«Негізгі құралдар» бөліміне сәйкес

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2013 в 21:40, контрольная работа

Краткое описание

Негізгі құралдар – бұл:
1) тауарларды шығаруда немесе қызметтерді көрсетуде немесе беруде пайдалануға, басқа адамдарға жалға беруге арналған немесе әкімшілік мақсаттарға арналатын, және
2) күтіліп отырғандай бір кезеңнен (12 айдан) астам ішінде пайдаланылатын материалдық активтер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Негізгі құралдар есебі.doc

— 243.00 Кб (Скачать документ)

   Мысалы, кәсіпорын жабдықтар қабылдап алды 200.000тенгеге, пайдалану мерзімі 5  жыл,  жою құны 20000тг.

   Бұл объектпен мынадай  шығындар байланысты:

  1. Үшінші жыл пайдаланымында жаңа блок сатып алынды, құны 2000тг.,оның қосылуы өнім өндіру процесін 12% көтермек.

                    Д                     К

                 2410                 3310       2000

    2. Төртінші жылда  жабдыққа жөндеу жұмысы жасалды  5000тг.

              8410               1310 

                                     1310

                                     3430           5000

                                     3390

                                     3310

                                     т.б.

    3. Бесінші жылда капиталды  жөндеу жұмыстар жасалды 27000тг..бұның  себебінен  пайдалану мерзімі 5-7 ұзартылу тиіс, көзделіп отыр.

          2420                 1310,3430,3310(671)     27000 немесе  

         Д2410  К1310,3430,3310-27000

 

негізгі құралдарда жөндеу жұмыстары  ағымды және капиталдық болып бөлінеді, екі әдіс пайдаланылады:  шаруашылықтың өз күшімен және мердігерлердің  қатысымен.Жөндеу жұмыстардың бәрі негізгі құралдардың бастапқы құнын өсірмесе  кәсіпорынның шығындарына жатады.

 

      Қайта бағалану есебі.

    Негізгі  құралдард  құндарының жағдайын бақылап  және тозуының деңгейін білу үшін  кәсіпорындар  есептік мерзім ішінде негізгі құралдарға қайта бағалау жасап отырады. Оны нарықтық мерзімнің құнына теңестіріп жасайды индексті қоладана отырып немесе эксперттік комиссия есептеме арқылы жасайды. Негізгі құралдардың қайта бағалауын бейнелеу үшін бухгалтерлік есеп шоттардың жұмыс жоспарында 5420 шот қарастырылған көбеюі осы шоттың К-де жазылады Д-те негізгі құралдар шоттары. Ал, жиналған тозу соманың тұзетілуі 2420 шот К, Д 5420.

Мысалы: амортизацияны түзету әдіс Жабдықтың қайта бағалануға дейінгі құны 150 000тг., тозу сомасы 30 000тг., нарықтық құн 210 000тг.Қайта бағалауды 60 000тг.жасау керек (210000 -150000), сонда тозу соманы тұзету керек 1,4 коэф-ке (210000 : 150000),сонда

30000 х 1,4 = 42 000тг.- тұзетілген тозу сома, арадағы айырмашылық 42000-30000= 12000тг.

Д 2410  К 5420  60000тг.

Д 5420  К 2420  12000тг.

Сонда 5320 шоттағы қайта бағалаудан өсу  болады 48000тг. (60000 -12000), егер жабдыққа 8 жыл қалған болса, жылсайын проводка беріліп отыру керек (48000 :8ж.) = 6000тг.  Д 5320  К 5410 6000тг.

  Амортизацияны жою әдісі осы мысалда

 Д 2410  К 5420  60000тг. 

 Д 2420  К 5420  30000тг.

 Д  5420 К 2420  42000тг.

Сонда 5420 шотта қайта бағаланудың айырмашылығы 48000 (60000+30000-42000), немесе  Д 2420 К 2410 30000                                                                                                                                     Д 2410  К 5420 60000                                                                                                                                                        Д 5420  К 2420 42000

 Барлық үш жағдай  2410 шотта  210000тг.

                                   2420 шотта 42000тг.

                                   5420 шотта 48000тг.

Негізгі құралдарды түгендеу есебі.

Материалдық емес активтерді түгендеу кезінде мыналар тексеріледі:

- есепте материалдық емес активтердің  дұрыс және уақытылы болуы;

- жеке кәсіпкер немесе ұйымның  оны қолдануға құқығы бар екендігін  дәлелдейтін құжаттары (патенттер,  лицензиялық келісімдер, тауар таңбалары  және т.б. ).

Түгендеу болудың алдында негізгі  құралдарда   мыналар тексеріледі:

- инвентарлық карточкалардың жағдайы,  инвентарлық таңбалар мен есеп  бойынша негізгі құралдардың  тізімі;

- техникалық куәліктердің жағдайы  және басқа техникалық құжаттар;

- берілген объектінің жеке кәсіпкер немесе ұйымның меншігінде тұрғанын дәлелдейтін құжат, және арендаға берілген немесе қабылданған, жауапкершілікті сақтауда. Құжаттардың жоқ кезінде олардың алынғанын немесе дайындалғанын қамтамасыз ету керек.

Негізгі құралдарды түгендеу кезінде комиссия объектілерге қарап, инвентарлық құжатқа олардың толық атын, бағытын, инвентарлық номерін,  негізгі техникалық және эксплутациялық көрсеткіштерін жазып отырады.                                                       

Объекттің негізгі бағытына қарай негізгі құралдардың  атаулары құжатқа енгізіледі. Егер объект қайта қалыптастыруға, кеңейтуге ұшырап, оның қолдану бағыты өзгерсе, онда ол құжатқа өзінің жаңа бағыттағы атымен енгізіледі.

  Шаруашылық түгіндеу кезінде  цех немесе бөлімге бірдей уақытта келіп түскен  бірдей бағадағы құралдар, станоктар т.б аттары мен сандары бір типті инвентарлық карточкада жазылады.

Есепке алынбаған және есептік  регистрда жоқ немесе қате көрсетілген  объектілерді комиссия инвентарлық  құжатқа жеткіліксіз деп белгілейді, мына объект бойынша дұрыс мәліметтер мен техникалық көртеткішкер: ғимараттар бойынша – олардың бағыты, негізгі материалдар, көлемі, алаңы, қабаттар саны, қосымша құрылыстар; каналдар бойынша – қашықтығы, тереңдігі, ені; көпірлер бойынша – орналасуы, материалдардың түрі, олардың өлшемдері т.б.

Түгендеу кезінде ұйымның орналасқан жерінен басқа жердегі негізгі  құралдар объектісі үшін түгендеу өткізілді  деген үкім берілуі керек.

 

                         Негізгі құралдардың амортизация есебі

Негізгі құралдар пайдалану процесінде  бірте-бірте тозады. Тозу – негізгі құралдардың физикалық және моральдық сапасының жоюлуы және  осымен қоса құныныңда жоюлуы.

Физикалық тозу- ол сырт түрі өзгергені, ал моральдық –ол қазіргі талаптарға сай еместігі (ғылыми және техникалық). Бухгалтерлік есеп принциптеріне сәйкес  негізгі құралдардың бастапқы құны пайдалану мерзімінде шектеулі норма есептелер бойынша амортизацияланады.Амортизация кәсіпорынның шығындарында есептеледі (есептелмейді өнім беретін малдарға, кітапхана қорларына, консервацияға салынған негізгі құралдарға).

Амортизация кәсіпорында ай басында  бар негізгі құралдарға есептеледі.Кіріске  алынған негізгі құралдар  келесі айдың бірінен басталып есептеледі, ал шығысқа шығарылған негізгі құралдар  келесі айдан бастап есептеуі  тоқтатылады.

№ 2 ҰҚЕС талаптарына сәйкес амортизацияның 4 әдісі бар:  біркелкі;

                                                             өндірістік;

                                                            жеделдетілген (кумуллятивтік сан);

                                                             азайып отыратын  қалдық әдісі

 бухгалтерлік есебі 2420 шоттың К-де жүргізіледі.

   Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны бірқалыпты (тозу сызықты) есептеу әдісі, яғни объектінің құны, оның қызмет ету мерзімі ішінде өндіріс шығындарына біркелкі норма бойынша жатқызылады. Бұл әдіс негізгі құралдардың тозуына,оның қызмет ету мерзімінің ұзақтығына байланысты болып келеді.

Бұл әдісті пайдалануы тиімді, егер объектінің пайдалануынан түсетін табысты біркелкігіп болжамдағанда. 

Бұл әдісте амротизациялық соманы аудару үшін:

-қызмет етудің пайдалы мерзімі.Бұл  кезде пайдалануға берілген объектінің  жағдайы ескеріледі және күтіп  ұстау жағдайына да байланысты  болып келеді(жөндеу мәселесі  және техникалық жағдайы,ауа райының оған тигізетін әсері т.б.)

-Қазақстан Респупбликасының салық  заңдылықтарының белгіленген амортизациялық  нормасының шегінде.Шаруашылық жүргізуші  субъектісіндегі белгіленген нормалар, салық заңдылығының нормасынан  аспауы тиіс.

Мысалы,жүк автокөлігігің бастапқы құны- 100 000 теңге,5 жыл мерзімі өткеннен кейін оның жойылу құны 10 000 теңгеге тең болады.Мұндай жағдайда жыл сайынғы амортизация нормасы амортизациялаушы құнның  20%-ін құрайды немесе бірқалыпты тәсілге сәйкес 18 000 теңге болады.

Негізгі құралдардың амортизациясының бірқалыпты әдісі мына формула бойынша  есептеледі:

Бастапқы құн –  жойылу құны                100 000 – 10 000

-----------------------------------              =         ---------------------        =18 000 теңге

       Пайдалану мерзімі 5 жыл

 

Осыған сәйкес ай сайынғы амортизация  сомасы 150 мың теңгеге тең болады (18 000 : 12).

Төменде негізгі құралдардың амортизациясын(тозуын) бірқалыпты (түзу сызықты) әдіс бойынша  еспетеу жолы көрсетілген.

              Негізгі құралдардың амортизациясын бірқалыпты әдіс бойынша есептеу

      Мерзімі

    Бастапқы

құны

 Амортизацияның 

жылдық сомасы                    

Жинақталған

тозу сомасы

Қалдық құны

Сатып алынған мерзімі:

1-ші ж/аяғында

2-ші ж/аяғында 

3-ші ж/аяғында

4-ші ж/аяғында

5-ші ж/аяғында 

 

 

    100 000

100 000

100 000

100 000      100 000

     

 

 

 

18 000

18 000

18 000

18 000

18 000

 

 

  

18 000

36 000

54 000

72 000

90 000

 

 

      82 000

64 000

46 000

28 000

10 000




 

 Негізгі құралды пайдалану  барысында бірқалыпты табыс алынатын  болып топшаланса ғана, бірқалыпты  әдіс қолданылады,яғни ол объектінің  пайдалылығының біртіндеп азайғанын  көрсетеді.

  1. Амортизация қайта қаралса : Ғимарат сатып алынды  90.000тг., жою құны 10.000тг., пайдалану мерзімі 40жыл.

    сонда жыл сайын  90000-10000: 40= 2000тг.

   15 жыл пайдаланымда болған  жиналған амортизация 30000тг.құрады. 15 жылдан кейін     кәсіпорынның шаруашылық қызметі өзгеретіндігіне байланысты  пайдалану мерзімімен  жою құнын қайта қарастырды.Пайдалану мерзімін 25 жылға түсірді, сонда енді 10 жыл қалды (25ж.15жылы өтті), ал жою құны 20000тг.болды.Енді осы өзгерістерді ескере отырып  жылдағы амортизация  қалған 10 жылға болады:

                90000тг.-30000тг.- 20000тг. : 10жылға = 4000тг. 

Амортизацияны орындалған жұмыстардың көлеміне пропорционалды түрде есептеу әдісі(өндірістік әдіс) негізгі құралдардың тозуы(амортизациясы) тек олардың пайдалану нәтижесі болып табылады және оны есептеу процесінде уақыт кесіндісі ешқандай роль атқармайды. Бұл әдіс болжамы , әр бір 1 штук (бұйымы )өнімі өзі шыққан объектіні біркелкі мөлшерде амортизациялайды.Активтің тозуы оның жиі пайдалануына байланысты. Жоғарыда айтылып кеткен автокөлік белгілі бір операцияларды (жұмыстарды) орындады делік, ал оның жүретін жолы 900.000 километрге есептелген.Онда әрбір километрге есептелінетін амортизациялық шығындар сомасы төмендегідей жолмен анықталады.

Бастапқы құн – жойылу құны

----------------------------------------------         =   (100 000 – 10 000): 90000 : 900000км =0,10 тг               Орындалған жұмыстың болжамдық мөлшері

Егер пайдаланудың бірінші жылында  автокөлік 200 000 шақырым (км) жол жүрсе, екінші жылы – 300 000 шақырым жол жүрсе, үшінші жылы – 100 000 шақырым, төртінші жылы – 200 000 шақырым және төртінші жылы – 100 000 шақырым жол жүреді деп шамаланса – амортизация жарнасын есептеу төмендегідей жолмен есептелінеді.

Негізгі құралдардың амортизациясын өндірістік тәсіл бойынша есептеу 

 

     Мерзімі

Бастапқы 

құны

амортизацияның 

жылдық сомасы

жылдық амортизация-

ланған 

сомасы

Айға есептелген

амортизация-

ның сомасы

(теңге)

Сатып алынған мерзімі:

1-ші  ж/ая-да

2-ші ж/аяғында 3-ші ж/аяғында 

4-ші ж/аяғында

5-ші ж/аяғында

 

 

100 000

100 00

100 000

100 000

100 000

 

 

200000 х 0,10тг.

300000 х 0,10тг.

100000 х 0,10тг.

200000 х 0,10тг.

100000 х 0,10тг.

 

 

 20000

30000

10000

20000

10000

 

 

1667

2500

  833

2500

   833




 

Бұл кестеде жылдық амортизация  сомасымен орындалған жұмыстың өндіріс  процесінде тікелей пайдалануымен  байланысты екенін көреміз.Жинақталған  тозу сомасы жыл сайын орындалған жұмыстың көлеміне немесе пайдалануға  тікелей  байланысты өсіп отырады,ал қалдық құн жойылу құнына жеткенше орындалған жұмыстың бір өлшем бірлігіне тікелей пропорционал түрде азайып отырады.

Өндірістік әдіс бойынша амортизацияны  есептеу тау-кен өнеркәсібінде қолайлы әдіс болып саналады.Аталған әдісте амортизацияны есептеу тонна мөлшерлемесі бойынша жүргізіледі.Бұл әдіс негізгі құралдарды пайдалану мерзімі ішінде объектін қайтарымы бойынша дұрыс есептелінсе ғана пайдаланады.

  1. Мысалы:

    Жабдықта, техникалық құжаттары бойынша 50 000 шт.бұйым шығаруға болады.  Объектінің құны 270 000 тг., жою құны 3000тг.Сонда , бір шт.бұйымға амортизация (270000-3000) :50 000= 5.34тг.Егер бір ай ішінде 400шт.бұйым шығарылған болса, амортизациясы 5,34х400=2136тг. болады.

Информация о работе «Негізгі құралдар» бөліміне сәйкес