Тауарлы-материалдық қорлардың қоймадағы есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2014 в 17:17, курсовая работа

Краткое описание

Негізгі мақсат:
- Тауарлы-материалдық қорларды жіктеу мен бағалау;
- Тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысын есептеу кезінде жасалатын кұжаттар;
- Тауарлы-материалдық қорлардың қоймадағы жэне бухгалтериядағы есебі;
- Тауарлы-материалдық қорларды түгелдеу және оларды есеп беруде ашып көрсету;
- Тауарлы-материалдық қорларды талдау;
- Тауарлы-материалдық қорлардың аудиті.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................3
1.ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРДЫҢ ЕСЕБІ,АУДИТІ ЖӘНЕ ТАЛДАУЫ
1.1. Тауарлы-материалдық қорлардың қоймадағы есебі....................................4
1.2. Тауарлы-материалдық қорлар және оларды жіктеу мен 2ХҚЕС бойынша тауарлық-материалдық қорлардың бағалануын есепке алу ...............................8
1.3.Тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысы есебі және құжатталуы……………………………………………………………………….11
2. ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ ЖӘНЕ ТАЛДАУЫ
2.1. Тауарлы-материалдық қорлар аудитінің мақсаты мен міндеттері............15
2.2. Тауарлы- материалдық құндылықтардың қоймадағы есебінің аудиті......16
2.3. Кәсіпорынның қоймасына тауарлы – материалды қорлардың түсуін құжаттық рәсімдеу…………………………………………………………….....20
2.4. Кәсіпорының қоймасынан тауарлы – материалдық қордың шығуын құжаттық рәсімдеу.................................................................................................23
Қорытынды............................................................................................................25

Прикрепленные файлы: 1 файл

тмк.doc

— 218.00 Кб (Скачать документ)

 

    Өндіріс процесіне еңбек  құралдарымен қатар материалдық  қорлары еңбек заттары ретінде  қатысады. Еңбек құралдарынан айырмашылығы  еңбек заттары өндіріс процессіне бір - ақ рет қатысады және олардың құны өндірілетін өнімнің материалдық негізін құрай отырып, өнімнің өзіндік құнын құрайды.

    Тауарлы - материалдық қорлар  келесідей активтер түрінде болады: өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар және құрастырушы бұйымдар, отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа материалдар; аяқталмаған өндіріс; субъект қызметі барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар. Тауарлы-материалдық қорларды есепке алудың алдында мынадай негізгі міндеттер тұрады: қорларды кіріске дер кезінде және толық есепке алу, сақтау орындарындағы жағдайын қадағалау; қорлардың қозғалысы бойынша барлық операцияларды толық және дер кезінде құжаттау; көліктік-дайындау шығындары мен дайындалған қорлардың өзіндік құнын уақытында және толық анықтау; ішкі ресурстарды жұмылдыру мақсатында субъектіге қажет емес материалдық қорларды сату, сақталатын орындардағы қорлардың қалдықтары мен қозғалысы туралы дәл мәліметтерді алу. Өндіріс барысындағы функционалдық ролі мен мақсаты бойынша барлық материалдық қорлар негізгі жэне көмекші болып бөлінеді.

    Негізгілер - дайындалатын  өнімнің заттай материалдық негізін  құрайтын материалдар болса, көмекші материалдар өндірілетін өнімнің өзіндік кұнына кіргенімен негізгі материалдар сияқты оның заттай негізін құрай алмайды. Өнімге қажетті қасиеттерді беру үшін көмекші материалдар негізгі материалдарға қосымша пайдаланылады. Бірақ, материалдарды негізгі және көмекші етіп бөлу шартты сипатқа ие, өйткені олар өнімді шығаруға жұмсалған материалдардың  санына,  технологиялық  сипатына  және  басқа да  көптеген факторларына тәуелді болып келеді.

     Тауарлы-материалдық қорлардың барлық түрін есепке алу үшін (201) 1310 «Материалдар» бөлімінің негізгі, активті мүліктік шоттары пайдаланылады. Бұл бөлімше қүрамына төмендегі синтетикалық шоттар кіреді: (201) 1310 «Шикізаттар және материалдар», (202) 1311 «Сатып алынған шала фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар, конструкциялар мен бөлшектер, детальдар», (203) 1312 «Отын», (204) 1313 «Ыдыс және ыдыстық материалдар», (205) 1314 «Қосалқы бөлшектер», (206) 1315 «Басқа материалдар», (207) 1316«Қайта өңдеуге берілген материалдар», (208) 1317 «Құрылыс материалдары».                                                                     

    Әрбір шаруашылық жүргізуші субъектілер қажеттігінше әрбір шоттар бойынша субшоттар және материалдық есебі бойынша аналитикалық (талдамалы) шоттар аша алады. Сонымен қоса, кәсіпорын өзіне жатпайтын материалдары, баланстан тыс шоттарды есепке алады (002, 003).

      Материалдардың есебін ұйымдастырудың басты алғы шарты: оларды дұрыс бағалау болып табылады. Тауарлы-материалдық қорларды бағалау кезінде неғұрлым арзан өзіндік құнымен, не таза құнымен бағаланады. Қолда бар тауарлы-материалдық қорлардың бүлінуі немесе олардың жекелей, әлде толықтай ескіруі немесе олардың бағасының төмендеуі, яғни бір сөзбен айтқанда, өзіндік кұнының деңгейіне келтіру мүмкіндігі болмаған жағдайда, өзіндік кұнның орнына сату бағасы пайдаланылуы мүмкін. Шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар, отын, қосалқы бөлшектер және басқа қосалқы материалдар кәсіпорын балансында өздерінің нақты өзіндік құнымен көрсетіледі. Осы баға бойынша кұндылықтар синтетикалык есепте де көрсетіледі; талдамалы есепте - тұрақты есеп бағасымен көрсетіледі. Тауарлы-материалдық қорлар қалдығын дұрыс анықтаудың көптеген параметрлері бойынша үлкен мағынасы бар. Ең алдымен қаржы-шаруашылық қызмет нәтижесіне, яғни өнімнің жеке түрлерінің табыстылығына, сәйкесінше, бюджетке аударылу көлеміне әсер ететін өткізілген өнімді, дұрыс есептеу үшін қажет. Сондықтан тауарлы-материалдық қорлар қалдығьн есептеу әдісін дұрыс таңдау мен сатылған тауарлы-материалдық қорлардың құнын дұрыс анықтау маңызды болып табылады. №7 «Тауарлы-материалдық қорлар» бухгалтерлік есеп стандарты келесі 3 әдісті ұсынады:

1.  Арнайы идентификациялау әдісі .

2.  Орташа есептеу құн әдісі.

3.   ФИФО әдісі.

 

2-ХҚЕС-на сәйкес қорлар мына  активтер:

  • Қалыпты қызмет барысында сату үшін арналған;
  • Осылай сату үшін арналған өндіріс процесінде, немесе;
  • өндіріс процесінде немесе қызметтер көрсету кезінде пайдалану үшін арналған шикізат немесе материалдар түрінде.

     Демек,тауарлық-материалдық қорлар анықтамаға  сәйкес мынадай үш санатқа бөлінеді:

  1. шикізат пен материалдар
  2. аяқталмаған өндіріс
  3. дайын өнім және тауарлар

      Тауарлық-материалдық қорлар компания балансында актив ретінде танылады.Егер компанияға болашақта экономикалық пайдалар ағысының ықтималдығы болса, қорлардың  құны немесе сеніммен өлшене алатын бағасы болады.Әдетте компания қорларының құрамына оларбойынша меншіктің заңды құқығы сатып алушыға көшкен қорлар енеді.Алайда стандарттарда қарастырылған белгілі бір ережелер қолданылатын бірқатар жағдайлар  болады.Жыл аяғындағы оларға заңдылық құқық сатып алушыға көшкен жолдағы  тауарлар есепті кезеңнің қорлары ретінде  көрсетіледі. Консигнацияға берілген тауарлар консигнанттағы  қор ретінде көрсетіледі.Қорлардың есепке алудың аса маңызды мәселелерінің бірі оларды бағалау болып табылады. 2-ХҚЕС- ына сәйкес қорлар өткізу мүмкіндігінің өзіндік құны мен таза құны сияқты екі шаманың ең азы бойынша бағалануы тиіс.Яғни компаниялар қорларды қаржы есептілігінде төменгі баға ережесі бойынша көрсетуге тиіс. Оның мәнісі –байыппен қарау қағидатына байланысты орай қорлар мүмкін болатын құндарының ең кемі бойынша бағаланады.

      Қаржы есептілігін ХҚЕС-ына сәйкес жасайтын ұйымдар шоттардың жұмыс жоспары ұйым қызметінің ерекшелігіне орай нұсқаулыққа сәйкес жасалатынын қазақстандық компанияның бухгалтерлері білетіні жөн.Қазақстан Республикасының заңнамасына және құрылтай құжаттарына сәйкес нұсқаулақта белгіленген тәртіппен қызмет қажеттілігіне қарай ұйым синтетикалық және талдамалы шоттар ашады.Егер  тауарлық-материалдық қорлар жасалған шарттар бойынша сатуға арналса, онда есеп қисап шартты орындау үшін арналған көлемде контракті бағалары бойынша жүргізіледі. Шарт бойынша қажеттен асып кеткен қорлар ағымдағы рыноктық бағалар бойынша қайта бағаланады. Егер шикізат пен материалдар негізінде шығарылған дайын өнімдер өзіндік құнына тең немесе асырылған бағалар бойынша сатылатын болса, шикізат пен материалдар қайта бағаланбайды. Егер  мұндай сенімділік жоқ болса, шикізат пен материалдар олардың қалпына келтіру құны бойынша қайта бағаланады. Өткізудің таза құнын бағалау әрбір есепті кезеңінде дүркін-дүркін жүргізіледі.Өткізудің таза құнына дейінгі қорлардың бастапқыда ішінара есептен шығаруға әкеп соққан жағдайлар өзгергенде ,есептен шығарылған сома қорлардың өзіндік құнын сипаттайтын шамаға дейін өтеледі.

        Тауарлақ-материалдық қорларды сақтаудың бірыңғай мерзімі жоқ,әр кәсіпорында өз өндірісінің ерекшеліктері болады.Сондықтан әрбір кәсіпорын материалдық қорлар үшін өз нормаларын белгілеп,бекітуге тиіс.Шикізат пен материалдар –ең көп деңгейде 45 күнге дейін .Көптеген кәсіпорындар өз өндірісінің ерекшеліктеріне қарай ақшаға қатысты аз жұмсалатын, бірұ әр уақытта қолда болуға тиіс қорлардың көп номенклатурасын қоймада сақтауға мәжбүр болады.Осындай қорларға неғұрлым тән мысалдар қосалқы бөлшектер табылады. Қандай да бір тиын тұратын қосалқы бөлшектің болмауынан жабдық жөнделмей  қалуы мүмкін.Қосалқы бөлшектер үшін сақтау мерзімін ең көп дегенде алпыс күнге дейін белгілеуге болады. Егер кәсіпорын қоймаларда қорлардың сақтаудың нормативтік оңтайлы мерзімін белгілесе, онда олардың әрбір түрі бойынша тауарлық- материалдық қорлардың нақты айналымдылығын есептеген жөн және жіктеу белгілері бойынша талдау жасау керек.

     Өткізудің таза құнының  ұлғаюынан болған тауарлық-материалдық  қорларды кез келген қайта қосымша есептеу шамасы қайта қосымша есептеуді жүзеге асыру кезеңінде шығыстар деп танылған тауарлық-материалдық қорлар шамасының азаюы ретінде танылуы тиіс.

 

 

 

 

1.3.Тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысы есебі және құжатталуы

 

    Өндіріс қорларының шығысы мен түсімі бойынша жасалатын алғашқы құжаттар материалдық есепті ұйымдастырудьң негізі болып табылады. Тікелей алғашқы кұжаттардың көмегімен тауарлы-материалдық қорлардың тиімді пайдалануын және сақталуын, қозғалысын алдын ала, ағымдағы және келешектегі бақылануын жүзеге асырады. Есепті тиімді ұйымдастыру ісінде қорлардың сақталуы мен есепке алынуына қатысы бар барлық тұлғаларға баға көрсеткішінің номенклатурасын жасап, таратудың маңызы зор. Онда субъектінің қолында барлық материалдық қорлар белгілі бір белгілері бойынша әзірленеді.

    Әрбір    атаулары,    сорттары    бойынша    шартты    сандық   белгілері   -номенклатуралық нөмірі беріледі, содан соң барлық кұжаттарда  ТМҚ - дың бары мен қозғалысы  бойынша берілген нөмірі қойылады. Номенклатуралық нөмірі: баланс  шоттарының нөмірі  немесе  материалдардың  қатар  нөмірі  бойынша берілуі       мүмкін.       Материалдардың       номенклатурасында      есептелінетін материалдардың бірлік бағасы көрсетіледі, яғни ол баға-номенклатурасы деп аталады.   Ол   жүйеленген   материалдар  тізімі   бойынша  жасалады  және  оны кәсіпорынның     барлық     бөлімшесі     (материалды-техникалық     жабдықтау, бухгалтерия, қаржы бөлімдері) анықтама ретінде пайдаланылады. Тауарлы-материалдық    қорлардың    түсуін     құжатпен     рәсімдеу.     Тауарлы-материалдық     қорларды     кәсіпорын     әртүрлі     жағдайда     алуы     мүмкін: жабдықтаушының     қоймасынан,     теміржол     станциясынан,      айлақтардан, аэропорттардан,   материалды   жауапты   тұлғалар   арқылы   өз   қоймаларынан. Жабдықтаушылардың қоймаларынан ТМҚ-ды алған кезде алушы - кәсіпорын өздерінің   жауапты   тұлғалары   арқылы   жүзеге   асырады.   Материалдардын қозғалысын   есепке   алған   кезде   мынадай   типтік   құжаттар   пайдаланылады: жабдықтаушылардың қоймасынан тауарларды алу үшін материалды жауапты тұлғаға сенімхаты беріледі. Сенімхатгы бухгалтерия рәсімдеп, алушының қолыш қойғызып, колхат алу арқылы береді. № М-2а типтік ведомосы аралық нысаны, алдын ала нөмірленген және түптелген журналға тіркеледі. Берілген сенімхатты есептеу журналы, сенімхатты тіркеуге және беруге жауапты тұлғада сақталады. Сенімхатты  беру  үшін  лауазымды  тұлғамен   келісім-шарт  жасалады,   ондай келісім-шарты жоқ болған жағдайда бір жолғы сенімхаттар беріледі. Берілген сенімхатта   шаруашылық   жүргізуші   субъектілер   оның   мерзімін   көрсетеді. Сенімхатқа кәсіпорын басшысы, бас бухгалтері қол койып, мөр басады. Сол сенімхатта алынатын тауарлардың тізімі сенімхаттың артқы жағында жазылады. Бір  қоймаға жататын тауарлы-материалдық  корлар  алынған  жағдайда оған бірнеше накладной керек болса, сенім беруші сенімді тұлғаға бір сенім хатын беруіне болады, бірақ онда берілген барлық накладнойдың нөмірі, күні керсетілуі тиіс. Егер де бір ғана сенімді тұлғаның бірнеше қоймадан тауар алуына тура келсе, онда оған әрбір қоймаға ұсыну үшін жеке сенімхат беріледі. Сенімхат, әрекет ететін мерзіміне қарамастан, тауарлы-материалдық қорларды алған кезінен бастап беріледі. Мерзімі өткен сенімхаттары бойынша есеп бермеген лауазымды тұлғаға жаңа сенімхаттар берілмейді. ТМҚ-ды ала салысымен материалды жауапты тұлға тапсырманы орындағаны туралы құжаттарды бухгалтерияға беріп, тауарлы-материалдық қорларды қоймаға өткізу керек, олардың сол қорларды қуаттайтын сенімхаты толық болмаса да. Егер де ТМҚ-ды алу құқығы жойылса, онда одан сенімхаты қайтып алынады, ал жіберушілерге басқа сенімхат беріледі. Пайдаланбаған сенімхаттар мерзімі өткеннен кейін келесі күні сенім білдірушіге қайтарылады. Пайдаланбаған сенімхатты пайдаланбаған кезде оны «Сенімхаттарды есепке алу журналында» тіркейді және оның түбіршегіне «пайдаланбаған» деген белгісін жасайды. Осындай сенімхаттар есеп беру кезеңінің соңына дейін сақталады, сосын есепті кезеңінің соңында жойылады.

    Тауарлы-материалдық қорларды кірістеуге мына құжаттар негіз болып табылады:

-  шот-фактура, онда: қатар нөмірі  мен күні, атауы және жабдықтау  мен ТМҚ-ды сатып алушының СТН, ҚҚС-ын есепке қою туралы куәлік  нөмірі, әкелінген ТМҚ атаулары  мен саны, құны, акцизделетін ТМҚ  сомасы т.б.;

- тауарлы-транспорттық накладной;

-  тауарды қабылдап алған  материалды жауапты тұлғаның  жазған накладнойы мен құжаттары, атап айтқанда:

    Кіріс ордері. Жабдықтаушылардан немесе өңдеуден түскен қорларды есепке алу үшін қолданылады. Ол бір ғана данада жазылады және ол жауапты тұлғадан материалдар қоймаға келіп түскен кезде толтырылады.

    Материалдарды  қабылдау туралы акті. Жабдықтаушылардың леспе кұжаттарындағы мәліметтерді сандық жэне сапалық айырмашылықтары бар қорларды қабылдау кезінде қолданылады; сондай-ақ кұжаттарсыз түскен материалдарды қабылдаған кезде де. Қабылдау комиссиясы міндетті түрде материалдық жауапты түлғаның жіберуші өкілінің немесе мүдделі емес мекеме өкілінің қатысуымен актіні 2 дана етіп жасайды. Қорлар қабылданғаннан кейін қүжаттармен қоса актілердің бір данасы материалдық қорлардың қозғалысын есепке алу үшін бухгалтерияға, екіншісі - жабдықтаушыға талап хатын жазу үшін, жабдықтау бөліміне немесе олардың бухгалтериясына жіберіледі.

    Тауарлы-материалдық қорлардың өндірісте дайындалған және сақталған кезіндегі жетіспеушілігі мен жоғалуы туралы актісі. Табиғи шығын нормалары айқындалмаған материалдық қорларын дайындау, сақтау немесе өндіру процесінде орын алған жоғалтуды анықтау үшін қолданады. Қорлардың сақталуына жауапты бөлімдердің балансынан шығаруға немесе кінәлі адамдардан өндіріп алуға аталған құжат негіз бола алады. Бұл құжат материалды қабылдау жөніндегі актіге тіркеледі. Екі данасы толтырылып, комиссия мүшелері мен кінәлі кісілер қол қояды. Бірінші данасы бухгалтерияға жіберіледі, ал екіншісі бөлімшеде қалады. Табиғи шығын нормаларына сәйкес материалдардың жоғалуы туралы актісі. Субъектінің қоймасына жабдықтаушылардан келіп түскен кезде табиғи шығын нормаларына сай қорлардың кемігені анықталса немесе өңделгеннен кейін оларға табиғи шығын нормалары қойылған болса, осы акті жасалады. Қорларды қабылдауды жүргізген кезде жасалынған актіге кіріс ордері қосымша қызмет атқарады. Комиссия екі дана етіп жасап қол қойып, 1 - ші данасын бухгалтерияға өткізеді, ал қорлардың жоғалуына материалды жауапты түлғалар ол сол адамдардың есебіне есептен шығаруға негіз бола алады, ал оның 2-ші данасы қоймада қалады.

    Материалдардың   бүлінуі,   сынуы,   қирауы  туралы   актісі.   Кәсіпорында бүлінудің, сынудың, қираудың нәтижесінде арзандатуға және қорларды есептен

Информация о работе Тауарлы-материалдық қорлардың қоймадағы есебі