Кәсіпорынның негізгі қорларын талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 19:20, дипломная работа

Краткое описание

Өнім өндірісі және қызмет көрсету процессінде келесі экономикалық ресурстардың түрлерін пайдаланылады: табиғи ресурстар (жер, сулы және тоғайлы, жер қойнауы); еңбек ресурстары (адамдар және олардың қызмет көрсету және тауарларды шығару мүмкіндігі); өндіріс қорлары (өндірістік ғимараттар, құрылыстар, станоктар, тасымал құралдары, материалдар, шикізат, энергия, запас бөлшектер және т.б.), адамдардың кәсіпкерлік қабілеттілігі.
Өндірістің заттанған құралдары кәсіпорын капиталы деп аталады. Капитал өндіріс құралы ретінде өнімді шығаруға қатысатын, бірақ өндіріс процесінде олардың функциясы бойынша ажыратылатын еңбек құралдары және еңбек заттары болып бөлінеді.

Содержание

Кіріспе_______________________________________ 4

1. Бөлім. Нарықтық жағдайдағы негізгі қорлардың экономикалық мәні және мағынасы
Нарықтық қорлар экономикалық категория ретінде және олардың өндіріс процесінде рөлі.____________________ 8
Негізгі қорлар қозғалысы, жағдайы және бар болу көрсеткіштері._______________________________ 18
Негізгі қорларды бақылау. _______________________ 25
Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы.__________ 27

2 Бөлім. Негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалануды талдау
Кәсіпорын қызметінің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау._____________________________________40
«айгазқұрылыс» ААҚ негізгі қорлар динамикасын және құрылымын талдау.____________________________ 47
Негізгі қорларды тиімді пайдалануды талдау.____________55
Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың көрсеткіштері мен факторларын талдау.___________________________ 58

3 Бөлім. Негізгі қорларды тиімді пайдалануды көтеру
жолдары мен резервтері.

Негізгі қорларды тиімді пайдалануды көтеру резервтері.____ 76
Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалану жолдарын жоғарылату._________________________________ 80

Қорытынды____________________________________92
Пайдаланылған әдебиеттер__________________________96

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Кәсіпорынның-негізгі-қорларын-талдау.doc

— 499.50 Кб (Скачать документ)

Бұны былай  түсіндіруге болады 2001 жылы негізгі  қорлар құрамына толықтырулар енгізілген яғни кәміпорын жаңа негізгі қорлар сатып алған.

Егерде есептік  жылда түскен барлық негізгі қорлар пайдаланымда болмай жаңадан сатып алынған болса, онда енгізу және жаңарту коэффициенттері өзара тең болады.

Енгізу коэффициенті түскен негізгі қорлар құнының (Fn) жыл аяғындағы құнына (Fk) қатынасымен анықталады.

 

Кенгізу = Fn/Fk        (2.10)

Кенгізу 00 = 1090/6740 = 0,0162

Кенгізу 2001 = 17227/83046 = 0,2074

 

Жаңарту коэффициенті (1.4) формуласымен есептелінеді:

Кжаң. = Fn/Fk

Кжаң. 2000 = 1090/67460 = 0,0162

Кжаң. 2001 = 17227/83046 = 0,2074

 

Біздің есептеулерімізде 2001 жылы енгізілген негізгі қорлар пайдаланылған емес жаңадан болғандықтан енгізу және жаңарту коэффициенттері өзара тең болып отыр.

Шығу коэффициенті шыққан негізгі қорлар құнының (Fшығ.) жыл басындағы құнына (Fn) қатынасымен анықталады.

 

Кшығу = Fшығу/Fn      (2.11)

 

Кшығу2000 = 281/66651 = 0,0042

Кшығу2001 = 1641/67460 = 0,0243

 

Ауыстыру коэффициенті:

 

Кауыс. = В/П · 100%      (2.12)

 

мұндағы В - жыл  ішіндегі шыққан негізгі қорлар, мың.т.;

П – бір жыл ішінде түскен негізгі қорлар, мың.т.

   

Кауыс. = 1641/17227· 100% = 9,5%

 

Шыққан қорлардың орнын  алмастыруға бағытталған енгізілген негізгі қорлардың үлесі есептеудің қорытындысы бойынша 9,5% құрады. Бұл коэффициент айтарлықтай жоғары болып отыр, себебі бір жыл ішінде негізгі қорлардың шағын ғана мөлшері шыққан.

Демек, машина және құрал-жабдықтар көлкін кеңейту  коэффициенті келесіндей:

 

Ккең. = 1 – Кауыс. = 1 – 0,095% = 90,5%  (2.13)

 

Бұл  коэффициент 2001 жылы енгізілген жаңа құрал-жабдықтар мөлшері  үлкен дәрежеде екенін көрсетіп отыр.

Алынған есептеулердің нәтижелерін №3 «Мұнайгазқұрылыс»  ААҚ «негізгі қорлардың техникалық жағдайы және қозғалысын талдау» кестесіне кіргізуге болады.

 

Кесте № 3.

 

«Мұнайгазқұрылыс»  ААҚ негізгі қорлар қозғалысы және техникалық жағдайы

 

 

Көрсеткіштер

 

Белгіленуі

Көрсеткіштер деңгейі

2000 ж.

2001 ж.

1. Негізгі қордың бастапқы (баланстық) құны, мың тенге:

а) жыл басына

б) жыл аяғына

 

 

Қб

Қа

 

 

66651

67460

 

 

67460

83046

2. Негізгі қор тозуы:

а) жыл басына

б) жыл аяғына

Т

Тб

Та

 

5063,2

4493

 

4493

5346

3. Есептік жылда негізгі қор түсімі, мың тг.:

а) барлығы

б) соның ішінде енгізілгені

Түсім

 

1090

1090

 

17227

17227

4. Есептік жылда шыққаны,  мың тг.:

Ш

281

1641

5. Тозу коэффициенті:

а) жыл басына

б) жыл аяғына

Ктозу

Ктозу, б.

Ктозу, а.

 

0,76

0,67

 

0,67

0,64

6. Жарамдылық коэффициенті:

а) жыл басына

б) жыл аяғына

Кжармд.

Кжарамд. б.

Кжарамд. а.

 

0,924

0,933

 

0,933

0,936

7. Енгізу коэффициенті

Кенгізу

0,0162

0,2074

8. Жаңарту коэффициенті

Кжаң.

0,162

0,2074

9. Шығу коэффициенті

Кш

0,0042

0,0243

10. Ауыстыру коэффициенті

Кауыст.

0,258

0,095

11. Құрал-жабдықтар паркін  кеңейту коэффициенті

Ккеңейту

0,742

0,905


 

Жоғарыда келтірілген  негізгі өндірістік қорлардың қозғалысы  және техникалық жағдайын талдаудан  біз 2001 жылы «Мұнайгазқұрылыс»  ААҚ көп мөлшерде жаңа негізгі қорлар сатып алынған, ол 17227 мың  тенгені құрады, соның ішінде оның көп бөлігін машиналар, құрал-жабдықтар және көлік құралдары алып отыр. Негізгі қорларды толықтырулар есебінен құрал-жабдықтарды енгізудің есебінен жарамдылығы жоғарылауы байқалады.

«Мұнайгазқұрылыс»  ААҚ негізгі қорларының механикалық жағдайын талдауды қорыта келе тиімді пайдаланудың факторы ретінде негізгі қорлардың техникалық жағдайы ұсынылатын талаптарға сай келеді және еңбек өнімділігін арттыратын, оны тиімді пайдалануға, кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндіктер туғызады.

 

 

 

    1. Негізгі қорларды тиімді пайдалануды талдау.

 

 

Кәсіпорынның  негізгі қорларын және өндірістік қуаттылығын  тиімді пайдалану оның барлық технико-экономикалық көрсеткіштерінің жақсаруына мүмкіндік туғызады, соның ішінде өнім шығаруын көбейтеді, өзіндік құнын, еңбек сыйымдылығын төмендетеді және т.б.

Кәсіпорынның  негізгі қорларын тиімді пайдалануды  талдау өткізудің методикасы оны  қолданудың ең тиімді нұсқауды таңдауға көзделген. Сондықтан талдаудың негізгі ерекшеліктері болып мыналар табылады:

    1. Негізгі қорларды пайдаланудың  нұсқаулық шешімдері; және

2)       перспективаға мақсатталу.

Перспективалық анализ – бұл инвестицияларды талдаудың  негізгі түрі, оған баланста бар  негізгі қорлардың және оларды тиімді қолдануының бағалануы барлық ресурстар түріне қолданылатын технологиялық бағалануға негізделген, ол қайтарымдылық және сыйымдылық көрсеткіштерін есептеуді және талдауды болжайды. Сонымен қатар негізгі қорлардың рентабельділігі және салыстырмалы үнемдеуін бағалау жүргізіледі.

«Мұнайгазқұрылыс»  ААҚ бойынша негізгі қордың қор қайтарымы келесідей:

2000 жылы  ФОо = 56997,8/66735 = 0,854 тенге

2001 жылы  ФО1 = 152617/73855 = 2,066 тенге

2001 жылы пайдаланылған негізгі қорлардың 1 тенгесінен 2,066 тенгеге өнім көріп отырмыз.

Қор қайтарымның  өзгерісін сипаттайтын индекс:

   Iфо = ФО1/ФОо

Iфо = 2,066/0,854 = 2,4 немесе 241%

яғни, қор қайтарымдылық  коэффициенті 2001 жылы 2000 жылмен салыстырғанда 2,4 есе өскен.

Қор қайтарым нәтижелерін салыстырғанда базистік жылға қарағанда есептік жылы қор қайтарым көрсеткіштері айтарлық көтерілген. Қор қайтарым көрсеткішінің 1,212 (2,066 – 0,854) өскенін 2 негізгі фактордың әсерінен деп түсіндіреміз, біріншіден негізгі қорлардың көлемінің өсу есебінен және екіншіден кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларын пайдалануды жақсартудан.

Қор қайтарымның  өсуі дәл қай фактордың есебінен өсетінін анықтау үшін келесі есептемені жүргіземіз. Бұл үшін келесі кестеде  қор қайтарымға және оның өсу қарқынына  әсер ететін негізгі көрсеткіштердің  абсолютті өзгерулерін көрсетеміз.

 

Кесте 4

 

«Қор қайтарым өсімін есептеу үшін бастапқы мәліметтер»

 

Көрсеткіштер

Базистік жыл

Есептік жыл

(2001 жыл)

Абсолютті өзгеріс

мың  тг.

Өсу

коэф.

1. Өнім көлемі, мың  тг.

56997,8

152617

+95619

2,8

2. Негізгі қорлардың  орта жылдық құны

66735

 

73855

+7120

1,107

3. Қорқайтарым, тенге

0,854

2,066

+1,212

2,419

4. Негізгі қорлардың  қорқайтарымы

1,171

0,484

-0,687

0,413


Есептік жылда  өнім көлемі 95619 мың тенгеге өсті, оның ішінде:

    1. Негізгі қорлар көлемінің өсуі есебінен:

ΔQ(Ф) = ФОо1 - Фо)     (2.15)

   ΔQ(Ф) = 0,854 · 7120 = 6080,48 тг.

 

  1.  Негізгі қорларды тиімді қолдану есебінен:

ΔQ(Ф) = (ФО1 - ФОо) · Ф1     (2.16)

ΔQ(Ф) = 1,212 · 73855 = 89512,26 тг.

 

  Осы екі фактордың бірігу әсерінен өндіріс өнімі 95619 мың тг. өседі. Осы жүргізілген есептеулерден көріп отырғанымыздай өндіріс өнімінің өсімі негізгі қорларды пайдалануды жақсартудың есебінен болып отыр. Өнім шығару көлеміне осы 2 фактордың әсер ету арақатынасы өндіріс рентабельділігінің өсуіне шарт болады.

Өнімнің қор  сыйымдылығын былтырғы жылға қарағанда 41%-ке төмендегені негізгі қорлардың салыстырмалы үнемдеу мөлшерінің бар екенін көрсетеді, ол келесіндей анықталады:

 

опф = ОПФ1 - ОПФо    (2.17)

 

мұндағы IBП - өндірістік өнім көлемінің индексі.

 

опф = 73855 – 66735 · 2,8 = 19936 мың тг.

Кәсіпорынның  негізгі қорларын тиімді пайдалануды  терең талдау мақсатымен қорқайтарым  көрсеткіші барлық негізгі қорлар бойынша анықталады.

Сәйкесінше қорқайтарым  формуласындағы жалпы ортажылдық құнын  негізгі қорлардың активті бөлігінің  орташа құнымен алмастырамыз.

ФО@o = 56997,8/16352 = 3,485 тенге

ФО@1 = 152617/23991 = 6,4 тенге

Осы есептеулерден негізгі  қорлардың активті бөлігінің  қорқайтарым көрсеткішінің өсуі байқалады.

Бұл 2001 жылы кәсіпорын  өнім өндірісі процесінде машиналар  және құрал-жабдықтарды аса тиімді пайдалағаны айқындалады.

 

 

2.4. Негізгі  қорларды тиімді пайдаланудың көрсеткіштері мен факторларын талдау.

 

Құрал-жабдықтар –  бұл негізгі қорлардың үлкен  бір активті бөлігі болып табылады. Оның үлес салмағының өсуі прогрессивті тенденция болып саналады. Талдау процесінде өндірістік-өнеркәсіптік негізгі  қорлардың активті бөлігінің ортажылдық құнының үлесін санаумен қатар кәсіпорынның машина және құрал-жабдықтармен мөлшерлі қамтылуы, олардың техникалық деңгейі анықталады.

Кәсіпрынынң өндірістік құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және оны тиімді қолданудың анализін жүргізгенде барлық құрал-жабдықтарды оның өндіріс процесіне қатысуы бойынша мақсатқа сай топтау қажет.

 

 

 


 

 

 


 


 

 


 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сызбанұсқа 2. Өндірістік процесіне қатысуы бойынша құрал-жабдықтардың топталуы.

 

Құрал-жабдықтар сәйкесінше келесі негізгі құраушыларды кірістіреді: нақты бары, орнатылғаны және әрекеттегісі. Нақты құрал-жабдықтарға кәсіпорынның иелігіндегі барлық, қай жерде орналасқанына (цехтарда, складта) және қандай жағдайда екеніне байланыссыз құрал-жабдықтар кіреді. Орнатылған құрал-жабдықтарға жұмысқа дайындалған және жөнделген цехтарда орналасқан, тіпті орнатылған құрал-жабдықтардың бір бөлігі резервте, жоспарлық жөндеуде, концервацияда, модернизациялауда болуы да мүмкін құрал-жабдықтар кіреді. Әрекеттегі құрал-жабдықтар – бұл ұзақтығына байланыссыз есептік кезеңде іс жүзінде жұмыс жасайтын құрал-жабдықтар.

Құрал-жабдықтарды  толық пайдалану мәселесін орнатылмаған әрекетсіз құрал-жабдықтардың санын  минимумге түсіруден қорытындыланады. Осы мақсатпен нақты бар, орнатылған және жұмыс жасайтын құрал-жабдықтардың мөлшерін сипаттайтын шамаларын жақындастыру қажет. «Мұнайгазқұрылыс» ААҚ бойынша құрал-жабдықтар мәліметтері №5 кестеде келтірілген.

Кесте №5.

«Құрал-жабдықтар бойынша мәліметтер».

 

Құрал-жабдықтар

 

Базистік  жыл

 

Есептік жыл

 

Ауытқу

1. Нақты бары, бірлік

59

68

+9

1.1. Орнатылған, бірлік 

41

51

+10

1.1.1. Қозғалыстағы, бірлік 

26

31

+5

1.1.2. Қозғалысқа  түспегендігі,  бірлік

15

11

-4

1.2. Орнатылмағаны,  бірлік

18

17

-1


 

Таблица мәліметтерінен 2001 жылы кәсіпорынның 17 бірлік орнатылмаған құрал-жабдықтар бар екенін көріп отырмыз. Бұл  құрал-жабдықтар 2 жылға тоқтатып қойылған. Есепті жылды базистік жылмен салыстырғанда әрекеттегі құрал-жабдықтар 5 бірлікке көбейген, бұл өндірісте оң мәнге ие. Әрекетте жоқ құрал-жабдықтардың саны бұрын жөндеуде, модернизацияда жатқан құрал-жабдықтарды іске қосу есебінен 4 бірлікке қысқарған.

Қолда бар құрал-жабдықтарды  өндіріске қатыстыру дәрежесі және оны өндірісте қолдануды келесі көрсеткіштер сипаттайды, ол көрсеткіштерді есептеу үшін №5 кесте мәліметтерін пайдаланамыз.

Пайдаланымға  берілген құрал-жабдықтардың үлесі  – бұл орнатылған құрал-жабдықтардың нақты бар құрал-жабдықтарға қатынасымен  анықталады.

2000 ж. = 41/59 = 0,69   2001 ж. = 51/68=0,75

Іс жүзінде жұмыс жасайтын құрал-жабдықтардың үлесі – қозғаалыстағы құрал-жабдықтардың орнатылған құрал-жабдықтарға қатынасымен анықталады:

2000 ж. = 26/41 = 0,63   2001 ж. = 31/51 = 0,61

Паркте бар  құрал-жабдықтардың пайдалану дәрежесі – бұл қозғалыстағы құрал-жабдықтардың нақты бар құрал-жабдықтарға қатынасымен анықталады.

  2000 ж. = 26/59 = 0,44   2001 ж. = 31/68 = 0,46

Бұл есептеулерден көріп отырғанымыздай есептік жылы пайдалануға берілген құрал-жабдықтар үлесі 0,06(0.75 – 0.69) көбейген, бұл орнатылмаған құрал-жабдықтар санының азаюына алып келеді.

Нақты жұмыс  жасайтын құрал-жабдықтардың үлесі 0,02 (0,61–0,63) төмендеген, берілген жағдайда бұл көрсеткіштің төмендеуі құрал-жабдықтардың тозуы және пайдалануға жарамсыздық  себебінен үлкен көлемде құрал-жабдықтардың жұмыстан шығу есебінен болып отыр.

Нақты бар құрал-жабдықтарды  пайдалану дәрежесінің көрсеткіші 0,02 (0,46 – 0,44) өскен, бұл көрсеткіштің өсуі кәсіпорын паркте бар құрал-жабдықтарды тиімді қолданатынын сипаттайды

Бірақ та паркте бар құрал-жабдықтарды пайдалану деңгейінің өсуі құрал-жабдықтардың қайтарымының өсуіне алып келмейді. Материалдық өндіріс сферасында күрделі проблема болып құрал-жабдықтардың толық сменалық және ішкі сменалық тұрып қалуларын қысқарту табылады.

Жұмыс жасап  тұрған құрал-жабдықтарды тиімді арттыру 2 жолмен жүргізіледі: экстенсивті (уақыт бойынша) және интенсивті (қуаттылығы бойынша).

Құрал-жабдықтарды  пайдаланудың экстенсивті жолын  сипаттайтын көрсеткіштер - құрал-жабдықтар  саны, соның ішінде әрекетте жоқ  еңбек құралдарының үлесі, істен шыққан уақыты (машина уақыт), машина және станок паркінің құрылымы.

Құрал-жабдықтарды  интенсивті пайдалану 1 машина/уақытта  өнім шығару көрсеткіштерімен сипатталады, яғни оның өнімділігімен. Құрал-жабдықтарды  экстенсивті пайдалануды талдау оның жұмысының уақыт балансын қарастырумен байланысты, ол келесі уақыт қорларын қосады:

Информация о работе Кәсіпорынның негізгі қорларын талдау