Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2015 в 16:57, курсовая работа
Ел Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан – 2030». «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі,қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы». Жолдауында былай делінген: «біздің еліміздің мұраты ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сыйлау деп санаймын. Барша қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы-өзіміз орнатсақ дейтін Қазақстанды сипаттайтын өрелі сөздер, міне, осылар. Біздің ілгері жылжуымызға қарай бұл сөздер әрдайым біздің ізашарымыз болып қалуға тиіс».
Кіріспе.
Ел Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан – 2030». «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі,қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы». Жолдауында былай делінген: «біздің еліміздің мұраты ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сыйлау деп санаймын. Барша қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы-өзіміз орнатсақ дейтін Қазақстанды сипаттайтын өрелі сөздер, міне, осылар. Біздің ілгері жылжуымызға қарай бұл сөздер әрдайым біздің ізашарымыз болып қалуға тиіс».
Осы міндетті ойдағыдай шешу үшін еңбек өнімділігін арттыру ғылыми- техникалық прогресті жеделдету, қолданылып жүрген негізгі құралдарды тиімдірек пайдалану және олардың қуаттарын арттыру, шаруашылыққа салынған әрбір теңгенің қайтарымын өсіру жолымен ел экономикасының барлық салаларының тиімділігін жақсарту қажет.
Экономиканың тиімділігін арттыру мемлекеттің осы заманғы экономикалық стратегиясының басты міндеті болып табылады. Мұнда ерекше рөлді кәсіпорындардың өндірістік – шаруашылық қызметін басқарудың маңызды құрамы ретінде және барлық шаруашылық құралдарының оның ішінде негізгі құралдардың болуы, жағдайы, қозғалысы мен тиімді пайдалануына қатаң бақылау жасауды жүзеге асыратын бухгалтерлік есеп атқарады.
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында көптеген кәсіпорындардың қаржы жағдайы оларды жаңа күрделі қаржыдан шектеп, қаржыны тек негізгі құралдардың ең қажетті объектілеріне бағыттауды мезгейді. Осыдан қолда бар негізгі құралдардың сақталуы мен тиімді пайдаланылуына қатаң есеп пен бақылаудың объективті қажеттілігі туындайды.
Осы курстық жұмысының басты мақсаты - негізгі құралдарды қалыптастыру және кәсіпорында қалай жүргізілуін қамтамасыз ету. Бұл курстық жұмыс ХҚЕС №16 «Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар» стандартына сәйкес негізгі құралдың экономикалық мәнін, жіктелуі мен амортизация тәсілдерін, сондай-ақ оларды экономикалық тиімді пайдалануда бухгалтерлік есептің рөлін ашады. Негізгі бөлімде негізгі құралдың нарықтық экономикаға көшу жағдайындағы қозғалысын, құжаттармен рәсімделуі қарастырылған. Шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есеп шоттырының жұмыс жоспарын қолдана отырып жүргізілген.
Кез – келген кәсіпорында ашу үшін алдымен негізгі құралдардың болуы міндетті. Ал негізгі құралдарға:
Негізгі құралдардың есебі кәсіпорынның бухгалтериясында жүргізіледі. Олардың талдамалық есебі әрбір түгендеме объектісі бойынша бөлек жүргізіледі. Түгендеме объектісі деп өзінің құрамына кіретін, яғни өзіне тиісті керекті жабдықтармен, саймандармен сатылып алынған, орнатуды керек етпейтін жабдықтарды, салынып біткен және құрылыстарды (үйлері мен ғимараттарды), өздерінің құрылымы (конструкциясы) бойынша жекеленген немесе бірімен-бірі құрылымы бойынша біріктірілген, яғни қосылған, бір зат болып саналып, белгілі бір қызметті атқаратын бұйымдарды айтады.
Кәсіпорындарда негізгі құралдың есебін дұрыс жүргізу үшін және олардың тиісті түрде сақталуын қамтамасыз ету үшін әрбір негізгі құралдарға түгендеме нөмірі беріледі. Ол тұрақты түрде белгіленеді.
Негізгі құралдар тозуына, бұзылуына, басқа ұйымдар мен адамдарға берілуіне, сатылуына, тағы да басқа жағдайларға байланысты есептен шығарылғанда оның нөмірі ұйымның жаңадан кіріске алған негізгі құралдарына берілмейді. Түгендеме нөмірі негізгі құралға бекітілген жетонға немесе құралдардың өзіне бояумен жазылады. Түгендеме объектілерді (заттарды) реттік сериялық жүйесімен нөмірлеу ұсынылады. Мұндай жағдайда әрбір жіктеу тобына кіретін негізгі құралдарға бөлек сериялық реттік нөмірлер белгіленеді, ол сериялық реттік нөмірді негізгі құралдардың қандай жіктелу тобына жататындығын көрсететіндей етіп тағайындаған дұрыс. Негізгі құралдарға бастапқыда берілген түгендеме нөмірі оның түгендеме карточкасында және бір жерден екінші жерге орын ауысуы үшін толтырылатын алғашқы құжаттарда көрсетілуі тиіс.
Негізгі құралдарды
мойындау.
1.1 Негізгі құралдардың түсінігі және
жіктелуі.
Кәсіпорының қалыпты өндірістік-шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін негізгі құралдар қажет. Әрбір өндіріс бойынша олардың саны еңбек құралдарын тиімді пайдалану өндірісін ұйымдастырудың және басқарудың прогрессивті нысандарын есепке алумен олардың жоспарлық тапсырмаларымен анықталады. Кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметіне бірнеше жыл бойы қызмет көрсететін басқа мүліктің бағасы мен еңбек құралдарының бағасы экономикалық ұғымды «негізгі құралды» құрайды.
Ұзақ пайдалану процесінде негізгі құралдардың құрамы өзгереді: олар кәсіпорынға келіп түседі және пайдалануға беріледі, пайдалану процесінде тозады, жөндеу жолымен қалпына келтіріледі, кәсіпорын ішіне өтеді, ескіру немесе одан әрі пайдаланудың мақсатсыздығы нәтижесінде шығарылып тасталады, сондай-ақ басқа кәсіпорындарға беру. Барлық аталған өзгерістер бухгалтерлік есепте көрініс табады.
Негізгі құралдар-материалдық активтер олар:
Негізгі құралдардың есебінде 4 ең маңызды әрекеттері бар:
Негізгі құралдар дегеніміз - ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) материалды өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс-әрекет ететін материалдық активтер.
Негізгі құралдар ХҚЕС №16 «Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар» сәйкес жіктеледі:
• салалар бойынша;
• бағыты бойынша.
Пайдалану бағыты бойынша түрлер мен түр топтарына:
Иелігі бойынша: меншікті, жалға алынған, уақытша пайдалануда. Пайдалану мерзімі бойынша: әрекетті, әрекетсіз, қордағы. Мүліктік құрамы бойынша: инвентарлық, инвентарсыз. Салықтық нысандар бойынша: топталған, әр топқа өзі шектелген норма белгіленеді.
Негізгі құралдар
есебі бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс
жоспарында 2410 «Негізгі құралдар» шотында
жүргізіледі.
Иелігіне байланысты негізгі құралдар
меншікті және жалданған болып бөлінеді:
Бұл құралдар
жалға алушыда баланстан тыс шоттарда
есептеледі. Сонымен негізгі құралдар
көптеген өндіріс құралдары бойына пайдалынылады,
қасиетімен нысанын сақтай отырып, жанама
түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған
өнімге біртіндеп көшіреді.
Қабылданып алынған объект актив ретінде
мойындалады:
Негізгі құралдар активтердің ең көп көлем мөлшерін құрайды, сондықтан кәсіпорынның қаржылық жағдайын көрсетеді.
Негізгі құралдарды мойындауы үш бағытқа негізделген, олар материалдық формасы болуы, кәсіпорын шаруашылығына қажеттілігі (сатуға арналмағандығы), ұзақ мерзімді пайдалануы. Негізгі құралдарды мойындауы –ол аталып өткендей осы активтен келешекте экономикалық пайда табуды көздеу және өзіндік құнның бағалануының кепілдігі. Егер актив кәсіпорынға табыс әкеле алмаса бұған жасалған шығындар кәсіпорынның есептік кезең шығындарына апарылады. Сондықтан активті мойындау барысында (кіріске алу) анықтап алу қажет: кіріске алардағы немесе айырбас барысындағы шығындарды немесе активті өз күшімен жасалғандағы шығындар сомасын (бағалануын).
2.1 Негізгі құралдардың тозуының есебі.
Негізгі құралдар ұзақ уақыттық кезеңі ішінде шаруашылық қызмет процесінде бола отырып, бірте-бірте тозады. Тозу - бұл физикалық және моральдық мінездемелерінен айырылу.
Физикалық тозу
негізгі құралдарды пайдалану және сыртқы
факторлардың әсер ету нәтижесі болып
саналады.
Моральдық тозу соның нәтижесінде активтер
ғылым мен техниканың қазіргі даму талаптарына
сәйкес келмеу нәтижесіндегі процесті
білдіреді.
Негізгі құралдарды моральды тоздыратын факторлар:
Бұлар өнеркәсіптің өндіруші салаларындағы өндіріс көлемінің қысқаруына әкеп соқтыруы мүмкін. Моральды тозудың нәтижесінде физикалық тозу басталғанға дейін негізгі құрал объектілерін жаңасына, неғұрлым үнемдісіне ауыстырады. Моральды тозуды болдырмас үшін негізгі құрал объектілерін қайта құрады және жаңғыртады. Мұражай және қылқалам құндылықтарынан кітаптардан, фундаментальді кітапханалардан, фильмдер қорынан, сәулет пен өнердің ескерткіші болып табылатын үйлер мен ғимараттардан басқа негізгі құралдардың барлығы моральды тозуға бейім.
Амортизация – бұл қызмет мерзімі ішінде активтің амортизацияланатын құнын жүйелі бөлу түрінде тозудың құнмен көрсетілуі, басқалай айтсақ, есептелген амортизация сомасы белгілі бір кезең ішінде пайдаланған немесе тұтынған негізгі құралдардың құнын көрсетеді. Амортизацияланатын құн пайдалы қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін сыныққа, қалдықтарға айналатын қосалқы бөлшектердің болжанатын құны ретінде негізгі құралдардың түсуі кезінде анықталатын бастапқы құн мен жою құны арасындағы айырманы білдіреді. Амортизациялық жарналар (аударымдар) әрбір есепті кезең үшін өнімдердің тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің элементі және шығысы ретінде танылады.
Амортизациялық аударымдар амортизация нормалары бойынша жасалынады.
Амортизация
нормасы- бұл амортизациялық аударымдардың
жылдық сомасының негізгі құралдардың
жылдық орташа құнына қатынасы.
Негізгі құралдарға амортизация (тозуын)
есептеудің басты мақсаты олардың құнын
өтеу көзін таба білуден тұрады. Бұл көз
амортизацияны шығыстарға, шығындарға
қосу есебінен жасалады. Амортизациялық
жарналардың сомасын көбейту немесе азайту
шығыстарды бұрмалауға алып келеді, мұнан
жиынтық жылдық кірістің көлемін, кірістерді
бұрмалау орын алады, демек, салық салудағы
дәлсіздіктерге әкеліп соғады.