Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2015 в 13:07, реферат
Аудитор жұмысын дұрыс жоспарлау аудиттің маңызды саласына қажетті көңіл бөлуге, проблемаларды анықтау және жұмысты уақытында аяқтауға көмектеседі. Сонымен қатар жоспарлау аудитор ассистенттері орындайтын жұмысты үйлестіруге көмектеседі.
Аудитор бұл аудитті тиімді бір мезгілді елеулі кезеңдердің байқалмай қалу қаупін төмендетуге мүмкіндік беретін процесс.
Кіріспе ---------------------------------------------------------------------------------------4
1.Аудиттің постулаттары, стандарттары және нормалары -----------------------6
1.1 Аудиттің мәні мен мазмұны --------------------------------------------------------
1.2 Аудиттің қызметтің жалпы қабылданған стандарттары-------------------------1.3 Халықаралық аудит стандарттарының сипаттамасы ------------------13
2. ХАС сәйкес аудитті жоспарлау--------------------------------------------------------
2.1 Аудитті жоспарлау мақсаттары мен принциптері -------------------------------
2.2 Маңыздылық пен аудиторлық тәуекелдікті бағалау -----------------------------
2.3 Аудиттің жалпы жоспарлы мен бағдарламасын даярлау ----------------------
Қорытынды --------------------------------------------------------------------------------47
Пайдаланылған әдебиеттер -------------------------------------------------------------49
Алдын ала жоспарлау. Алдын ала жоспарлау сатысы
келесі аудиторлық қызмет жағдайларынан
тұрады:
- клиентті таңдау және аудит атқарғаны
туралы шешім қабылдау;
- аудит жүргізу үшін персонал таңдау;
- жқмыс талаптарымен келісу;
- аудит жүргізуге клиенпен келісім- шарт
жасау.
Клиентті таңдау аудит атқарғаны туралы
шешім қабылдау. Аудиторлық ұйым қажет
деп таныған клиенттермен ынтымақтасу
міндетті емес, қызмет көрсетуді жалғастыру,
егер өзара қатынасты қажет етпесе. Ұйым
саясаты жаңа клиенттерді таңдауға байланысты
мынандай элементтерді қамтиды:
- болжалды клиенттің репутациясын бағалау,
оның қаржылық жағдайының мықтылығын
және бұрынғы аудиторлық ұйыммен қарым-қатынасы;
- мүмкін болатын клиентке деген аудиторлық
ұйымның тәуелсіз бағасы.
Клиенттер мен қарым-қатынасын жалғастыру
туралы сұрақтары кезеңімен құрастырылады
(мысалы, жыл сайын) немес пайда болған
ерекше жағдайларда. Тексеру басталу туралы
шешім қабылдағаннан кейін оны жүргізу
мақсаты мен ауқымы анықталады. Көпшілік
аудиторлық фирмалар өзінің тексеріс
жоспарының ішкі құрастырады, клиенттің
өзгешелік саласына бейімділігі. Аудиторлық
ұйымның ішкі фирмалық стандарты негізінде
клиентпен танысуы жоспарлау бланкінде
көрсетілу керек.
2.1 Аудитті жоспарлау мақсаттары мен принциптері
Аудитті жоспарлаудың мақсаты. Аудиттің 300 халықаралық стандартының
«жоспарлау» көрсетілген, жоспарлаудың
негізгі мақсаты - тиімді аудит жүргізуді
қамтамасыз ету. Жоспарлауға байланысты
жұмыстар аудиторға аудиттің қажетті
аудандарына көңіл аударуына көмек береді,
потенциалды проблемеларды табу мен бастаған
жұмысты уақытында аяқтау. Сонымен қатар,
тапсырысты аудитор, асистенттер арасында
ұтымды бөлумен эксперттердің атқаратын
жұмысын үлестіру. Аудиторға кәсіби жауапкершілікті
өзіне алу үшін тексеріс жүргізуге қажетті
жеткілікті дәлелдемелер жинау керек.
Сонымен қатар, дәлелдемелер құны минималды
болу керек. Бұл жоспарлану жұмыстарына
байланысты болады. Сондықтан әрбір тексеріс
үшін аудитор жоспар құру керек, оның мақсаты:
- аудиторлық шаралардың қажетті көлемін
анықтау;
- тексеріс жүргізу шараларын бағалау;
- аудит жүргізудің сапасын қамтамасыз
ету болып табылады.
Аудитті жоспарлаудың қағидалары. Аудит
жоспары аудит жүргізудің жалпы қағидалары
негізінде жасалады, сонымен қағидалар
арқылы:
- кешенді жоспарлау
- үздіксіз жоспарлау
- оңтайлы жоспарлау;
Аудиттің кешенді жоспарлау қағидаты
жоспарланудың барлық сатылары арасындағы
өзара байланысы мен келісімділігін қамтамасыз
етеді, яғни аудиттің алдын – ала жоспарланудан,
жалпы жоспар мен бағдарлама жасалуына
дейін қамтамасыз етеді.
Аудиттің үздіксіз жоспарлау қағидаты аудиторлар
тобына арналған есеп қисаптарын анықтайды
және жоспарлану сатыларын бөліп тарату
мерзімі бойынша және құрылымдық бөлімдер
арасындағы байланысын қарастырады.
Аудиттің оңтайлы жоспарлау қағидаты
жоспарланудың нұсқаулығын қамтамасыз
етеді, критерийлер негізінде аудиттің
жалпы жоспары мен бағдарламасы үшін оңтайлы
нұсқаны таңдап алуына мүмкіндік береді.
Оның аудиторлық ұйым анықтайды.
Аудиттық жоспарлаудың сатысы
Аудитті жоспарлау сатысы. Жоспарлау
- аудит жүргізуді мейлінше парасатты атқаруға мүмкіндік
беретін шара және сондай-ақ тәуелділікті
төмендетеьін маңызды жағдайлардың айқындалмауы.
Жоспарлау - аудиторлық іс-шаралар тізімінің
жай ғана механикалық құрастырылымы емес,
кез келген тексеріс жүргізу шараларында
қайталынып келіп отырады. Әрбір клиент
жеке жоспарлау кезінде ескеру қажет.
Аудиторлар өз жұмысын тексеріс жасаймын
деп отырған ұйымның қызметімен танысудан
бастау керек. Ол үшін оны ұйымдастыру
құжаттарын зерттеу, қызмет түрі мен оған
деген лицензиясы, есеп саясаты және т.б.
Басқарушылар мен үйым мамандарымен ынтымақтасу
кезінде қаржылық есептілік көрсеткіштерін
анықтау керек, клиент қызметінің ауқымын
байқау үшін қажет. Тек қана қайта зерттеу
нәтижесінде ұйымның алдағы уақыт жұмыстарының
үлгілі көлемі мен еңбек сыйымдылығын
анықтауға болады, сонымен қатар аудит
ұзақтығын. Сәйкесінше жұмыс көлемі, оның
қиыншылықтары мен ұзақтығынан аудит
жүргізу құны анықталады.
Жоспарлау шараларын сатылар бойынша
көрсетуге болады;
Алдын – ала жоспарлау
Клиент туралы жалпы мәліметтер жинау
Аудиторлық тәуекелділіг мен маңыздылығын бағалау
Ішкі бақылау жұмысын бағалау
Аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын құру
Жоспарлау аудитті өткізудің бастапқы кезіңі болып табылады.Ол өзіне аудиторлық ұйымның күтілетін аудитті өткізу көлемі, графигі мен мерзімдері көрсететін жалпы жоспарын даярлаумен, сонымен қатар аудиторлық ұйым ұйымның бухгалтерлік есептілігі туралы объективті және негізделген пікір қалыптастыруға қажетті аудиторлық процедураларды жүзеге асыру көлемін, түрін анықтайтын аудиторлық бағдарламаны даярлауды қосады.
Бұл курстық жұмыс аудиторлық тексеру кезіндегі жоспарлауға, оның кезеңдеріне, оған әсер ететін тәуекел мен ішкі бақылау жүйесін бағалауға және аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламаны даярлау ерекшеліктеріне арналған.
Жоспарлау – бұл аудитті тиімді орындауға және бір мезгілде елеулі кезеңдерінің байқалмай қалу қаупін төмендетуге мүмкіндік беретін процесс.
Аудиторлық жоспарлауды 300 «Жоспарлау» деп аталатын Халықаралық аудиттің стандарттары реттейді.
Аудитор өзінің қызметін негізгі үш себептер бойынша жоспарлау керек: бұл оған
клиент туралы жеткілікті мәліметтер жинау мүкіндігін береді;
аудитке кеткен шығындарды шектеулі түрде ұстап қалуға көмектеседі;
клиентпен белгілі-бір түсініспеушіліктен сақтап қалуға көмектеседі.
Аудитор тексеруді басталмас бұрын, алдын ала жоспарлауды өткізеді. Онда ол клиент туралы жалпы ақпаратты жинайды, аудитті орындау үшін персонал таңдайды және жұмыс жағдайлармен келіседі. Кейін аудиторлық ұйымдар немесе жеке аудиторлар жоспарлау кезінде жалпы аудиторлық тәуекел мен ішкі бақылау жүйесін бағалау керек. Соңында аудитораудиттің жалпы жоспарын мен бағдарламасын даярлауға кіріседі. Өйткені аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасы қорытынды шығаруға қажетті фактілі материал болып табылады, сонымен қатар экономикалық субъектінің бухгалтерлік есептілігі туралы аудитордың объективті пікір қалыптасуына негіз болып табылады.
Аудиторлық ұйымдар немесе жеке аудиторлар аудиторлық тексеруді жоспарлау процессін дұрыс ұйымдастыру, тәуекелді және ішкі бақылауды бағалау, аудиттің жалпы жоспарын және бағдарламасын құру мен даярлау тәртібін қарастыру және оны жетілдіру мәселелермен кездеседі.
Осы аталған мәселелердің барлығы таңдалған курстық жұмыс тақырыбының өзектігін білдіреді.
2.1
Маңыздылық
аудиттің негізгі
ұғымдарының бірі болып табылады. Халықаралық
аудиторлық тәжірибеде маңыздылықты анықтаудың
тәртібі 320- шы аудиттегі маңыздылық стандартымен
реттеледі. Маңыздылық деңгейі болып бухгалтерлік
есептегі қателіктердің шекті шамасы
түсіндіріледі. Бұл шамадан басқа есепті
білікті пайдаланушы үшін дұрыс тұжырым
жасауға және дұрыс экономикалық шешім
қабылдауға негіз етіп алуды тоқтату ықтималдылығы
жоғары болады. Аудиторлық маңыздылық
тұжырымдамасын келесілерге негіз ретінде
пайдаланады: Ерекше назар аударуын талап
ететін маңызды типтік емес және қатесі
бар баптармен шоттарды анықтаған кезде
тексеруді жоспарлауға негіз ретінде
Жиналған аудиторлық дәлелдерді бағалауға
негіз ретінде Аудиторлық есептің типі
туралы шешімдер қабылдау үшін негіз ретінде
пайдаланады. Маңыздылық абсалюттік сондай-ақ
салыстырмалы шама ретінде анықталады.
Маңыздылық абсалюттік шекарасын белгілеу
өте сирек пайдаланады. Базалық көрсеткіштерден
салыстырмалық шамадағы процентпен немесе
үлеспен белгілеген маңыздылықты анықтау
іс жүзінде неғұрлым кең тараған болып
табылады. Маңыздылық өлшемдері тұтастай
есепке сондай-ақ бухгалтерлік баланстың
елеулі бағыттарына қатысты анықталады.
Тексеру үшін елеулі және маңызды бағыттарды
анықтау аудитті жүргізудің іріктемелі
тәсілінен шығарылады. Есепті кезеңнің
ішінде бүхгалтерлік есептің бүкіл шоттарына
тексеру жүргізу мүмкін емес. Баланстың
маңызды баптарын анықтаған кезде сандық
және сапалық көрсеткіштер назарға алынады.
Қаржылық ақпараттың маңыздылығы бұл
пайдаланушының экономикалық шешіміне
әсер етуге қабілетті ақпараттардың сандық
мөлшері мен әсері. Аудит барысында аудитор
маңыздылықты 2 тұрғыдан қарастыра отырып
шешім қабылдаған дұрыс: Сандық - Сапалық
Маңыздылықтың сапалығы - бұл тексеру
барысында анықталған ауытқулардың Қазақстан
Республикасындағы әрекет етуші нормативтік
актілер тарапынан мекемелердің анықталған
ауытқулардың сипаттамасы туралы аудитордың
кәсіби пікірі. Маңыздылықтың сандық жағы
- бұл маңыздылықтық белгілеген деңгейіне
анықталған ауытқулар соммаларын және
басқа да ауытқулар бағасының асып түсуі.
Маңыздылық деңгейі дегеніміз бұл пайдаланушыға
негізделген экономикалық шешім мен дұрыс
қорытынды жасауға мүмкіндік бере алмайтын
қаржылық есеп берудегі сандық өлшемі
мен шектік мәні. Әлемдік аудиторлық тәжірибеде
баланс баптарындағы 5-10% шеңберіндегі
ауытқуға алып келетін қателіктер маңызды
болып саналмайды. Дегенмен халықаралық
стандарттарда, Қазақстандық стандарттарда
қателіктердің маңыздылығына сандық талап
нормативтік түрде бекітілмеген. Әрекет
етуші тәжірибеге сай әрбір ұйым мен аудитор
маңыздылық деңгейін өз тәжірибесі мен
кәсиби пікіріне сай бекітеді. Бұл маңыздылық
деңгейін бағалау фирма ішілік стандартарда
тіркелу қажет. Маңыздылық деңгейін анықтау
әдістемесі 2 бөлімнен тұрады: маңыздылық
деңгейі бекілетін қаржылық есеп берудің
базалық көрсеткіштерін талдау таңдаған
базалық көрсеткіштерге маңыздылық дейгейін
бекіту
Тәуекелділік ұғымы
кәсіпорын ресурстарының бір бөлігін
жоғалту ықтималдылығы.
Нарықтық экономикасы
дамыған елдердің тәжірибесі бизнестің
тәуекелсіз болмайтынын көрсетеді.
Тәуекелді өзін-өзі
сақтандыру есебінен және хеджиралау
жолымен тәуекелдің бөліктерін басқа
фирмаларға беру арқылы азайтуға болады.
Шет елдерде тәуекелді
азайтудың кең тараған тәсілі – хеджиралау
(аудармасы – жоғалтулардан сақтау).
Кәсіпкерлік тәуекел
– бұл бизнестің түріне байланысты компания
қызметінің тәуекелі. Олардың негізгі
түрлеріне: коммерциялық тәуекел, қаржылық
және өндірістік тәуекелдер жатады.
Өндірістік тәуекел
– бұл өнім өндіру мен қызмет көрсетумен,
басқа да түрлі өндіріс қызметін жүзеге
асырумен байланысты тәуекел.
Коммерциялық тәуекел
- кәсіпкер өндірген немесе сатып алған
тауарлармен қызметтерді өткізу процесінде
пайда болады.
Қаржылық тәуекел –
кәсіпорынның банктермен және басқа да
қаржы институттарымен қарым — қатынасы
барысында пайда болатын тәуекел түрі.
Жалпы тәуекелді талдау
кезінде тәуекел аймағы ұғымын пайдалану
маңызды. Нарықтық экономика жағдайында
кез келген кәсіпорын қызметінің 5 негізгі
тәуекел аймағын белгілеуге болады.
1. Тәуекелсіз аймақ.
Бұл кезде кәсіпорын кем дегенде есепті
табыс алады.
2. Аз тәуекелді аймақ.
Бұл кезеңде кәсіпорын таза табысының
бір бөлігін жоғалту ықтималдылығы болады.
3. Жоғары тәуекелді
аймақ. Мұнда кәсіпорын нашар болған жағдайда
барлық шығындарын жабады. Ал жақсы болған
жағдайда есепті деңгейден төмен табыс
алады.
4. Қауіпті тәуекелді
аймақ. Мұнда өнімді өткізуден түскен
табысты жоғалту ықтималдылығы болады.
5. Жарамайтын тәуекелді
аймақ. Мұнда кәсіпорын банкротқа ұшырайды.
Сонымен тәуекелділік
дәрежесіне әсер ететін барлық факторларды
объективті және субъективті деп бөлуге
болады.
Объективті себептерге:
• инфляция;
• бәсеке;
• саяси және экономикалық
дағдарыстар;
• кедендік салықтар
жатады.
Субъективті факторларға:
• кадрлық құрылым;
• шаруашылық байланыстар;
• қаржылық жағдай
жатады.
2.2
Кез
келген қызметте тәуекелдік болады. Экономикалық
субъект үшін тәуекелдік — бұл нарық конъюктурасының
өзгеруі (мысалы, тұтынушылардың өзгерген
талғамы), серіктестер тарапынан тәртіп
бұзушылық, сыртқы факторлар әрекеті.
Аудиторлық тәуекелдік кәсіпорынның
қаржылық есеп беруіне қатысты дұрыс емес
пікірдің қалыптасуында болып табылады.
Аудитті жүргізудің жалпы қабылданған
әдістері, пайдаланушының күтуі және бизнесті
жүргізу практикасы аудитордың процедураны
"қаржылық есеп беру бойынша пікірі
шындыққа сәйкес келмейді" деген минималды
тәуекелмен білдіретіндей жоспарлауы
мен орындауын талап етеді. Аудиторлық
тексеру кезінде айтылған пікір пайдаланушы
үшін кәсіби стандарт сақталады, елеулі
мәліметтер жинақталды және осы пікірді
дәлелдеу үшін бағаланды дегенді білдіреді.
Егер аудитор өзі үшін аудиторлық тәуекелдіктің
кіші деңгейін анықтаса, бұл оның қаржылық
есеп беруде елеулі қателіктер жоқ деген
үлкен сенімділікке ұмтылатындығын көрсетеді.
Нольдік тәуекелдік жүз пайыздық тәуекел
абсолютті сенімсіздік абсолютті сенімділікті
білдірер еді. Тәуекелдік дәрежесі нольмен
бірлік (0-ден 100%-ға дейін) арасындағы диапазонда
ауытқуы мүмкін, бірақ осы мәндер не жоғары
не төмен болмайды. Қаржылық есеп беру
дәлділігінің толық кепілдігі (нольдік
тәуекел) экономикалық тұрғыдан тиімсіз.
Сондық-тан аудитор қателер мен қателіктер
абсолютті түрде жоқ деген кепілдеме бере
алмайды. Аудитор клиент бизнесін зерттеп,
қаржылық есеп беруді сыртқы пайдаланушылар
сенімінің деңгейіне әсер ететін факторлардың
әрқайсысының мәнін бағалап, аудит аяқталғаннан
кейін клиенттің, бизнестегі қаржылық
жеңісінің ықтималдылығын анықтауы керек.
Осы факторлар негізінде, аудитор "қаржылық"
есеп беруде аудит аяқталғаннан кейін
де елеулі қателіктер сақталады деп отырып,
тәуекелдік деңгейін субъективті түрде
қоя алады. Тексеру процесінде аудитор
клиент туралы қосымша ақпарат алып, аудиторлық
тәуекелдік деңгейін бағалау жөніндегі
ойын өзгерте алады. 400 "Тәуекелдікті
бағалау және ішкі бақылау" ХАС-ында
тәуекелдікке анықтама берілген. "Аудиторлық
тәуекелдік — қаржылық есеп беру елеулі
бұрмаланған жағдайда, аудитор сәйкес
келмейтін аудиторлық қорытынды береді
дегенді білдіреді". Аудиторлық тәуекелдіктің
үш компоненті бар
2.3Жоспарлау
аудиторлық тексерудің ең еңбек сыйымды
процессі. Жұмысты жоспарлау аудиттің
маңызды бағыттарына көңіл бөлуге және
аудиторлық фирма қызметкерлері арасында
жұмысты тиімді бөлуге, өзге аудиторлар
мен эксперттерді координаттауға көмек
береді. Жоспар құжат түрінде рәсімделініп,
7 сыныпталған аудитті жүргізудің сипаттамасы
қамтуы тиіс. Оның формасы мен мазмұны
шаруашылық етуші субьектінің көліміне
аудиттің қиындығына , специфиикалық әдістер
мен технологияларға байланысты өзгеруі
мүмкін. Жоспарлау аудиттің көлемі мен
мерзіміне сипатына қарай стратегия мен
тәсілдерді өңдеу. Аудитор өз қызметін
тиянақты жоспарлауына келесідей үш себеп
әсер етеді: клиенттік іс-әрекеті туралы
қажетті дәлелдер жинауға мүмкіндік береді
аудит шығындарын шекті мөлшерде ұстауға
көмектеседі клиентпен түрлі келіспеушіліктерді
болдырмауға көмектеседі. Аудитті жоспарлау
№ 300 «Жоспарлау» деп аталатын халықаралық
аудит стандартары негізінде жүзеге асырылады.
Жоспарлау барысында аудит мақсатын көрсету
маңызды болып табылады. Өйткені клиентке
аудитордың не үшін келгенін және жүргізетін
тексерудің қандай пайда алып келетінін
түсіндіру қажет. Аудиторлық жоспарлау
үш кезеңде жүргізіледі: клиентті таңдау
кезінде жүргізетін аудитордың алдын
ала жоспарлауы- бұл жұмыс нәтижесінде
тапсырмас қауіп-қатердің жоғары деңгейі
байқалса, аудит жүргізуден бас тартуы
мүмкін. Аудиторлық тексеру жүргізудің
мерзімі, графигі, күтілетін көлемі көрсетіліп
аудиттің жалпы жоспары өңделеді Аудиторлық
процедуралар жүзеге асырудың көлемін,
түрін, реттелетінін анықтайтын аудиторлық
бағдарлама түзіледі. Алдын-ала жоспарлау
аудиторлық жұмыстың алғашқы фазасында
жүзеге асырылады. Алдын-ала жоспарлау
келесілерден тұрады: жалпы мәліметтерді
жинақтау клиенттің құқықтық міндеттемелері
жөнінде ақпарат жинақтау аудиторлдық
қауіп пен маңыздылықты бағалау Жоспарлау
процесі өте еңбек сыйымдылығы жоғары.
Аудиттің жалпы жоспарын өңдеу мен аудиторлық
бағдарламаны түзу аудит жүргізудің барлық
уақытының 1/3 бөлігін алады. Аудитті жоспарлау
кезінде оның негізгі принциптері сақталуы
қажет: кешендігі үздіксіздігі ұтымдылығы
Кешенділік принципі жоспарлаудың барлық
кезеңінде алдын-ала жоспарлаудан бастап
аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын
өңдегенге дейін өзара байланыс пен келісімді
қамтамасыз етеді деп болжамдады. Үздіксіздік
принципі аудиторлар тобына тапсырмалар
беру мен жоспарлау кезеңдерін мерзімімен
байланыстырудан көрінеді. Ұтымдылық
принципі жоспарлау кезінде аудиторлық
фирманың анықтаған критерий негізінде
аудитордың бағдарламасы мен жалпы жоспарының
ұтымды вариантын таңдауды қамтамасыз
етудегі әрекеті. Қандай да жұмыс болмасын
оның тиянақтылығы және жүйелі орындалуы
үшін сол жұмысқа бағдарлама, жоспар жасалуы
қажет. Аудит жұмысының бағдарламасын
жасау дегеніміз - оның мағынасын және
мақсатын тапсырушы талабына сәйкес, оның
шаруашылық процесін түгелдей қарастырылып
тексеру жасауды тиянақты жүргізуге негіз
болады. Аудит бағдарламасында аудит обьектісі
түгелдей анықталуы қажет. Бағдарламаның
түрі мен мазмұны шаруашылық субьектісінің
технологиялық ерекшелігіне сәйкес, аудит
жұмсының обьектісі байланысты, аудит
методологиясы мен аудитте қолданылатын
техникалық әдісінің түріне қарай әртүрлі
болады. Жалпы бағдарламада қарастырылатын
мәселелер - тапсыру субьектісінің шаруашылық
жағдайын түгелдей зерттеу ; - есеп саясатының
негізін және ішкі аудит жұмысының негізін
анықтау; - аудит мазмұнына жоспар жасау
және аудит көлемін, орындалатын мерзімін
анықтау ; - аудитор тобының, жұмысына жүйелі
түрде басшылық жасауды ұйымдастыру; Аудит
бағдарламасында шаруашылық субьектінің
есеп саясаты ерекше орын алады. Біріншіден
есеп саясаты субьектілердегі бухгалтерлік
есепті ұйымдастыру негізін құрайды. Оның
ішінде өте күрделі бухгалтерлік есеп
жасау материалдар есебі, еңбек ақы төлеу
принциптері, өндірістік өнімнің өзіндік
құнын анықтау әдісінің есебіне ұйымдастыру
жұмыстарын жан-жақты қарастырады. Екіншіден,
есеп саясаты субьектісінің қаржылық
есептерінің мазмұнын анықтайды, сонымен
қатар оның бухгалтерлік есебін салықтың
есебін жүргізу жолын бір жүйеге келтіріп,
салық төлеу жолын, оның мерзімін уақытылы
салық мекемелерімен есеп анықтау жолын,
әдісін бекітеді . Жаңа есеп жоспар заңына,
тағы басқа нормативтік құжаттарға талдау
жасап, сол субьектінің технологиялық
ерекшелігіне сәйкес есеп саясатының
мазмұнын анықтайды. Енді аудит бағдарламасының
мазмұнын қарастырамыз: шаруашылық субьектісінің
технологиялық ерекшелігіне байланысты
аудит жұмысының көлемі, оның күделілігі,
аудит жұмысына нақты талап, міндет қояды.
Сондықтан аудит жүргізуші өз жұмсының
бағытын, әр бір аудитордың міндетін, жұмыс
көлемін анықтауы қажет . Аудиторлық топ
үшін аудит бағдарламасын жүзеге асыруда
жалпы жоспар негіз болып табылады. Аудит
барысында жалпы жоспардың жекелеген
жағдайларын қайта қарауға тура келеді.
Оны жазбаша құжатта тексеру қажет. Жалпы
жоспарда келесілер қарастырылады: аудиторлық
топтағы аудитор саны мен біліктілігі
аудиторды қызмет дәрежесі мен кәсіби
сапасына қарай арнайы бөлімдерге бөлу
аудиторлар тобының барлық мүшесін олардың
нақты міндеттерімен танысу, клиент бизнесімен
және аудитордың жалпы жоспарымен танысу
аудиторлық топ жетекшісінің жұмыс тобының
жоспарды орындауын, жұмыс сапасын, жұмыс
құжаттарын жүргізуді бақылау топ жетекшілеріне
аудиторлық процедураларды жүзеге асыруды
түсіндіру аудиторлық топ мүшелерінің
кейбір ерекше пікірлерін құжатпен рәсімдеу.
Жоспарлау барысында аудитор келесідей
құжаттарды дайындайды: тексерілетін
ұйымның бизнесін сипаттау бухгалтерлік
есеп жүйесін сипаттау ішкі бақылау жүйесін
сипаттау тексерілетін ұйымның есеп беруін
экспресс талдау материалдары Аудит жұмысының
бағдарламасын жасау дегеніміз – оның
мағынасын және мақсатын тапсырушы талабына
сәйкес оның шаруашылық процесін түгелдей
қарастырып тексеру жасауды тиянақты
жүргізу. Аудит бағдарламасында аудит
обьектілері түгел анықталуы қажет. Бағдарламаның
түрі мен мазмұны шаруашылық субъектілерінің
техникалық ерекшелігіне сәйкес аудит
жұмысының обьектісіне байланысты аудит
методологиясын аудитте қолданатын техникалық
әдістердің түріне қарай әртүрлі болады.
Аудит бағдарламасында шаруашылық субьектілерінің
есеп саясаты ерекше орын алады.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі
1. Статистический бюллетень №10 (58) 2003ж.
2. Транзитная экономика №5 2003ж.
3. Экономическое обозрение Национального
Банка
4. Принципы бухгалтерского учета. – Финансы
и статистика.
5. Л. Чедвик. Основы финансового учета.-
Банки и
6. С. Хендриксон, Ван Бреда. Теория бухгалтерского
учета. –
7. Байболтаева А. Бухгалтерлік есеп принциптері
оқулық Алматы экономика,
8. Бухгалтерлік Бюллетені қазан 2007 №42
-21 бет
9. Бухгалтерлік Бюллетені ақпан 2007 №30
-21 бет
10.Нурсеитов Э.О.Бухгалтерский учёт в организациях
оқулық Алматы экономика, 2007,
11.Аубакиров Я. «Экономикалық теория негіздері»Алматы
12. Әкімбеков С. «Экономикалық теория»
Астана 2002ж.
13. Дорнбуш Р. Фишер С. «Макроэкономика»Алматы
14. Жүнісов Б.А. «Нарықтық экономика негіздері»
Ақтөбе 2001ж.
15. Жұмаев Б.А. «Экономиканың мемлекеттік
реттелінуі» Алматы 2001ж.
16.Иктанов, Орманбеков. «Экономиканы мемлекеттік
реттеудің өзекті мәселелері» Алматы
2002ж.
17.Ильясов К.К. Исахова Г.Б. «Расходы Государственного
бюджета» Алматы 2003ж.
18. Ильясов К.К. Исахова Г.Б. «Государственный
бюджет»
19.Қабдиев. Оралтаев. Ескендіров. «Экономикалық
саясат» Алматы
20. Кеулімжаев Қ.К. «Қаржылық есеп» Алматы
2001ж.