Шағын бизнес кәсіпорындарының қаржылары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2014 в 18:17, реферат

Краткое описание

Шағын бизнес — ешқандай монополистік бірлестікке кірмейтін және экономикада монополияға қатысты бағынышты рөл атқаратын жеке меншіктегі ұсақ және орта кәсіпорындардың қабылданған жиынтық атауы. Дамыған елдерде сыртқы экономикалық байланыстардың негізгі бөлігі Шағын бизнестің үлесіне тиеді. Елімізде 20 ғасырдың 90-жылдары белсенді түрде жүргізілген жекешелендіру үдерістері шағын кәсіпкерліктің қалыптасып дамуына жол ашты. Республикада Шағын бизнестің дамуы экономиканың ойдағыдай реформалануы көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Шағын бизнес.docx

— 88.27 Кб (Скачать документ)

 

 

Қаржылық тәуекелділікті бағалау

     Кез келген қаржылық немесе шаруашылық оперциялардың тиімділігі мен онымен бірге болатын тәуекел деңгейі бір-бірімен байланысты. Тәуекел факторын есептемей толық инвестициялық талдау жүргізу мүмкін емес. Сондықтан тәуекел деңгейін бағалай және оның нақты операция табыстылының деңгейімен байланыстылығын бағалай білу қажет. 
  Тәуекелдің мәні мен түріне тәуелсіз кәсіпкерліктің негізгі мақсатына – салынған капиталдан табыс алуға – тәуекелді анықтау сәйкес келеді. 
Төмен табыс табу немесе шығыстарға ұшырау ықтималдылығы қаншалықты жоғары болса, соншалықты жоба тәуекелді болатыны белгілі. Капиталды салу мүмкін нұсқауларды таңдау кезінде жиі «бұл жобаның тәуекелі төменірек сияқты» дегендей абстрактілік пайымдаулармен шектеледі. Алайда, көбінесе тәуекел деңгейін нақты анықтауға болады, сонымен қатар осы тәуекелге сәйкес келетін, ұсынылатын жобаның табыстылық деңгейін де анықтауға болады. Алынған нәтижелерге сүйене отырып, салымшы оған тиімді ақша салымын таңдай алады, сонымен қатар мүмкін болатын тәуекел деңгейін де төмендете алады. 
Тәуекелдің жоғары, орташа немесе төмен деңгейлерін ажыратады. Тәуекелдің көлемін (не деңгейін) екі критерий арқылы өлшенеді (бағаланады): орташа ауытқу мәнімен (дисперсия) және мүмкін болатын нәтижелерді өзгермелілігімен (вариация). 
Сонымен бірге тәуекелдің орташа күтілетін мәні мүмкін болатын нәтижелерді де бағалайды. Ауытқу орташа күтілетін мәннің орташа көлемнен ауытқу өлшемі мен деңгейін көрсетеді. 
Кәсіпорынның қаржылық тәуекелін бағалаудағы дисперсия өзімен бірге тәуекелді салымдардың орташа күтілетін салымдардан нақты қаржылық нәтижелердің квадраттық ауытқулардың орташа салмақты көлемін ұсынады: 
σ²==(x-x²)/n, 
мұндағы σ² — дисперсия; 
x – қаржы ресурстарының салымының әр жағдайы үшін күтілетін мәні; 
x – қаржылық тәуекелдің орташа болжамды мәні; 
n – қаржы ресурстарының салымдарының саны(жиілік). 
Дисперсия қаржылық тәуекелдің жиілігінің абсолютті тербелісін сипаттайды, ал тербелістің салыстырмалы дәрежесін вариация коэффициенті көрсетеді. Ол келесі формуламен анықталады: 
v=σ/x•100, 
мұндағы v – вариация коэффициенті; 
σ – орташа квадраттық ауытқу; 
x – қаржылық тәуекелдің орташа болжамды мәні. 
Вариция коэффициенті 1-ден 100%-ға дейін өзгеруі мүмкін. Вариация коэффициенті қаншалықты жоғары болады, соншалықты тербеліс күшті. Вариация коэффициентінің түрлі мәндеріне келесідей сапалы баға бекітілген: 10% -ға дейін – салымдардың төмен тербелісі; 10-25% — қаржылық тәуекелдің орташа тербелісі; 25%-дан жоғары – қаржылық тәуекелдің жоғары тербелісі. 
Дисперсия мен вариацияны қолданған кезде тәуекелдің қаржылық нәтижені алудың математикалық ықтималдылығы бар екенін ескеру қажет. Бұл ықтималдылық субъективті эксперттік жолмен немесе объективті қаржылық тәуекелдің деңгейін математикалық есептеу негізінде анықтауға болады. 
Кәсіпорынның тәуекелдерін бағалаудың негізгі әдістері болып статистикалық әдістер есептеледі. Олардың ішіндегі перспективалы әдіс қаржылық тәуекелдерді факторлық талдау (факторлық жүйе моделін қолдану) болып табылады. Мысалы, диверсификацияланған инвестициялық тәуекелді инвестиция объектісінің даму перспективаларының бар-жоқтығы бойынша, бәсекелестік деңгейі, тапсырыстар саны, келісілген шарттар саны бойынша, ал диверсификацияланбаған – несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелер, инфляциялық күтілімдер, ел экономикасының дамуының жалпы беталыстары бойынша бағаланады. 
Қаржылық тәуекелді бағалаудың басқа да аналитикалық әдістері кеңінен қолданылады. Іскерлік белсенділік, қаржылық тұрақтылық коэффициенттері есептеледі, банкроттылыққа ұшырау ықтималдылығы анықталады, жалпы қаржылық даму деңгейі талданады. 
Тәуекел деңгейінің түрлі салыстырмалы сипаттамалары жасалып, рейтингтер анықталады. 
Тәуекелді бағалаудың перспективалы әдісі модельдеу болып табылады. Бұл әдістің негізгі қиындағы нақты жағдайларға байланысты модельді дұрыс таңдау. Модельдер қаржылық тәуекел ықтималдылығын бағалап, нақты жағдайды болжамдауға мүмкіндік береді. 
Тәжірибеде тәуекелдерді бағалауда аналогиялар әдісі қолданылады. Қаржы менеджерлері, мамандар түрлі шығарылымдар немесе басқа кәсіпорындар тәжірибесі негізінде белгілі бір жағдайлардың болуы, қаржылық нәтижелер алу ықтималдылығын, қаржылық тәуекел деңгейін анықтайды. Осы әдіс негізінде көптеген кәсіпорындардың тактикасы мен стратегиясы құрылады. Бірақ әр кәсіпорынның өзіндік кадрлік, шикізаттық және салалық сипаттағы ерекшеліктері бар екенін ескеру қажет. 
Тәуекелді бағалаудың негізгі әдісі кәсіпорынның қаржылық жағдайын кешенді талдау, оның қаржылық тұрақтылығы пен төлемқабілеттілігін талдау болып табылады. 
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын экспресс-талдау кеңінен тараған. Оның мақсаты – кәсіпорынның балансы мен қаржылық нәтижелер және оларды қолдану туралы есебі негізінде жалпы қаржылық жағдайын және даму динамикасын бағалау. Мұнда қаражаттарды (активтерді) орналастыру мен қолдануына, олардың көздеріне (меншікті капитал мен міндеттемелер, яғни пассивтер) назар аударылады.

Банкроттық  процедуралары

Нарықтық шаруашылықтың  ажырамас бөлігі болып банкроттық институты  саналады. Ол кәсіпкерлік құрылымдардың  тиімді қызметінің қуатты ынтасы ретінде, несие берушілердің экономикалық мүдделеріне  кепілдік бере отырып, сондай-ақ мемлекетті нарықтың жалпы реттеушісі ретінде  қызметін атқарады.

Әлемдік тәжірибеде банкроттық туралы заңдар бастапқыда екі түрлі  бағытта дамыды. Олардың бірі банкрот-борышкердің таратылуымен жалғасқан, банкроттықты несие берушілерге қарыздарды қайтару тәсілі ретінде санаған британдық модель қағидаларына негізделген. Екінші бастаманың негізі американдық модельде жатқан болатын. Заңдардың мұндағы негізгі мақсаты компанияны қалпына келтіру, оның төлем қабілеттілігін қалпына келтіру болып табылды. Дегенмен қазіргі жағдайда дамыған нарықтық елдер заңдарында жақындасу сызығы, келтірілген бастамалар бірлесуі байқалып отыр. Экономикалық жүйесі дамыған кез-келген өркениетті елде нарықтық қатынастарды құқықтық реттеу механизмдерінің негізгі элементтерінің бірі болып дәрменсіздік (банкроттық) туралы заңдар есептеледі. Қазіргі сәтте біздің нарықтық экономикамызға өнеркәсіптің құлдырауы, экономикалық дағдарыс, инвестиициялардың болмауы, ақшалай-несиелік қатынастардың қатаңдануы сияқты құбылыстар тән, бұлар әрине шаруашылық субъектілерінің дәрменсіздігіне әкеп соқтырады. Сондықтан да кәсіпкерлер алдында мәселе туындайды: осындай банкротқа ұшыраған кәсіпорындарға не істеуге болады?

     Банкроттық процесті регламенттеген бұрынғы номативтік-құқықтық база (негізінен кең ауқымды шетелдік тәжірибеге сүйенген), қазіргі экономикалық жағдайда жұмысқа қабілетті болмай шықты және ірі кәсіпорындардың банкроттықтан қорықпай, төлемсіздік дағдарысын ары қарай жалғастыру мүмкіндігін алуына әкеп соқтырды. Осыған қарамастан, жыл сайын сотта қаралған дәрменсіздік туралы істер саны өсуде, бұл, әрине, Қазақстандағы банкроттық институтының қалыпты экономикалық қатынастарды дамытуда шаруашылық айналымы қатысушыларының арасында жетекші орындардың бірін алып отырғандығын дәлелдеп отыр.

    Тақырыптың көкейкестігі.

     Қазақстан экономикасының жағдайы мынадай, кәсіпорындар жоғары рентабельді қатардан бірден дәрменсіздер қатарына өте алмайды, бұлар кейіннен банкроттық процедураларына ілігіп жатады. Төлем қабілетсіздігі жағдайына қолайсыз сыртқы факторлар қаржылық тұрақтылықтың төмендеуіне әкеп соқтыратын кезең сәйкес келеді. Бұл: өткізу нарығын жоғалтудан және негізгі тұтынушылардың банкротқа ұшырауынан өндірістің кідіруі/тоқтауы; серіктестік қатынастардың қаржылық тәртібінің нашарлауы; мерзімінен асқан қарыздардың жиналып қалуы және басқа көптеген факторлар. Банкроттық туралы істегі таратылу (конкурстық өндіріс) әлемдік қоғамдастықтың көптеген елдерінде артықшылыққа ие болуы тарихи қалыптасқан еді. Тек соңғы онжылдықта ғана АҚШ, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея, Ресей және басқа елдерде қалпына келтіру процедураларына басым назар аударыла бастады.

 

Қаржылық  менеджмент тәсілдері      

Менеджменттің бірнеше ұғымы бар. Вольфганг  Хайек өзінің «Европада бизнес қалай  жасалады» кітабында былай деп  жазды: «Менеджмент-бұл жұмыс істеп  тұрған коммерциялық кәсіпорынның арнайы органы». Егер батыста кез келген кәсіпорын жөнінде сөз бола қалса, адамдар әуелі сол кәсіпорындағы  бүкіл басшылыққа ден қояды, өйткені  кәсіпорынды қоғамға танытатын  да тек басшылар.   

Американ менеджмент мектебі  жақсы басшының 12 ережесін ұсынады:

  1. Басшы қуғындаушы болмауы тиіс. Өйткені, қуғындаушы қарамағындағы адамның ізіне түседі, ал нағыз басшы соңынан ертеді. Қуғындаушы өзінің билігіне, ал басшы –соңына ерушілердің ықпалы мен көмегіне сүйенеді. Қуғындаушы өзіне бағыныштыларды өсек пен күдік әлемінде өмір сүруге мәжбүр етеді. Ал, басшы қарамағындағыларды қауырт іске, сан алуан проблемаларды шешуге жұмылдырды.
  2. Басшы өз ісіне сенімді болуы, батыл мақсат қойғыш, табанды болуы, әрі осы қасиеттерін қол астындағыларға көрсете білуі тиіс.
  3. Басшы ұйымдастыру және басқару туралы ғылымды жетік білуі тиіс.
  4. Ол қол астындағылардың уақытын бағалай білуі тиіс.
  5. Басшы қатал әрі талап қойғыш болуы тиіс. Алайда қаталдық пен талап қойғыштың ешқашанда кінәмшілдікке, мейірімсіздікке апармауы тиіс.
  6. Сынды қабылдай білуі, әрі өзі де әділ сынай білуі тиіс.
  7. Басшы жылы шырайлы, әрі әдепті болуы тиіс.
  8. Әзіл — оспақты түсіне білуі тиіс.
  9. Әдетте әзілдеу жақсы көңіл — күйге байланысты, ал көңілдік еңбек өнімділігіне ықпал етеді.
  10. Айта да, тыңдай да білуі керек.
  11. Үнемдеуге тырысу керек. Біреуі Энштейннен былай деп сұрапты: «Сіз барлығын, тіпті ең күрделі проблемаларды формуламен бейнелей аласыз ба; Сіз өміріңіздегі жетістікті формуламен жаза аласыз ба?» Сонда Эйнштейн былай деп жазыпты: «X+Y жетістік, X — жұмыс істей білуі, Y — үнемдеуге тырысу».
  12. Басшы қарамағындағыларды жақсы білуі тиіс.

Өндірісті басқаруды  дамытуға XVIII ғасырдағы ірі кәсіпорынға  ауысқан өнеркәсіптік революция  күшті қозғау салды. Қолөнершінің бармағынан бал тамған шеберлердің орнына көбінесе жөнді мамандығы жоқ жалдамалы  жұмысшылар келді.

Көне  ұйымдастыру

Қазіргі ұйымдастыру

  1. Басшылардың біршама шағын болуы, орта буынды басшылардың мүлде болмауы
  2. Басқарылмайтын қызметке қарағанда басқарылатын жұмыстар көбінесе бөлін беген және ажыратылмаған.                               -
  3. Ұйымда басшылық қызметті иемдену, іскерлік қабілетіне қарай беріледі немесе күшпен иемденеді.
  4. Ұйым үшін маңызды шешімдерді қабылдай алатын шағын адамдардың болуы
  5. Бұйрыққа және сезімге үйрену.
 
  1. Басшылардың көп болуы, орта буынды басшылардың  көп болуы.
  2. Басқару топтары айқын белгіленген, басқарылмайтын қызметке қарағанда, басқарылатын жұмыстар айқын бөлінеді және ажыратылады.
  3. Ұйымда басшылық қызмет көбісіне басшылық көбінесе туған күнінен бастап заңдылық пен тәртіпті сақтай отырып беріледі.
  4. Ұйым үшін маңызды шешімдерді қабылдай алатын көптеген адамдардың болуы.
  5. Ұжымдық жұмысқа және тиімділікке сүйену

 

 

 

 

 

Жалгерлік принціпі және экономикалық мәні

     Лизинг сөзі «to leas» ағылшын етістігінен аударғанда «жалға беру дегенді білдіреді. Лизингтің жалға беруден айырмашылығы – жалға беруде екі тарап қатысса: жалға беруші және алушы болса, ал, лизингте үш қатысушысы: лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы.

      Лизинг  – бұл лизинг берушінің (жалға  берушінің) іне тиесілі құрал-жабдықтарды,  машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру  техникаларды, өндііске, сауда-саттыққа  және қоймаға арналған құрылғыларды  лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік  төлем төлеу шартымен, белгіленген  мерзімге пайдалануға беруін  қарастыратын жалға беру шарты.

      Лизингтік  мәмілелердің бірнеше түрлері  бар. Барлық лизингтік операциялар  екі түрге бөлінеді: шұғыл және  қаржылық лизингтер.

   1.Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.

   2.қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.

 

   Осы лизингтедің  отандық және халықаралық тәжірибеде  қолданылатын мынадай түрлері  бар:

    Ішкі лизинг – бұл, оның қатысушыларының бір елден болып келуімен байланысты сипатталады.

    Халықаралық лизинг – бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды.

    Сыртқы лизинг экспорттық және импорттық болып бөлінеді. Экспорттық лизингте шетел лизинг алушы болса, импортттық лизингте шетел лизинг беруші болып табылады.


Информация о работе Шағын бизнес кәсіпорындарының қаржылары