Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 19:20, дипломная работа
Өнім өндірісі және қызмет көрсету процессінде келесі экономикалық ресурстардың түрлерін пайдаланылады: табиғи ресурстар (жер, сулы және тоғайлы, жер қойнауы); еңбек ресурстары (адамдар және олардың қызмет көрсету және тауарларды шығару мүмкіндігі); өндіріс қорлары (өндірістік ғимараттар, құрылыстар, станоктар, тасымал құралдары, материалдар, шикізат, энергия, запас бөлшектер және т.б.), адамдардың кәсіпкерлік қабілеттілігі.
Өндірістің заттанған құралдары кәсіпорын капиталы деп аталады. Капитал өндіріс құралы ретінде өнімді шығаруға қатысатын, бірақ өндіріс процесінде олардың функциясы бойынша ажыратылатын еңбек құралдары және еңбек заттары болып бөлінеді.
Кіріспе_______________________________________ 4
1. Бөлім. Нарықтық жағдайдағы негізгі қорлардың экономикалық мәні және мағынасы
Нарықтық қорлар экономикалық категория ретінде және олардың өндіріс процесінде рөлі.____________________ 8
Негізгі қорлар қозғалысы, жағдайы және бар болу көрсеткіштері._______________________________ 18
Негізгі қорларды бақылау. _______________________ 25
Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы.__________ 27
2 Бөлім. Негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалануды талдау
Кәсіпорын қызметінің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау._____________________________________40
«айгазқұрылыс» ААҚ негізгі қорлар динамикасын және құрылымын талдау.____________________________ 47
Негізгі қорларды тиімді пайдалануды талдау.____________55
Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың көрсеткіштері мен факторларын талдау.___________________________ 58
3 Бөлім. Негізгі қорларды тиімді пайдалануды көтеру
жолдары мен резервтері.
Негізгі қорларды тиімді пайдалануды көтеру резервтері.____ 76
Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалану жолдарын жоғарылату._________________________________ 80
Қорытынды____________________________________92
Пайдаланылған әдебиеттер__________________________96
Осыған байланысты амортизация нормасы мына формула бойынша анықталады:
На = Фп (б) – Фп/Фп · tсл · 100% (1.14)
мұндағы На – жыл ішіндегі амортизация нормасы (%);
Фп (б) – негізгі қорлардың бастапқы құны;
Фп – жойылатын құн;
tсл – негізгі қорлардың жұмыс жасау мерзімі.
Амортизация нормасы негізгі қорлар құнының жылдық процентін өтеумен байланысты. Амортизация нормасы амортизациялық аударымының жылдық мөлшерінің негізгі қорлардың ортажылдық құнына қатынасымен анықталады.
Көпшілік салаларда өндірістің технологиялық ерекшеліктеріне, құрал-жабдықтар жұмысының ауыстырылуына және режиміне, жасалған жұмыстың жүктеме деңгейіне және физикалық көлеміне, сыртқы ортаның шарттарына, географиялық орналасуына (объектілердің) және т.б. факторларға байланысты амортизация нормасы көтерілуі немесе төмендетілуі мүмкін.
Амортизация нормалары экономикалық оқшауланған және негізгі қорларды уақытында төлеуге бағытталуы қажет. Оларды есептегенде негізгі қорлардың экономикалық лайықты жұмыс жасау уақытын келесі факторлардың есебімен дұрыс анықтау маңызды болып табылады: моральдық тозуы (бірінші және екінші түрі); техникалық қайта құралдануының перспективалық жоспары; құрал-жабдық балансы; модернизация мүмкіндіктері және капиталдық жөндеу. Амортизация деңгейі капитал салымдарының және жаңа техниканың тиімді вариантын таңдауда маңызды роль ойнайды.
Бухгалтерлік есептің 6 стандартына сәйкес амортизацияны есептеу үшін келесі әдістер қолданылады:
б) сандардың сомасы бойынша құнды тізімнен шығару (комулятивтік әдіс).
Бірқалыпты құнды тізімнен шығару әдісі – объектінің амортизацияланатын құнын ай сайын тең сомада тізімнен шығару. Бұл әдіс негізгі қорлардың объектісін пайдаланудан түскен пайда оны пайдалану уақытының әр кезеңінде бірдей деп болжаған кезде қолданылады, яғни объектінің қалатын пайдалылығы бірқалыпты болады.
Өндірістік әдіс амортизациялық аударымдар тек қана объектіні пайдалану мерзімен анықталады, яғни амортизация сомасының және өндірістік қуаттылықтың арасында тікелей байланыс бар. Бұл кезде амортизацияны анықтау үшін жұмыс жасау мезгілі ескерілмейді. Өндірістік қауттылық өнім шығару бірлігімен, экпслуатация сағатымен, жүріс бірлігімен және т.б. берілуі мүмкін. Активтің қалдық құны жойылу құнына жеткенше өндіріс қуаттылығына тіке пропорционалды жыл сайын төмендей береді. Бұл әдіс эксплуатация уақыты техникалық көрсеткіштерге немесе субъекттің шаруашылық қызметінде өзгерулермен шектеулі болған кезде қолайлы.
Өндірістік әдісті таңдауда объектінің өндірістік қуаттылығын пайдаланудан байланысты амортизацияның ауытқу көлемі жылдан жылға амортизацияның өзгеретін тенденциялар туралы нақты анықтамалар бермейтінін және өзіндік құнды және қаржылық жағдайын анықтауда тікелей әсерін тигізетінін ескеру қажет.
Технологияны жетілдіру жағдайында құрал-жабдықтар моральды тез тозады. Сондықтан қаржылық шарттарды құру мақсатында өндіріске ғылыми техникалық жетістіктерді енгізуді тездету үшін және негізгі қорларды жаңартуда мүдделігін көтеру үшін субъектілер амортизацияның жеделтілген есептеу әдісін қолдануларына болады:
а) сандардың сомасы бойынша құнды тізімнен шығару әдісі (кумулятивті);
б) кішірейетін қалдық әдісі.
Сандардың сомасы бойынша құнда тізімнен шығару әдісі есептік коэффициентін анықтаудан тұрады, коэффициент бөлімі пайдалы жұмыс істеу жылдарының сомасына тең, ал алымы кері қатардағы қызмет мезгілінің қалған жыл мөлшерінен тұрады. Бұл коэффициент әр түрлі эксплуатация мезгілінде әр түрлі, бірақ амортизацияланатын құнның тұрақты мөлшеріне қолданылады. Бұл әдісті қолданғанда бірінші жылдары амортизациялық аударымдар сомасы келесі жылдарға қарағанда айтарлықтай жоғары болады.
Кішірейетін қалдық әдісі амортизацияны есептеу бастапқы құнмен емес баланстық құнмен жүргізуден тұрады. Тіке сызықты әдісте амортизация нормасы екі еселенеді. Бұл кезде амортизация сомасы жылдан-жылға төмендейді, алғашқы жылдары ол айтарлықтай көп болады. Амортизацияны есептеген кезде қалдық құнды жойылу құнына дейін төмендету үшін пайдаланатын амортизация сомасы мөлшерімен шектелетін соңғы жылды қоспағандағы жоспарланатын жойылу құны амортизацияны есептеген кезде ескерілмейді.
Бекітілген орнатылған тәртіптегі сәйкескен инвентарьлы объектінің амортизация нормасы өскен кезде кәсіпорынның жеделдетілген амортизациясын есептеу бірқалыпты әдіс базасында жүргізеді.
Соңғы жылдары дамыған елдерде машиндердің құнын тез тізімнен шығарудан жаңа әдісі – амортизацияның регрессивті және прогрессивті әдістер комбинациясы қолданылады.
Негізгі қорлардың инвентаризациясы.
Бухгалтерлік есептің және қаржылық есептеменің мәліметтерінің нақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, сәйкесінше СБУ 24 «Бухгалтерлік жұмысты ұйымдастыру» және оған методикалық кепілдемелерімен жылына бір рет шаруашылық субъект түлігінің және қаржы міндеттемелерінің инвентаризациясын жүргізеді.
Инвентаризация – бұл мүліктің және міндеттемелердің нақты барлығын бухгалтерлік есеп мәліметтерінен сәйкестігін тексеру.
Есептік жылдағы инвентаризация мөлшері, оларды жүргізу уақыты, мүлік тізімін шаруашылық субъектімен орнатылады, мына жағдайларда инвентаризацияны жүргізу міндетті болып саналады.
● жылдық бухгалтерлік есепті құрастырудан бұрын, есептік жылдың 1 ноябірінен кейін;
● кәсіпорын мүлігін арендаға, сатуға, сатып алуға берерде, сонымен қатар шаруашылық объектінің өзгерісінде;
● материалды жауапты адамдарды уаыстырғанда;
● ұрлық немесе қиянат, сонымен қатар құндылықтарды бүлдіру фактілері анықталғанда тез арада жүргізеді ;
● жойылу балансын құрудан бұрын субъектінің жойылуы кезінде;
● экстремальды жағдайлардан болған өрт немесе апаттардан кейін тез арада жүргізеді;
● субъекттің есептік саясатпен анықталған мезгілінде негізгі қорларды қайта бағалау кезінде және басқа да Қазақстан Республикасы заңдарында қарастырылған кезде.
Инвентаризацияны жүргізу үшін инвентаризациондық комиссия шаруашылық субъектінің жұмысшылары ішінен құрылады, оған бухгалтерия өкілі міндетті түрде қатысуы қажет, оның құрамы басшымен бекітіледі.
Комиссия міндетті түрде объектілерді тексереді және «Негізгі қорлардың мүлікті түгендеу жазбаларына» оның толық атауын, арнауын, инвентарлық номірлерін және негізгі техникалық және эксплуатициондық көрсеткіштерін енгізеді. Эксплуатацияға жарамайтын және қайта жөндеуге жатпайтын негізгі қорлар инвентаризационды (мүлікті түгендеу) тізімге кірмейді.
Негізгі қорларды жалға беру түрлері.
Аренда – бұл аренда берушінің аренда алушыға келісім шарт негізінде анықталған бағаға мүлікті уақытша пайдалануға және иеленуге беруі. Келісім шарт әр жақтық қарым қатынастар жүйесін, нақты құқықтарын және келісім шартқа әр бір қатысушының міндеттемелерді орындалуының өзара жауапкершілігін анықтайды.
Аренда келісім
шартының заты – аренда берушінің
меншігі болып табылатын
Халықаралық тәжірибеде аренданың үш түрін ажыратады:
Ұзақ мерзімді аренда (лизинг) – бұл 3 жылдан жоғары мерзімге мүлікті арендаға беру. Ұзақ мерзімді лизинг жәй және қаржылық (қаржыланатын аренда) болып бөлінеді.
Жәй лизинг аренда берушіге мүлікті аренда келісім шартының уақыты біткенде қайтаруын қарастырады.
Қаржылық лизинг – бұл аренданы ұзақ мерзімді несиелуі формасы. Көбінесе арендаға берілген мүліктің аренда уақыты біткеннен кейінгі сатып алу құқықсыз мүлікті жалға беру. Аренда мерзімі бір жылға дейін.
Экономикалық жағдайларға байланысты аренда: ағымда және қаржыланатын аренда болып бөлінеді. СБУ 17 «Аренда есебі» сәйкес ағымды арендаға қаржы алатыннан басқасының барлығы жатады.
Қазақстан Республикасының «Бюджетке салықтар және басқа да төлемдер туралы» заңды күші бар жарлығына сәйкес аренда және жерді пайдалану және иемдену құнын сату немесе ғимараттарды сату және арендаға беру қосылған құнға салынатын салықтан босатылады.
Пайдалану құнымен байланысты тәуекел және сыйақылар егерде айтарлықтай мөлшерде арендаторға берілетін болса, және келесі шарттардың біреуі болса да орындалса аренда қаржылық болып табылады:
● аренда алушыға жалға берілетін мүлікті аренда уақыттық басында анықталатын қойылған баға бойынша сатып алу құқына иелі.
● аренда уақыты жалға берілетін мүліктің жаратымды пайдаланудың 80% мезгілінен асады.
● аренда мезгілінің ішінде арендалық төлемдердің дисконталған құны ағымды құнынң 90% асады.
Аренда алушының арендаға алатын мүлігі актив есебінде бухгалтерлік есепте есептеледі.
Арендалық төлемдер төмендегілерден тұрады:
Аренда берушінің жалға берілетін мүлігі бухгалтерлік есепте аренданың таза капитал салымдарына тең дебиторлық қарызды болып есептеледі. Табыс бөлігінде арендалық төлемдер әрбір есептік аренда берушімен арендаға капитал салымдары ретіндегі табыс болып есептелінеді.
Бөлім 2. Негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалануды талдау.
2.1. Кәсіпорын қызметінің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау.
Қазақстан Республикасының
құрылыс фирмасы «
«Мұнайгазқұрылыс» ААҚ-ның құрылымдары өздерінің құрылған кезеңінен бастап Маңғыстау облысының мұнай кен орындарының (Өзен, Жетібай, Қаражанбас, Қаламқас) және газ (Теңге, Батыс Теңге, Тасболат, Оңтүстік Жетібай) кен орындарының кешенді өнеркәсіптік жайластыру бойынша құрылыс-құрастыру жұмыстарын орындады; Қаламқас, Жетібай, Өзен және Таушық кен орындарында қосалқы резервуарлар паркі бар, 4 мұнай айдау стансасы, 2 газ айдау стансасы (Сай-Өтес, Өзен) құрылыстарын жүзеге асырды, электр желісі жүйесін және мұнай құбыры торабын салуға қатынасты, одан басқа да сутехникалық құрылыстар тұрғызды.
Оның ішінде Қаражанбас кен орнында кірме дамбасы бар сутартқы, Бозашы түбегіндегі мұнай кен орындарын Каспий теңізінің тасқынынан қорғайтын бөгет, сонымен қатар Қаламқас кен орнының сортаң жерлерінде бұрғылау жұмыстарын жүргізуге бейімдеп сорықтыру жұмыстарын атқарды.
«Мұнайгазқұрылыс» Компаниясының құрамындағы құрылыс мекемелері Теңгіз кен орнын жайластыруды бірінші бастап, Каспий маңайы аймағының барлық жұмыстарын жүргізді. Барлығы 10 мың шақырымнан астам құбырлар, 720 шақырымға жуық электр жүйесі желілерін тартты. Сонымен қатар Компания қала салу жұмыстарымен де айналысты: құрылысшылар күшімен шөл далада мұнайшылар қаласы Жаңа Өзен салынды.
Соңғы кездерде «Мұнайгазқұрылыс» ААҚ Маңғыстау және Атырау облыс отарында қайта қалыптастыру және мұнай сақтайтын қосалқы парктерді ауыстыру жобаларын жүргізу үстінде жәнеде Маңғыстау облысындағы жаңа кен орын: Доңға, Сотүстік Бозашыларды жайластыруда. 1997-1998 жылдары «Мұнайгазқұрылыс» ААҚ – ауа райының қолайсыздығына қарамастан мемлекетіміздің аса қажетті деп табылатын объектісі Каспий теңізінің Қайдақ шығанағындағы «Сай-Өтес - Бозашы» ұзындығы 16 шақырым, шеңберінің орталық тартымдылығы 530 мм. Су асты құбырын ойдағыдай салып бітіріп, Бозашы түбегіндегі мұнай кен орындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін толық шешті.
«Мұнайгазқұрылыс» ААҚ сонымен қатар машиндермен механизмдерді пайдалануға береді; автокөлікпен жүк тасу, құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету және де өндірістік байланыс қызметін көрсетеді.
«Мұнайгазқұрылыс» ААҚ негізгі іс тапсырушылары болып өз облысымыздың мұнай өндіретін мекемелері: «Маңғыстаумұнайгаз» ААҚ, «Қаражанбас» АҚ, НКТН «КазТрансОйл», соңғы кездерде Маңғыстау облысындағы жаңа мұнай газ кен орындарын игеріп жатқан шетелдік фирмалар «Тексако Норс Бузачи, Инк.», «Оман Ойл Компани Лтд.» және басқалар.
«Мұнайгазқұрылыс» ААҚ өз құрамында жалпықұрылыс жұмыстарын және құрылысты механизациялау жұмыстарын жүргізетін, барлық жұмыс бабына қажетті өндірістік алаңдары, техникасы және жабдықтары сай құрылымдары бар және де радиотелефондарға қызмет көрсететін базалық жабдығы 8 каналды системалы өндірістік байланыс цехы бар.
«Мұнайгазқұрылыс» ААҚ кәсіпқой және мақсатшыл адамдар жұмыс жасайды. Қоғам басшысының саясаты жақсы маман кадрлармен іскер жұмысшыларды іріктеу.
«Мұнайгазқұрылыс» ААҚ құрылыс және құрастыру жұмыстарын іс тапсырушыларға өз күштерімен жүргізіп қоймай, арнайы мамандырылған мекемелерге жасатады және де осы мекемелердің атынан тендерге, тіпті келісім-шартпен де отыра алатын экслюзивтік құқығы бар. Осы мекемелердің барлығының Маңғыстау аймағының құрылыс саласында маңызды жұмыс тәжірибесі бар.