Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 19:20, дипломная работа
Өнім өндірісі және қызмет көрсету процессінде келесі экономикалық ресурстардың түрлерін пайдаланылады: табиғи ресурстар (жер, сулы және тоғайлы, жер қойнауы); еңбек ресурстары (адамдар және олардың қызмет көрсету және тауарларды шығару мүмкіндігі); өндіріс қорлары (өндірістік ғимараттар, құрылыстар, станоктар, тасымал құралдары, материалдар, шикізат, энергия, запас бөлшектер және т.б.), адамдардың кәсіпкерлік қабілеттілігі.
Өндірістің заттанған құралдары кәсіпорын капиталы деп аталады. Капитал өндіріс құралы ретінде өнімді шығаруға қатысатын, бірақ өндіріс процесінде олардың функциясы бойынша ажыратылатын еңбек құралдары және еңбек заттары болып бөлінеді.
Кіріспе_______________________________________ 4
1. Бөлім. Нарықтық жағдайдағы негізгі қорлардың экономикалық мәні және мағынасы
Нарықтық қорлар экономикалық категория ретінде және олардың өндіріс процесінде рөлі.____________________ 8
Негізгі қорлар қозғалысы, жағдайы және бар болу көрсеткіштері._______________________________ 18
Негізгі қорларды бақылау. _______________________ 25
Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы.__________ 27
2 Бөлім. Негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалануды талдау
Кәсіпорын қызметінің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау._____________________________________40
«айгазқұрылыс» ААҚ негізгі қорлар динамикасын және құрылымын талдау.____________________________ 47
Негізгі қорларды тиімді пайдалануды талдау.____________55
Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың көрсеткіштері мен факторларын талдау.___________________________ 58
3 Бөлім. Негізгі қорларды тиімді пайдалануды көтеру
жолдары мен резервтері.
Негізгі қорларды тиімді пайдалануды көтеру резервтері.____ 76
Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалану жолдарын жоғарылату._________________________________ 80
Қорытынды____________________________________92
Пайдаланылған әдебиеттер__________________________96
ΔФОд(Форт.) = Δ 1/ Форт. · Кт1 · Кауыст.1 · Ткүно · tауыст0 · Вr (2.32)
ΔФОд(Форт.) = (1/664,4-1/613,2)·0,697 · 1,97 · 305 · 6,0 · 1,959 = - 0,591
Смена ұзақтығы және жұмыс күндер саны қорқайтарымға әсер етпейді, себебі өзгерусіз қабылданған.
Қозғалыстағы құрал-
1,6419+0,1088+0,0118+0,591 = 1,1715 тенге
Құрал-жабдықтарды ауыстыру және тиеу коэффициенттерін көтеру жұмыс уақытын жоғалтуды – толық күндік және ішкі ауыстырылып қалуын төмендетеді, ал ол құрал-жабдықтардың қорқайтарымының өзгеруіне оң әсерін тигізеді.
Құрал-жабдықтың тиеу коэффициентін көтеру нәтижесінде қорқайтарым 1,5331 (1,6419 – 0,1088) жоғарылады. Бір құрал-жабдықтың орташа құнының өсуі қорқайтарымға теріс әсерін тигізіп тұр. Соңғы фактор құрал-жабдықтың орташа құнының оны қымбаттау, бірақ өнімдірек құрал-жабдықтармен жаңарту және ауыстыру нәтижесіндегі өзгеруін көрсетеді.
Интенсивті тиеу коэффициенті өндірілген өнімнің көлемімен өлшенеді.
Экстенсивті тиеу коэффициенті пайдалы уақыттың календарлыға қатынасын құрал-жабдықтардың бірлік шамасына көбейткенге тең:
Кто = 1158,7/365 · 24 · 26 = 3,439
Кт1 = 2512,8/365 · 24 · 31 = 8,892
Құрал-жабдықтың интегралдық
Кт интегр о = 1,892 · 2,439 = 6,507
Кт интегр 1 = 1,959 · 8,892 = 17,419
Интегральдық көрсеткіштің өсім есебі және ауытқуы №8 кестеде «Құрал-жабдықты өндірістік интегральдық пайдалану көрсеткішінің есебі».
Кесте №8.
Құрал-жабдықтарды интегральды пайдалану көрсеткішінің есебі.
Көрсеткіштер |
Базистік жыл (2000 ж.) |
Есепік жыл (2001 ж.) |
Ауытқу |
Өзгеру темпі |
Құрал-жабдықтарды экстенсивті тиеу коэффициенті |
3,439 |
8,892 |
+5,453 |
2,587 |
Құрал-жабдықтарды интенсивті тиеу коэффициенті |
1,892 |
1,959 |
+0,067 |
1,035 |
Құрал-жабдықтарды интегральды тиеу коэффициенті |
6,507 |
17,419 |
+10,912 |
2,677 |
Есептеулерден көріп отырғанымыздай құрал-жабдықты интегральдық тиеу көрсеткішінің өсуі құрал-жабдықтың экстенсивті жүктемесін көтеру нәтижесінен болып отыр. Интенситві жүктеменің төмендеуі өнім шығаруды көтеру мүмкіндіктерін пайдаланбай отырғанын сипаттайды, қосымша қуаттарды және жаңа капитал салымдарын пайдаланбай-ақ. Бұл коэффициентті өндірістің ұйыдастыру-техникалық деңгейін үйлесімдендіріп, өндірістегі қысқа орындарды жою арқылы көтеруге болады.
Негізгі қорлардың өсуі және олардың сапалы жетілдірілуі көп мөлшерде қол еңбегін автоматқа ауыстыруға, бір жұмысшыға келетін еңбек қорларының салмағы үздіксіз өсуіне алып келеді. Бұл еңбек құрылыс шаруашылығында еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз етеді.
Құрылыс шаруашылығының өндірістік негізгі қорлардың салмағының үздіксіз өсуі күрделі қаржы салымдарын бөлуді және әр түрлі ресурстарды тартуды қажет етеді. Сондықтан да ең басты мақсат бар негізгі қорларды тиімдірек пайдалану болып табылады. Бұл үшін әр бір құрылыс ұйымында негізгі қорлардың пайдалану деңгейін оптимальды бағалау мүмкіндігі болуы қажет, себебі оның қорлардағы қажеттілігін дұрыс анықтап және бар резервтерді тиімдірек қолдануды әшкерелеу қажет. Құрылыс ұйымдарының негізгі қорларын тиімді пайдаланбаудың негізгі себептерінің бірі болып машиндердің едәуір жұмыс уақытын жоғалту болып табылады. Практикада құрылыс ұйымдарының жұмысында ішкі сменалық уақытын жоғалтудың басым бөлігі, ал кейде толық күндік тұрып қалулар документке тіркелмейді және есептемеге түспейді. Сондықтан шаруашылықта қолданылатын техника жайлы нақты мәліметтерді нормативті-іздестіру станциялары жүргізетін көп еңбекті қажет ететін терең зерттеулер арқылы алуға болады.
Толықкүндік жағдайлар барлық машина түрлерімен жұмыс уақыт қорының 20% құрайды, және оның қысқаруы әзірше байқалмайды. Көбінесе бұл жоғалтулардың елеулі себебі машиналардың жөндеуге келуі болып табылады.
Ішкі сменалық уақыттың көп мөлшердегі өнімді емес шығындарға жұмыстары технологиялық транспортпен байланысты машиналарға ие. Ішкі сменалық уақыттың өнімді емес шығындарының негізгі бір белгісі болып транспорттың жоқтығынан тұрып қалулар табылады. Келтірілген құрылыс мөлшендерінің толық күндік уақытты жоғалтуларының мөлшері туралы мәліметтер машидерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету сұрақтарын қоса құрылысты ұйымдастыруды жетілдіру аймағында бірталай резервтердің бар екенін куәландырады.
Бұл қорқайтарым көрсеткіштерінің талдауы негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалануға әр түрлі факторлардың әсер етуін бағалауға мүмкіндік береді. Нақты ұйымдардың негізгі қорларын пайдалану деңгейін объективті бағалау тәсілдерін жасау олардың негізгі қорлардағы қажеттілігін дәйекті анықтау мақсатымен, қорлардың тиімді құрамы мен құрылымын шығару мақсатымен, сонымен қатар құрылымын шығару мақсатымен, олардың резервтерін тиімді пайдалану мақсаты құрылыс шаруашылығы үшін актуальды мәселе болып табылады.
3 Бөлім.
Негізгі қорларды тиімді
жолдары мен резервтері.
3.1. Негізгі қорларды тиімді пайдалануды көтеру резервтері.
Резервтер болып пайдаланбаған,
өндірістік күштердің өнімділігін
көтеретін нақты мүмкіндіктері
саналады. Резервтерді зерттеу олардың
сандық бағасын белгіленген уақыт кезе
Өндіріс процесінде негізгі өндірістік негізгі қорлармен жабдықталған жұмысшылар қатысатын болғандықтан негізгі қорларды иентенсивті пайдаланудың резервінің көпшілік бөлігі біржола еңбек өнімділігінің өсуінің резерві де болып табылады. Бірақ жекеше еңбек өнімділігінің жоғарылауы оның өндіргіш күшінің өсуі негізінде қол еңбегінің бірлігіне де өнімнің бірлігіне де негізгі қорлардың шығынының көтеріліп кетуіне байланысты болуынан олардың арасында толықтай түйісуі жоқ. Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың жоғарылауы дәл осы себептен де, яғни оның өнім бірлігіне шығындарын азайтуы жекеше еңбек өнімділігінің көтерілуіндей өндіріс тиімділігінің жеке көрсеткіштерінің көрінісі ретінде тең қаралады, адекваттығы тек қана олардың арасындағы анықталған қатынасы кезінде қамтамасыз етіледі.
Барлық резервтер олардың құрылу көздеріне байланысты 2 топқа жіктеледі:
● Ғылыми-техникалық прогреспен және шаруашылықты жүргізу артықшылығынан пайда болған әлі де шынайы мүмкіндіктерін пайдаланбаған резервтер.
● Шаруашылық-ұйымдастырушылық қызметін және ресурстарды тиімді пайдалануды жақсартудың мүмкіндіктерімен байланысты резервтер.
Негізгі өндірістік қорларды
тиімді пайдалануды көтерудің
● Құрал-жабдық жұмысының уақыты және қуаты бойынша нақты есебін ұйымдастыру, бұл негізгі номенклатураға кірмейтін өнімді дайындаудың резервтік қауттарын жүктеуді реттеу мүмкіндіктерін береді.
● Оптимальды эксплуатация мерзімін анықтау мақсатында әрбір құрал-жабдық бірлігінің жөндеуге, техникалық қызмет көрсетуге және эксплуатацияға кететін шығындар есебі, бұдан кейін құрал-жабдықтарды әрі қарай пайдалану экономикалық пайдалы емес.
Бұл техниканы пайдалану және оған кәсіпорын жұмысшыларының дұрыс шаруашылық қатынасының даму сұрақтарында қолданылатын адам факторы активизациясының негізгі бағыттары болып табылады. Учаскенің, цехтің нормативті өндірістік қуаттылығы кеернеулі жоспарлы ғимараттарды анықтаудың негізгі болып табылады.
Амортизациялық нормаларды анықтаудың қалыптасқан, бар тәртібі кәсіпорындарға өндірістік қорларын толығымен жаңартуға мүмкіндік бермейді, себебі негізгі қорлар көп жағдайда жұмыс жасау мерзімі аяқталудан бұрын олар моральды тозады. Негізгі қорлардың қайтарымы да олардың қызметінің бірінші жартысында жоғары болады. Сондықтан да негізгі қорлардың тозу есебінің әр түрлі тәсілдерін қолданатын халықаралық практикаға назар аударғанымыз жөн. Және де онда кәсіпорын қалаған тәсілін есептік саясатта бекітіп алуына құқылы.
Сонымен қатар есептік жыл ішінде бұл тәсілдер өзгеріп тұруы мүмкін. Амортизацияның нормативтерін және есептеу тәсілдерін, негізгі қорларды қайта бағалау және индекстеуді жақсарту ұсынылады, амортизациялық аударымдарды мақсатты қолдануға бақылау және экономикалық ынталандыру шараларын енгізу.
Берілген жағдайда жеделдетілген амортизация тәсілін қолдану ұсынылады. Оны артықшылығы мынада:
● Кәсіпорынды моральдық тозумен байланысты жоғалтулардан сақтандырады және мүлтіксіз (жаңа) техниканы енгізуге жағдай жасайды.
● Негізгі қорлардың жаңартуын тездетеді және оларды инфляциядан қорғайды, өнімнің бәсеке қабілеттілігін көтереді және т.б.
Жеделдетілген амортизацияда әртүрлі есептеу әдістері қолданылады, солардың ішінде: амортизациялық аударымдарды екі мәрте төмендететін әдісі (жылдар жиынтық әдісі). Бұларды жеделдетілген амортизация әдістері деп атайды, себебі тозу есебін жеделдетеді, оларды қолданғанда негізгі қорлар объектілерін пайдалану мерзімінің басында амортизациялық аударымдардың көлемі, талданатын кәсіпорында қолданылатын амортизацияны есептеудің бір қалыпты әдісін пайдаланғаннан гөрі көп болады. Бірақ бұл арттыру пайдалану уақыты біткеннен кейін аз аударымдармен компенсацияланады. Пайдалану мерзімі бойы барлық есептелген амортизация көлемі объектің амортизацияланатын құнымен бірдей және тең болады.
Амортизациялық аударымдарды екі мәрте төмендететін немесе регрессивті әдіс кеңінен таралым алды. Ол негізгі капиталдың баланстық қалдық құнынан нақты белгіленген проценттер негізінде амортизациялық аударымдарды анықтайды. Осы арқылы амортизацияны есептеудің бір қалыпты әдісінде қолданылатын максималды мөлшері амортизация мөлшерінен екі рет артады; кемитін баланс әдісі, ол пайдаланудың бірінші жылындағы амортизация нормаларын екі есе өсіруді болжайды, екінші жылы қалдық құннан 20% аударым және т.б.; «сандар жиынтығы» немесе «жылдар жиынтығы» немесе «кумулятивті» әдіс, бұл әдісте амортизация нормасы негізгі капиталдың жұмыс жасау мезгілінің бітуіне қалған жылдан санын (сағатын) бөлу жолымен есептелінеді. Мысалға құрал-жабдықтың жұмыс мезгілі 10 жыл, ол мынаған тең:
10+9+8+7+6+5+4+3+2+1 = 55
бірінші жылы амортизация нормасы:
10/55·100=18,2%;
екінші жылы:
9/55·100=16,4%
үшінші жылы:
8/55·100=14,5%
Регрессия принципі осы әдістердің негізінде жатқан бірінші жылы амортизацияны жоғары мөлшерде есептеуге мүмкіндік береді, ал аяғында оны төмендетеді. Ол 2/3 қорлар құнын жұмыс мезгілінің жартысында амортизациялауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорындарға амортизацияны есептеу әдісін таңдауға дербестік беру ұтымды амортизациялық саясаттың құрамында жәрдем жасайды, ол еңбек өнімділігіне кері әсерін тигізетін көнерген құрал-жабдықтарды сақтауды тоқтатады, екіншіден кәсіпорынның негізгі қорларын жаңартуға ақшалай ресурстардың тез жиналуына ықпал жасайды.
3.2. Кәсіпорынның
негізгі қорларын тиімді
Кәсіпорынның негізгі
Кәсіпорынның техникалық потенциалын тиімді пайдалануды көтерудің негізгі жолдары – бұл өндіріс процесстерінің механизациясы және автоматизациясы, құрал-жабдықтардың тұрып қалуын резервтік қуаттылықтың жүктеуін реттеу жолымен төмендету, негізгі номенклатураға кірмейтін өнім дайындау, құрал-жабдықтардың ауыстыру коэффициентін көтеру техниканы автоматтандырылған басқару жүйесімен жабдықтандыру, ғылыми техникалық прогресс шараларын жүргізу және т.с.с.
Негізгі өндірістік қорлардың құрылымына әсер ететін негізгі факторлар болып төмендегілер табылады:
● шығарылатын өнім сипаты;
● шығарылатын өнім көлемі;
● механизация және автоматизация деңгейі;
● мамандандыру және коопеприрование деңгейі;
● кәсіпорындардың климаттық және географиялық орналасу жағдайлары.
Бірінші фактор ғимараттардың көлеміне және құнына, тасымал құралдарының және жеткізетін құрылғылар үлесіне әсер етеді. Қанша шығарылатын өнім көлемі (екінші фактор) көп болса, сонша құрал-жабдықтардың және арнаулы прогрессивті жұмыс машиндерінің үлес салмағы артады. Қорлардың құрылымына үшінші және төртінші факторлардың әсер етуі дәл осындай сипатта. Климаттық жағдайлардан ғимараттармен құрылыстар үлесу байланысты.
Негізгі қорлардың өндірістік құрылымына концеетрацияның, маманданудың, коопирирлеу және өндірісті біріктірудің дамуы әсер етеді, оған тағы да капиталдық құрылыс әсер етеді. Құрылыстың құнын төмендету арқылы, мысалға өндірістік ғимараттардың, негізгі қорлардың массивті элементі үлесінің жалпы құнын төмендетуге болады және осының арқасында жаңа кәсіпорынның негізгі қорларына салынған шығындардың тиімділігін көтеруге болады.