Негізгі құралдарды мойындау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2015 в 16:57, курсовая работа

Краткое описание

Ел Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан – 2030». «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі,қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы». Жолдауында былай делінген: «біздің еліміздің мұраты ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сыйлау деп санаймын. Барша қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы-өзіміз орнатсақ дейтін Қазақстанды сипаттайтын өрелі сөздер, міне, осылар. Біздің ілгері жылжуымызға қарай бұл сөздер әрдайым біздің ізашарымыз болып қалуға тиіс».

Прикрепленные файлы: 1 файл

Негізгі құралдардың тозу есебі.docx

— 46.29 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

III. Қорытынды

Қозғалмайтын мүлік, ғимарат және жабдықтар (негізгі құралдар) дегеніміз – материалдық активтер,оларды ұйым өндірісте пайдалану немесе басқа тұлғаларға жалға беру немесе әкімшілік мақсаттар үшін қолданады және бір жылдан астам мерзім пайдаланылады, осы пайдалану мерзімде өз құнын амортизация арқылы бірте бірте өндірілген өнімге ауыстырады. 

Негізгі құралдардың есебінде 4 ең маңызды әрекеттері бар: 

    • негізгі құралдардың алынған мерзімдегі тіркелген сомасы; 
    • негізгі құралдардың пайдалану мерзімінде есептейтін тозу ставкасы; 
    • қабылдап алынғаннан кейін негізгі құралдардың өзгеріп отырған құндары шоттарда қалай көрсетілетінділігі; 
    • негізгі құралдардың шығарылынуындағы тіркелуі. 

Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар бухгалтерлік есепте жеке инвентарлық объект ретінде көрсетіледі, мысалы ғимарат бұл объектіге әрбір жеке тұрған ұй кіреді, сол сияқты жабдықтарда, сондықтан есепке аларда кіріс құжатында (паспорт) объектіге жататын құрылғылар (қосалқы бөлшектер)жазылу керек. 

    • Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар (негізгі құралдар) ХҚЕС №16 «Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар» сәйкес жіктеледі: салалар бойынша; 
    • бағыты бойынша; (өндірістік,өн.емес) 
    • пайдалану бағыты бойынша түрлер мен түр топтарына; (жер,жабдықтар,ғимараттар..) 9 түр. 
    • иелігі бойынша;(меншікті, жалға алынған,уақытша пайдалануда) 
    • пайдалану маңызы бойынша;(әрекетті, запастағы,әрекетсіз) 
    • мүліктік құрамы бойынша;(инвентарлық, инвентарсыз) 
    • салықтық нысандар бойынша (топталған, әр топқа өз шектелген норма белгіленеді). 

Шаруашылықтың әр саласында, натуральдық-заттық белгі бойынша, негізгі құралдар мынадай түрлерге бөлінеді: ғимараттар; құрылыстар; беріліс құрылғылары; саймандар; өндірістік мүліктермен иеліктер; шаруашылық мүліктері; үлкен жұмыс малы мен өсім малы; кітапхана қоры; жерді жақсартуға күрделі шығындар (ғимараттардан басқа); мұражай құндылықтарымен басқа объектілер; басқа да негізгі құралдар. 

Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар (негізгі құралдар) қозғалысы №16 ХҚЕС –на сәйкес бағаланады: өзіндік құн (нақты) бойынша немесе бастапқы құн - бұл негізгі құралдарды салу немесе сатып алу бойынша нақты жұмсалған шығынның құны, бұған төленген, өтелмеген салықтар мен алымдар, сондай-ақ активтерді мақсатқа сай пайдалану үшін жұмыстын күйіне келтіруге байланысты жеткізу,монтаждау, қондыру, іске қосу шығындары және кез келген өзге шығындар енгізіледі. Күрделі қаржы есебінен салынған (тұрғызылған) немесе сатып алынған негізгі құралдар үшін бастапқы құны мүлік құны болып табылады. Ол мыналардан тұрады: ғимараттар мен құрылыстар үшін объектілер салу(тұрғызу)жөніндегі құрылыс және монтаж жұмыстарының шығындары, жобалау-іздестіру жұмыстары, сондай-ақ объектілердің мүліктік құнына бекітілген тәртіпке енгізуге жататын басқа шығындар. 

Негізгі құралдар пайдалану процесінде бірте-бірте тозады.Тозу – негізгі құралдардың физикалық және моральдық сапасының жоюлуы және осымен қоса құныныңда жоюлуы. 

Физикалық тозу - ол сырт түрі өзгергені, ал моральдық – ол қазіргі талаптарға сай еместігі (ғылыми және техникалық). Бухгалтерлік есеп принциптеріне сәйкес негізгі құралдардың бастапқы құны пайдалану мерзімінде шектеулі норма есептелер бойынша амортизацияланады. Амортизация кәсіпорынның шығындарында есептеледі (есептелмейді өнім беретін малдарға, кітапхана қорларына, консервацияға салынған негізгі құралдарға). 

Амортизация кәсіпорында ай басында бар негізгі құралдарға есептеледі.Кіріске алынған негізгі құралдар келесі айдың бірінен басталып есептеледі, ал шығысқа шығарылған негізгі құралдар келесі айдан бастап есептеуі тоқтатылады.

Негізгі құралдар пайдалану процесінде  бірте-бірте тозады.Тозу – негізгі құралдардың физикалық және моральдық сапасының жоюлуы және  осымен қоса құныныңда жоюлуы.

Физикалық тозу- ол сырт түрі өзгергені, ал моральдық –ол қазіргі талаптарға сай еместігі (ғылыми және техникалық). Бухгалтерлік есеп принциптеріне сәйкес  негізгі құралдардың бастапқы құны пайдалану мерзімінде шектеулі норма есептемелер бойынша амортизацияланады.Амортизация- ол тозудың ақшалай түрде көрсетілуі, негізгі құралдың бастапқы құнын бірте-бірте (нормамен) жояды. Тозудың құнын білдіретін көрініс, яғни барлық негізгі құралдардың қызмет ету мерзіміне олардың құнын жүйелі тарату – амортизация. Амортизация кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде шығындарында жазылады (есептелмейді жерге, фильм қорларына, өнім беретін малдарға, кітапхана қорларына, консервацияға салынған негізгі құралдарға).

Амортизация кәсіпорында ай басында бар негізгі құралдарға есептеледі. Кіріске алынған негізгі құралдар  келесі айдың бірінен басталып есептеледі, ал шығысқа шығарылған негізгі құралдар  келесі айдан бастап есептеуі  тоқтатылады.

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

  1. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» туралы заң күші бар ҚР Заңы. 28.02.2007 ж.
  2. 2007ж. 21.06. 2 деңгейлі ХҚЕС және №1,2 ҰҚЕС.
  3. ҚР ҚМ әдістемелік нормативті актілер, нұсқаулар,ұсыныстар, шоттар үлгісі және 2007ж. 22.06  ҚР ҚМ бекітілген бухгалтерлік есепті жүргізу ережесі.
  4. №185. 2007ж. 23.05 ҚР ҚМ бекітілген есептің типтік жоспары.
  5. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Астана, 1 наурыз 2006 ж. 
  6. Кәсіпорындағы қаржылық есепті жүргізу. Кезмемтаев К.К, Алматы. Экономика, 2003 ж. 
  7. Бухгалтерлік есеп, 2-ші басылым қаржы және статистика. Радостовец В, Капайлов Г.З, 2006ж
  8. В.Л. Назарова. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп. Оқулық:Алматы-«Экономика» баспасы. 2005ж. 
  9. Л.А. Попова, М.Қ. Жұматов, Д.М. Нұрғалиев, А.Б. Омалиева. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Оқу құралы. – Карағанды: ҚарМУ баспасы, 1998 ж. 
  10. Қ.К. Кеулімжаев, З.Н. Әжібаева, Н.А. Құдайбергенов. Бухгалтерлік есеп принциптері: Оқу құралы-Алматы: Экономик С, 2003 ж. 
  11. Бухгалтер бюллетені. №3 қаңтар, 2012 
  12. В.К. Радостовец, Т.Ғ. Ғабдуллин. В.В. Радостовец, О.И. Шмидт. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы: Қазақстан-аудит орталығы, 2003ж. 
  13. О.М. Жакупова. Бухгалтерлік есеп принциптері оқу-тәжірибелік құралы. Қарағанды, 2003. 153-183бет. 
  14. Ә. Әбдіманапов. Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері  Алматы 2006 ж.

 

 

 


Информация о работе Негізгі құралдарды мойындау