Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2014 в 09:00, курсовая работа
Көмекші өндірісі бар ұйымдар, бухгалтерлік есепте үстеме шығыстарды айрықша бөлуі қажет. Мұндай кәсіпорындарда салықтық есепте тура және жанама шығындарды есептен шығару тәртібі де басқаша.
Негізгі және көмекші цехтардың жұмыстарын ұйымдастыру, өндіріске қызмет көрсетумен байланысты шығыстар үстеме шығыстар деп аталады. Бұл шығыстардың барлығы өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланысты емес, бірақта олар оны қалыпты жүзеге асыру үшін қажет болып табылады. Оларды жекелеген жұмыс объектілерінің өзіндік құнына тікелей жатқызуға болмайды, өйткені олар құрылыс өндірісінің жалпы шығындары болып саналады.
6.Құрылыс-монтаж
жұмыстар кезінде орындалатын
геодезиялық жұмыстарға
7. Өндіріс
жұмыстарын жобалау бойынша
8. өндірістік
зертханаларды күтіп-ұстау
9. Құрылыс
алаңдарын жақсартуға және
10. Объектіні тапсыруға дайындау шығыстары;
11.Монтаждау
және арнайы жұмыстарды
12.Желілік
құрылыс ұйымдары мен олардың
бөлімшелерін құрылыс
Басқа да үстеме шығыстар құрамында жаңа техникаларды шығару және оларды өндіріске ендіруге байланысты жұмысшыларды сыйақылау үшін сыйақы қорына аударымдар, құрылыс ұйымдарына буфеттер мен асханалардың көрсеткен қызметтері үшін төлемдер көрсетіледі.
Үстеме шығыстар нормасында есепке алынбаған шығындарға үстеме шығыстар нормасында есепке алынбаған бірақ қызмет істеп тұрған заңдар мен ережелерге сәйкес жұмсалған шығыстар жатады (сот органдарының шешімі бойынша шағымдарға төлемдер және т.б.). Оларға үстеме шығыстар құрамында есептелетін, бірақ орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының сметалық (келісім) құндарынан артық тапсырыс берушлермен төленетін шығындар (жұмыстың жылжымалы сипатына байланысты еңбек ақыға үстеме төлемдер, сонымен қатар тәуліктік өтемақылар, көпжылғы еңбегі үшін бірреттік сыйақылар) жатады.
Үстеме шығыстарға, сонымен қатар құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезінде құрылыс ұйымдарының жіберген өндірімсіз шығындары да жатады.
Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарына сәйкес үстеме шығыстар 8410 «Үстеме шығыстар» шотында есепке алынуы тиіс. Бұл шот негізгі және көмекші өндірістер бойынша, сондай-ақ өз өндірісінің жартылай фабрикаттары үстеме шығыстар туралы ақпараттар жинақтауға арналған. 8410 «Үстеме шығыстар» шотты активті, жинақтаушы-таратушы болып саналады, сондықтан да барлық аталған шығыстар шот дебеті бойынша көрсетіледі. Есепті кезең соңында шығыстар негізгі және көмекші өндіріс өнімдерінің, меншікті өндірістің жартылай фабрикаттарының, өндірістік ақаудың өзіндік құнға енгізілуі үшін жинақтаушы шот кредиті бойынша есептен шығарылады.
Мердігерлік құрылыс ұйымдары оны ұстап тұруға жұмсалатын шығыстар айта қаларлықтай мөлшерге дейін жететін жеткілікті материалдық-техникалық базаға иелік етеді. Құрылыс машиналары мен техникасын пайдалану және ұстап тұру шығыстарының есебі үшін арнайы шот жоқ, соның салдарынан негізгі құрылыс машиналарының өнім өндіру нормаларын орындауы мен оның тиімді пайдалануын жүйелі бақылауды жүзеге асыру мүмкін емес. Одан өзге, есебін бірге жүргізу, үстеме шығыстарды және құрылыс техникаларын ұстап тұру және пайдалану шығыстарын бөлу оларды құрылыс жұмыстарының тиісті объектілеріне объективті түрде есептен шығаруға мүмкіндік бермейді. Сондықтанда 8410 «Үстеме шығыстар» шоты құрамында “ Жалпы өндірістік шығыстар” субшотын және “Құрылыс машиналары мен техникасын ұстап тұру бойынша шығыстар” субшотын ашу және шаруашылық субъектісінің Есеп саясатында оны бекіту көзделеді [12, 99б].
Ауысымдық онкүндік рапорт ірі құрылыс машиналары жұмысының есебін жүргізу үшін негізгі бастапқы құжаттар болып саналады. Ол әрбір машина үшін мынадай көрсеткіштерден тұрады: нақты және жоспар бойынша өндірілген өнім атауы мен көлемі, сағаттармен есептегендегі (жұмыс және пайдалы) уақыт, ауысым ішінде бос тұрып қалу, машиналардың жұмыс істейтін орны. Мұнда жұмыс есебі мен машинистке еңбекақы есептеу мәліметтері бар.
Шағын машиналар мен тетіктердің жұмысы олардың құрылыс алаңдарында күнтізбелік уақыт бойынша болуымен есепке алынады, ауысымдық рапорттар жасалмайды. Бір айда бір рет есеп беріледі, онда құрылыс объектілері бойынша әрбір машинаның атқарған машина-ауысымының саны көрсетіледі.
Құрылыс техникаларын ұстап тұру және пайдалану шығыстары өзіне келесілерді енгізеді:
1. Бір жолғы
шығыстар: тиеу және түсіру, машиналарды
тасымалдау, құрастыру, бұзу және
машиналарды сынап көру үшін
қосу шығыстары – оларды
2. Ағымдағы шығыстар 8410 “Құрылыс машиналары мен техникаларын ұстап тұру және пайдалану шығыстары” шотында есепке алынады, сол үшін 8410 шоты құрамында бірқатар транзит шоттар ашылған:
Ай соңында, құрылыс техникаларын ұстап тұру және пайдалану шығыстары негізгі өндіріс жұмыстарының құрамына есептен шығарылады және объектілер арасында атқарылған машина-ауысымның сметалық құнына пропорционалды бөлінеді.
Енді, бухгалтерлік есеп шоттарында құрылыс техникаларын ұстап тұру және пайдалану шығыстарының көрсетілуін қарастырып көрелік, 2-кесте:
Кесте 2 - Бухгалтерлік есеп шоттарында құрылыс техникаларын ұстап тұру және пайдалану шығыстары
№ |
Операциялардың мазмұны |
Құжат |
Кор. Шот | |
Дебет |
Кредит | |||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Жұмсалған отын және жағар май материалдарының құны есептен шығарылды |
Шығыс ведомосы |
8411 |
1350 |
2. |
Жұмсалған электр қуатының құны есептен шығарылады: |
|||
- өз өндірісінің |
Есеп айырысу |
8416 |
8310 | |
- сатып алынған |
Шот |
8416 |
3310 | |
3. |
Техниканы басқарғаны және қызмет көрсеткені үшін жұмысшыларға негізгі және қосымша еңбекақы есептелді |
Есеп айырысу ведомосы |
8412 |
3350 |
4. |
Еңбекақы сомасынан аударымдар жасалады |
Есеп айырысу |
8413.1 |
3150, 3210 |
5. |
Құрылыс техникаларын жөндегені үшін сыртқары ұйымдардың шоты акцептелді |
Шот |
8414.1 |
3310 |
6. |
Өз жөндеу шеберханасында жүргізілген құрылыс техникаларын жөндеудің нақты өзіндік құны есептен шығарылды |
Есеп айырысу |
8414 |
8310 |
7. |
Құрылыс техникаларын жөндеуге жұмсалған шығыстар көрсетіледі |
Шығыс жүк құжаты, Есеп айырысу ведомосы. |
8414 |
1310, 3350, 1030, 1010 |
8. |
Құрылыс техникаларының амортизациясы есептелді |
Есептеу |
8415 |
2420 |
9. |
Материалдық емес активтердің амортизациясы есептелді |
Есептеу |
8415 |
2740 |
10 |
Жалға берілген құрылыс техникасына жалгерлік ақы есептелді |
Жалға алу шарты |
8417 |
3360 |
11 |
Бір жолғы шығыстардың үлесі есептен шығарылады |
Есеп айырысу |
8418 |
1620 |
12 |
Құрылыс техникасын ұстап тұру және пайдалану шығындарының жалпы сомасы құрылды |
8410 |
8411 – 8418 | |
13 |
Құрылыс техникаларын ұстап тұру және пайдалану шығыстары есептен шығарылды |
Есеп айырысу |
8114 |
8410 |
8410 “Үстеме шығыстар” активті жинақтаушы-бөлу шоты үстеме шығыстарды есепке алу үшін тағайындалған. Оның дебеті бойынша ай ішінде жалпы өндірістік мақсаттағы шығыстар көрсетіледі, ал кредитінен ай соңында, оларды негізгі және қөмекші өндіріс өнімдерінің өзіндік құнына енгізу үшін үстеме шығындардың жалпы сомасы есептен шығарылады. 8410 шотын дамыту мақсатында үстеме шығыстардың жекелеген түрлерін есепке алу үшін ірі құрылыс ұйымдарында 8411-8418 транзиттік шоттар ашылады. Шағын ұйымдарда транзиттік шоттарды ашпауға болады [2, 69б].
Енді, бухгалтерлік есеп шоттарында үстеме шығыстардың көрсетілуін қарастырып көрелік:
Кесте 3 - Бухгалтерлік есеп шоттарында үстеме шығыстардың көрсетілуі
№ |
Операциялардың мазмұны |
Құжат |
Кор. Шот | |
Дебет |
Кредит | |||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Жалпы өндірістік мұқтаждарға пайдаланылған материалдың құны есептен шығарылады |
Шығыс жүк құжаты |
8411 |
1310 |
2. |
Жалпы өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлерге (прорабтар, құрылыс учаскесінің бастықтары, жол бойындағы қызметкерлер) негізгі және қосымша еңбекақы есептелді |
Есеп айырысу ведомосы |
8412 |
3350 |
3. |
Еңбекақы сомасынан міндетті аударымдар жасалды |
Есеп айырысу |
8413 |
3150, 3210 |
4. |
Жалпы өндірістік мақсаттағы негізгі құралдарды жөндегені үшін сыртқары ұйымдардың шот-тары акцептелді |
Шот |
8414 |
3310 |
5. |
Өз күштерімен орындалған жалпы өндірістік мақсаттағы ғимараттарды жөндеудің нақты өзіндік құны есептен шығарылды |
Есеп айырысу |
8414 |
8310 |
6. |
Жаллпы шаруашылық мақсаттағы негізгі құралдарды (ғимараттар мен құрылыстардан өзге) шаруашылық тәсілмен жөндеудің нақты өзіндік құны есептен шығарылды |
Есеп айырысу |
8414 |
8310 |
7. |
Жалпы өндірістік мақсаттағы негізгі құралдардың амор-тизациясы есептелді |
Есеп айырысу |
8415 |
2420 |
8. |
Жалпы өндірістік мақсаттағы материалдық емес активтердің амор-тизациясы есептелді |
Есеп айырысу |
8415 |
2740 |
9. |
Жалпы өндірістік мақсаттағы орындарды сумен, жылумен, электр қуатымен жабдықтағаны үшін шоттар акцептелді |
Шот |
8416 |
3310 |
10 |
Өзіндік өндірістің сумен, жылумен, электр қуатымен жабдықтау құны есептен шығарылды |
Есеп айырысу |
8416 |
8310 |
11 |
Жалпы өндірістік мақсаттағы жалға берілген негізгі құралдарға жалгерлік ақы есептелінді |
Жалға беру шарты |
8417 |
3360 |
12 |
Үстеме шығыстардың жалпы сомасы құрылды |
8410 |
8411-8418 | |
13 |
Ай соңында үстеме шығыстар есептен шығарылды: |
|||
- негізгі өндіріске |
Есеп айырысу |
8114 |
8410 | |
- көмекші өндіріске |
8314 |
8410 |
Құрылыс машиналары мен механизмдерін ұстап тұру және пайдалану шығыстарының талдау есебі № 10 жорнал-ордерде және оған ашылған № 1 ведомоста электронды түрде жүргізіледі.
Көптеген отандық компаниялар үстеме шығындарды бөлуді 2 этап негiзiнде жүргізіледі.
Бiрiншi этапта үстеме шығындар өндiрiстiк цехтары бойынша үлестiредi. Бұл этап екi қадамнан тұрады. 1-шi қадамда үстеме шығындар барлық цехтардың арасында бөлiп тартылады, ал 2-шi қадамда көмекшi цехтардың үстеме ығындары негiзгi өндiрiстiк цехтарға жатқызылады.
Бiрiншi этапта жиi қолданылатын үстеме шығындарды бөлiп тарату базасы ретiнде төмендегi көрсеткiштер қолданылады:
Үстеме шығындар Бөлiп тарату
түрi
Амортизация Жабдықтардың құндылығы
Кадрлар бөлiмi, буфет Жұмысшылар саны
Техникалық қызмет көрсету Әрбiр цехта iстеп шыққан
бөлiмi сағаттар
Ғимаратты сақтандыру Аудан көлемi
Коммуналдық қызмет және жал Аудан көлемi
Екiншi этапта үстеме шығындар өнiмге жатқызылады. Бұл этап екi қадамнан тұрады. 1-шi қадамда әрбiр өндiрiстiк цех бойынша цехтық нормативтiк ставкасы анықталады:
Үстеме шығындар S цех бойынша үстеме шығындардың көлемi
бөлiп тарату
= ------------------------------
ставкасы цех S цехбойынша бөлiп тарату базасының көлемi
бойынша (жұмыс сағаттары немесе станок-сағаттары)
2-шi қадамда iс-жүзiндегi
базаның көлемiн нормативтiк
Ал Көмекшi цехтардың өзара қызметiн бөлiп таратылуы 4 әдiспен жүргiзiледi:
Үстеме шығындарды бөлiп таратудың тiкелей әдiсi кеңiнен қолданылады. Бұл әдiсте бiр көмекшi цехтың екiншi көмекшi цехқа көрсеткен қызметтерi еленбейдi, көмекшi цехтардың қызметтерi тiкелей негiзгi өндiрiстiк цех шығындарына жатқызылады.
Қадамдық әдiсiнде көмекшi цехтардың шығындары тiзбектiлiкпен бөлiп таратылады. Бөлiп тарату циклы тұтынуға қарағанда көбiрек қызмет көрсететiн көмекшi цехтан басталады. Әрi қарай келесi көмекшi цехтың шығындары бөлiп таратылады да және қадамнан қадамға бөлiп тарату тiзбектiлiгiмен жалғастырады. Әрбiр қадамда бiр көмекшi цехтың шығындары бөлiп таратылады. Цикл ең аз көлемiнде қызмет көрсететiн көмекшi цехпен аяқталады.