Үстеме шығындардың есебін ұйымдастыру және отандық тәжірибеде оларды бөлу әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2014 в 09:00, курсовая работа

Краткое описание

Көмекші өндірісі бар ұйымдар, бухгалтерлік есепте үстеме шығыстарды айрықша бөлуі қажет. Мұндай кәсіпорындарда салықтық есепте тура және жанама шығындарды есептен шығару тәртібі де басқаша.
Негізгі және көмекші цехтардың жұмыстарын ұйымдастыру, өндіріске қызмет көрсетумен байланысты шығыстар үстеме шығыстар деп аталады. Бұл шығыстардың барлығы өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланысты емес, бірақта олар оны қалыпты жүзеге асыру үшін қажет болып табылады. Оларды жекелеген жұмыс объектілерінің өзіндік құнына тікелей жатқызуға болмайды, өйткені олар құрылыс өндірісінің жалпы шығындары болып саналады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курстык жумыс.docx

— 91.96 Кб (Скачать документ)

Үстеме шығындарды қайта бөлiп тарату әдiсiнде көмекшi цехтардың бiр-бiрiне көрсеткен шығындары алдын-ала берiлген проценттiк үлесте қайта-қайта, бөлiп таратылып жатқан шығындар көлемi ең төменгi шек болғанға дейiн жүргiзiледi [13, 203б].

Сызықтық теңестiрулер жүйесiн құру әдiсiнде теңестiру жүйесi құрылады, онда қанша көмекшi цех болса, сонша теңестiрулерден құралады. Белгiсiздер ретiнде әрбiр көмекшi цехтың жинақталған үстеме шығындары белгiлендi.

Жалпы өндірістік шығыстарды бөліп тарату белгілі бөлу базасы негізінде жүзеге асырылады. Отандық тәжірибеде мынадай бөлу базалары қолданылады:

1.Өндіріс  жұмысшыларының негізгі еңбекақысы;

2.Өндіріс  жұмысшыларының негізгі еңбекақысы  мен өндірістік құрал жабдықтарды  күтіп ұстау және пайдалану  шығыстары.

Отандық тәжірибеде аталған шығыстарды бөлу үшін мынадай бөлу базалары қолданылады:

жұмыс – сағат;  машина – сағат.

Жалпы өндірістік шығыстарды бөліп-тарату есептеуі төменде келтірілген.

Мысалы,  кәсіпорын жалпы өндірістік шығыстарды бөлу базасы ретінде –  негізгі өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысын қолданады.

Жалпы өндірістік шығыстардың сомасы – 400 000 тг.;

Өнімді өндіргені үшін есептелген еңбек ақы:

1 өнім бойынша – 800 000 тг.,

2 өнім бойынша – 1 200 000 тг. (Кесте 1)

Немесе,   жалпы өндірістік шығыстарды бөлу ставкасы =

жалпы өндірістік шығыстар сомасы : еңбек ақы сомасына = 400 000 : 2 000 000 = 0,2 тг/1 тенге еңбек ақыға. [12, б.85]

Бір өнімге қатысты жалпы өндірістік шығыстар

1 өнім = 0,2 ×    800 000 = 160 000 тг.,

2 өнім = 0,2 × 1 200 000 = 240 000 тг.

 Барлығы:                            400 000 тг.

 

Кесте 4 -Жалпы өндірістік шығыстарды бөліп-тарату есептеуі

 

Өнім түрлері

Бөлу базасы-жұмысшылардың еңбек ақысы

Еңбек ақының үлес салмағы, %

Жалпы өндірістік шығыстардың сомасы

1-ші  өнім

    800 000

  40

160 000

2-ші  өнім

1 200 000

  60

240 000

Барлығы

2 000 000

100

400 000


 

Бөліп-тарату негізінде мынадай бухгалтерлік проводкалар беріледі:

Дебет    8114.1«Үстеме шығыстар» -                       160 000 

Дебет    8114.2 «Үстеме шығыстар» -                       240 000 

Кредит  8410/1«Жалпы өндірістік шығыстар» -     400 000

Сонымен, есепті кезең соңында  8410/1 «Жалпы өндірістік шығыстар» субшотында қалдық қалмайды.

Отандық тәжірибеде аталған шығыстарды бөлу үшін мынадай бөлу базалары қолданылады:

жұмыс – сағат;  машина – сағат. [10, б.56]

Мысалы: кәсіпорын өндірістік жабдықтарды пайдалану шығыстарын бөлу базасы ретінде орындалған машина-сағат көрсеткішін қолданады.

1. Өндірістік жабдықтарды пайдалану  шығыстарының жалпы сомасы – 

200 000 тг.

2. Өнім өндіруде орындалған машина-сағат  саны: 

1өнім –  25 000 машина-сағат

2 өнім  - 15 000 машина-сағат

Барлығы –  40 000  машина-сағат.

1 машина-сағатқа шығындар ставкасы = 200 000 : 40 000 = 5 тг/машина-сағат.

 Өнімнің өзіндік құнына енгізілетін  шығындар:

1өнім =5×25 000= 125 000 тг.,

2 өнім=5×15 000=   75 000 тг.

Барлығы -              200 000 тг.

Бөліп-тарату негізінде мынадай бухгалтерлік проводкалар беріледі:

Дебет  8114.1 «Үстеме шығыстар» - 125 000 

Дебет  8114.2 «Үстеме шығыстар» -  75 000 

Кредит  8410/2 «Өндірістік жабдықтарды пайдалану шығыстары» -   200 000

     Немесе, транзиттік шоттарды қолданбаған жағдайда:

Дебет  8110.1 «Негізгі өндіріс» - 125 000 

Дебет  8110.2 «Негізгі өндіріс» -  75 000 

Кредит  8410/2 «Өндірістік жабдықтарды пайдалану шығыстары» -   200 000

Сонымен, есепті кезең соңында  8410/1 «Өндірістік жабдықтарды пайдалану шығыстары»  субшотында қалдық қалмайды.

Мысалы «Томирис» компаниясында  өнімді өндірумен  тікелей байланысты өндірістік бөлімшелермен қатар, өндірістік  бөлімшелерге секілді бір-біріне қызмет көрсететін  қызмет көрсеткіш бөлімшелер орын алады.

Негізгі өндіріске қымет көрсету бөлімшелерінің шығындарын бөлу кең  тараған әдістері тікелей әдіс болып табылады.  Осы әдіске сәйкес  қызмет көрсетуші бөлімшелердің шығыстары  тікелей өндірістік  бөлімшелерге жатқызылады.

 

Бөлімшелер

1

2

Қызмет көрсетуші

Өндірістік

Көмекші цех

Машина цехы

Материалдық-техникалық жабдықтау

Жинау  цехы


 

Қызмет көрсетуші бөлімшелердің шығыстарын  бөлу үшін бастапқы ақпарат

 

 

Қызмет көрсетуші бөлімше

Өндірістік бөлімше

 

Көмекші цех

Материалдық

техникалық жабдықтау

Машина цехы

Жинау  цехы

Барлығы

1

2

3

4

5

6

Бөлуге дейінгі жоспарлы ӨҮШ,

Қызмет көрсету,

Көмекші цех

600  000

116 000

400 000

200 000

1 316 000

Пайыздық қаты-наста жоспарлы еңбек сағаттары

 

1 600

20 %

2 400

30%

4 000

50 %

8 000

100 %

Материалдық  техникалық жабдықтау

Пайыздық қатынаста жоспарлы еңбек сағаттары

200

   10 %

 

1 600

80 %

200

10 %

2 000

100 %


 

Қызмет көрсететін  бөлімшелердің шығыстарын бөлудің тікелей әдісі төменде көрсетілген [2, 70б]:

 

 

Қызмет көрсетуші бөлімше

Өндірістік бөлімше

 

Көмекші цех

Материалтехникал-ық жаб-дықтау

Машина цехы

Жинау  цехы

Барлығы

Бөлуге дейінгі жоспарлы ӨҮШ, ш.б.

600  000

116 000

400 000

200 000

1 316 000

Көмекші цехтің  шығыстарын

бөлу, ш.б.

(600 000)

 

225 000

37,5 %

375 000

62,5 %

100, 0

Материалдық-техникалық жабдықтау  бөлімшесінің шығыстарын бөлу

 

(116 000)

103 111

12 889

 

Жоспарлық шығыстардың барлығы, ш.б.

0

0

728 111

587 889

1 316000


 

2400/ (2400+4000) = 0, 375

(37,5 %)

4000/ (2400+4000)= 0,625

(62,5 %)

1600/(1600+200) = 0,889

(88,9 %)

200/(1600+200)= 0,111

(11,1%)

 

Қызмет көрсетуші бөлімшенің шығыстан бөлудің баламалық әдісі

 «Томирис»  компаниясының  барлық  өндірістік  бөлімшелерге қызмет көрсететін  Чикагтық электр станциясы,    алдағы жылға энергия өндірудің  бюджетін қарастыруда.  Бюджет  мынадай терминдерде  айлық негізде  көрініс тапты:

 

Өндірістік бөлімше

Тәжірибелі өндірістік қуат кезінде қажет

Айда күтілетін орташа тұтыну

Рекфорд

10 000 квт/сағ

8 000 квт/сағ

Пеория

20 000

9 000

Хаммонд

12 000

7 000

Канкаки

8 000

6 000

Барлығы

50 000 квт/сағ

30 000 квт/сағ


 

Осы фактор  электр станцияның  мөлшерін жоспарлау кезінде барынша маңызды болды. [8,37б]

Бюджеттік жыл ішінде электр станцияға қызмет көрсетуге күтілетін айлық шығыстар 15 000 ш.б.;  ауыспалы 6 000 ш.б. және тұрақты шығыстар – 9000 ш.б. құрайды. 

Бөлу әдісін таңдаған кезде өндірістің нақты жағдайын ескеру қажет, сол бойынша бұйымдардың жекелей өзіндік құны, әрбір шығын түрінің үлесі, өнім көлеміне шығынның байланыстылығы анықталады.

Өндірістік емес үстеме шығындарды өтеудің әртүрлі есеп саясаты болады. Олар мынандай болуы мүмкін:

- ағымдағы кезең шығындарына жатқызылады және бұйым түрлеріне қарамастан өткізілген өнімнің жалпы сомасының өзіндік құнына енгізіледі;

- бұйым түрлерінің  өндірістік өзіндік қнына үйлесімді  бөлінеді.

Көпетеген бухгалтерлер “Үстеме шығындар” шотымен қатар “Бөлiп таратылған немесе есептен шығарылған үстеме шығындар” шотын жүргiзедi. Олардың кезең аяғында қалдығы кемде-кем сәйкес келедi, яғни әрқашанда  артық бөлiп таратылған немесе кем бөлiп таратылған үстеме шығындар пайда болады.

Жыл соңында “Үстеме шығындар” және “Бөлiп таратылған үстеме шығындар” шоттары жабылады және кезең соңында қалдықтары болмайды.

Егер де шоттар арасында айырмашылық үлкен емес немесе өндiрiлген көпшлiк бұйымдар сатылған болса, онда айырмашылық “Өткiзiлген өнiмнiң өзiндiк құны” шотына жабылады.

Үстеме шығындарды есептеу мен есептен шығару нақты шығынның сомасын анықтауды, әрбір баптар бойынша бекітілген сметадан ауытқуын табуды, демек, ондағы артык жұмсалатын шығындардың алдын алатын қажетті шараларды дер кезінде қабылдауды қамтамасыз етеді. Бұл үшін материалдар шығысына, штаттык кестеғе және лауазымды қызметкерлердің окладына жасалған лимиттік картаның, материалдық емес активтерін, негізгі кұралдардың нормасының негізінде ағымдағы жедел (оперативтік) бақылауын ұйымдастырады.

Үстеме шығыстарды (егер олар жеке топқа бөліп алынбаған болса, машиналар мен жабдықтарды күтіп-ұстау мен пайдалану жөніндегі шығындарды қоса алғанда) бұйымдардың арасына тарату өндіріс жұмысшыларынын негізгі жалақысының сомасына тепе-тең етіп бөледі.

Ірі сериялык және жаппай өндіріс жағдайында шығындардың жиынтык есебі шығындардың калькуляциялык баптары бойынша машиналардың типтері немесе бұйымдардың біртекті топтары бойынша жүргізіледі. Басқарудың цехсыз кұрылымы кезінде жиынтык есеп тұтастай кәсіпорын бойынша, ал цехтык кұрылымы бар болса, онда цехтар бойынша жүзеге асырылады.

Шығындардың есебін алу айдың басындағы қолданылып жүрген нормалар және сол нормалардан ауытқыған сома бойынша жеке-дара жүргізіледі. Мұның өзі ауытқудың пайда болу себептерін және оған кінәлі тұлғаларды ашуға мүмкіндік береді. Нормадан тыс ауытқулардың себептері және кінәлі тұлғалар арнайы кодтар бойынша есепке алынады. Олар өнім түрлері мен шығын баптары бойынша есепке алынады, ал олардың иесізденген жағдайында ауытқудың сомасы жекелеген өнім турлерінің өзіндік құнына пропорционалды жолмен нормативтік шығындар бойынша есептен шығарылады.

Үстеме шығындарды есепке алу және таратуды жетілдірудің келесі жолдарын ұсынамыз:

-үстеме шығындарды жауапкершілік  орталықтары мен өндірістер бойынша  нақты жауапты тұлғаны көрсете  отырып ұйымдастыру, бұл үстеме  шығындарды өнімнің өзіндік құнына  енгізудің дәлдігін қамтамсыз  етіп, осы шығындарды төмендету  жолдарын анықтауға ықпал етеді;

-құралдарды күтіп ұстау  және пайдалану шығындарын өндіріс  кезеңдері арасында құралдың  атқарған уақыт санына тепе-тең  таратқан орынды;

-өндіріс орындарының тозуы  мен ағымдағы жөндеу шығындарын  тікелей жолмен қосқан дұрыс;

-еңбекақы шығындарын өндірістік  жұмысшылардың негізгі еңбек  ақысына тепе-тең бөлу керек;

-қалған шығын баптарын  өнімнің жекелеген түрлерінің  салмағына бара-бар бөлген дұрыс.

Өндірістік өнім шаруашылығында үстеме шығындар есебін дұрыс ұйымдастыру осы шығындар сметасының сақталынуын қадағалауға, өндірістік емес шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Шаруашылықтың үстеме шығындары құрамында құрал-жабдықтарды пайдалану шығындары мен цех шығындарын бөліп қарастырған орынды. Өйткені құрал-жабдықтарды пайдалану және күтіп ұстау шығындары негізінен құрал-жабдықсыз өндіріс үрдісін жүргізу мүмкін болмағандықтан өндіріске тікелей қатысады. Сондықтан оны тікелей шығындар қатарына жатқызуға болады. Алайда оларды өнімнің өзіндік құнына тікелей енгізілмейді. Өйткені «бір өнімнен артық өнім (жұмыс, қызмет) шығаруға қатысатын құрал-жабдықтарды күтіп ұстау және пайдалану шығындары үстеме шығындардың құрамында есепке алынуы тиіс».

Осыларды ескере отырып, біздің ойымызша, үстеме шығындар ішінде құрал-жабдықтарды пайдалану шығындарын бөлек есепке алу қажеттілігінің себебі мынада, егер құрал бір цехқа ғана қызмет көрсеткен жағдайда, оны пайдалану шығындарын тікелей сол цехтың шығындарына қосады, ал бірнеше цехта пайдаланылса, онда осы цехтар арасында бөлу базасы арқылы тарату жеңіл болады. Әрі олардың негізделген есебін, артық жұмсалу себептерін анықтауға да мүмкіндік туады.

Өндірістік үстеме шығындардың екінші тобы, цех шығындарының құрамында қызмет көрсету және басқарумен байланысты өзгедей шығындарды - мамандардың (бригадир, ихтиологтар, т.б.) әлеуметтік салықты қоса алғандағы негізгі және қосымша еңбекақылары, еңбекті қорғау шығындары, гидротехникалық құрылғыларды, қоймаларды, гидрохимиялық лабораторияларды күтіп ұстау, тозу және ағымдағы жөндеу шығындары, жұмысшыларды жұмыс орнына жеткізу шығындары, т.б. есептейді.

Әрбір цехта пайдаланылатын құралдарды күтіп ұстау және пайдалану шығындары тек сол цехта дайындалатын өнімнің түрлеріне апарылуы тиіс. Бұл оларды пайдалану орындары бойынша, бөлек есепке алуды білдіреді. Құралдарды күтіп ұстау және пайдалану шығындары есебін осылай ұйымдастыру олардың ағымдағы есебін жүргізіп, құралдарды күтіп ұстау шығындары сметасының орындалуын бақылауға әсер етіп, үстеме шығындарды бөлуге негіз болады. [15, 94б]

Шаруашылықта үстеме шығындарды цех бойынша есепке алып, содан кейін оны өнімнің түрлері бойынша тарату қажет. Сонда бұл шығындар шығын объектілерінің өзіндік құндарына тікелей қосылып, оларды жанама бөлудің қажеттілігі жойылады. Сонымен бірге, өндіріс шығындарының пайда болу жерлері мен жауапкершілік орталықтары арасында тығыз байланыс қалыптасып, оларға тиімді бақылау жүргізудің мүмкіндіктері туады.

Информация о работе Үстеме шығындардың есебін ұйымдастыру және отандық тәжірибеде оларды бөлу әдістемесі