Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2014 в 18:17, реферат
Шағын бизнес — ешқандай монополистік бірлестікке кірмейтін және экономикада монополияға қатысты бағынышты рөл атқаратын жеке меншіктегі ұсақ және орта кәсіпорындардың қабылданған жиынтық атауы. Дамыған елдерде сыртқы экономикалық байланыстардың негізгі бөлігі Шағын бизнестің үлесіне тиеді. Елімізде 20 ғасырдың 90-жылдары белсенді түрде жүргізілген жекешелендіру үдерістері шағын кәсіпкерліктің қалыптасып дамуына жол ашты. Республикада Шағын бизнестің дамуы экономиканың ойдағыдай реформалануы көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Шағын бизнес кәсіпорындарының қаржылары
Шағын
бизнес — ешқандай монополистік бірлесті
Кәсіпкерлер табы — нарықтық дамудың ажырағысыз нышаны, экономикалық қатынастардың дербес субъектісі. Шағын кәсіпкерлік секторы бірқатар әлеуметтік атқарымдарды орындайды, олардың қатарына жұмыспен қамтылу, әлеуметтік шиеленісті бәсеңдету және нарықтық қатынастарды демократияландыру жатады. Шағын бизнесті шағын кәсіпкерлік деп те атайды. Республикада шағын кәсіпкерлік тиімді нарықтық экономиканың дамуы үшін құрылымдық түзуші фактор ретінде маңызды рөл атқарып отыр. Ол бәсекелі ортаның дамуына жол ашты, нарықты тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен молықтырды, халықтық кәсіпшілікті жаңғыртты, жергілікті билік органдарының экономикалық базасын нығайтты, ауылдардың, шағын және орта қалалардың дамуына септігін тигізді. Шағын кәсіпкерліктің артықшылығы — жұмсалған күрделі қаржының тез өтелуі, өндірушілердің аймақтық нарыққа бағдарлануы, сұранымның өзгеруіне жедел икемделу, жұмыспен қамтылудың өсуі.
Қаржылық қызметтердің талдауы
Кез-келген бизнес түрінің нәтижесі қаржылық ресурстардың бар болуы мен олардың пайдалану тиімділігінен тәуелді. Қаржы ресурстарын кәсіби басқару қазіргі сандық талдау әдістерін пайдалана отырып кәсіпорынның қаржылық – экономикалық жағдайына терең талдау жүргізуді талап етеді. Осыған байланысты бүгінгі күні қаржылық талдаудың маңызы артып отыр. Себебі қаржылық талдаудың негізгі мазмұны – қаржылық тәуекел деңгейін бағалау мен капитал табыстылығының деңгейін жобалау мақсатымен кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оны анықтаушы факторларды кешенді, жүйелі оқу.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы (ҚҚЖ) – айналыс үрдісіндегі капиталдың жағдайын сипаттайтын және шаруашылық субъектінің нақты сәттегі өз қызметін қаржыландыру мүмкіншілігін бейнелейтін көрсеткіштер жүйесімен анықталады. Қорыта келгенде, кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігімен сипатталады.
Кәсіпорының қаржылық тұрақтылығы ұғымы арнайы әдебиеттерде талқыланады:
• қаржылық тұрақтылық – бұл қызмет үрдісінің жеткілікті қаржылық қамтамасыз етілуі;
• қаржылық тұрақтылық – бұл кәсіпорын шоттарының оның төлем қабілеттілігіне үнемі кепілдік беретіндей етіп орналасуы;
• қаржылық тұрақтылық – бұл кәсіпорынның ақша қаражаттарын еркін, әрі тиімді пайдалана отырып, өндіріс пен сату үрдістерін, сонымен бірге үдемелі ұдайы өндірісті қаржыландыру мүмкіншілігі.
Корпорацияның қаржы тұрақтылығын талдау оның есеп беру кезеңіндегі қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарғаны туралы мәселені анықтауға мүмкіндік береді. Корпорацияның қаржы тұрактылығы катынасты жэне абсолютті көрсеткіштермен сипатталады. Осыған сәйкес корпорацияның қаржы тұрақтылығын талдау барысында оның қатынасты және абсолютті көрсеткіштері зерттеледі.
Қаржы тұрактылығының қатынасты көрсеткіштері қаржы жағдайын сипаттайтын бірқатар коэффициенттермен сипатталады. Олар: тәуелсіздік коэффициенті, тәуелділік коэффициенті, қаржыландыру коэффициенті, қарыз жэне меншікті қаражаттардың арақатынасы коэффциенті, инвестицияларды өтеу коэффициенті, инвестициялау коэффициенті жэне т.б.
Каржы тұрақтылығының абсолютті
көрсеткіштері — тауарлы-
Меншікті айналым капиталының нақтылығы (Ма.к.). Бұл көрсеткіш меншікті капитал (Мк) мен ұзақ мерзімді активтердің (¥а) айырмасы ретінде анықталады: Ма.к.=Мк-¥а
Қаржылық тұрақтылықтың
сыртқы көрінісі – кәсіпорынның төлем
қабілеттілігі. Кәсіпорынның төлем
қабілеттілігі – бұл
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына бірнеше факторлар әсер етеді. Оларды негізінен ішкі және сыртқы факторларға топтастыруға болады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші ішкі факторлар:
- кәсіпорынның салалық ерекшелігі;
- шығарылатын өнім (жұмыс, қызмет);
- жарғылық капитал көлемі;
- шығын көлемі, оның табыспен салыстырғандағы динамикасы;
- мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы, олардың құрамы мен құрылымы;
- кәсіпорынды басқару тиімділігі, т.б.
Сыртқы факторлар:
- мемлекеттегі саяси – экономикалық жағдай;
- төлем қабілетті сұраныс пен тұтынушылар табысы;
- салық және несие саясаты;
- құқықтық – нормативтік база;
- сыртқы – экономикалық байланыстар, т.б.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың ең соңғы кезеңі. Ол ішкі және сыртқы қаржылық талдау болып бөлінеді. Олар бір-бірінен мақсаты мен мазмұны бойынша ерекшеленеді.
Ішкі қаржылық талдау –
бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайын
тұрақтандыру, оның табыстылығын арттыру
мақсатымен капиталдың қалыптасу механизмін,
орналасуы мен пайдаланылуын
талдау, яғни ол басқарушылық талдаудың
бір сатысы. Ал сыртқы қаржылық талдау
– инвестициялау тәуекелін
Кәсіпорынның қаржылық жағдайына жүргізілген талдау – кәсіпорын басшылығы осы уақыт аралығында қаржы ресурстарын қаншалықты ұтымды басқарған деген сұраққа жауап беруі тиіс. Осыған орай кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың негізгі міндеттері келесілер:
Міндеттерге қол жеткізу үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау келесідей кезектілікте жүргізілуі тиіс:
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің стратегиялық міндеті –меншікті капиталды көбейту мен кәсіпорынның нарықтағы тұрақты жағдайын қамтамасыз ету.
Қаржылық талдау қаржылық менеджмент пен аудиттің негізгі элементі болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтандыру үшін, капитал түсімдерін жоғарлату үшін қаржылық есеп беру негізі болып табылады. Несие алушы және инвесторлар қаржылық есеп беруді өздерінің қарыз алуы және салымдар бойынша өз тәуекелдерін минимумға жеткізуге талдау жүргізеді. Қаржылық талдау тәсілдемесі бір-біріне байланысты 3 блокты қосады.
Қаржылық талдаудың негізгі
мақсаты болып көп мөлшердегі
емес ақпаратты параметрлерді алу.
Қаржылық талдаудың нәтижесі ол кәсіпорынның және басқада экономикалық ақпаратпен қызығушыларының администраторлық ақпараттың өсуіне әсерін тигізеді.
Қаржылық талдау процесінде келесі қайнар көздерінен ақпарат алынады:
А) пресса
Б) басқарушы ұйымның сұрауы.
В) экспериметтік ақпарат.
Кәсіпорын бір – бірімен байланысатын параметрлерден тұрады. Партнерлерды негізгі және негізгі емес.
Негізгі партнерлық топ — ол кәсіпорынның шаруашылық қызметіне өзінің салымдарын салған және өздерінің қатысуымен қызығушылығына байланысты кәсіпкерлік қызметтің талдауы кезінде өзінің компенсациясына талап етілуіне қатысушылар, яғни негізгі партнерлік топтар, олар кәсіпорнның қаржы жағынан да олардың пайда түсіру, табыстық жағынан да өз мүмкіндігінше көмек беруіне ынталы болып келеді.
Негізгі емес партнерлік топтар:
Партнерлік топтың салық жарналары.
Талап етушілерден компенсация түрі:
Дивиденд,пайыз, окладтан жоғары пайда мөлшері мен еңбекақы төлеу, персоналға еңбекақы, премиялар, әлеуметтік жағынан көмек, келісім бағасы, сатып алушылар арасындағы келісім бағасы, мерзімді толығыменалуды төлеу.
Қаржылық талдау кезінде жүргізілетін мақсат:
Қаржылық талдау — шаруашылық қызметтің толық және жалпы талдауының бөлігі яғни, екеуі бір- біріне байланысты бөлімнен тұрады.
ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАДЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ МАҒЫНАСЫ
Нарықтық қатынастары
жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдаудың маңызы өте зор. Бұл
кәсіпорындардың тәуелсіздікке
ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік
иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер
және де басқа контрагенттер алдында
өзінің өндірістік-кәсіпкерлік
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын,
"қаржылық жағдай" дегеніміз немесе
"қаржылық жай-күй" дегеніміз не,
соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары
шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым
әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д.
Шеремет "Кәсіпорынның қаржы (активтер)
жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және
оны қалыптастыру көздерімен (меншіктік
капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер)
сипатталады" деп жазған.
Профессор Н.А Русак бұл ұғымды былайша
анықтайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы
қаржы ресурстарын жасау, тарату және
пайдаланумен сипатталады. Кәсіпорынның
қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты
өндірістік, коммерциялық және басқа да
қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен
қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа
сай, тиімді тарату және пайдаланумен,
сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен
қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу
қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен
сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу
мүмкіндігі; оның қаржылық жағдайының
жақсылығын көрсетеді".
В.М. Радионова мен М.А. Федотова кәсіпорынның
қаржылық жағдайы "қаржы ресурстарының
қалаптасуымен, таратылуы және пайдалануымен
көрсетіледі" деп жазады.
М. Н. Крейнина, А.И. Ковалев және В.П. Привалов
қаржылық жағдай үғымын былайша түсіндіреді:
"Қаржылық жағдай - бұл қаржы ресурстарының
қолда барын, үлестіріліп таратылуы және
пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер
жиынтығы".
Профессор И.Т. Балабанов "Шаруашылық
субъектісінің қаржылық жағдайы - бұл
оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің
сипаттамасын (яғни төлем қабілеттілігі,
несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары
мен капи-талды пайдалану, мемлекет алдында
және басқа да шаруашылық субъектілерінің
алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық
субъектісінің қаржылық жағдайын талдаудың
келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық
пен рентабельділік; қаржылық тұрақтылық;
несие қабілеттілігі; капиталды пайдалану;
валюталық өзін-өзі өтеу" - деп жазады
.
С.А. Стуков осы ұғым бойынша өзінің көзқарасын
келесі сөздермен баяндайды: "Кәсіпорынның
қаржылық жағдайы-,бұл бірқатар көрсеткіштермен
сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру
қабілеттілігін кешенді түрде бағалау.
Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып
отырған ұғым мәнін жеткілікті дәрежеде
ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл
ұғымды дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін
ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі
әдістермен есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге
қарағанда (мысалы, еңбек өнімділігі, қор
қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс,
тиімділік) қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді
есептеу нәтижесінде және олардың жалпы
бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде
анықталатыны анық. Қорыта келе, кәсіпорынның
қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті
жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі
нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның
сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі
барлығын куәландыруы тиіс.