Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2013 в 15:55, курсовая работа
Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан — 2030» Бағдарламасында Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуында тұрақты экономикалық өсуге, халықтың өмір сүру деңгейін, әл — ауқат жағдайын көтеруге, жоғары индустриалды қоғамды қалыптастыруға қол жеткізу мақсаттары көрсетілген.
Тауар өндірісі жағдайында рыноктық байланыстар экономикалық қатынастардың барлық жүйесін және барлық субъектілерін қамтиды. Нарықтың құрамына өз жұмыс күшін сатушы кәсіпкерлер де, еңбеккерлер де, соңғы тұтынушылар да, қарыз капиталының және бағалы қағаздардың иелері де т.б. кіреді.
15- сурет «Mars» компаниясының басқа да өнімдері
2.2. SNICKERS шоколадына сұранысты анықтау сауалнамасына талдау
Бұл курстық жұмыстың негізгі міндеттері snickers шоколадына сұранысты анықтау және болжамдау болғандықтан, SNICKERS шоколадына сұранысты анықтау сауалнамасы құрастырылып, тұтынушылардың көз қарастарын анықтау барысында маркетингтік зерттеу жүргізілді.
Сауалнама-мәліметтерді жинауда қолданылатын
маркетингтік зерттеулер әдістерінің
бірі болып табылады. Сауалнама әдісінде
сұрайтын адамдармен жеке кездесу немесе
телефон, пошта арқылы олардан жүйелі
түрде ақпарат жинау.
Сауалнама сұрақтары
ашық немесе жабық түрінде болуы мүмкін.Ашық
сұраққа респондент өз бігенімен жауап
береді. Ал жабық сұрақта респондент жауаптың
әр түрлі варианттарын белгілейді. Жабық
сұрақтар бойынша талдау жасау, қорытынды
шығару оңайға түседі.
SNICKERS шоколадына сұранысты анықтау сауалнамасы жабық сұрақтардан тұрады. Жалпы сұрақтардың саны 10.
Сауалнаманың негізгі мақсаты: Қазақстан тұтынушыларының snickers шоколадына деген сұранысын анықтау.
Сауалнама интернет арқылы жүргізілді. Жүргізілген сауалнама барысында 50 адам сұралды.
Сауалнаманың тұтынушыларға қойылған 5-ші сұрағы бойынша:
Сіз snickers шоколадын қаншалықты жиі қолданасыз?
А)күніне бір рет
Б)жетісіне екі немесе үш рет
В)жетісіне бір рет
50 адамның ішінде А-варианты бойынша,
күніне бір рет, деп жауап берген тұтынушылар
саны 10 адамға, Б-варианты бойынша,
жетісіне екі немесе үш рет, деп жауап
берген 10 адамға және соңғы В- варианты
бойынша, жетісіне бір рет, деп жауап берген
тұтанушылар саны 30-ға тең болды. Бұл сұрақ
бойынша, қазақстандықтардың snickers
шоколадына сұранысы өте жоғары екендігіне
көзіміз жетіп отыр.
Сауалнаманың 6-шы сұрағы: snickers шоколадының
қай түрін жиі сатып аласыз? деген
сұраққа, 50 тұтынушының 90-ға жуығы А- вариантын
таңдаған.
Ал 7-ші сұрақ: Сіз үшін snickers шоколадының
бағасы тиімді ма ?Бұл сұрақтың жауаптары
бойынша шоколадтың бағасы аса тиімді
емес, қымбат деген қорытынды шығарылды.
8-ші Snickers шоколадының
дәміне 1-10 балдық шкаласымен баға беріңіз?
сұрақ бойынша 50 адамның 20-ы 8 бал, 10
адам 9 бал, 10 адам 10 бал берген. Яғни, дәмі
жоғары сапада екенін көруімізге болады.
10-шы сұрақ бойынша snickers шоколадының ең
басты бәсекелестері mars және kit-kat деген
қорытынды жасалды.
2.3. SNICKERS шоколадына жасалатын ұсыныстар
SNICKERS шоколадының нарыққа
шыққанына 80 жылға жуық болып
қалды. Оның бас кездегі және қазіргі
кездегі бағасын, сыртқы орамын салыстырсақ,
елеулі айырмашылықтарға, өзгерістерге
ұшырағанын көруімізге болады. Осы өткен
жылдар бойы SNICKERS шоколады заман талабына
сай өзгерістерге ұшырап отырды. Жылдан-
жылға маркетологтардың жұмысы қиындауда,себебі,
SNICKERS шоколады әлемдік нарықта бұрыннан
пайда болғанымен, оның бәсекелестері
күнен-күнге көбейіп келе жатыр. Сондықтан
да маркетологтар шоколодқа сұранысты
азайтып алмай, үнемі тұрақты ұстап тұру
үшін, тұтынушыларды қызықтыру үшін SNICKERS
шоколадының жарнамаларын жаңартып, сыртқы
орамына жаңартулар енгізіп, көптеген
жаңа түрлерін ойлап табуда.
SNICKERS шоколадына тұтынушылардың сұранысын
зерттей отырып, мынадай ұсыныстар жасар
едім:
1. Қазақстан тұтынушылары үшін snickers шоколадының
бағасы қымбаттау
болып табылатындықтан, бағасын сәл төмендету;
2. Snickers шоколад
батондары адамның денсаулығына аса пайдалы
емес, сондықтан да, шоколадтың жаңа түрін,
яғни төмен калориялы snickers шоколадтарын
шығару;
3. Snickers шоколадтарына сұранысты одан әрі көбейту мақсатында, Snickers Urbania сияқты және т.б. сыйлық акцияларын көптеп жүргізу
Осы курстық жұмыста жүргізілген
маркетингтік зерттеудің қорытындылар
бойынша жасалған ұсыныстар, Қазақстан
тұтынушыларының snickers шоколадына деген
сұранысты одан да жоғары деңгейге көтеріп,
тұрақты ұстап тұруына көмегін тигізуі
керек.
Маркетингтік зерттеулерді жүргізуді бастамас бұрын, алдымен қазіргі кездегі нарықтағы жағдайларды анықтау қажет. Тұтыну нарығында адам өзі тұтынатын тауарларды және қызметтерді сатып алады. Бұл нарық мұсылман-тұтынушылар субнарығы, кәмелетке жеткен жас тұтынушылар субнарығы, не кексе адамдар субнарығы сияқты көптеген субнарықтардан құралады. Тұтынушылардың белгілі бір тауарға сұранысын анықтау күрделі процестердің бірі болып табылады. Алдымен тұтынушылардың талғамын, яғни қажеттілігі қандай? тұтынушының мұқтаждығы неде? және т.б. көптеген сұрақтарға жауап беру керек. Сонымен қатар сатып алушының, яғни тұтынушының мінез-құлқына да көңіл бөлген жөн. Сатып алушының мінез-құлқына төрт негізгі факторлар топтары ықпалдарын тигізеді: мәдениет деңгейлі факторлар, әлеуметтік тәртіптегі факторлар, жеке адамдық тәртіптегі факторлар және психологиялық тәртіптегі факторлар. Олардың бәрі сатып алушыны қалай қамту және оған қалай қызмет атқару туралы түсінік береді. Курстық жұмысты жазу барсында :
SNICKERS шоколадына сұранысты
анықтауда жүргізілген сауалнаманы талдауда
жасалған қорытынды бойынша, snickers шоколадына
деген сұраныс тек Қазақстанда ғана емес,
бүкіл әлемдік рыноктағы сұраныс деңгейі
өте жоғары екендігі анықталды.
Әлемдік рынокта тұтынушыларды интернет
желісі бойынша, чат арқылы жүргізілген
саулнамада, « Сіз қай шоколад түрін жиі
тұтынасыз, mars әлде snickers? » cұрағына 50,39%
адамдар snickers шоколадын таңдаған болатын.
Бұдан біз snickers шоколадыны сұраныс өте
жоғары екендігіне тағы да бір рет көз
жеткізе аламыз.
Сонымен, қорыта келе, сұранысты қалыптастыру
мен болжауда маркетингтің алатын орны
ерекше.
Қолданылған әдебиеттер
тізімі
1. Есімжанова С.Р. Маркетинг.Оқу құралы. Алматы Экономика 2003
2. «Тауар таңбалары,
қызмет көрсету таңбалары
және тауар шығаратын жерлердің
атаулары туралы» Қазақстан
3. Эванс Дж., Берман Б. Маркетинг: Сокр.пер. с англ. – М.: Экономика, 1993ж.
4. Багиев Г.Л. и др. Маркетинг: Учебник для вузов / Г.Л. Багиев, В.М. Тарасевия, X. Анн; Под общ. ред. Г.Л. Багиева. - М.: ОАО «Изд-во Экономика», 1999.
5. М. Мак –Дональд. Стратегическое планирование маркетинга. – СПб: Питер, 2000ж.
6. Голубков Е. П. Основы маркетинга. - М.: Издательство «Финпресс», 1999.
7.Сатыбалдыұлы С. Маркетинг – нарықтану. Алматы: «Білім», 1999ж.
8.Котлер Ф. Маркетинг негіздері. Ағылш. ауд. М.Т. Ізбасаров Алматы, Жазушы, 2000.
9.Котлер Ф. Маркетинг менеджмент - СПб: Питер Ком, 1999.
10.Маркетинг: Учебное пособие /Под ред. Н.К. Мамырова. - Алматы: Экономика, 1999.
11.Нысанбаев С.Н, Садыханова Г.А., Маркетинг негіздері, А.: Қазақ
университеті, 2002.
12. http://ru.wikipedia.org/wiki/
13. http://www.google.kz
SNICKERS шоколадына сұранысты анықтауға арналған сауалнама
Сауалнама
1.Аты - жөніңіз:
2.Жасыңыз:
3.Жынысыңыз:
4.Сіз snickers шоколадын тұтынасыз ба?
А) ия Б) жоқ В) анда - санда
5. Сіз snickers шоколадын қаншалықты жиі қолданасыз?
А)күніне бір рет
Б)жетісіне екі немесе үш рет
В)жетісіне бір рет
6. Snickers шоколадының қай түрін жиі сатып аласыз?
А) Snickers Б) Snickers Super В) Snickers орман жаңғақпен
Г) Snickers шекілдеуікпен
Ғ) ешқайсысын
7. Сіз үшін snickers шоколадының бағасы тиімді ма ?
А)ия Б)жоқ В)білмеймін
8. Snickers шоколадының дәміне 1-10 балдық шкаласымен баға беріңіз?
*1 *2 *3 *4 *5 *6 *7 *8 *9 *10
9. Сіз snickers шоколадына сұраныс жоғары деп ойлайсыз ба?
А)ия Б)жоқ В)білмеймін
10. Сіз snickers шоколадынан басқа қандай шоколадты жиі тұтынасыз?
А ) snickers шоколадын ғана
Б) Mars
В) Kit-kat
Г) Twix
Ғ) Picnic
Уақытыңыз бен көңіл бөлгеніңізге көп рахмет!
Информация о работе Сұранысты қалыптастыруға маркетингтің мәні мен маңызы