Үстеме шығындардың есебін ұйымдастыру және отандық тәжірибеде оларды бөлу әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2014 в 09:00, курсовая работа

Краткое описание

Көмекші өндірісі бар ұйымдар, бухгалтерлік есепте үстеме шығыстарды айрықша бөлуі қажет. Мұндай кәсіпорындарда салықтық есепте тура және жанама шығындарды есептен шығару тәртібі де басқаша.
Негізгі және көмекші цехтардың жұмыстарын ұйымдастыру, өндіріске қызмет көрсетумен байланысты шығыстар үстеме шығыстар деп аталады. Бұл шығыстардың барлығы өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланысты емес, бірақта олар оны қалыпты жүзеге асыру үшін қажет болып табылады. Оларды жекелеген жұмыс объектілерінің өзіндік құнына тікелей жатқызуға болмайды, өйткені олар құрылыс өндірісінің жалпы шығындары болып саналады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курстык жумыс.docx

— 91.96 Кб (Скачать документ)

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

«Үстеме шығындардың есебін ұйымдастыру және отандық тәжірибеде оларды бөлу әдістемесі» тақырыбына жазылған курстық жұмысты қорытындылай келе, төмендегідей түйіндер жасауға болады.

Үстеме шығындар –негізгі өндіріс үшін жасалған еңбекақы, амортизация, жөндеу жұмыстар бойынша шығындар және күзет, зерттеу, ақау шығындарыда жатады. Үстеме шығындардың құрамын 2 топқа бөлуге болады: Жабдықтарды күтіп ұстау және пайдалану шығындары, жалпы өндірістік шығындар.

Өндірістік үстеме шығындар – бұл өндірісті ұйымдастыруға, қызмет көрсетуге және басқаруға байланысты шығындар. Олар өндірістік бөлімшелерде – учаскелерде, цехтарда, өндірістерде, қайта бөлісуде пайда болады.

Жабдықтарды күтіп ұстау және пайдалану шығындарына майлау, сүртетін және жабдықтардың еүнделікті күтімі мен жөндеуі үшін материалдардың басқа да түрлері; жабдықтар мен көлік  құралдарының амортизациясы (зауыт ішіндегі көліктер); жұмысшылардың жалақысы, сонымен қоса әлеуметтік қажеттілікке аударымдар; энергияның, будың,  сығылған ауаның, судың  барлық шығындары; дайын өнімдер; құндылығы шамалы және тез тозатын құралдар мен бұйымдар, жабдықтармен жұмыс істеуге байланысты өзге де шығындар жатады. Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарына сәйкес үстеме шығыстар  8410 «Үстеме шығыстар»  шотында есепке алынуы тиіс. Бұл  шот негізгі және көмекші өндірістер бойынша, сондай-ақ өз өндірісінің жартылай фабрикаттары үстеме шығыстар туралы ақпараттар жинақтауға арналған.

Ағымдағы шығыстар 8410 “Құрылыс машиналары мен техникаларын ұстап тұру және пайдалану шығыстары” шотында есепке алынады. 8410 “Жалпы өндірістік шығыстар” активті жинақтаушы-бөлу шоты үстеме шығыстарды есепке алу үшін тағайындалған. Оның дебеті бойынша ай ішінде жалпы өндірістік мақсаттағы шығыстар көрсетіледі, ал кредитінен ай соңында, оларды негізгі және қөмекші өндіріс өнімдерінің өзіндік құнына енгізу үшін үстеме шығындардың жалпы сомасы есептен шығарылады.

Құрылыс машиналары мен механизмдерін ұстап тұру және пайдалану шығыстарының талдау есебі № 10 жорнал-ордерде және оған ашылған № 1 ведомоста электронды түрде жүргізіледі.

Жалпы өндірістік шығыстарды бөліп тарату белгілі бөлу базасы негізінде жүзеге асырылады. Отандық тәжірибеде мынадай бөлу базалары қолданылады:

1.Өндіріс  жұмысшыларының негізгі еңбекақысы;

2.Өндіріс  жұмысшыларының негізгі еңбекақысы  мен өндірістік құрал жабдықтарды  күтіп ұстау және пайдалану  шығыстары.

Ал Көмекшi цехтардың өзара қызметiн бөлiп таратылуы 4 әдiспен жүргiзiледi:

  • тiкелей әдiс
  • қадамдық әдiс
  • қайта бөлiп тарату әдiсi
  • Сызықтық теңестiрулер жүйесiн құру әдiсi

Үстеме шығындарды бөлiп таратудың тiкелей әдiсi кеңiнен қолданылады. Бұл әдiсте бiр көмекшi цехтың екiншi көмекшi цехқа көрсеткен қызметтерi еленбейдi,  көмекшi цехтардың қызметтерi тiкелей негiзгi өндiрiстiк цех шығындарына жатқызылады.

Отандық тәжірибеде аталған шығыстарды бөлу үшін мынадай бөлу базалары қолданылады: жұмыс – сағат;  машина – сағат.

Үстеме шығындарды есептеу мен есептен шығару нақты шығынның сомасын анықтауды, әрбір баптар бойынша бекітілген сметадан ауытқуын табуды, демек, ондағы артык жұмсалатын шығындардың алдын алатын қажетті шараларды дер кезінде қабылдауды қамтамасыз етеді. Бұл үшін материалдар шығысына, штаттык кестеғе және лауазымды қызметкерлердің окладына жасалған лимиттік картаның, материалдық емес активтерін, негізгі кұралдардың нормасының негізінде ағымдағы жедел (оперативтік) бақылауын ұйымдастырады.

Сонымен, бөлу әдісін таңдаған кезде өндірістің нақты жағдайын ескеру қажет, сол бойынша бұйымдардың жекелей өзіндік құны, әрбір шығын түрінің үлесі, өнім көлеміне шығынның байланыстылығы анықталады.

Үстеме шығындарды есепке алу және таратуды жетілдірудің келесі жолдарын ұсынамыз:

-үстеме шығындарды жауапкершілік  орталықтары мен өндірістер бойынша  нақты жауапты тұлғаны көрсете  отырып ұйымдастыру, бұл үстеме  шығындарды өнімнің өзіндік құнына  енгізудің дәлдігін қамтамсыз  етіп, осы шығындарды төмендету  жолдарын анықтауға ықпал етеді;

-құралдарды күтіп ұстау  және пайдалану шығындарын өндіріс  кезеңдері арасында құралдың  атқарған уақыт санына тепе-тең  таратқан орынды;

-өндіріс орындарының тозуы  мен ағымдағы жөндеу шығындарын  тікелей жолмен қосқан дұрыс;

-еңбекақы шығындарын өндірістік  жұмысшылардың негізгі еңбек  ақысына тепе-тең бөлу керек;

-қалған шығын баптарын  өнімнің жекелеген түрлерінің  салмағына бара-бар бөлген дұрыс.

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

  1. Назарова В.Л., Жапбарханова М.С., Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. Басқару есебі. Оқулық. -Алматы: Экономика, 2005,-298 б.
  2. Мадиева Қ. С. Басқару есебі - 1. Оқу-әдістемелік құралы. - Қарағанды: ҚҚЭУ, 2009. – 25 бет.
  3. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии. Изд.3 доп. и перераб. -Алматы: Центраудит-Казахстан, 2002.-727 с.
  4. Бухгалтерский учет в зарубежных странах. Учебник. /Я.В.Соколов, Ф.Ф.Бутынец, Л.Л.Горецкая, Д.А.Панков. отв.ред.Ф.Ф:Бутынец.-М.:ТК Велби, Изд-во Проспект, 2005.-664 с.
  5. Ивашкевич В. Б. Бухгалтерский управленческий учет: Учеб.для вузов. -М.:Юристъ, 2003.- 618 с.
  6. Хорнгрен Ч.Т., Фостер Дж. Бухгалтерский учет: управленческий аспект. Пер. С англ./ под ред Я.В. Соколова.-М.: Финансы и статистика, 2000.- 465 с.
  7. Управленческий учет /Под ред. В.Палия Р.Вандер Вила. -М.: ИНФРА-М, 1997.- 658 с.
  8. Сатубалдин С.С. Учетные системы транзитной экономики.- Алматы: GAUHAR, 2003.- 206 с.
  9. Нидлз Б. и др. Принципы бухгалтерского учета / Б. Нидлз, Х. Андерсон, Д.Колдуэлл: пер. С англ./ Под ред. Я.В. Соколова.- 2-е изд., стреотип.- М.: Финансы и статистика, 2000.-425 с.
  10. Скоун Т. Управленческий учет. / Пер. См англ. Под ред. Н.Д. Эриашвили. -М.: Аудит, ЮНИТИ,1997.-623 с.
  11. Ткач В.М., Ткач М.В. Управленческий учет: Международный опыт.-М.:Финансы и статистика,1994.-758 с.
  12. Тасмағанбетов Т.А. Басқарушы есеп, стратегиялық жоспарлау және талдау. Оқу құралы. - Алматы: Дәуір, 2002.-568.
  13. Сейдахметова Ф.С Бухгалтерский учет в современных условиях.- Алматы: Издательство «LEM», 2001.-356 с.
  14. Тайгашинова К.Т. Управленческий учет логистических издержек.-Алматы:,Экономика,2006, С.6-7.-205 с.
  15. Тайгашинова К. Т. Методические и теоретические основы управленческого учета (теория и методология).-Алматы,-2002- 280 с.
  16. Ластовецкий В. Е. Учет затрат по местам и центрам ответственности. // Учет и экономический анализ в условиях современных форм хозяйствования / Под ред. д.э.н., проф. А.Д. Шеремета.-Москва,1990.-140 с.

 

 

 

 


Информация о работе Үстеме шығындардың есебін ұйымдастыру және отандық тәжірибеде оларды бөлу әдістемесі