қатар оған қатысушылар мiндеттi шарт жасасып ұйымдастырады. Мұндай бизнес түрi - ұжымдық деп есептеледі. Жеке кәсiпкерлерге қарағанда жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер көптеген мәселелердi шеше алады. кәсiпкерлiктiң потенциалдық мүмкiндiктерiн   толық   бағалау үшiн олардың субъектiлерiн номиналды және нақты деп бөлудiң маңызы ерекше. Номиналдыға кәсiпкерлiк  қызметпен айналысу құқығы жатады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде әрбiр азаматтың кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы бар. Алайда оны жүзеге асыру қоғам мүшелерiнiң кез-келгенiнiң қолынан келе бермейдi. Сондықтан кәсiпкерлiктiң шын, нақты субъектiсi - бұған деген алғы шарттары бар, ең бастысы капитал иемдену құқығы барлар жатады. Мiне, осы адамдар экономиканың  кәсiпкерлiк секторын құрып, дамыта алады.

    Кәсiпкерлiктiң объектiсi - адамның  белгiлi қызметi. кәсiпкерлiктiң  соңғы нәтижесi өндiрiлген өнiм мен көрсетiлген қызмет. Бiрақ ең бастысы - әр кәсiпкер оның тек өзiне тиiмдiсiн,  пайдалысын ғана жасайды. Мiне, осы себептен кәсiпкерлердiң ең басты мақсаты - өз кәсiпорынының пайдасын барынша жоғарылату  немесе шығындарын барынша азайту болып табылады. Ал, кәсiпкердiң табысы көбiне оның бизнестi ұйымдастыруына тiкелей байланысты. Қызметiнiң бастапқы кезеңiнде кәсiпкер қатаң бәсеке жағдайында нарықтан шығып қалмас үшiн өндiрiс факторларын жүйелеудің жаңа жолдарын iздейдi, яғни, бұл кәсiпкерлiктiң ең басты мәселесi.

    Елдiң кәсiпкерлiкті дамытуда ынтасын арттыру үшiн  экономикалық, әлеуметтiк, құқықтық  базасын құрып, оларды одан әрі жетiлдiру керек. Қазақстан Республикасында қалыптаса бастаған жалпы кәсiпкерлiк кызметтi төрт түрге бөлiп қарастыруға болады. Олар:

    • Өндiрiстiк - оның iшiнде инновациялық, ғылыми-техникалық жаңалықтарға сай тауар

     өндiру, қызмет көрсету және басқалар.

    • Коммерциялық - сауда-саттық, делдалдық, сауда үйлерi, тауар биржалары және т.б.
    • Қаржылық - банктiк, сақтандыру, аудиторлық, лизингтiк қор биржалары және т.б.
    • Кеңес берушiлiк - басқармалық, әкiмшiлiк, маркетингтiк, ақпараттық, кадрлар дайындау және т.б.

    Бiздiң республикамызда қаржылық кәсiпкерлiктiң банктiк түрiмен  тек қана банктер ғана айналыса алады.

     Қазақстан Республикасында  нарықтық экономикаға белсендi қатысушылары - шағын және орта  бизнес субъектiлерi - кәсiпкерлер, жеке адамдар, бизнесмендер екенi белгiлi. Республикамызда шағын және орта  бизнестiң дамуына жан-жақты жағдайлар интенсивтi түрде жасалынылуда. Ал, оларға жекеше тоқталсақ, меншiктi жекешелендiру  бағдарламасының жүруi, ол өз кезегiнде шағын бизнестiң дамуының нағыз экономикалық негiзi екенiн есiмiзге алайық.  кәсiпкер шағын және орта  бизнес субъектiсi ретiнде оның iс-әрекетi әр кезде де белгiлi бағытта ұйымдастырылады  және оның нақты нысандары бар. кәсiпкерлiктiң шаруашылықты жүргiзу тәсiлi ретiнде бiрнеше жалпы белгiлерi бар. Оның iшiнде негiзгiсi - шаруашылық субъектiлерiнiң еркiндiгi мен тәуелсiздiгi. Олардың дербестiгi нарық механизмi әрекетiн қамтамасыз ететiн тәртiптi қалыптастырады. кәсiпкердiң тәуелсiздiгi оған экономикалық ресурстарды алуға, осы ресурстардан өз қалауынша қызмет пен тауар өндiру процесiн ұйымдастыруы және оларды нарықта кәсiпкердiң ойлағанындай өткiзе алу құқын бередi. Материалдық ресурстар мен ақша капиталының иелерi бұларды өз қалауынша пайдалана алады. Әрбiр қызметшi өзi iстей алатын еңбекпен айналысуға құқығы бар. Кәсiпкерлiкке тән тағы да бiр сипат - шаруашылық жүргiзудегi тәуекелге бел бууы, iске кiрiсер алдында болашақ бұлдыр қиялдарды болжап бiлу және оны шеше алуы. Шаруашылықтың қауiп - қатерi, тәуекелдiң негiзiнде мүмкiн болатын және шын мәнiндегi шығындар мен нәтижелердiң ара қатынасы жатады.

    шағын және орта  бизнестiң Қазақстан Республикасында қалыптаса басталуы  мен дамуы тауарлы нарықтың және кәсiпкерлiк iс-әрекеттiң кең ауқымға құлаш жаюымен байланыстыруға болады. Әрине мемелекетiмiздiң тәуелсiздiкке қол жеткiзуi, нарық экономикасына бет бұруының өзi елде кәсiпкерлiк пен шағын және орта  бизнеспен айналысуға мiндет едi. Бастапқы кезең ретiнде көрiнген мұндай бизнес 1995-1996-шы жылдары делдалдық қызмет ретiнде жүзеге асты. Ал одан кейінгі 5-6 жылдар iшiнде қолынан iс келетiн азаматтар, заңды тұлғалар әлемдiк тәжiрибені үйрету арқылы қалыптасқан бизнес кiлтi - өндiрiс екендiгiн түсiндi. Республикамыз табиғи жер қойнауындағы ресурстарға бай, жер ауқымы кең болғандықтан, ауыл шаруашылығында - фермерлiк iс, шаруашылық қожалықтарын құру, төл өсiру, сүт тағамдарының көптеген түрлерін молынан нарыққа шығару соңғы  кезде кең дамып келеді.

    Информация о работе Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде шағын және орта бизнесті несиелеу