Тауарлы-материалдық қорлардың қоймадағы есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2014 в 17:17, курсовая работа

Краткое описание

Негізгі мақсат:
- Тауарлы-материалдық қорларды жіктеу мен бағалау;
- Тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысын есептеу кезінде жасалатын кұжаттар;
- Тауарлы-материалдық қорлардың қоймадағы жэне бухгалтериядағы есебі;
- Тауарлы-материалдық қорларды түгелдеу және оларды есеп беруде ашып көрсету;
- Тауарлы-материалдық қорларды талдау;
- Тауарлы-материалдық қорлардың аудиті.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................3
1.ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРДЫҢ ЕСЕБІ,АУДИТІ ЖӘНЕ ТАЛДАУЫ
1.1. Тауарлы-материалдық қорлардың қоймадағы есебі....................................4
1.2. Тауарлы-материалдық қорлар және оларды жіктеу мен 2ХҚЕС бойынша тауарлық-материалдық қорлардың бағалануын есепке алу ...............................8
1.3.Тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысы есебі және құжатталуы……………………………………………………………………….11
2. ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ ЖӘНЕ ТАЛДАУЫ
2.1. Тауарлы-материалдық қорлар аудитінің мақсаты мен міндеттері............15
2.2. Тауарлы- материалдық құндылықтардың қоймадағы есебінің аудиті......16
2.3. Кәсіпорынның қоймасына тауарлы – материалды қорлардың түсуін құжаттық рәсімдеу…………………………………………………………….....20
2.4. Кәсіпорының қоймасынан тауарлы – материалдық қордың шығуын құжаттық рәсімдеу.................................................................................................23
Қорытынды............................................................................................................25

Прикрепленные файлы: 1 файл

тмк.doc

— 218.00 Кб (Скачать документ)

шығару үшін қолданылады. Ол екі дана етіп жасалынады. 1-ші дана бухгалтерияға жіберіліп, қорлардың жоғалуына себепші болған материалды жауапты тұлғаларға есептен шығаруға негіз болады, 2-ші данасы бөлімшеде қалады.

    Тауарлы-материалдық қорларды босатқанда рәсімделетін құжаттар. Кәсіпорынның қоймасынан материалдар өнімді әзірлеуге және басқа да шаруашылық қажеттілігі үшін цехтарға, сондай-ақ сыртқа өңдеуге немесе артығын сатуға босатқан кезде пайдаланылады. Тауарлы-материалдық қорлар цехтан цехқа берілсе, онда оны өндірістің ішіндегі қозғалысы деп санайды, ал егер де орталық қоймадан цех қоймасына берілсе, онда ол өндіріс шығыны ретінде танылады.

      Материалдың шығысы мынадай құжаттар бойынша рәсімделеді: Лимиттік - жинақтама картасы;  материалдарды айырбастауға арналған талап - актісі; материалдарды босатуға (ішкі орын ауыстыруға) арналған талап накладнойы.

Лимиттік - жинақтама картасы - өнімді дайындауда үздіксіз пайдаланылатын қорларды босату, сондай - ақ өндіріс қажеттілігіне керек қорларды босатудың белгіленген лимиттерін (шектерін) сақтауға, ағымдағы және қоймадағы материалдық қорларды бақылауға жэне оларды есептен шығаруға негіз бола алатын кұжат. Лимиттік - жинақтама карталары жабдықтау бөлімі немесе жоспарлау бөлімі материалдардың бір түріне 2 дана етіп дайындалады. Бір данасы ай басталғанша цехқа - қорды пайдаланушыға, 2-шісі - қоймаға немесе цехтың қоймасына беріледі. Өндіріске қорлар қоймалардың, цех өкілдерінің лимиттік - жинақтама картасы ұсынған кезде ғана босатылады. Қоймашы екі данаға да босатылған қорлардың күні мен мөлшерін жазған соң, лимитте қалған қалдығы шығарылады. Қоймашының лимиттік - жинақтама картасын цех өкілі, ал цехтың лимиттік жинақтама картасына қоймашы қол қояды. Өндіріске лимиттен артық жіберу және қорларды ауыстыру арнайы талап- актісімен рәсімделеді. Лимитті өзгертуге тек сондай кұқық берілген тұлғалар ғана жүзеге асыра алады. Материалдық қорларды босату тек лимиттік -жинақтама картасында көрсетілген қоймалардан босатылады. Қоймашы лимиттік жинақтау картасына жіберілген қорлардың күні мен мөлшерін белгілеп, әрбір номенклатуралық нөмір бойынша лимиттің қалдығын анықтап отырады. Лимит пайдаланылып болған соң, лимиттік - жинақтама картасын қоймашы бухгалтерияға өткізеді.

     Материалды айырбастауға арналған талап - актісі. Бұл құжат қорлардың белгіленген лимиттен артық босатылуын немесе олардың ауыстырылуын есепке алу үшін қолданылады, сондай - ақ қоймадан қорларды шығаруға негіз болады. Ол екі дана етіп дайындалады: бірі алушыға, екіншісі - қоймаға. Қоймашы актінің екі данасына да босатылған қорлардың күнімен мөлшерін белгілеп, содан соң қалдығын шығарады. Алушының (цехтың, учаскенің) актісіне қойма меңгерушісі, ал қойма актісіне - алушының (цехтың, учаскенің) өкілі қол қояды. Талап - актілерді бухгалтерияға немесе компьютерлік техникаға өңдеуге берместен бұрын талап етілген қорлар түгелдей алынуы керек. Материалдық қорларды лимиттен тыс босату және басқалармен айырбастау тек қана субъект басшысының немесе оған өкілетті тұлғалардың рұқсатымен субъектінің тиісті бөлімдерімен келісілгеннен соң ғана жүзеге асырылады.

    Материалдарды босатуға (ішкі орын ауыстыруға) арналған талап накладнойы. Қорларды субъектінің өз ішіндегі козғалысына және олардың кәсіпорынның аумағынаы тыс жердегі шаруашылыктарына, сондай-ақ басқа мекемелерге босатуды есепке алғанда пайдаланылады. Ол екі данада дайындалады. Материалдарды өз кәсіпорынының шаруашылықтарына босатқанда 1 данасын алушыға (цехқа, учаскеге) береді, екіншісін - қоймаға, кейінірек бухгалтерияға өткізеді. Кәсіпорынның аумағынан тыс  жерде орналасқан өз шаруашылықтарына немесе басқа мекемелерге материалдық қорларды босатқан кезде талап - накладной келісімдердің, нарядтардың және

баска тиісті құжаттардың негізінде дайындалады. 1-ші данасы коймаға материалдарды босатуға негіз болады, ал екіншісі материалды қабылдап алушыға беріледі. Материалды босатқан кезде өзі алып кететін жағдай туса, алушы кол қойған талап - накладнойды, сондай-ақ егер қорлар кейін төленетін болып босатылып жатса, қоймашы есеп айырысу төлемдік құжаттарын толтыруға бухгалтерияға жіберіледі. Үйлер мен ғимараттарды өңдеу және бөлшектеу кезінде алынған материалдық қорларды кіріске алу туралы актісі. үйлер мен ғимараттарды өңдеу және бөлшектеу кезінде алынған жұмыстарды жүргізуде пайдалануға жарамды материалды кіріске алуда қолданылатын кұжат. Құрамында тапсырыс беруші мен мердігер өкілдері бар комиссия актіні 3 дана етіп жасайды. 1 - ші және 2 - ші данасы тапсырыс берушіде, үшіншісі -мердігерде болады. Тапсырыс беруші 1 - ші данасын мердігердің төлейтін шот-фактурасына тіркейді. Материалдық қорлар цехтармен күн сайын пайдаланбайтын болса, мұндай материалды босату үшін бір реттік «Талап» толтырылады.Тауарлы-материалдық қорларды №6 журнал ордерде толтырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

2.ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ЕСЕБІНІҢ  АУДИТІ

 

2.1.Тауарлы - материалдық қорлар  аудитінің мақсаты мен міндеттері.

 

      Тауарлы- материалдық  қорлардың есебінің аудитінің  негізгі мақсаты- олардың есебінің  дұрыс ұйымдастырылып жүргізілгендігін анықтау болып табылады:

  • олардың сақталу және пайдалану орындарындағы қозғалыстары мен нақты қолда барлығы туралы дәлелді  мәліметтер алу;
  • олардың сақталу ережелерін қамтамасыз ету;
  • өндіріске жұмсалу номаларының сақталуын қамтамасыз ету;
  • өндіріске қажеті жоқ материалдық ресурстарды табу, анықтау және оларды сату;

      Өндіріс үрдісінде  бірақ - рет қатысып  өндірілген  өнімнің өзіндік құнына  құны  түгелдей кіріп, оның материалдық  негізін құрайтын тауарлы-материалық  қорлардың алатын орны өте зор.

     Тауарлы-материалдық  қорлар баланста: материалдар 1310, дайын  өнімдер 1340, тауарлар 1330, аяқталмаған  өндіріс баптары бойынша жинақталып, оларға мынадай активтер жатады: шикізаттар, сатып алынған жартылай  фабрикаттар (шала өнімдер) мен құрастыру бұйымдары, конструкциялар мен тетіктері, отындар, ыдыстар мен ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектері, қайта өңдеуге берілген материалдар, сондай-ақ шаруашылықтың негізгі қосалқы өндірістерінде сатуға шығарылған өнімдер түріндегі  активтері  және әр түрлі мақсаттар  үшін сатып алынған тауарлар және есепті кезеңде технологиялық үрдіс аяқталмаған өндірістік шығындар да жатады .

     Аудитордан әр түрлі  мақсаттарға  қоймадан босатылған  материалды құндылықтар бойынша  бухгалтерлік жазулардың дұрыстығын мұқият тексеруді талап етеді.

     Аудиторлық дәлелдемелердің негізгі көздері мыналар болып табылады: бухгалтерлік есептің қолданыстағы заңнамасы, салықтар туралы және басқа да номативтік-құқықтық актілер,  бухгалтерлік есеп стандарттары, қаржылық есеп стандарттары,  есеп саясатының қағидасы, бизнес-жоспар, өндірістік бағдарлама, қаржылық есептілік, бухгалтерлік есеп тізімдері. Алғашқы құжаттардың ішінен дәлелдеме көздеріне мыналар жатады: смета, шикізат шығындарының нормасы,  лимит картасы, жолдағы қағаздар, инвентарлық сипат, салыстыру ведомосттары, хабарлама, төлем құжаттарының көшірмесі, келіп түскен  жүктер есебінің журналы, счет фактуралар, ішкі орын ауыстыруларға үстемелер, тауарлы- транспорттық үстемелер, жүктік кедендік декларациялар, сертификаттар, кіріс ордері, сенімхат және т.б.

     Ішкі  бақылаудың  құрылымын түсіну үшін  аудитор:

    • Тауарлы-материалды қорлар табиғатын анықтау мақсатымен, өткен жылғы жұмыс құжаттарына  шолу жасау керек.
    • Тауарлы материалды қорларға бақылаудың қалай жүргізілгендігін зерттеу.
    • Қандай мәселе табылғанын зерттеу;
    • Құралған сауалнама бойынша персоналдардарға сурау жасау;

     Өзінің әдеттегі есебін  және бақылау жұмысын атқаратын, клиент жұмысшыларын бақылау, аудиторға  бақылау кезеңін және процедураны  түсінуге мүмкіндік береді және олардың бәрі тәжірибиеде қолданылатынына сенімділігін береді.

     Оларды жақсы түсіну  үшін деректі алғашқы құжатты  тексере отырып, аудитор өзіне  қажет мазмұн нұсқауларын айқындай  алады.

 

 

2.2. Тауарлы- материалдық құндылықтардың қоймадағы есебінің аудиті.

 

     Шаруашылық жүргізуші шаруашылықтың қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есеп бас жоспарының 1300 «Материалдар» бөлімшесінің  синтетикалық шоттарында шикізаттардың, сатып алынған жартылай фабрикаттардың, құрастыру бұйымдарының, конструкцияларының, отындардың, ыдыстардың және ыдыстық материалдардың, қосалқы бөлшектердің, құрылыс материалдарының, қайта өңдеуге берілген және басқа да материалдардың сақталуын,  пайдалануын және есебінің ұйымдастырылуын аудиторлық тексеруді қойма шаруашылығын тексеруден бастаудың маңызы зор.

    Тауарлы-материалдық қорлардың  сақталу орындары бойынша нақты  қолда барының есеп мөліметтеріне  сәйкестігін тексерген кезде, біріншіден  жылдық түгендеудің материалдарымен  танысу қажет. Екіншіден сақталу  орны бойынша жаппай тексеруге тиісті материалдар топтарын іріктеу : мысалы, оте қымбат тұратын және сирек кездесетін және ішінара тексеру жүргізілетін топтарды анықтау қажет. Қоймаларда материалды құндылықтардың сақталу тәртібіне, сақтау орындарының, қорлардың және түрлерінің сақталу ережелеріне сәйкестігіне ерекше назар аударуды талап етеді. Сондықтан қолда бар материалды құндылықтардың сақталуына тексеруді аудитор қойма шаруашылығын зерделеуден және қажет болған жағдайда оларға түгендеу жүргізуден бастаған жөн.

    Аудитор қойма шаруашылығына зер салып зерттеген кезде, қойма ғимараттарының және өлшеу құралдарының жағдайына назар аударуы қажет, сонымен қатар бақылау-өткізу бекеттерінің жұмысының тиімділігіне, өрттен қорғау және басқа да қауіп-қатерден сақтандыру дыбыс беретін құралдарының орнатылғандығына, материалды құндылықтарды қабылдау, босату және сақтау тәртіптерінің орындалғандығына, материалды-жауапкершілікті тұлғаларды іріктеу және тағайындауға, олардың толық материалды жауапкершілігіне, қолда бар ұзақ уақыт жатып қалған және бүлінген материалдар туралы жасалған шартқа, кіріс және шығыс құжаттарының, қоймалық есептің және қорытынды есептің дұрыс жасалғандығына назар аударуға тиісті. Қоймаларды және материалды құндылықтардың сақталу орнын зерттеу, олардың бағыты бойынша қолдану үшін жарамдылығын анықтау мақсаттарында бағалардың сақталу төртібін және ортке қарсы қауіпсіздікті, дыбыс беретін белгілерінің, өлшеу шаруашылығының, басқа да өлшеу құралдарының және т.б. қолда барлығын тексеру қажет.

    Материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етудің маңызды шарты дұрыс ұйымдастырылған күзет болып табылады. Аудитор субъектіге материалды құндылықтарды кіргізу жене шығаруда ішкі бақылауды кенеттен тексеруден бастап, күзет жұмыскерлерінің белгіленген тәртіпте кіру, шығу,

рұқсат куәлігін толтыру және тіркеу, олардың пайдаланылғанының бухгалтерияға қайтарылуын және басқа да ережелердің орындалуымен танысады.

     Бұндай кезде бір  рұқсат қағазымен материалды  құндылыктарды екі рет әкету, қол қоюға қүқық берілмеген  тұлғалардың қолы қойылған рұқсат қағазбен әкету материалды құндылықтарды ауызша рұқсатпен әкету ж.т.б. сияқты әр түрлі бұрмалаушылықтар тәртіп бұзулар кездеседі.

     Кіргізіп-шығару жүйесін  тексеру жеке территорияларға  бөлініп орналасқан арнайы мамандандырылған өндірістік цехтардың озара байланысының арасын ескеріп жүзеге асырылуға тиісті қоймадағы әр түрлі мақсатқа босатылған материалдарды әкетуге толтыратын рұқсат қағазды мұқият тексеруді және бақылауға алуды талап етеді.

     Цехтың өндірістік  қызметінде бұрмалаушылық, шектен шығып кету фактілері анықталған кезде (өндірілген өнімді толық кіріске алмау, қосып жазу, ұрлау, есепте дұрыс көрсетпеу) рұқсат қағаз бақылау көзі ретінде қолданылады. Олардың мәліметтерін әкетілген материалды құндылықтардың түр-түрлері бойынша сомасын және  құнын шот-фактуралар, бұйрық фактуралар, бұйрық накладнойлар, басқа да жолдама құжаттарымен салыстырады.

    Шаруашылықтың қоймасындағы  материалды құндылықтардың сақталуын  бақылаудың бөлінбейтін бөлігі  қойма есебін тексеру болып  табылады. Жұмыс практикасы корсеткендей, қойма есебін жүргізудің тәртібін бұзушылық. негізінен материалдардың түрлері бойынша жалған қалдықтың («қызыл қалдық») көрсетілуі, кейбір кіріс құжаттарындағы материалдардың кіріске алынғандығы туралы жазуларының болмауы, қоймалық есеп карточкаларындағы және бухгалтерлік есептегі мәліметтерінің арасындағы алшақтық, шығысқа шығару құжаттарының санының шамадан тыс асып кетуі қалдықтарының дұрыс саналмауы ж.т.б. сияқты фактілері кездесіп қалады. «Қызыл қалдық» келіп түскен материалдық құндылықтарды толык немесе уақтылы кіріске алмаудың, өндіріске босатылған материалдар санының шамадан тыс артық шығысқа шығарылуына, құжаттары толтырылмай материалдарды босатуға, соңғы қалдықтардың дұрыс анықталмауына ж.т.б. жол берілгендігін дәлелдейді.

     Материалдар түрлерінің теріс өтпелі қалдығы осы түрге жататын кезекті материалдар келіп түскен кезде уақытша жабылса, ал материалдық құндылықтар саны осы шамаға кемиді. Теріс қалдық тек қана есепте жоқ материалдардың көлемін көрсетіп қоймайды, сонымен қатар ұрлаудың, талан-таражга салудың резервін де көрсетеді.

     Кейбір кіріске алу  құжаттары, әсіресе фактурасыз келіп  түскен материалдар қоймалық  есеп карточкаларында көрсетілмеуі  мүмкін. Оларды анықтау үшін қойманың  бастапқы құжаттарын кенеттен тексеру керек.

     Қоймадағы материалдар  есебін, материалды жауапкершілікті  тұлға болып саналатын қойма  меңгерушісі (қоймашы) жүзеге асырады. Бұл қызметке бұрынғы қызметінде  материалдарды талан-таражға салған  материалдар үшін сотталған, еңбек  тәртібін бүзғаны үшін бұрын жұмыстан босатылған тұлғалардың қабылданбауы тиіс. Қоймашыны жұмысқа шаруашылықтың бас бухгалтерінің келісімі бойынша қабылдайды. Оны қызметінен босату тауарлы-құндылықтарға жаппай түгендеуден еткізіп жасаған қабылдау-өткізу актісін шаруашылықтың басшысы қарап бекіткеннен кейін ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

    Аудитор қоймашылармен  жеке материалды жауапкершілік, олардың жұмысын бақылаудың жағдайы  туралы келісім жасалғандығын, материалды  сақталу орындарында олардың  түр-түрлері бағаларының ілінгендігін, қоймадағы жұмыс режимінің сақталуын анықтауға тиісті.

Информация о работе Тауарлы-материалдық қорлардың қоймадағы есебі