Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2015 в 13:07, реферат
Аудитор жұмысын дұрыс жоспарлау аудиттің маңызды саласына қажетті көңіл бөлуге, проблемаларды анықтау және жұмысты уақытында аяқтауға көмектеседі. Сонымен қатар жоспарлау аудитор ассистенттері орындайтын жұмысты үйлестіруге көмектеседі.
Аудитор бұл аудитті тиімді бір мезгілді елеулі кезеңдердің байқалмай қалу қаупін төмендетуге мүмкіндік беретін процесс.
Кіріспе ---------------------------------------------------------------------------------------4
1.Аудиттің постулаттары, стандарттары және нормалары -----------------------6
1.1 Аудиттің мәні мен мазмұны --------------------------------------------------------
1.2 Аудиттің қызметтің жалпы қабылданған стандарттары-------------------------1.3 Халықаралық аудит стандарттарының сипаттамасы ------------------13
2. ХАС сәйкес аудитті жоспарлау--------------------------------------------------------
2.1 Аудитті жоспарлау мақсаттары мен принциптері -------------------------------
2.2 Маңыздылық пен аудиторлық тәуекелдікті бағалау -----------------------------
2.3 Аудиттің жалпы жоспарлы мен бағдарламасын даярлау ----------------------
Қорытынды --------------------------------------------------------------------------------47
Пайдаланылған әдебиеттер -------------------------------------------------------------49
Аудиттің маңызы тиісті жақтардың мүдделеріне қол жеткізуде болып табылады. Атап айтқанда:
— экономикалық субьектілердің
— салық қызметі тулғасындағы мемлекеттің
— қаржылық есеп беруді әр түрлі пайдаланушыларды
— аудиторлардың меншік иесі мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, сонымен бірге есеп және қорытынды есеп беруді қамтамасыз ету мақсатында.
Ішкі пайдаланушыларға басқару шешімдерін дұрыс қабылдау үшін қателер мен бұрмалаушылықтар жоқ обьективті қаржылық ақпарат қажет.
Меншік иелену құқығына негізгі өзгерістер енгізу процесі, егер бұрынғы есеп берулер екі жеке серіктес шаруашылықты жүргізудің жаңа обьектісін құру үшін өз бизнесін біріктірген кездегідей деген ескерту болмаған аудиторлық қорытындыны сақтаса ғана қамтамасыз етілуі мүмкін. Үшінші жаққа бағытталған қаржыландыруду беру туралы өтініш тексерілген есеп берулермен дәлелделінуі мүмкін.
Аудитке кәсіпорын қызметін жан жақты тексеру енеді. Сондықтан ол аудиторға басшылыққа арналған және оның қызметінің тиімділігін жоғарылату жөніндегі конструктивті ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді.
Аудиторлық қызметтің мәні қаржылық есеп беруді, төлем есептеу құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қалпына келтру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы шаруашлық қызметке экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынытын аудиторлық фирмалардыңкәсіпкерлік қызметі болып табылуында.
Қаржылық есеп беру аудиттің мақсаты – аудиторға қаржылық қорытынды есепті құрудың белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі апектілер бойынша қаржылық қорытынды есептің дайындалғаны жөнінде қорытынды беру мүмкіндігін беру. Аудит мақсатында стандартты анықтамасына қарамастан, аудит мақсаты дегенде аудитордың алдына тұтынушы қоятын мақсатты түсінуіміз керек.
Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген кәсіпорындар, банктер, сақтандыру комапаниялары, көлік және комерциялық ұйымдар мүлікті пайдалану, жұмыстар мен қызмет көрсетуді орындау, комерциялық операцияларды ақша қаражаттары ман инвестициялардыңзамын жүргізу бойынша сан алуан келісім шарттық қатынастарға түседі. Қажетті ақпаратты алудағы мәмілеге қатысушылар арасындағы осы қатынастардың нақтылығын тексеру нәтижесінде тек тәуелсіз аудитор ғана дәлелдей алады.
Жеке және ұжымдық меншік иелері акционерлер, жарнашылар,сонымен қатар кредиторлар өз қызметтерінің саласында барлық көптеген қаржылық және шаруашылық операциялардың заңға сәйкес орындалғанына және бухгалтерлік жазбалармен тоқсандық және жылдық есептерде дұрыс көрсетілгеніне өз бетімен көз жеткізу мүмкіндігінен айрылған. Ұйым қызметі мен оның заңды орындалуын тәуелсіз аудиторлық тексеру мемлекетке де экономика қаржыландыру, несие беру, инвестициялау, және салық салу саласында қажетті шараларды қабылдау үшін қажет, жекелеген кәсіпорындар, ұлттық экономика салалары мен аймақтар бойынша жүргізілетін аудиторлық тексерулер өздерін қызықтыратын қаржылық есептеме нақтылығын дәлелдеу үшін республиканың мемлекеттік органдары, министрліктер мен ведомствалар, соттар, прокуратураға және басқаларға қажет.
1.2 Аудиттің қызметтің жалпы қабылданған стандарттары
Аудиторлық қызметтің жалпы қабылданған стандарттары өзара байланысты төрт тізбекті бөлімнен тұрады:
Негізгі постулаттар – бұл аудиторлық қызметтің жалпы стандарттарының қызметінің жалпы стандарттарының негізін білдіретін қажетті шарттар мен логикалық принциптер, заңдылықтар. Олар аудиторға нақты стандарттардың белгілі бір тұста қолдануға жарамайтын жағдайында есеп берулерді жасау пікірін қалыптастырудың схемасы ретінде қызмет етеді.
Олардың ішінде арнайы экономикалық әдебиеттерде ең маңызды делінетін мынадай негізгі постулаттар ұсынылады:
Жалпы стандарттар – бұл алға қойылған мақсатты тиімді әрі кәсіби орындауы үшін аудиторға қажетті біліктілік деңгейі мен белгілі бір сапасы.
Аудиторға қойылатын негізгі талаптар:
— даярлығы
— құзіреттілігі
— тәуелсіздігі
— ақпаратты алуға, тексеруге және оған баға беруге, есеп берулерді жасауға, қорытынды шығаруға, ұсыныс жаауды дайындауға тиісті көңіл бөлу.
Жұмыс стандарттары – бұл тексеру міндетін орындауда аудитор басшылыққа алатын ережелер.
Олардың құрамына мыналар кіреді:
— аудиторлық тексеруге дайындалу
— қадағалауды жүзеге асыру
— анық айғақтармен сенімді мәліметтерді жинау
— ішкі бақылаудың жағдайын бағалау
Есеп беру стандарттары – қорытындылаушы кезеңде қолданылады әрі аудиторлық тексерудің нәтижелері бойынша материалдарды беруге, орналастыруға және оның формасымен мазмұнына қатысты ережені білдіреді.
Мақсаттарымен салаларына қарай аудиторлық есеп берулер мына фирмаларда жасалады:
Есеп берулердің мақсаты – елеулі қателіктерге ықтимал есеп және бақылау жүйесіндегі кемшіліктердің болуына түсініктеме беру, құрылымдық кеңестер беру, болашақта аудиторлық тексерулер қандай мәнге ие болатынын анықтау.
Есеп берулерде келтірілген ақпаратар дәл әрі анық, сенімді әрі құзіретті, тәуелсіз әрі обьективті және сындарлы болып, басшылықты іс қимылмен қамтамасыз етілуі керек.
Форма бойынша есеп беруде немесе қорытынды шығаруда мекен жай, негізгі мазмұн, қойылатын қол, мөр және күні көрсетілуі қажет. Есеп берудің мазмұнында аудиттің уақытылы өткізілуі стандарттарға сәйкес келуі, заңдық негізі, мәні, сипаты, мақсатарымен ауқымы көрініс табуы қажет.
1.3 Халықаралық аудит
Халықаралық деңгейдегі кәсіби талаптарды әзірлеумен бірнеше ұйым айналысады, оның ішінде 115 елдің 158 ұйымының өкілдерін қамтитын Халықаралық бухгалтерлер федерециясы бар.
ХБФ аясында аудиорлық стандарттармен тұрақты дербес ұйымның құқығымен әрекет ететін Аудиторлық іс тәжірибе бойынша халықаралық комитет тікелей айналысады. ХАС жалпы әлемдік деңгейден аудиттік деңгейі төмен елдердің бұл саладағы кәсібилігін дамытуға және халықаралық ауқымда аудиттің тәсілдерімен сәйкестендіруге ықпал етеді. ХБФ өткізілетін тәуелсіз аудиттің кез келген жағдайында қолдануға келседе, ол жергілікті жерде қолданылатын аудиттен асып кете алмайды, яғыни одан басым түспейді.
1948 жылы Америкалық алқалы
Кейбір мемлекеттерде ХАС ты өз стандарттарын әзірлеу үшін база ретінде пайдаланса, ал өз стандарттарын әзірлемейтін мемлекетер ХАС ты ұлттық ретінде қабылдайды.
2000 жылдың 16-шы наурызында, Алматы қаласында өткен ҚР аудиторларының бесінші республикалық конференциясында ҚХАС қарастырылып қабылданды.
“Қазақстандағы ХАС ” атты біздің нұсқамызды Халықаралық аймақтық бухгалтерлер федерациясымен Евразия аудиторлары барлық ТМД елдеріне негіз етіп алуға ұсыныс білдірді. ҚР аудитор палатасының Кеңесіне осы бухгалтерлер мен аудиторлардың Халықаралық Кодексін қабылдауды тапсырды. Қалыптасқан жағдайға қарай Аудиторлық қызмет туралы заңның бухгалтерлік есеппен аудитті жетілдіру және дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Республикалық аудиторлар палатасы ХАС қа өтудің тұжырымдамасын сайлады. ХБФ тың қолданылуына ұсынылған қолданыстағы барлық ХАС түпнұсқадан орыс және мемлекеттік тілдерге аударылды.
Аудиторық іс — тәжірибе жөніндегі Халықаралық комитет аудитті өткізудің халықаралық стандарттары ілеспе қызметті көрету бойынша стандарттардан тұратын нормативтік құжаттарды шығарады. 1994 жылдың шілдесінен бастап ХАС аудит стандарттарының кодификациясында 29 ХАС пен 4 ІҚС болса, кодтарды қайта қарастырып өзгерткеннен кейін олардың жалпы саны 2005 жыл басында 50 — ге жетті, оның ішінде олардың 38 — і ХАС қа , ал 12 — сі халықаралық аудиторлық іс тәжірибе бойынша ережеге негізделді.
ХАС ның негізгі бөлімдерінің құрылымы мен мазмұнын қарастырайық.
Бірінші бөлім “Кіріспе аспектілері” № 100-199 құжаттарына қосылады.
ХАС 100 Сенімділікті қалыптастыратын тапсырмалар – бұл әр үрлі жұмыс түрлерінің орындалу нәтижелері бойына қалыптасқан қорытындыларман аудиторларды қамтамасыз ететін сенімділік деңгейі.
ХАС 110 Терминдерінің глоссариі ХАС -та және оның заңдастырылған анықтамаларында қолданылатын терминдердің тізбесін қамтиды.
ХАС 120 Халықаралық аудит стандарттарының тұжырымдамалық негізі.
Екінші бөлім Жауапкершілікке 200-299 стандарттары кіреді.
ХАС 200 Қаржылық есеп берудің аудитін реттеуші мақсатпен жалпы принциптер – тәуелсіз аудитор жүргізетін тексерулердің көлемі және негізгі мақсаттары мен принциптерін, сондайақ кәсіпорын басшылығының қаржылық есеп берудегі жауапкершілігін анықтайды.
ХАС 210 Аудиторлық тапсырманың шарты. Білдірген ұсынысқа аудиттің келіскенін қаржылық растауға қызмет ететін, аудитті өткізу туралы келісім хаттың мазмыны мен формасы келтірлген. Ол жұмыс мөлшерімен жауапкершілік шараларын,есеп беретін аудиторларға ұсынылатын форманы талқылайды.
2. ХАС сәйкес аудитті жоспарлау
Аудиттің кешенді жоспарлау қағидаты
жоспарланудың барлық сатылары арасындағы
өзара байланысы мен келісімділігін қамтамасыз
етеді, яғни аудиттің алдын – ала жоспарланудан,
жалпы жоспар мен бағдарлама жасалуына дейін қамтамасыз
етеді.
Аудиттің үздіксіз жоспарлау қағидаты
аудиторлар тобына арналған есеп қисаптарын
анықтайды және жоспарлану сатыларын
бөліп тарату мерзімі бойынша және құрылымдық
бөлімдер арасындағы байланысын қарастырады.
Аудиттің оңтайлы жоспарлау қағидаты
жоспарланудың нұсқаулығын қамтамасыз
етеді, критерийлер негізінде аудиттің
жалпы жоспары мен бағдарламасы үшін оңтайлы
нұсқаны таңдап алуына мүмкіндік береді.
Оның аудиторлық ұйым анықтайды.
Аудиттық жоспарлаудың сатысы
Аудитті жоспарлау сатысы. Жоспарлау
- аудит жүргізуді мейлінше парасатты
атқаруға мүмкіндік беретін шара және
сондай-ақ тәуелділікті төмендетеьін
маңызды жағдайлардың айқындалмауы. Жоспарлау
- аудиторлық іс-шаралар тізімінің жай
ғана механикалық құрастырылымы емес, кез келген тексеріс жүргізу
шараларында қайталынып келіп отырады.
Әрбір клиент жеке жоспарлау кезінде ескеру
қажет. Аудиторлар өз жұмысын тексеріс
жасаймын деп отырған ұйымның қызметімен
танысудан бастау керек. Ол үшін оны ұйымдастыру
құжаттарын зерттеу, қызмет түрі мен оған
деген лицензиясы, есеп саясаты және т.б.
Басқарушылар мен үйым мамандарымен ынтымақтасу
кезінде қаржылық есептілік көрсеткіштерін
анықтау керек, клиент қызметінің ауқымын
байқау үшін қажет. Тек қана қайта зерттеу
нәтижесінде ұйымның алдағы уақыт жұмыстарының
үлгілі көлемі мен еңбек сыйымдылығын
анықтауға болады, сонымен қатар аудит
ұзақтығын. Сәйкесінше жұмыс көлемі, оның
қиыншылықтары мен ұзақтығынан аудит
жүргізу құны анықталады.
Жоспарлау шараларын сатылар бойынша
көрсетуге болады;
Алдын – ала жоспарлау
Клиент туралы жалпы мәліметтер жинау
Аудиторлық тәуекелділіг мен маңыздылығын бағалау
Ішкі бақылау жұмысын бағалау
Аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын
құру
Аудиторлық тексеруді жоспарлау
сатылары.